ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларын аккредиттеу» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Лекция 2. Аккредиттеудің даму кезеңдері



бет2/4
Дата27.05.2018
өлшемі1,06 Mb.
#41012
1   2   3   4

Лекция 2. Аккредиттеудің даму кезеңдері

Аккредиттеу ертеден Австралия мемлекетінде зертханалардың практикалық жұмысымен байланысты пайда болды. Сәйкстікті бағалаудың барлық түрлері – сапа менеджменті жүйесін сертификаттау, кәсіпорындарды экологиялық стандарттарға сәйкесікке сертификаттау, персоналды сертификаттау, өнімді сертификаттау, өлшем құралдарын калибрлеу, сынау және бақылау – аккредиттеуден өткен ұйымдардың көмегіиен жүхеге асырылады.

Сертификаттау жүйесі аккредиттеумен тығыз байланысты, өйткенә аккредиттеу арқылы сертификаттау жөніндегі органның құзыреттілігі расталады және оның қызметіне сенімділік тадырады.

Сәйкестікті бағалау субъектілері (сертифиакттак жөніндегі органдар мен сынақ зертханалары) міндетті түрде аккредиттелген болуы керек. Аккредиттеу тәртібін техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган (Мемстандарт) орнатады.

Алғашқы болып 1947 ж. Австралияда аккредиттеу жөніндегі ұлттық органды құрылды. Оның жұмысы:

-  жақсы (оң) тәжірибе алу мақсатында стандарттар белгілеу;

-  стандарттарға сәйкес келетін зертханаларды анықтау;

-  зертханалардың құзыреттілік деңгейін көтеруге үшін талаптар әзірлеу бағыттарында жүргізілді.

Содан кейін әртүрлі мемлекеттерде ұлттық органдар ашыла бастады.

1964 ж. – Ұлыбританияда калибрлеу жүйесі құрылды.

1970 ж. – АҚШ, Ұлыбританияда аккредиттеу жөніндегі ұлттық органдар құрылды.

1972 ж. – Жаңа Зеландияда, Данияда ішкі даму және халықаралық сенімділікке ие болу мақсатында ұлттық аккредиттеу жүйесі қалыптастырыла бостады. 

1980 ж. – Францияда, Голландияда, Швецияда және өзге де еуропалық елдерде, Гонконгте аккредиттеу жөніндегі ұлттық органдарды құрылды

1990 ж. – қалған елдерде аккредиттеу жөніндегі ұлттық органдарды құрыла бастады.

Қазіргі кезде тек Дания, Швейцария, Жапония, Австралия, Норвегия және Финляндияда бір ғана қлттық аккредиттеу жүйесі жұмыс істейді. Өзге мемлекеттерде бірнеше жүйе қалыптасқан, әсіресе АҚШ-та көп санды жүйелер жұмыс істейді.

Аккредиттеу жүйелерінің көптігі халықаралық экономикалық байланыстарда, сәйкестікті бағалау облысындағы қарым-қатынастарға әсер ететін қиыншылықтардың пайда болуына апарып соғады. Осы орайда аккредиттеу ережелерін сәйкестендіру б,ртұтас қлттық жүйелерді құру тенденциясы қалыптасып келеді. Бұл шаралар ақырында аккредиттеу нәтижелерін өзара мойындауді жеңілдетуі керек.

Зертханаларды аккредиттеу кезінде арнай жасалған техникалық құзіреттілікті бағалау үшін критерийлер мен процедуралар қолданылады.

Сынақ нәтижелеріне ықпал ететін барлық факторларды эксперттік бағалау бүкіләлемдік деңгейде сынақ зертханаларын бағалау үшін қолданылатын ИСО/МЭК 17025 халықаралық стандарты негізінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасында аккредиттеу критерийлері ИСО/МЭК нұсқаулықтарында, ТМД мемлекеттері арасындағы аккредиттеу облысында жан жақты ынтымақтастық туралы Меморандумда жазылған талаптармен гармонизацияланған.

Аккредиттеу критерийлері Қазақстан Республикасының ұлттық стандартында ИСО, EN стандарттары, ИСО/МЭК органымен аккредиттеу субъектілерінің ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген нормативтік құжаттарда бекітілген.

2001- жылға дейін қолданылған сынақтарды аттесттациядан өткен зертханаларда жүргізу практикасы Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келетін болды, өйткені техникалық құзыреттілік тек аккредиттелген сынақ зертханаларымен расталуы керек. Осыған орай Мемстандарттың 27.06.2001 жылғы № 225- бұйрығы бойынша сынақ зертханаларын аттестациялауға тиым салынды.

Қазіргі Қазақстан Республикасының заңнамасы және техникалық реттеу және метрология жөніндегі Мемлекеттік жүйесінің негізін қалаушы нормативтік құжаттары бойынша (бұл құжаттар халықаралық және еурорпалық стандарттармен гармонизацияланған деп жоғарыда айтып кеткенбіз) аккредиттеуді жүргізу кезінде төмендегі жұмыстар атқарылады:  

- өтінім беруші ұйымның техникалық құзыреттілігін эксперттік бағалау, оның ішінде аккредиттеу материалдарын сарасптау, сәйкестігін тексеру және техникалық құзыреттілігін анықтау. Бұл жұмыстарды фирманы аккредиттеуге дайындаушы ұйымдар жүргізеді;

- аккредиттеу, аккредиттелгені туралы аттестат бері, аккредиттеуден өткен ұйымдардың тізілімін жүргізу, аккредиттеуден өткен ұйымдарды мемлекеттік бақылау. Бұл жұмыстарды Мемстандарттың аккредиттеу жөніндегі органы жүргізеді.

Аккредиттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері

Аккредиттеудің негізгі мақсаттары болып төмендегі мақсаттар табылады:

1) өнімнің, процестердің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

2) отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

3) сәйкестікті бағалаудың сапасы мен дәйектілігін арттыру;

4) саудадағы техникалық кедергілерді жою;

5) отандық өнімнің сыртқы нарыққа шығуына және Қазақстан Республикасының аккредиттеу субъектілерінің жұмыс нәтижелерін халықаралық ұйымдардың және шет елдердің тануына жағдайлар туғызу.

Аккредиттеу төмендегі принциптерді қолданады:

1) еріктілік;

2) аккредиттеу рәсімдері, критерийлері туралы ақпаратқа қолжетімділік;

3) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі қызметтің ашықтығы;

4) кемсітушілікке жол бермеу;

5) құзыреттілік;

6) аккредиттеу жүйесінің бірлігі мен тұтастығы;

7) тәуелсіздік;

8) аккредиттеу жөніндегі қызметті сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметпен қоса атқаруға жол бермеу;

9) аккредиттеуді жүзеге асыру кезінде халықаралық (өңірлік) ұйымдардың стандарт­тарын пайдалану басымдығы болып табылады.
Қолданыладын әдебиеттер:
Негізгі

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.

2 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000. – 285 с.



3 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.– 711 с.
Қосымша

1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана, 2008

2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі

ережелер


3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарды, сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі

4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау

зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар

5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар

6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы

/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.

7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:

Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.

8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и

качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.


3 дәріс

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінің құрылымы

 

Қазақстан Республикасы аккредиттеу жүйесінің құрылымдық элементтері.

Қазақстан Республикасы аккредиттеу жүйесі төмендегі құрылымдық элементтерден құралады:



1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) уәкілетті орган;

3) аккредиттеу жөніндегі орган;

4) аккредиттеу субъектілері;

5) аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторлар, техникалық сарапшылар кіреді.

Енді осы құрылымдық элементтерді жеке қарастырайық. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәй­кес­тікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы құзыретіне:



1) аккредиттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;

2) аккредиттеу жөніндегі органды айқындау жатады.

Уәкілетті орган болып Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (Мемстандарт) табылады

Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:

1) аккредиттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) аккредиттеу жөніндегі органды айқындау немесе оны осы мәртебеден айыру жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;

3) Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Аккредиттеу жөніндегі орган мен аккредиттеу субъектілері Қазақстан Республикасы акктедиттеу жүйесінің құрылымдық элементтері ретінде алдағы лекцияларда қарастырылады.

Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторлар және техникалық сарапшылар:

1. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторлар және техникалық сарапшылар осы Заңға сәйкес сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысады.

2. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторлар және техникалық сарапшылар өз қызметін еңбек не азаматтық-құқықтық шарттың негізінде жүзеге асырады.

«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын ың 4-бабында көрсетілгендей, ҚР аккредиттеу жүйесінің құрылымына аккредиттеу жөніндегі орган кіреді.



Аккредиттеу жөніндегі орган:

1) мыналарға:

аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторларды, техникалық сарапшы­ларды және басқа да мамандарды аккредиттеу жөніндегі жұмыстарға қатысуға тартуға;

аккредиттеу жөніндегі халықаралық (өңірлік) мемлекеттік емес және үкіметтік емес ұйымдар жұмысына қатысуға;

өлшем құралдарының салыстырма сынақ­тарын және оларды салыстырып тексеру мен ка­либрлеу нәтижелерін салғастыруды ұйымдас­тыруға;

инспекциялық тексеру жүргізуге құқылы;

2) мыналарға:

аккредиттеу аттестатының, аккредиттеу аттестатына қосымшалардың, аккредиттеу белгісінің нысандарын белгілеуге;

аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;

аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде белгілі болған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердің жария болуына жол бермеуге;

аккредиттеу субъектілерінің тізілімін жүргізуге;

веб-сайтты жүргізуге, онда аккредиттеу субъектілерінің тізілімін ресми жариялауға және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді орналастыруға;

аккредиттеу субъектілерінің шағымдарын қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға;

аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған немесе аккредиттеуден кейінгі шарт тоқтатылған жағдайда бұл туралы уәкілетті органға үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарлауға;

аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын жаңарту туралы өтінімдерді қарауға;

аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға, қайтаруға және осы Заңда көзделген негіздер бойынша және тәртіппен аккредиттеу аттестатын жою туралы өтінішпен сотқа жүгінуге міндетті.

Аккредиттеу материалдарын қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау үшін аккре­диттеу жөніндегі орган басшысы аккредиттеу материалдарын қарау жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

Комиссияның сандық құрамы тақ болуға, үш адамнан кем болмауға және кемінде аккредиттеу жөніндегі бір сарапшы-аудиторды қамтуға тиіс.
Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.

2 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000. – 285 с.



3 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.– 711 с.
Қосымша

1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана, 2008

2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі

ережелер


3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарды, сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі

4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау

зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар

5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар

6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы

/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.

7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:

Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.

8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и

качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.


Лекция 4. Қазақстан Республикасының

Ұлттық аккредиттеу орталығы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 27- тамызындаға № 773 Қаулысымен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті ЖШС «Ұлттық аккредиттеу орталығы (ҰАО)» Қазақстан Республикасы сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі органы ретінде белгіленген.



