ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларын аккредиттеу» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Лекция 15. Аккредиттеу саласындағы халықаралық тәжірибе



бет4/4
Дата27.05.2018
өлшемі1,06 Mb.
#41012
1   2   3   4

Лекция 15. Аккредиттеу саласындағы халықаралық тәжірибе
Аккредиттеудің басты мақсаттары - ұйымдардың құзыреттілігін растау жолымен оған сенімді қамтамасыз ету, бір салада түрлі ұйымдардың іс-әрекет нәтижелерін өзара тану үшін жағдай туғызу.

Осы мақсатта 1978 жылы бірінші рет халықаралық сынақ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі конференция – ИЛАК, кейіннен, 1991 жылы халықаралық сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттеу жөніндегі форум - ИАФ құрылды.

ИЛАК әрекетінің саласы – сынақ және калибрлеу зертханалары мен қадағалау органдарын аккредиттеу.

ИЛАК басты міндеті ретінде аккредиттелген зертханаларда орындалған өлшеулер мен сынау нәтижелерін тану жолымен саудаға көмектесу үшін халықаралық кооперацияны дамыту деп қойды. 1996 жылы ИЛАК аккредиттеу жөніндегі органдар арасында олардың қызмет нәтижелерін өзара тану туралы келісім жүйесін құру құқығына ие кооперацияның ресми мәтребесін алды. ИЛАК келісімі 22 жыл бойына созылған қарқынды жұмыстың шыңы.

2000 жылы қараша айында 28 түрлі өңірлер аумағында әрекет ететін ИЛАК мүшелері – 36 зертханаларды аккредиттеу жөніндегі оргнадар Вашингтонда ИЛАК келісіміне қол қойды. Осы келісім мақсаты - өлшеу нәтижелері мен экспортқа шығарылатын техникалық сынақтар нәтижелерін өзара тануға қол жеткізу. Келісімге қол қою рәсімі  ИЛАК Бас ассамблея шегінде өтті.

ИЛАК келісімінің мақсаты – сынау мен өлшеулердің нақты және дәл нәтижелерін алуды қамтамасыз ете алатын аккредиттелген сынақ және өлшеу зертханаларының барынша үлкен желісін құру. 2001 жылғы 31 қаңтарда қолданысқа енгізілген ИЛАК келісімі кез келген елде аккредиттелген зертханалар орындаған сынақ пен өлшеулер нәтижелерін танумен шекараның түрлі елдері бойынша саудаоперациялдарына қатысушылардың өзара сенімін нығайтуға көмектесіп, халықаралық саудада техникалық кедергілерді жояды. Осы уақытқа дейін зертханаларды аккредиттеу саласында өзара тану туралы келісім болған емес. Бұл халықаралық саудада кедергі қызметін атқарды, оның ішінде елге енгізген кезде импорттаушы қайта міндетті сынаулар немесе өлшеулерге түсуі керек өнімдермен сауда кезінде қиындықтар тудырды. ИЛАК келісімі осындай текті кедергіні жоюға негізделген.  Жүйелер – ИЛАК шегінде келісімше қатысушылар арасында сенімді нығайту үшін қажетті болатын негізгі шарттар төменде берілген. Осы шарттар өзінің негізінде – орындалуы ИЛАК мүшелері мен олар аккредиттеген зертханалардың техникалық құзыреттілігіне өзара сенімді белгілеу және қолдау үшін қажетті сол талаптар.

Осы талаптарға:

- ИЛАК мүшелері қабылдаған аккредиттеу схемаларын әзірлеу және қолданысы туралы ақпаратпен алмасу;

- Басассамблея мен ИЛАК комитеттерінің жұмысына, сондай-ақ осы мекемелердің түрлі шешімдерді қабылдауға қатысу;

- халықаралық зертханааралық салыстырмалы сынақтарға, кәсіби сынақтар бағдарламалары мен кәсібитестілеу бағдарламаларына қатысу;

- техниканың түрлі саласында сынаулар мен өлшеулер жүргізумен байланысты мәселелерді талқылайтын ИЛАК сарапшылар тобы мен проблемалық топтар жұмысынақатысу;

- келісімге қатысқысы келетін ұйымдарды инспекциялық тексеру және ИЛАК келісіміне қатысушы-ұйымдарға жоспарлы қайталау инспекцияларын жүргізу;

- келісімге қатысушы аккредиттеу жөніндегі орган беретін өлшем бірліктерін метрологиялық қамтамасыз етудің сапасын растауды аккредиттелетін зертханаларға беру. Аккредиттелетін зертханаларды ВІРМ немесе өңірлік метрологиялық ұйымдар жүргізетін халықаралық салыстырмалы сынақтарға қатысуға тарту.

