Дәрістің мақсаты: Матадағы жіптердің орналасу тығыздығы мен санын, беттік және сызықтық тығыздығын есептеуде қолданылатын формулалармен таныстыру;
1. Жіптердің саны мен арақашықтығын анықтау. Матада жіптердің орналасу тығыздығын оның 100 мм шартты ұзындығындағы негіз (Пн) немесе арқау (Па) жіптерінің санымен бағаланады. 100 мм негіз жіптерімен арқау жіптерінің қатынасы матаның механикалық қасиеттерінің көрсеткіштерінің анизотропиясын сипаттайтын маңызды параметрлері болып саналатын мата ұяшығының формасын және өлшемін анықтайды.
Матаның талшықты материалмен толықтырылуы тек қана оның тығыздығымен ғана байланысты емес, сонымен қатар жіптердің жуандығына және олардың айқасуына байланысты. Матаның негіз немесе арқауы бойынша сызықтық толтыруы, Ен және Еа, % - негіз немесе арқау жібінің есептелген диаметрлері бір- біріне көрші орналасқан жіптердің ось арақашықтығынан қанша пайыз болатынын көрсетеді. Олар келесі формуламен анықталынады:
мұндағы, Пн - 100мм келетін матадағы негіз жіптер саны; Па - 100мм келетін матадағы арқау жіптер саны; <ің, <іа - негіз және арқау жіптерінің есептелген диаметрі, мм.
Матаның негіз немесе арқауы бойынша сызықтық толтырылуы Н , Н , % - екі жүйенің жіптерінің басылғандығын және қиғаш орналасуын есептемегенде, көлденең қималарының қосындысы негіз немесе арқау бағытындағы түзу сызықты кесіндінің ұзындығынан қанша пайыз болатынын көрсетеді. Ол келесі формуламен анықталынады:
мұндағы, па, пн - рапорттағы арқау және негіз жіптерінің саны; Сн, са-
негіз және арқау жіптерінің байланыстырушы өрістерінің саны %.
Матаның көлемдік толықтырылуы, Е^ % матадағы жіптердің көлемі, матаның барлық көлеміне қатынасымен анықталады. Ол келесі формуламен анықталынады:
мұндағы, 5Т , 5Н- матаның және жіптің көлемдік массасы.
Матаның беттік толықтырылуы, Е^ ,% матаның ең кіші элементіндегі екі жүйенің жіптерінің проекциясының ауданының сол элементтің барлық ауданына қатынасымен және ол келесі формуламен анықталынады:
2. Матаның тығыздығын анықтау. Массалық толықтырылу, Е^, % матаның көлемін талшықпен толығымен толықтырылған жағдайдағы матаның максимальді массасы және мата жібінің массасының бөлігін көрсетеді, оны келесі формула- мен есептейді:
мұндағы, ү - талшықтың тығыздығы.
Матаның толтырылу көрсеткіштерін қолдана отырып оның салыстырмалы кеуектілік сипаттамаларын есептеуге болады.
Беттік кеуектілігі К %, тесіп өтетін кеуектердің ауданының матаның ауданына қатынасын көрсетеді:
Көлемдік кеуектілігі Ку , %, жіптердің арасындағы ауа аралықтарының мата көлемінен еншісін сипаттайды:
Жіптер және талшықтар ішіндегі барлық кеуек түрлерінің жиынтық көлемі, мата көлемінің бөлігін көрсететінін жалпы кеуектілік, К, % сипаттайды
Кн негіз Ка арқау байланыс коэффиценттері мата элементтерінің өзара байланысын сипаттайды және сызықтық толтырылудың сызықтық толтыруға қатынасымен анықталады:
мұндағы, Нн, На- негіз және арқау бойынша сызықтық толтырылу.
Ала тоқылған немесе тор маталардың суреттік қиғашталуы өңдеу процессіндегі технологиялық операциялардың бұзылуы нәтижесінде анықталынады.
Суреттің қиғашталуы N % мына формуламен анықталынады:
мұндағы, п-кездеменің жиегіне перпендикулярлы суреттің сызығының максималды ауытқуы; В-матаның ені, см.
Матаның сызықтық тығыздығы М, г/м, үлгінің 1 м ұзындығына келетін
нүктелік үлгінің массасымен сипатталынады:
М^=103*т/Ь,
мұндағы, т-нүктелік сынақ массасы, г; Ь- матаның ұзындығы, м.
Матаның беттік тығыздығы М^ г/м2 ауданы 1м2 болатын матаның
массасымен сипатталынады:
М=т*106/^В),
мұндағы, матаның ұзындығы, м; В- матаның ені, см.
Беттік тығыздығын М$р матаның құрылымдық көрсеткіштері бойынша есептеуге болады:
мұндағы, п - матаны өндіру мен өңдеу процессінде оның массасының сынақ өзгеруін ескеретін коэффицент.
Проф. Н. А. Архангельдің белгілеуі бойынша п - матаны өндіру мен өңдеу процессінде оның массасының сынақ өзгеруін ескеретін коэффицент мата түріне байланысты.
Есептеу мен сынақ жүргізуден алынған беттік тығыздық мәнінің ауытқуы 2% аспауы керек. Бұл беттік тығыздықтың ауытқуы ДМ келесі формуламен анықталынады:
мұндағы, М - сынақ жүргізуден алынған беттік тығыздық; Мр- есептеу жүргізуден алынған беттік тығыздық.
Бақылау сұрақтары:
1. Матадағы жіптер санын қалай анықтаймыз?
2. Беттік тығыздықпен сызықтық тығыздықтың айырмашылығы қандай?
3. Есептеу мен сынақ жүргізуден алынған беттік тығыздық мәнінің ауытқуы қанша пайыздан аспауы керек?
4. Суреттің қиғашталуы қалай анықталынады?
Дәріс № 6. Матаның құрылымы. Айқаспалар түрлері
Дәріс жоспары:
1. Матаның құрылымы
2. Қарапайым (тегіс) айқаспалар
3. Майда өрнекті айқаспалар
4. Күрделі айқаспалар
5. Ірі өрнекті айқаспалар
Дәрістің мақсаты: Матаның құрылымымен, негізгі сипаттамаларымен және айқаспа түрлерімен таныстырып, оларға анықтама беру;
1. Матаның құрылымы. Матаның құрылымы - қалыңдығымен, жіптердің қасиеттерімен, сондай-ақ олардың өзара орналасуы және байланысуымен анықталынады. Маталардың құрылымының негізгі сипаттамалары: жіптерінің есептелген диаметрі және сызықтық тығыздығы, айқаспа (өрімдер) түрлері, матаның 10 см ұзындығында негіз немесе арқау жіптерінің саны, толтыруы, толтырылуы, кеуектілігі, құрылым фаза- сы, тірек беті.
Тоқыманың айқасу түрлері әртүрлі болуымен бірге олар матаның құрылымы мен қасиетін анықтайды. Матаның оң жағының сипаты мен өрнегі, көлденең немесе ұзыннан жолақтар болуы, жылтыр бетінің негіз бен арқаудың айқасу түріне байланысты. Тоқыманың айқаспа түрлері матаның мықтылығына, созылғыштығына, қалыңдығына, қаттылы- ғына, апшуына, ылғал, жылумен өңдегенде тартылуына, қасиеттеріне әсер етеді.
Күрделілігіне байланысты тоқыманың айқаспалары төрт класқа бөлінеді: қарапайым (тегіс), майда өрнекті, күрделі және ірі өрнекті. Тоқыма айқаспа түрлері торкөз қағазға салғанда тордың тік қатарын негізнің жібі көлденең арқаудың жібі деп шартты түрде қабылданады. Әр көз екі жіптің (негіз және арқау) қиылысы болады және жапқыш деп аталынады. Егер матаның оң жағына арқау жіп шықса - арқау жапқыш деп аталынады.
Тор көз қағазға салынған тоқыманың айқаспа түрлері мен матаның үлгілерін мұқият қараса барлық бағытта қайталанатын өрнектерді байқауға болады. Қайталанатын өрнектерін раппорт деп атайды.
Әрбір тоқыма айқасуында негіз бойынша және арқау бойынша раппорттар болады. Негіз бойынша раппорт - айқаспаның өрнегін түзетін негіз жіптердің саны. Арқау бойынша раппорт - айқаспаның өрнегін түзетін арқау жіптердің саны. Тоқыманың айқасу сұлбасында раппорт әдетте қиылысқанда тік бұрыш немесе квадрат жасайтын сызықтарының төменгі сол жақ бұрышта белгіленеді.
2. Қарапайым (тегіс) айқаспалар. Қарапайым айқаспалар түрлері: жаймалық, саржалық, атлас- сәтендік. Барлық тегіс айқаспалардың ерекшеліктері мынандай: рап- портта әр негіз жіп арқау жіппен бірақ рет айқасады, негіз бойынша раппортқа тең.
Жаймалық - тоқыма айқаспаларының ішіндегі ең көп тарағаны. Жаймалық айқасуда негіз және арқаудың жіптері біреуден кейін айқасып отырады: матаның бет жағына негіз жіп (н) және арқау (жіптер бойынша жайма) жіп (а) кезекпен шығып отырады. Негіз және арқау жіптер бойынша жаймалық айқасудың раппорты екі жіпке тең. Жаймалық айқаспа матасы оң және астыңғы жағынан бірдей тегіс, күңгірт болып келеді. 3.3. суретте жаймалық айқаспа көрсетілген.
Жаймалық айқаспалармен шыт, бөз, миткаль, маркизет, бәтес, майя
мақта маталары тоқылады.
Жаймалық айқаспа матаға барынша мықтылық береді және тығыздығы жоғары болса, мата қатты болады. Саржалық айқаспа маталардың ерекшелігі оның бетіндегі сызықтар диагоналі бойымен орналасады (саржа, кашемир, шотландка). Саржалық матаның бетіндегі сызықтар әдетте төменнен жоғары солдан оңға қарай, кейде оңнан солға қарай кетеді.
Саржаны жасандағы өзіне тән белгісі: раппорттағы жіптер саны ең аз - 3; арқау жіпті әр салған сайын тоқыманың өрнегі шекпен өрнектейді: алымына раппорттың әр қатарындағы негіз жапқыш саны н, ал бөлгішіне - арқаулық жапқыш саны а қойылады (3.4-сурет). Саржаның негіз бойынша раппорты арқаулық раппортына тең және алым мен бөліміндегі сандардың қосындысына тең. Егер саржаның бет жағында негіз жіптер басым болса саржалық айқаспа негіз деп аталынады (2/1, 3/1, 4/1), ал егер бет жағында арқау жіптер басым болса, саржа - арқаулық деп аталынады (1/2, 1/3). 3.4. суретте саржалық айқаспа көрсетілген.
Саржа айқаспасындағы сызықтардың қисаю бұрышы әртүрлі болады. Тығыздығы бірқалыпты, негіз және арқау жіптерінің жуандығы бірдей болғандықтан саржа сызығының қисаю бұрышы 45о-қа тең. Саржалық айқаспа матаға иілгіштік, жұмсақтық береді, бірақ жаймалықтыққа қарағанда мықтылығы нашар, себебі саржалық айқаспаның жапқышы жаймалық айқаспаға қарағанда сопақтау, ұзындау келеді. Матаның тығыздығы төмен болғандықтан олар диа- гоналы бойынша қатты созылады.
Сәтенді және атласты айқаспаларда маталардың оң бетінде сопақ, ұзын жапқышы болады, сондықтан да олардың оң беті тегіс және жыл- тыр. Сәтеннің оң бетінде арқау жіптері, ал атласта негіз жіптері басым болады. Сәтендік және атластық айқаспалардың раппортында кемінде 5 жіп болуға тиіс. Бес жіпті сәтенде раппорттағы әр негіз жіп н бетке тек бір-ақ рет шығады, төрт арқау жіптің а астынан өтеді. Сондықтан, айқаспалық суретін салғанда әр көлденең қатарда бір көзді бояп, төрт көзді ашық қалдыру керек.
Сәтендік айқаспаларда арқаулық жапқыштардың ұзын болуына байланысты өте тығыз мата алуға мүмкіндігі бар. Атластық айқаспа сәтенге ұқсас, бірақ бесжіптік атластық айқаспада раппорттағы әр негіз жіп не төрт арқау жіпті жабады да бір арқау жіптің астына түседі. Атластық айқаспа маталардың бет жағы негіз жіптерден тұрады. Бұл әдіспен: мақта түрлерінен - сәтен-дубль және сәтен-ластик; зығырдан - костюмдік - коломенок; жібектен - креп-сәтен, корсет маталар, іш-киімдік штапель маталар, жібек және жартылай жібек астарлық маталар тоқылады. Сәтендік және атластық айқаспа матаның үйкеліске төзімділігін арттырады. Мұндай маталардың кемшілігі - сусып, ыдырағыш, төсегенде, тіккенде сырғымалы болады. 3.5. суретте сәтендік айқаспа көрсетілген.
3. Майда өрнекті айқаспалар. Майда өрнекті айқаспалардың класы екі топқа бөлінеді: қарапайым айқаспаларды өзгерту, күрделендіру арқылы алынатын туынды айқаспалар, қарапайым айқаспаларды алмастыру және құрастыру арқылы алынатын құрама айқаспалар. Қарапайымға қарағанда майда өрнекті айқаспаларда негіз мен арқаудың раппорты әртүрлі болады.
Туынды жаймалық айқаспаға репс және рогожка (мақта мата) жатады.
3.6 және 3.7 суреттерде майда өрнекті айқаспасы көрсетілген.
4. Күрделі айқаспалар. Күрделі айқаспалар үш немесе одан да көп жіптердің жүйесінен түзіледі. Оған қос бетті, қос қабатты, пике, түкті, ілмекті, қайта өрілетін түрлері жатады. Қос бетті және қос қабатты айқаспалар мақта маталарын (сәтен, трико, бәйке) шығарғанда пайдаланылады. Түкті айқаспаның маталарының бет жағында тік тұрған түктері болады. Түк жалпы не- месе жалпақтығы әртүрлі суретті жолақ немесе түктен салынған ою- өрнекті болуы мүмкін.
Түкті айқаспа жіптердің үш жүйесінен құралады: бір жүйе түкті, екі жүйе түпкілікті - негіз және арқау. Түпкілікті жүйелерде жаймалық немесе саржалық айқаспалар болады, олардың тығыздығы жоғары болғандықтын түкті жақсы бекітіп, ұстап тұрады. Түкті мақта маталар - жартылай барқытпен шибарқыт - олардың түгі матаны тоқыма станогынан алғаннан соң қиылады, арқаулық жүйеден тұрады.
Күрделі өрімді айқаспаларға қос бетті, қос қабатты, пике, түкті, ілмекті
және ажурлы өрімдер жатады. Мұндай маталар бірнеше (үш және одан да көп) негіз және арқау жіптерінен өндіріледі.
Қос бетті айқаспалар - жіптердің үш жүйесінен құралады, екі негіз бір арқау немесе екі арқау, бір негіз әр түрлі боялған жүйені қолдана от- ырып, оң және теріс беттерінің түстері әр түрлі матаны алуға болады.
Қос қабатты айқаспа - бір-бірімен тығыз айқасқан жіптің 4-5 жүйесінен тұрады. Қос қабатты айқаспаның оң және теріс беттері бірдей немесе кұрамы әр түрлі жіптерден тұрады. Оң және теріс беттеріне әр түрлі түсті жүйе қолданылады өйткені оң жақ беті тегіс боялған, ал теріс беттері меланжды, ала, шақпақ, «елочка» болады. Қос бетті және қос қабатты айқаспалардан драп, пальтолық маталары, три- ко алынады.
Пике айқаспасы - жіптің үш жүйесінен тұрады: матаның оң жақ бетінде екі жүйе кездемелі айқаспаны, ал үшіншісін тарта отырып шығыңқы өрнек шығарылады. Пике айқаспасына балаларға арналған маталар, көрпелер жатады. Түкті айқаспалар - жіптің үш жүйесінен құралады: бір жүйесі түкті, оң жақ бетінде кесілген вертикаль түк құралады. Түкті жүйе арқаудан тұрады, сонда түкті арқаулы маталарға мақта маталары, жартылай бар- хат, вельветтер жатады.
Ілмекті айқаспа түкті айқаспаның бір түрі болып есептелінеді. Одан орамалға арналған түкті маталар, халаттар, төсек жаймалар және жиһаз маталары жатады.
Ажурлы айқаспа. Қарапайым ажурлы айқаспаларда екі негіз және бір арқау болады. Ажурлы айқаспалардан блузкалы, іш киімдік, көйлектік ажурлы маталар шығарылады. 3.8., 3.9. суреттерде күрделі өрнекті мата өрімі және айқаспалар көрсетілген.
5. Ірі өрнекті айқаспалар. Ірі өрнекті айқаспа беттік машинасы бар тоқыма станогында тоқылады. Мұнда өрнектің мөлшері мен формасы әртүрлі болуы мүмкін: өсімдік бейнелі және геометриялық оюлар мен композиция лар, сюжетті және тақырыптық суреттер. Ірі өрнекті айқаспалармен әртүрлі маталар, сондай-ақ портреттер, суреттер, кілемдер, гобелен- дер, жапқыштар және дастарқандар тоқылады.
Ірі өрнекті айқаспалар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Ірі өрнекті айқаспалар үлкен рапортты болады және жаккардты станоктарында өндіріледі. Ірі өрнекті айқаспалардың суреттері; өлшемі, формасы, колориті бойынша әр түрлі: геометриялық, өсімдік текті өрнек, гүлді өрнекті болады. Ірі өрнекті айқаспалар қарапайым және күрделі болып бөлінеді.
Қарапайым ірі өрнекті айқаспалар жіптің екі жүйесінен тұрады және дастархан, майлық, зығыр және жартылай зағыр орамалдар, со- нымен қатар: мақта матасын (дамаст, альпак, дудун, парча), көйлектік (жүн) және кейбір пальтолық маталар жасалынады.
Күрделі ірі өрнекті айқаспалар үш және одан да көп жіптердің жүйесінен
тұрады: түкті, ілмекті, рельефті болады. Күрделі ірі өрнекті айқаспадан кілем, гобелен, жиһаз маталарын және киім тігуге арналған маталар тоқылады. 3.10. суретте ірі өрнекті айқаспа көрсетілген.
Бақылау сұрақтары:
1. Матаның құрылымы қалай анықталады?
2. Айқаспалар түрлерін ата?
3. Айқаспалардың бір қандай ерекшелігі мен айырмашылығы?
Дәріс № 7. Трикотаж өндірісі, түрлері және ілмектерінің құрылысы
Дәріс жоспары:
1. Трикотаж өндірісі
2. Трикотаждың түрлері және ілмектердің құрылысы
3. Ілмек құрау принциптері
4. Көлденең тоқылған трикотаж өрімдері
5. Бойлай тоқылған трикотаж өрімдері
Достарыңызбен бөлісу: |