Ұлттық аккредиттеу орталығы өз қызметін «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.

Ұлттық аккредиттеу орталығының негізгі міндеттері болып табылады: 

- халықаралық стандарттарға сәйкес сәйкестікті растау жөніндегі органдарын және сынақ зертханаларын аккредиттеу;

- Қазақстан Республикасы аккредиттеу субъектілерінің жұмыс нәтижелерін халықаралық ұйымдармен және шетелдерде тану үшін жағдай жасау.

НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ:

- аккредиттеудің халықаралық жүйесіне көшу;

- аккредиттеу саласында заңнамалық және нормативтік базаны қалыптастыруға қатысу;

- халықаралық стандарттарға сәйкес зертханалар және сәйкестікті растау органдарының жүйесін дамыту;

- ILAC, IAF аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдарына және ЕА өңірлік ұйымының толық мүшелігіне ену.

ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

- сәйкестікті растау жөніндегі органдарын, сынақ, салыстырып-тексеру (калибрлеу) зертханаларын аккредиттеу ;

- сәйкестікті растау жөніндегі органдарын, сынақ, салыстырып-тексеру (калибрлеу) зертханаларын инспекциялық тексеру;

- аккредиттелген субъектілер тізілімін енгізу, мүдделі тараптардың өтініштері бойынша ақпарат ұсыну;

- салыстыру сынақтарын жүргізу;

- аккредиттеу саласында халықаралық және өңірлік ұйымдармен өзара қызмет ету;

- аккредиттеу саласында нормативтік құжаттар жобасын әзірлеу;

- аккредиттеу саласында мамандар даярлау және біліктіліктерін арттыру;

- аккредиттеу және сәйкестікті бағалау мәселелері жөнінде семинар, конференция ұйымдастыру және жүргізу.

АККРЕДИТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ:

- тұтынушылардың сынақ, өлшеу және қазақстандық аккредиттеу жүйесіне сәйкес сертификаттардың нәтижелеріне сенімдері;

- саудада техникалық тосқауылдарды болдырмау;

- халықаралық келісімдер жүйесінің көмегімен аккредиттелген зертханалар шет елдерде олардың мәліметтерінің қолайлығын жеңілдететін, халыаралық тану нысандарына ие болады. Ол басқа елдерде қайта сынау қажеттілігін төмендету немесе жою есебінен, сондай зертханаларда өздерінің бұйымдары немесе материалдарын сынайтын, өндірушілер мен экспортқа шығарушылардың шығындарын төмендетеді.

  ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ:  

- МС ИСО/ХЭК 17025 талаптарына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханаларының жүйесін дамыту;

- МС ИСО/ХЭК 17025 талаптарына сәйкес калибрлеу зертханаларының жүйесін құру;

- МС ИСО/ХЭК 62, 65, 66 талаптарына сәйкес сәйкестікті растау органдарының жүйесін дамыту;

- ұлттық аккредиттеу жөніндегі органның жетекші сарапшы-аудиторларын оқыту;

- ILAC және IAF аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдарына ену;

- жетекші бағалаушылардың ұлттық аккредиттеу органдарының, зертханалардың және сәйкестікті растау жөніндегі органдарының бірлескен халықаралық бағалауларына қатысу;

- халықаралық деңгейде зертханааралық салыстыру сынақтарын және салыстыруларын ұйымдастыру және жүргізу;

- қазақстандық сертификаттарды шетелде тану;

- қазақстандық экспорттардың еуропалық нарықта жылжуы үшін «жасыл коридор» құруды қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесін жетілдіру және дамыту.  

Барлық жүйелерде аккредиттеу процедуралары ұқсас және мына кезеңдерден тұрады:  

1.    өтінім берушінің аккредиттеуге арналған өтінімді беру;

2.    аккредиттеу жөніндегі құжаттарға сараптама жүргізу және ақпарат жинақтау;

3.    кәсіпорын-өтінім берушіге орнында зерттеу жүргізу;

4.    барлық материалдарды талдау және аккредиттеу туралы шешім қабылдау;

5.    аккредиттеу туралы құжат беру;

6.    аккредиттеу аттестатының қолданысының барлық мерзімі ішінде аккредиттелген ұйымға кезеңді бақылау жүргізу.


Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.

2 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000. – 285 с.



3 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.– 711 с.
Қосымша

1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана, 2008

2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі

ережелер


3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарды, сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі

4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау

зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар

5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар

6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы

/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.

7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:

Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.

8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и

качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.



Лекция 5. Аккредиттеу субъектілері
Аккредиттеу субъектілеріне жатады:

- сәйкестікті растау жөніндегі органдар;

-сынақ, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханалары (орталықтары);

- өлшемдерді орындау әдістемелерін метроло­гиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар.

Егер аккредиттеу субъектілері сәйкестікті бағалау процедурасын өткен болса бұл жағдай Қазақстан Республикасының барлық аумағында танылады.

Қазақстан Республикасында сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар, олардың фили­алдары мен өкілдіктері олардың қызмет нәти­желерін тану үшін ҚР процедурасы бойынша аккредит­теуден өтуі керек.

Аккредиттеу субьектілері:

1) аккредиттеу белгісін пайдалануға;

2) аккредиттеу жөніндегі органға аккредиттеу саласын кеңейту немесе қысқарту туралы, аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу, қайтару және аккредиттеу аттестатының қолда­нысын тоқтату туралы өтінішпен жүгінуге;

3) аккредиттеу жөніндегі органға оның қызметкерлерінің іс-қимылына шағымдануға;

4) аккредиттеу мәселелері бойынша даулар туындаған кезде сотқа жүгінуге құқылы.

Аккредиттеу субъектілері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын және оларға өздерінің сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға;

2) аккредиттеу саласы шегінде жұмыстарды жүзеге асыруға;

3) аккредиттеу саласы шегінде аккредиттеу аттестатына сілтеме жасауға;

4) бекітілген аккредиттеу саласындағы қызметінің тоқтатылғаны немесе алдағы уақытта таратылатыны туралы аккредиттеу жөніндегі органға хабарлауға;

5) анықталған аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктерді аккредиттеу жөніндегі органның шешімімен белгіленген мерзім ішінде жоюға;

6) инспекциялық тексеруді жүзеге асыратын адамдардың үй-жайға, жабдыққа, ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге және оларға өзге де қажетті көмек көрсетуге;

7) өлшем құралдарының салыстырмалы сы­нақтарына және оларды салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыруға қатысуға;

8) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқ­татылған не ол кері қайтарып алынған жағдайда аккредиттеу аттестатын осы Заңда белгіленген мерзімде қайтаруға;

9) аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған, оның қолданысы тоқтатылған, аккре­диттеу аттестаты жойылған, тоқтатыла тұрған не одан айырылған жағдайда аккредиттеуге сілтеме жасауды тоқтатуға міндетті.

Өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органдарға қойылатын негізгі талаптар ҚР СТ ИСО/МЭК 65-2001 стандартымен белгіленеді.

Менеджмент жұйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органдарға қойылатын негізгі талаптар ҚР СТ ИСО/МЭК 17021-2008 стандартымен белгіленеді.



Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органдарға қойылатын негізгі талаптар ҚР СТ ИСО/МЭК 17024-2003 (ҚР СТ 1349-2005) стандартымен белгіленеді.

Сәйкестікті растау жөніндегі органдар өнім (көрсетілетін қызмет) өндірушілерден (орындау­шылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) бе­рушілерден және тұтынушылардан тәуелсіз болуға тиіс.

Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың филиалдары ҚР аккредиттеу жүйесінде аккредиттеуден өтуі керек.

Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың сәйкестікті бағалау процесінің әділдігіне және объективтілігіне әсер ететін консультациялық қызмет көрсетуге құқығы жоқ.

Сынақ жүргізу, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларының сәйкестігін растау жөніндегі органдарға қойылатын негізгі талаптар ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 стандартымен белгіленеді.

Салыстырып тексеру зертханалары (орта­лықтары) өнім (көрсетілетін қызмет) өндіру­шілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсе­тілетін қызметті) берушілерден және тұтыну­шылардан тәуелсіз болуға тиіс.

Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зерт­ханалары (орталықтары) Қазақстан Республи­касының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес – шама бірліктерінің мем­лекеттік эталондарынан, олар жоқ болған жағ­дайда басқа елдердің шама бірліктері ұлттық эталондарынан шама бірліктерінің өлшемдерін алу арқылы өлшемдердің қадағалануын қамта­масыз етуге тиіс.
Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.

2 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000. – 285 с.



3 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.– 711 с.
Қосымша

1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана, 2008

2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі

ережелер


3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарды, сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі

4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау

зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар

5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар

6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы

/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.

7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:

Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.

8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и

качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.


Лекция 6. Аккредиттеу жөніндегі техникалық комитеттер
Аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын Халықаралық талаптарға сәйкес және аккредиттеу облысындағы жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында төмендегі аккредиттеу жөніндегі техникалық комитеттер құрылған:

  • сынақ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі техникалық комитеттер;

  • салыстырып тексеру және калибрлеу зерханаларын, метрологиялық қызметтерді аккредиттеу жөніндегі техникалық комитеттер;

  • сәйкестікті растау жөніндегі органдарды аккредиттеу жөніндегі техникалық комитеттер;

  • зертханааралық сәне салыстырмалы сынақтар жөніндегі техникалық комитеттер.

Техникалық комитеттер аккредиттеу жөніндегі орган болып табылатын ЖШС «Ұлттық аккредиттеу орталығы» негізінде құрылады және тиісті жұмыстарды жүргізу үшін қажетті нормативтік база мен біліктілігі жоғары мамандар иесі болуы керек.

Техникалық комитеттер өз жұмыстарын орындау кезінде Қазақстан Республикасында жүретін заңнамаға және мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің нормативтік құжаттарына, халықаралық және өңірлік нормативтік құжаттарға сүйенуі тиіс.

Аккредиттеу жөніндегі орган техникалық комиттердің жұмысына әдістемелік басшылық етеді және оның жұмысың үйлестіреді.

Әр техникалық комитет үшін әрекеттер облысы тағайындалады.

Техникалық комитеті оның төрағасы басқарады және олт техникалық комитеттің бүкіл қызметіне жауапты болып табылады. Төрағасынан басқа техникалық комитеттің құрамына жауапты хатшы және мүшелері кіреді.

Техникалық комитеттің құрамына аккредиттеу субъектілері, мүдделі тапсырыс беруші кәсіпорындардың (тұтынушы, зерттеп дайындаушы, шығарушылардың), қоғамдық ұйымдардың, ғылыми-техникалыұ және инженерлік қағамдардың және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың (мекемелердің) жетекші мамандары және ғалымдары шақырылады.

Техникалық комитеттің құрамында шағын комитеттер (подкомитеты) құрылуы мүмкін. Бұлар техникалық комитет үшін бекітілген жұмыстардың белгілі бөлігін орындайды.