Әр аккредиттеу жөніндегі органды келісімге қатысушылар қатарына қабылдау туралы шешім үміткерлердің қызметін егжей-тегжей бағалау нәтижелері негізінде қабылданады. Бағалау ИЛАК жарияланымдарында сипатталған ережелер мен процедуларға сәйкес жүргізіледі.

Келісімге қол қоятын әрбір аккредиттеу жөніндегі орган келісімнің барлық шарттарын және ИЛАК оның қызметін бағалау процедурасы бойынша талаптарды сақтау міндеттемелерін алады.

Халықаралық сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттеу жөніндегі форум - ИАФ

ИАФ әрекет ету саласы – сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттеу.

ИАФ қызметінің негізгі бағыты аккредителген зертханаларда және сәйкестікті бағалау жүргізетін органдарда екіжақты және бірнеше тарапты келісімдерді бекіту жолымен нәтижелерді тануға көмектесуге (ұйымдастыру сұлбасы Б қосымшасында берілген) бағытталған.

Нәтижелерді өзара тану үшін аккредиттеу критерийлері мен процедуларын үйлестіру қажет, осы бөлікте ИЛАК және ИАФ ИСО, МЭК, ЕЭК, ООН, МОЗМ және өзге де халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық етеді.

Аккредиттеу жөніндегі органдарға қойылатын негізгі талаптарға:

- аккредиттеу жөніндегі орган өзінің жұмысын кемсітпеушілік негізге құру керек; аккредиттеуге қол жеткізу кез келген өтінім берушілер үшін ашық болуы керек;

- аккредиттеу жөніндегі орган қоғамдық, мемлекеттік немесе жеке ұйым ретінде тіркелген болуы керек.

Сыртқы сауда қатынастарыныңжәне ұлттық аккредиттеу жүйелерінің дамуымен өңірлік аккредиттеу ұйымдары туындай бастады және сынақ және калибрлеу зертханаларын және сертификаттау жөніндегі оргнадарды аккредиттеужүйелерінің қосылу дәстүрі байқалып отыр.

Бұған мысал ретінде еуропалық ұйымдар бола алады. Тек 1994 жылы ВЕС калибрлеу зертханаларын және ВЕЛАС сынақ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі Еуропалық кооперациялар негізінде ЕАЛ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі Еуропалық ұйым құрылды.

 

Кейіннен 1991 жылы құрылған ЕАС сертификаттау жөқніндегі оргнадарды аккредиттеу жөніндегі еуропалық ұйым мен ЕАЛ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі Еуропалық ұйымдар 1997 жылғы қараша айында бірігіп ЕА Еуропалық аккредиттеу жөніндегі ынтымақтастықты құрды.



ЕА мүшелері бірнеше тараптық келісімдер негізінде әрекет ететін және ЕН 45000 сериялы стандарттарға сәйкесетін ұлттық аккредиттеу жөніндегі органдар болып табылады.
Қолданылатын әдебиеттер:

Негізгі


1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А. Тазабекова – Алматы.: Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003. – 564 с.

2 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000. – 285 с.



3 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.– 711 с.
Қосымша

1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана, 2008

2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі

ережелер


3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарды, сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі

4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау

зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар

5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.

Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар

6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы

/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.

7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:

Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.

8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и

качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.



2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
1 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау аумағындағы аккредиттеу туралы »заңы.Жалпы мазмұны.

Сабақтың мақсаты:Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау аумағындағы аккредиттеу туралы »заңын оқып үйрену.
Тапсырма:

1.Заңның негізгі тарауларын оқу.

2.Аккредиттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері.

3. Қ.Р. Республикасының «Сәйкестікті бағалау аумағындағы аккредиттеу туралы» (05.07.2008гN IV ) жаңа заңын және бұрынғы ҚР « Аккредиттеу туралы »заңын салыстыру сипаттамасын беру.


Бақылау сұрақтары:

1.Аккредиттеу дегеніміз не ?

2. Аккредиттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері?

3.Сәйкестікті бағалау аумағындағы аккредиттеу саласындағы ҚР өкіметінің компетенциясы және аккредиттеу жүйесі?


2 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау аумағындағы аккредиттеу туралы »заңы.Терминдер мен анықтамалар.

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау аумағындағы аккредиттеу туралы »заңында пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамаларын оқып үйрену.
Тапсырма:

1.Заңда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамаларды дәптерге көшіріп жазу.

2.Терминдерді дұрыс оқи білу.

3.Терминдер мағынасын түсіну?


Бақылау сұрақтары:

1. Заңда пайдаланылатын терминдерге анықтама беру?

2. Сәйкестікті бағалау аумағындағы аккредиттеу туралы »заңының маңызы?

3 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)


Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Аккредиттеу жүйесінің құрылымы.

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының Аккредиттеу жүйесінің құрылымымен танысу.
Тапсырма:

1.Қазақстан Республикасының Аккредитеу жүйесінің құрылымы.

2.Аккредиттеу жөнінідегі органның құқықтарымен міндеттері.
Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасының Аккредиттеу жүйесінің маңызы?

2. Аккредиттеу жөніндегі органның атқаратын қызметі?

4 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)



Сабақтың тақырыбы: Ұлттық аккредиттеу орталығының (НЦА) құрылымы және қызметтік бағыттары.

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының Аккредиттеу жүйесінің құрылымымен танысу.

Тапсырма:

1.Ұлттық аккредиттеу орталығының құрылымын дәптерлеріне сызу.



СО - сәйкестікті растау жөніндегі органдар

СЗ - сынақ зертханалары

КЛ - калибрлеу зертханалары

СТЗ - салыстырып тексеру зертханалары
Бақылау сұрақтары:

1.Аккредиттеу орталығының құрылымын білу?

2.Аккредиттеу жөніндегі комиссияның қызметі?

3.Шағым жөніндегі комиссиның қызметі?

4.Бас директор қызметі?

5 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)


Сабақтың тақырыбы: ҚР СТ ИСО/МЭК 65-2001.

Сабақтың мақсаты: ҚР СТ ИСО/МЭК 65-2001 мазмұнымен танысу.
Тапсырма:

1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты «Өнімді сертификаттау жөнінідегі органдарға қойылатын жалпы талаптар» қолдану саласы.

2.Нормативтік сілтемелерді оқу.

3.Анықтамаларды оқып дәптерге жазу.


Бақылау сұрақтары:

1.ҚР СТ ИСО/МЭК 65-2001.қолдану саласы?

2.Сертификаттау жөніндегі орган?

3.Шағымдар ,арыздар мен даулы жағдайлар?

4.Сертификаттау туралы шешім?

5.Инспекциялық бақылау?

6 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)


Сабақтың тақырыбы:.ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзіреттілігіне қойылатын талаптар»

Сабақтың мақсаты: ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 мазмұнымен танысу.
Тапсырма:

1.«Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзіреттілігіне қойылатын талаптар» ҚР СТ оқып,қолдану саласымен танысу.

2.Сызбаны сызып,талдау .

3.Терминдер мен анықтамалар.

4.Менеджментке қойылатын талаптар.

5.Қосалқы мердігерлермен сынақ және калибреу жүргізуге шарт жасау.

6.Зертхана қызметкерлерінің тапсырыс берушілеріне қызмет көрсету.

7.Белгіленген талаптарға сәйкес емес сынақ және /немесе калибрлеу жұмыстарын басқару.



8.Сынақ,калибрлеу әдістері және әдістерді валидтеу.




















(Шетелдік бағалаушылар аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдарға кіру бойынша Республикалық бюджеттік бағдарлама аясында ISO/IEC 17025-2005 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігіне 13 зертхананы аккредиттеді. Үстіміздегі жылы тағы да 10 зертхананы аккредиттеу бойынша жұмыстар жүргізіледі)


Бақылау сұрақтары:

1.Терминдер мен анықтамалар?

2.Нормативтік сілтемелер?

3.ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 маңызы қандай?

4. ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 қолдану саясы?
7 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)
Сабақтың тақырыбы: Техникалық комитеттер ережесі.

Сабақтың мақсаты: Сынақ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі техникалық комитет туралы ережесінің мазмұнымен танысу.
Тапсырма:

1.Техникалық комитет құрылымы мен құрамы.

2.Техникалық комитет қызметтері.

3.Техникалық комитет органдары мен құрамы.


Бақылау сұрақтары:

1.Техникалық комитет ережесінің мазмұны?

2.Техникалық комитет қызметтері?

3.Құқықтары?

4.Міндеттері?
8 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)
Сабақтың тақырыбы: Аккредиттеу жөніндегі бланктер.Аккредиттеуге өтініш,жолдама хаты.

Сабақтың мақсаты: Аккредиттеу жөніндегі бланкілердің маңызы мен танысу.
Тапсырма:

1 Өтінім беруші АО Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 22.08.08 жылғы № 322 бұйрығының (бұдан әрі – ҚР ИСМ Министрінің бұйрығы) 1 қосымшасының нысаны бойынша мыналардан тұратын аккредиттеуге өтінімін ұсынады (А қосымшасы):

1) өтінім беруші заңды тұлғаның атауы;

2) аккредиттелуіне сәйкес нормативтік құжаттың негіздемесі

3) өтінім берушінің негізгі қызмет бағыты немесе сынақ және өлшем түрлеріне өтінілген өнімі;

4) өтінім берушінің заңды мәртебесі: атауы, ұйымдастырушылар, заңды тұлғаның басқару органы, тұрғылықты орны, телефоны, факсы, электрондық поштасы, вебсайты, есеп шоты, СТН;

5) өтінім беруші-ұйым басшысының тегі, аты-жөні;

6) аккредиттеу жөніндегі органмен байланысқа жауапты қызметкердің тегі, аты-жөні, телефоны;

7) оның қайта аккредиттелу барысында аккредиттеу аттестатының сериясы және нөмірі;

8) өтінім беруші-ұйым басшысының қолы және мөрімен расталады.

2. Өтінімдер мен құжаттар аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін анықтама хатымен АО жолданады.

Жолдама хат:

- өтінім берушінің фирмалық бланкісінде нысан бойынша (А қосымшасы);

- аккредиттелуіне сәйкес белгіленген нормативтік құжаттың көрсетілуімен;

- өтінім беруші-ұйымның деректерімен;

- өтінім беруші-ұйым басшысының қолының расталуымен рәсімделеді.

Өтінім беруші жолдама хатында АО алдында аккредиттеудің талаптарын және міндеттерін орындайтындығына келісетіндігін көрсетеді.

3..Жолдама хаттың үлгісімен танысу.


Бақылау сұрақтары:

1.Өтінімдерге қойылатын талаптар?

2. Жолдама хатына қойылатын талаптар?

3. Аккредиттеу материалдарының жиынтығы?


9 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)
Сабақтың тақырыбы: Аккредиттеу жөніндегі бланктер.Аккредиттеу облысы

Сабақтың мақсаты: Аккредиттеу бланкілерінің маңызын білу.

Тапсырма:

1.Аккредиттеу облысы бланктерімен танысу.


Бақылау сұрақтары:

1.Аккредитеу бланкісінің маңызы?

2.Аккредиттеу бланкісінің толтыру тәртібі?
10 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)
Сабақтың тақырыбы: Аккредиттеу жөніндегі бланктер. Қызметкерлер туралы.

Сабақтың мақсаты: Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды орындайтын қызметкер туралы мәліметтің маңызымен танысу.

Тапсырма:

1. Жұмыс дәптеріне бланкіні сызу.


Бақылау сұрақтары:

1.Аккредитация органдарының маңызы?

2.Аккредиттеу жұмыстарының маңызы?
11 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)
Сабақтың тақырыбы: Аккредиттеу жөніндегі бланктер.Аккредиттеу алдындағы және соңындағы типтік келісім шарттар.

Сабақтың мақсаты: Аккредитттеу жөніндегі бланктермен танысып,практикада қолдана білу.

Тапсырма:

1.Аккредиттеу алдындағы шарт бланкісімен танысу.
Бақылау сұрақтары:

1. Аккредиттеу алдындағы шарттың талаптары қандай?

2. Аккредиттеуден кейінгі шарттың талаптары қандай
12 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)
Сабақтың тақырыбы: Уақыт нормалары.

Сабақтың мақсаты: Аккредитация процесі.Аккредитация және калибрлық зертханалар инспекциялық тексеру жүргізу жұмыстарына арналған уақыт нормаларымен танысу.
Тапсырма:

1.Жалпы ережелерімен танысу.

2.Таралу аймағы.

3.Терминдер және анықтамаларды дәптерге жазу.


Бақылау сұрақтары:

1.Терминдер мен анықтамалар?

2.Аккредитацияға арналған уақыт нормаларын анықтау?
13 тәжірибелік сабақ (2сағ.)
Сабақтың тақырыбы: Нормативтік құжаттармен танысу.

Сабақтың мақсаты: Нормативтік құжаттардың түрі,маңызы,қолдану аясымен танысу.
Тапсырма:

1.Төмендегі нормативтік құжаттармен танысу?

2.СТ РК 7.9-2008

3. СТ РК ИСО/МЭК 43-1-2002

4. СТ РК ИСО/МЭК 43-2-2002

5. СТ РК ИСО/МЭК 17025 -2007

6. СТ РК ИСО/МЭК 65-2001

7. ИСО 17021-2006

8.СТ РК 7.6-2003
Бақылау сұрақтары:

1.Нормативтік құжаттар тізімі?

2.Нормативтік құжаттар маңызы?

3.Нормативтік құжаттардың қолдану саласы?

14 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)
Сабақтың тақырыбы:ПМГ 06-2001.

Сабақтың мақсаты: ПМГ 06-2001 танысып,маңызын талқылау.
Тапсырма:

1.ПМГ 06-2001 Жалпы ережелерімен танысу .

2. ПМГ 06-2001 Келісімдермен танысу

3.ПМГ 06-2001 Нормативті сілтімелерімен танысу.


Бақылау сұрақтары:

1.ПМГ 06-2001 маңызы?

2.ПМГ 06-2001 мәні?

3.МПГ 06-2001 нормативтік сілтімелерінің маңызы?


15 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)

Сабақтың тақырыбы: Аккредиттеу саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімдер (тізімімен танысу)

Сабақтың мақсаты:
Тапсырма:

1. Халықаралық зертханаларды аккредиттеу жөніндегі кооперация ИЛАК

2. Халықаралық аккредиттеу жөніндегі форум ИАФ

3. Еуропалық аккредиттеу жөніндегі қоғамдастық ЕА

4. Мемлекетаралық стандарттау, метрология жәнен сертификаттау жөніндегі кеңес (МАС)
Бақылау сұрақтары:

1.Аккредиттеу саласындағы ынтымақтастық келісім?

2.ИЛАК қай жылы құрылды?

3.ИЛАК мақсаты қандай?

4.ЕА қай жылы құрылды?

5.ЕА мақсаты?


Қолданылған әдебиеттер:

1.Қ.Р. «Сәйкестікті бағаалу аймағындағыф аккредиттеу туралы »заңы.

2.Қ.Р.СТ7.8.-2002 Сертификаттау органдары ,сынақ,тексеру және калибрлеу зертханаларының аккредиттеу тәртібі.

3 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ
3.1 Студенттің өзіндік жұмысың ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар

Өзіндік жұмысын орындау кезінде студент нақты тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттерді қалданады, материалды өз бетімен игереді, зерделеген материалдың қысқаша мазмұнын дәптерге түсіреді. СОӨЖ сабағында студент жазбаларын оқытушыға көрсетеді, ал оқытушы оны бағалайды.

3.2 Рефераттар тақырыптарының тізімі:

3.2.1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңының негізгі қағидалары

3.2.2 ҚР аккредиттеу жүйесінің мемле-кеттік стандарттары

3.2.3 ИСО / МЭК 17021:2006 Халықаралық стандарты

3.2.4 СТ РК ИСО/МЭК 65-2001

3.2.5 СТ РК ИСО/МЭК 62-2001



3.2.6 СТ РК ИСО/МЭК 66-2002







Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет