Дәрістің мақсаты: Тоқыма жіптерінің сызықтық тығыздығы мен ширату бұрышын, дәрежесін анықтауда қолданылатын формулалармен таныстыру ;
1. Жіптің сызықтық тығыздығы. Жіптің сызықтық тығыздығы (Т, текс) массасының ұзындыққа қатынасын сипаттайды және төмендегі формуламен есептелінеді:
Т = т/Қ
мұндағы, т - жіптің массасы, ^ -жіптің ұзындығы, км.
Қабатталған және ширатылған жіптердің сызықтық тығыздығы қорытындылайтын (К) сызықтық тығыздық деп аталады. Сызықтық тығыздықты және қорытындылайтын сызықтық тығыздықты номиналды, нақтылы, кондиционды деп бөледі.
Номиналды сызықтық тығыздығын ТН өндіруге жоспарланған, жалғыз жіптің сызықтық тығыздығы. Қорытындылайтын номиналды сызықтық тығыздық Кн жіптерді ширату үшін және өндіруге қажетті қабатталған жіптердің сызықтық тығыздығы. Нақтылы (нәтижелі) сызықтық тыгыздықты Тф (Кф) тәжірибе арқылы анықтайды. Оларды қарапайым материал үлгілерін өлшеп және кондиционерленгеннен кейін текспен есептейді:
мұндағы, Ет-қарапайым үлгілердің жалпы массасы, г; 1-қарапайым үлгілердегі жіптердің ұзындығы, м; п - қарапайым үлгілердің саны.
Кондиционды сызықтық тығыздық Тк және нәтижелі сызықтық тығыздықта Кк нормалы ылғалдылыққа сәйкес келтірілген жалғыз немесе ширатылған жіптердің нақты сызықтық тығыздығы. Ол көрсеткіштер келесі формуламен есептелінеді:
мұндағы, ^н - жіптердің нормалды ылғалдылығы,%; ^ф- жіптердің нақтылы ылғалдылығы, %.
Кондиционды сызықтық тығыздықтың Тк номиналдыдан Тн (не- месе Кк-ньщ Кн-нен) салыстырмалы ауытқуы ё мөлшерленген көрсеткіштер болып есептелінеді. Оларды процентпен келесі формула арқылы анықтайды:
Сызықтық тығыздықтың көрсеткіштері жіптің тығыздығының жанама сипаттамасы болып табылады. Жіптің сызықтық тығыздығының көрсеткіштері артқан сайын жіп қалың болады. Бірақ, ол талшықтың құрамы бірғана түрден тұратын жіптердің қалыңдығын көрсетеді. Ал, тігін жібінің қалыңдығын сипаттау үшін шартты белгілер (сауда нөмірі) қолданылады. Шартты белгі артқан сайын, тігін жібі жіңішке болады. Киім тігу үшін тігін жібін таңдауда ең негізгі көрсеткіш жіптін диаметрі болып саналады. Оны есептік және эксперименттік әдістермен анықтайды.
Жіптің диаметрін ё, мм есептеу мына формуламен жүргізіледі:
мұндағы, 5 -жіптің орташа тығыздығы, мг/мм3.
2. Иірім жіптің ширату бағыты мен дәрежесі, ширату бұрышы. Сынаудан бұрын иірім жіптің ширату бағытын анықтайды. Ол үшін жіптің қысқа бөлігін тік жағдайда екі қолдағы екі саусақтың арасына қосып, оның төменгі шетін тарқату керек. Егер осы бөліктің жоғарғы шеті сағат бағыты бойынша тарқалса, онда жіп 2 болғаны, ал егер қарама қарсы бағытта қозғалса, онда 8 болғаны. Жіптің ши- рату бағыты бұйым тоқу технологиясында оның физика-механикалық және тұтыну қасиеттеріне әсерін тигізеді. Номиналды ширату саны Кн нормативті технологиялық құжатпен бекітілген, 1м ұзындықта шира- ту санын көрсетеді. Нақты ширату саны Кф сынақ кезінде алынады. Оны келесі формуламен анықтайды:
Кф=1/п^о*ЕК.,
мұндағы, п- сынақ саны; ^о-зерттелетін талшықтың және жіптің ұзындығы,
м; К. -жеке сынақтағы ширатылу саны.
Нақты ширатылу санының номиналды ширату санынан ауытқуын пайызбен келесі формуламен есептейді:
5=Кф-Кн/Кн*100.
Ширату коэффициенті, а келесі формуламен есептелінеді:
а = Кф*^Тф/100 немесе а =Кф*^Кф/100.
Ширату бұрышын, в есептеу үшін төмендегі формула қолданылады:
1§р=а/89.6^8.
Ширату процессінің нәтижесінде жіп шамасының қысқаруын ширатудан қысқаруы сипаттайды. Ширатудан қысқаруы ширатылған жіпті тарқатқаннан кейінгі ^о және қыстырғыштар арасындағы жіп ұзындығының ^ пайызбен белгіленген айырмашылығы келесі формуламен анықталынады:
У=Ц-Ьо/Ц*100 немесе У=а/Ьо+а*100,
мұндағы, а - тарқату кезіндегі жіптің ұзаруы.
Ширатпа бағытын анықтау үшін 100м ұзындықтағы жіп өлшенеді, бұдан кейін 2, 8 бағытын анықтайды. Осы бөліктің жоғарғы шеті сағат бағыты бойынша тарқаса, онда жіп 2 болғаны, ал егер қарама қарсы бағытта қозғалса, онда 8 болғаны. 2.4 суретте 2, 8 бағыттағы ширатпа түрлері көрсетілген.
Ширату дәрежесінің стандартты сипаттамаларына жіптің ширатылуы және ширату коэффициенті жатады. Ширату К, кр./м, ширату өлшемі ширату бұрышына, жіптің сызықтық тығыздығына және оның орташа тығыздығына тәуелді, ол келесі формуламен анықталынады:
К =89Ш§Р ^5Т.
Жіптің көлденең қимасының ауданын анықтау өте қиын болғандықтан,
жіптердің қасиеттерін сипаттау үшін үзу кезіндегі Ро меншікті күшті қолданады. Үзу кезіндегі меншікті күш үзу кезіндегі күштің сызықтық тығыздығына қатынасымен анықталынады.
мұндағы, Рр - жіпті үзу күші, сН; Т - сыналатын жіптің сызықтық
тығыздығы, текс.
Салыстырмалы үзілу ұзаруы е , үлгінің үзілер кезіндегі өскен (артқан) ұзындығының бастапқы ұзындығына қатынасы, бұл пайызбен есептелінеді:
ер =1001р/Ьо.
Тігін жіптерінің және жіптердің сызықтық тығыздығын анықтау үшін жіп кесінділерін өлшеу арқылы жүргізіледі. Жіптің ұзындығы 200, 100, 50, 20, 10 және 5м болады. Өлшеудің қателігі өлшенетін массадан 0,5% аспау керек.
Пасм дайындау үшін жіптің жоғарғы қабатынан 10 м кем емес жіп орайды. 2.5 суретте Пасм орағыш аспабы көрсетілген.
Пасм салмағын анықтау үшін салмақтық квадранттар қолданылады:
КВ-1,6, КВ-4-1, КВ-1,5, КВ-30, КВ-50, г. Салмақты квадрант 2.6- суретте берілген.
Сынақты жүргізу үшін ширатпа өлшегіш қолданылады. 2.7- суретте әмебебап ширатпа өлшегіш КУ-500М ұсынылған. КУ-500М әмбебап ширатпа машинасы бірлік және ширатылған иірімжіптерін, соны- мен бірге жіптерді тарқатқанан кейін жіптің ұзаруын анықтау үшін қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Салыстырмалы үзілу ұзындығы қалай анықталады?
2. Сызықтық тығыздықтың анықтамасы?
3. Ширату дәрежесінің стандартты сипаттамаларын атаңыз?
Дәріс № 4. Мата өндірісінің негізгі процесстері
Дәріс жоспары:
1. Матаның тоқыма станогы
2. Қайықты тоқу станогында мата тоқу
Достарыңызбен бөлісу: |