Техникалық комитет жұмысын жұмыстық жоспарға (бағдарламаға) сәйкес орындайды.

Техникалық комитет органдары болып:

  • уәкілетті өкілдер - техникалық комитет мүшелерінің жиналысы;

  • техникалық комитет секретариаты;

  • техникалық комитеттің шағын комитеттері табылуы мүмкін.

Уәкілетті өкілдер - техникалық комитет мүшелері ретінде:

  • ЖШС «Ұлттық аккредиттеу орталығы»;

  • РМК «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты»;

  • РМК «Қазақстандық метрология институты»;

  • өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді тұтынушы мекемелер;

  • ғылыми мекемелер;

  • зерттеп дайындаушы кәсіпорындар, өнім шығарушылар немесе қызмет көрсетушілер;

  • мемлекеттік қадағалау органдары;

  • сынақ орталықтары;

  • басқа да мүдделі мекемелер, жеке тұлғалар кіруі мүмкін.

Техникалық комитет мүшелілігіне ерікті түрде кіруге болады.

Екі жылда бүр рет техникалық комитет мүшелері қайта түркеудеп өтуі, яғни техникалық комитеттегі өз жұмысын ары қарай да жүргізуге ниетті екендігін білдіруі тиіс.
Техникалық комитеттердің функциялары:

- мемлекеттік стандарттар жобаларын және аккредиттеу және сертификаттау жөніндегі басқа да нормативтік құжаттарды зерттеп дайындау, қарастыру, келістіру және бекітуге дайындау, оларға өзгертулерді, сондай-ақ олардың күшін жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

- жаңадан зерттеп дайындалатын және бұрыннан зерттеп дпйындалған нормативтік құжаттарды халықаралыұ стандарттар мен ережелердің талаптарымен сәйкестендіру;

- үкімет тарапынан дайындалатын ғылыми-техникалық бағрарламалар мен ғылыми-зерртеу жұмыстар жобаларын зерттеп дайындау және қарастыру процестеріне қатысу;

- тиісті шет елдердің стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдарының, халықаралық және мемлекетаралық техникалық стандарттар зерттеп дайындаумен байланысты техникалық комитеттердің, сондай-ақ аккредиттеу жөніндегі теъхникалық комитеттерімен өзара байланыстар орнату;

және т.б.

Техникалық комитет мүшелерінің құқықтары.

Техникалық комитет мүшелері осы техникалық комитет орындайтын барлық жұмыстарға қатысу құқығына ие болады:

  • техникалық комитеттің және халықаралық (өңірлік) балама-комитеттің жұмыстар бағдарламасы туралы ақпарат алуға;

  • сараптамасын техникалық комитет жүргізетін стандарттардың жобаларын қарастыру үшін алуға және олар бойынша тұжырымдама беруге;

  • стандарттар жобаларын техникалық комитет (шағын комитет, жұмыстық тобы) отырысында талқылауға қатысуға және барлық сұрақтар бойынша дауыс беруге;

  • стандарттарды зертеп дайындау жөнінде ұсыныстар енгізуге және оларды зерттеп дайындауға қатысуға;

  • техникалық регламенттерді талқылауға қатысуға

  • және т.б.

Қолданылатын әдебиеттер:


Негізгі

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.

2 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000. – 285 с.



3 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.– 711 с.
Қосымша

1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана, 2008

2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі

ережелер


3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарды, сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі

4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау

зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар

5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар

6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы

/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.

7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:

Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.

8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и

качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.



Лекция 7. Қазақстан Республикасында аккредиттеу процедурасы

(1- сағаты)
Аккредиттеу процедурасы мынадай негізгі кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:

1) өтінімді және ұсынылған құжаттарды қабылдау, қарау;

2) аккредиттеу алдындағы шартты жасасу;

3) ұсынылған құжаттарды сараптау;

4) өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру;

5) аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау;

6) аккредиттеуден кейінгі шартты жасасу, аккредиттеу саласын бекіту және аккредиттеу аттестатын беру не аккредиттеу алдындағы шартты тоқтату.

Қайтадан аккредиттеу 2) және 3) тармақтарда көзделген кезеңдерді сақтамастан жүргізіледі.

Өтінімді ұсыну және оны қарау

Өтініш беруші аккредиттеу жөніндегі органға мынадай құжаттар ұсынуы тиіс:

1) аккредиттеуге өтінім;

2) өтініш берушінің заңды мәртебесін анықтайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

3) қағаздағы және электрондық жеткізгіштегі мәлімделетін аккредиттеу саласы;

4) сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханаларына (орталықтарына), өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестат­тауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған паспорт;

5) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды орындайтын персонал туралы мәліметтер (сәйкестікті растау жөніндегі органдар үшін).

Өтініш беруші өзі таңдап алған нормативтік құжатқа байланысты тиісті ақпарат ұсынады.

Өтінімді қоспағанда, құжаттардың барлығы екі данада ұсынылады.

1), 3) – 5) тармақтарда көрсетілген құжаттардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді.

Егер өтінім және (немесе) оған қоса берілген құжаттар белгіленген нысанға сәйкес келмеген не толық көлемде ұсынылмаған жағдайда аккредиттеу жөніндегі орган құжаттарды қайтарудың себептерін көрсете отырып, олардың түскен күнінен бастап есептелетін бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайтарады.
Аккредиттеу алдындағы шарт

Аккредиттеу алдындағы шарт аккредиттеу жөніндегі орган мен өтініш беруші арасында жасалады.

Аккредиттеу алдындағы шарттың елеулі талаптары болып табылады:

1) шарттың мәні;

2) тараптардың құқықтары мен міндеттері;

3) жұмыстардың құны;

4) тараптардың жауаптылығы.

Аккредиттеу алдындағы үлгі шартты уәкілетті орган бекітеді.

Мынадай жағдайлар аккредиттеу алдындағы шартты тоқтатуға негіз болып табылады:

1) заңды тұлғаның таратылуы;

2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шартты бұзу;

3) құжаттарға сараптама жасау кезінде немесе өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексерген кезде анықталған сәйкессіздіктерді аккредиттеу жөніндегі орган белгілеген мерзімде жоймауы;

4) аккредиттеу жөніндегі органның құжат­тарға қайта сараптама жасаған кезде немесе өтініш берушіні орналасқан жері бойынша қайта тексерген кезде тиісінше сарапшы-аудитордың алғашқы қорытындысындағы немесе тексеру жөніндегі топтың есебінде көрсетілген сәйкес­сіздіктерді анықтауы;

5) аккредиттеу жөніндегі органның аккре­диттеуден бас тарту туралы шешім қабылдауы.

 

Құжаттардың сараптамасы

Ұсынылған құжаттардың сараптамасы шарт жасалған кезден бастап есептелетін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

Сараптама жүргізу үшін аккредиттеу жө­нін­дегі орган аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторды тағайындайды.

Аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор­дың қорытындысында:

1) ұсынылған құжаттардың аккредиттеу критерийлеріне сәйкестік бағасы;

2) нақты критерийлер бойынша (сәйкессіздік болған кезде) құжаттардың сәйкессіздігін көрсету;

3) ұсынылған құжаттарды түзету жөніндегі (қажет болған жағдайда) ұсынымдар және өтініш берушінің осы ұсынымдарды орындауын растау тәртібі;

4) ұсынылған құжаттардың аккредиттеу кри­терийлеріне сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы тұжырымдар қамтылуға тиіс.

Аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор­дың қорытындысы негізінде аккредиттеу жөнін­дегі орган мынадай:

1) өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру туралы;

2) өтініш берушінің анықталған сәйкессіз­діктерді жоюы туралы шешімдердің бірін қабыл­дайды.

Шешімнің көшірмесі өтініш берушіге жіберіледі.

Өтініш беруші шешімнің көшірмелерін ал­ған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде анық­талған сәйкессіздіктерді жояды және ол туралы аккредиттеу жөніндегі органға хабарлайды. Аккредиттеу жөніндегі орган хабарламаны алған кезден бастап жеті күн ішінде құжаттарға қайтадан сараптама жүргізеді.

Аккредиттеу жөніндегі орган өтініш беру­ші­нің себептерін көрсеткен жазбаша өтініші бо­йынша сәйкессіздіктерді жою мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартады.
Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.

2 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000. – 285 с.



3 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.– 711 с.
Қосымша

1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана, 2008

2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі

ережелер


3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарды, сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі

4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау

зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар

5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар

6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы

/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.

7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:

Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.

8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и

качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.


Лекция 8 Қазақстан Республикасында аккредиттеу процедурасы

(2- сағаты)
Өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру

Өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру өтініш берушінің біліктілігін, құжаттарда ұсынылған ақпараттардың нақты жағдайға сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.

Тексеруді аккредиттеу жөніндегі орган жасақтайтын тексеру жөніндегі топ жүзеге асырады.

Тексеру жөніндегі топ кемінде үш адамнан құралуы керек, топ жетекшісі болып құжаттарға сараптама жүргізген аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор тағайындалады.

Тексеру жөніндегі топтың құрамына келісім бойынша:

- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мамандар;

- сәйкестікті растау жөніндегі сарапшылар-ауди­торлар, техникалық сарапшылар, мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың мәлім­деген аккредиттеу саласы бойынша мамандары енгізілуі мүмкін.

Тексеру мерзімі бұл туралы шешім қабыл­данған күннен бастап есептелетін он жұмыс күні­нен аспауға тиіс.

Тексеру жөніндегі топ өз жұмысының қорытындысы бойынша есеп дайындайды, онда өтініш берушінің аккредиттеу критерийлеріне сәйкестік бағасы қамтылуы керек.

Топ мүшелерінің барлық ескертпелерін есепке ала отырып топ жетекшісі екі данада есеп жасайды және оған топтың барлық мүшелері қол қояды. Есептің бір данасы өтініш берушіге ұсынылады.

Өтініш беруші тексеру жөніндегі топтың есебімен келіспеген жағдайда өзінің ескертпелерін жазбаша түрде аккредиттеу жөніндегі органға ұсына алады.

Тексеру жөніндегі топ есебінің негізінде және өтініш берушінің ескертпелерін ескере отырып (олар бар болған жағдайда), аккредиттеу жөніндегі орган бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мынадай:

1) аккредиттеу жөніндегі жиналған материал­дарды қарау туралы;

2) өтініш берушінің анықталған сәйкессіз­діктерді жоюы туралы шешімдердің бірін қабыл­дайды.

Шешімнің көшірмесі өтініш берушіге жіберіледі.

Өтініш беруші шешімнің көшірмесін алған кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде тексеру кезінде анықталған сәйкессіздіктерді жо­яды және оларды жойғаны туралы аккредиттеу жө­ніндегі органға хабарлайды, одан кейін аккредиттеу жөніндегі орган оған қайта тексеру жүргізеді. Тексеру мерзімі тексеру жөніндегі топтың өтініш берушінің орналасқан жеріне келген күнінен бастап есептелетін бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің себептерін көрсеткен жазбаша өтініші бойынша сәйкессіздіктерді жою мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартады.
Аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы

шешім қабылдау
Аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияға жиналған материалдар түскен кезден бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде аккредиттеу жөніндегі орган қабылдайды.

Оң шешім қабылданған жағдайда аккре­дит­теуден кейінгі шарт жасалады және жеті жұмыс күні ішінде аккредиттеу саласын айқын­дайтын құжат бекітіледі, аккредиттеу аттестаты және құжаттардың бір жиынтығы беріледі.

Теріс шешім қабылданған жағдайда өтініш берушіге құжаттар жиынтығымен бірге дәлелді бас тарту жіберіледі.

 

Аккредиттеуден кейінгі шарт
Аккредиттеуден кейінгі шарт аккредиттеу жөніндегі орган мен аккредиттеу субъектісі арасында жасалады.

Аккредиттеуден кейінгі шарттың елеулі талаптары:

1) шарттың мәні;

2) тараптардың құқықтары мен міндеттері;

3) жұмыстардың құны;

4) инспекциялық тексерулерді жүргізу, аккре­диттеу аттестатын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын жаңарту тәртібі мен мерзімдері;

5) салыстырма сынақтарды жүргізу және (немесе) өлшем құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыру тәртібі;

6) тараптардың жауаптылығы болып табылады.

Аккредиттеуден кейінгі үлгі шартты уәкі­летті орган бекітеді.

Аккредиттеуден кейінгі шартты тоқтатуға мынадай жағдайлар:

1) заңды тұлғаның таратылуы;

2) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімінің аяқталуы;

3) аккредиттеу аттестатынан айыруы;

4) аккредиттеу аттестатының жойылуы;

5) аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған жағдайда оны қайтарылмауы;

6) аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға негіз болған сәйкессіздіктерді жоймауы;

7) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шартты бұзу негіз болып табылады.

5) және 6) тармақтарда көзделген негіздер бойынша аккредиттеуден кейінгі шартты тоқтату датасы тиісінше аккредиттеу аттестатын қайтару датасы не сәйкессіздіктерді жою мерзімі аяқталған күннен кейінгі күн болып есептеледі.
Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.

2 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000. – 285 с.



3 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.– 711 с.
Қосымша

1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана, 2008

2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі

ережелер


3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарды, сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі

4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау

зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар

5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар

6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы

/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.

7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:

Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.

8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и

качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.


Лекция 9. Аккредиттеу аттестаты
Аккредиттеу жөніндегі орган берген аккредиттеу аттестаттары Қазақстан Республика­сының бүкіл аумағында жарамды және олардың қолданылу мерзімі бес жыл.

Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі аккредиттеу туралы шешімді қабылдаған кезден бастап есептеледі және оған аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған уақыт кезеңі енгізіледі.

Аккредиттеу жөніндегі орган бекіткен және аккредиттеу саласын белгілейтін құжат аккредит­теу аттестатына міндетті қосымша болып табы­лады.

Аккредиттеу аттестаты аккредиттеу субъек­тілерінің тізілімінде тіркелуге тиіс.

Аккредиттеу аттестатында:

1) аккредиттеу субъектісінің атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері;

2) аккредиттеу субъектісінің оған сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжат;

3) аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі;

4) аккредиттеу аттестатының аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде тіркелген күні;

5) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі;

6) аккредиттеу аттестаты қосымшасының парақ саны көрсетіледі.

6. Аккредиттеу аттестатының бланкілері қатаң есептілік құжат болып табылады, олардың қорғанышы мен нөмірі болады.

Аккредиттеу аттестаты жалғыз дана етіп беріледі, аккредиттеу аттестатын басқа заңды тұлғаларға беруге тыйым салынады.

Жоғалған, бүлінген аккредиттеу аттестат­тары, аккредиттеу аттестаттарына қосымшалар аккредиттеу субъектісі аккредиттеу жөніндегі органға жазбаша өтініш (аккредиттеу аттеста­тының, аккредиттеу аттестатына қосымшалардың жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжат­тар­мен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп саналады.

Аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатының телнұсқасын, аккредиттеу аттестатының қосымшаларын беруді жүргізеді.

 

Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу

Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге:

1) аккредиттеу субъектісін қайта ұйымдас­тыру;

2) аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруі;

3) аккредиттеу субъектісі атауының өзгеруі;

4) аккредиттеу саласының кеңеюі немесе қысқаруы туралы аккредиттеу субъектісінің өтініші негіз болады.

Аккредиттеу субъектісі ҚР «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 22-бабының 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында көзделген ак­кредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге не­гіз­дердің бірі пайда болған кезден бастап есеп­телетін, сондай-ақ аккредиттеу саласы қысқарған жағдайда күнтізбелік он күн ішінде аккредиттеу жөніндегі органға ҚР «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 15-бабының 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көз­делген жаңа мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу туралы өтініш береді.



Аккредиттеу саласын кеңейту кезінде аккредиттеу субъектісі өтінішпен бір мезгілде аккредиттеу жөніндегі органға кеңейтілетін салада тиісті мамандардың, жабдықтардың, үй-жайлардың бар екендігі туралы ақпарат береді.

Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеген кезде аккредиттеу жөніндегі орган ҚР «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 18-бабында көзделген тәртіппен аккредиттеу субъектісінің орналасқан жері бойынша:



1) сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханасының (орталығының) орналасқан жері өзгерген;

2) аккредиттеу саласын кеңейткен жағдайда тексеру жүргізеді.

5. Аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу туралы құжаттарды олардың түскен күнінен бастап есептелетін он бес жұмыс күні ішінде қарайды.

Осы тармақта көзделген мерзімге субъектінің орналасқан жері бойынша тексеру жүргізу және аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктерді, егер оларды аккредиттеу жөніндегі орган анықтаған болса, жою мерзімі кірмейді.

Оң шешім қабылданған жағдайда аккре­дит­теу жөніндегі орган аккредиттеу аттестатын жеті жұмыс күні ішінде қайта ресімдейді және аккредиттеу саласын айқындайтын құжатты қайта бекітеді.

Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуден бас тарту туралы шешім ұсынылған құжаттар мен мәліметтерден дәйексіз ақпараттар анықталған кезде, аккредиттеу субъектісі тексеру барысында анықталған сәйкессіздіктерді белгіленген мерзімде жоймаған кезде, сондай-ақ алғашқы тексерген кездегі сәйкессіздіктер қайта тексер­генде анықталған кезде қабылданады.

Аккредиттеу аттестатының қолданылу мер­зі­мі оны қайта ресімдеген кезде үзілмейді.
Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.

2 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000. – 285 с.



3 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.– 711 с.
Қосымша

1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана, 2008

2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі

ережелер


3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарды, сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі

4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау

зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар

5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар

6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы

/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.

7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:

Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.

8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и

качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.


Лекция 10 Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу, қолданысын тоқтату, жою, тоқтата тұру, аккредиттеу аттестатынан айыру
Аккредиттеу аттестатын аккредиттеу жөніндегі орган мынадай жағдайларда:

1) аккредиттеу субъектісінің жазбаша өтініші бойынша;

2) сәйкестікті бағалау нәтижелерінің дұрыс­тығына әсер ететін аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктер анықталғанда;

3) анықталған аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктер аккредиттеу жөніндегі органның белгілеген мерзімі ішінде жойылмағанда;

4) салыстырмалы сынақтардың және (немесе) өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу қорытындыларын салғастырудың теріс қорытындылары бойынша кері қайтарып алады.

Егер аккредиттеу критерийлерінің анық­талған сәйкессіздіктерінде әкімшілік құқық бұзу құрамының белгілері болған жағдайда, аккре­диттеу жөніндегі орган осындай сәйкессіздіктер анықталған күннен бастап есептелетін, үш жұмыс күні ішінде тиісті шараларды қабылдау үшін жиналған материалдарды уәкілетті органға жібереді.

Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешімнің көшірмесі тиісті аккредиттеу субъектісіне жіберіледі, ол оны алған күннен бастап анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу­ға негіз болған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін аккредиттеу субъектісі оларды жойғаны туралы мәліметтерді аккредиттеу аттестатын қайтару туралы шешім қабылдау үшін аккредиттеу жөніндегі органға жібереді.

Анықталған сәйкессіздіктердің жойылғаны туралы мәліметтерді растау қажет болған жағдайда аккредиттеу жөніндегі орган осы Заңда белгіленген тәртіппен инспекциялық тексеру жүргізеді.

Аккредиттеу аттестатын қайтару туралы не қайтарудан бас тарту туралы шешімді аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу субъектісі сәйкес­сіздіктерді жойғаны туралы мәліметтерді ұсынған күннен бастап, ал инспекциялық тексеру жүргіз­ген жағдайда, оның біткен күнінен бастап есептелетін бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Аккредиттеу аттестатының қолданысы мына негіздер бойынша тоқтатылады:

1) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімінің аяқталуы;

2) аккредиттеуден кейінгі шарттың тоқтатылуы.

Өтініш берушінің аккредиттеу аттестатын алу кезінде жалған ақпаратты ұсынғаны анық­талған жағдайда аккредиттеу жөніндегі органның өтініші бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте сот аккредиттеу аттестатын жоюды жүргізеді.

Аккредиттеу аттестатын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Аккредиттеу саласында бекітілген құжаттар нысандары.

Қазақстан Республикасында аккредиттеу саласында төмендегі құжаттар нысандары бекітілген:

- аккредиттеуге өтінімнің нысаны;

- өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органның аккредиттеу облысының нысаны;

- менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органның аккредиттеу облысының нысаны;

- персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органның аккредиттеу облысының нысаны;

- сынақ орталығының (зертханасының) сәйкестігін растау жөніндегі органның аккредиттеу облысының нысаны;

- салыстырып тексеру (калибрлеу) зертханасының (орталығының) сәйкестігін растау жөніндегі органның аккредиттеу облысының нысаны;

- сынақ зертханасының (орталығының) паспортының нысаны;

- салыстырып тексеру зертханасының (орталығының) паспортының нысаны;

- калибрлеу зертханасының (орталығының) паспортының нысаны;

- өлшеулерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестациялауды жүзеге асырушы заңды тұлғаның немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің паспортының нысаны;

- персонал туралы мәліметтер нысаны;

- сәйкестікті растау жөніндегі органның және сынақ зертханасының (ортылығының), өлшеу құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеуді және өлшеулерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асырушы заңды тұлғаларды аккредиттеу материалдарын актуализациялау туралы өтінімнің нысаны.

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.

2 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000. – 285 с.



3 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.– 711 с.
Қосымша

1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана, 2008

2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі

ережелер


3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарды, сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі

4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау

зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар

5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар

6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы

/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.

7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:

Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.

8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и

качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет