Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Стандарттау» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік материалдар



бет4/16
Дата07.02.2022
өлшемі380 Kb.
#85612
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
общий про стандарт

Үйлесімді сандар және үйлесімді сандар қатарлары. Машина, аспап, ыдыстардың параметрлік қатарлары үйлесімді сандар жүйесіне сәйкес құралады. Үйлесімді сандар деп геометриялық прогрессия бойынша өзгеретін сандар тізбегінің жиынтығын айтады. Бұл жүйенің мағынасы – параметрлер мәндері үшін кез келген санды ала бермей, тек қана белгілі математикалық заңға бағынатын мәндерді ғана алу болып табылады.
Параметрлік стандарттауда негізгі стандарттар ГОСТ 8032 «Предпочтительные числа и ряды предпочтительных чисел» және ГОСТ 6636 «Нормальные линейные размеры» болып табылады.
ГОСТ 8032 бойынша 4 негізгі үйлесімді сандар қатары бекітілген:
1- қатар - R5 – 1,00; 1,60; 2,50; 4,00; 6,30; 10,00 – прогрессия знаменателі 1,6;
2- қатар – R10 – 1,00; 1,25; 1,60; 2,00; 2,50; … – прогрессия знаменателі 1,25;
3- қатар – R20 – 1,00; 1,12; 1,25; 1,40; 1,60; … – прогрессия знаменателі 1,12;
4- қатар – R40 – 1,00; 1,06; 1,12; 1,18; 1,25; … – прогрессия знаменателі 1,06.
R- индексі француз инженері Ш. Ренар атымен аталған. Бұл инженермен үйлесімді сандар қатарларын құру тарихы байланысты.
1 – 10 сандары аралығында R5 қатарында 5 сан бар, R10 қатарында - 10 сан, R20 қатарында - 20 сан, R40 қатарында - 40 сан бар.
Параметрлік қатардың жиілігі оңтайлы болуы керек: тым «қою» қатар тұтынушылар мүдделерін максимум қанағаттандыруға мүмкіндік береді, бірақ, екінші жағынан, өнімнің типтік өлшемдері тым көбейіп кетеді. Сондықтан R5 қатарын қолдану R10 қатарына қарағанда дұрыс болып табылады, ал R10 қатарын қолдану R20 қатарын қолданғаннан дұрыс болып табылады.
Үйлесімді сандар жүйесін қолдану белгілі типті өнімнің параметрлерін бірыңғайландыру ғана емес, сонымен бірге бөлшектерді, бұймдарды, көлік құралдары мен технологиялық жабдықтарды параметрлер бойынша сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Мысалы, машина жасау саласындағы стандарттау тәжірибесі көрсеткендей, бөлшектер мен тораптардың параметрлік қатарлары машина және жабдықтардың параметрлік қатарларында негізделу керек. Бұл жерде мынадай ереже сақталуы керек: машиналардың R5 қатарынан алынған параметрлерге бөлшектердің R10 қатарынан алынған параметрлер сәйкес келу керек, R10 қатарынан алынған параметрлерге бөлшектердің R20 қатарынан алынған параметрлер сәйкес келу керек және тағы солай. Теміржол вагондары мен автокөліктің жүк көтеру қабілеті, контейнер, жәшік және жеке алынған консерві банкасының өлшемдерінің қатары R5 қатары бойынша құрылу керек. Бұл шара консерві банкасына арналған ыдыс және оларды тасымалдайтын көлік құралдарын ұтымды қолдануға мүмкіндік береді.

Радиотехникада Халықаралық электротехникалық комиссиямен қабылданған Е қатары байынша құрылған үйлесімді сандар қолданылады. Е қатарлары:


Е3 – q = 2,2;
Е6 - q = 1,5;
Е 12 - q = 1,2.
Бұл қатарлар ГОСТ 2825 «Ряды номинальных сопротивлений постоянных резисторов» және ГОСТ 2519 «Ряды номинальных емкостей постоянных конденсаторов» стандарттарымен бекітілген.
Конденсаторлар үшін 1,5; 2,2; 3,3; 4,7; 6,8 (пФ, мкФ) сиымдылықтар қатары қолданылады.
Унификациялау(бірыңғайландыру) (лат. unus – бір) - өнім, процестер және қызмет көрсетулер түрлерінің, олардың параметрлерінің және өлшемдерінің мәндерінің оңтайлы санын таңдау (тағайындау).
Бірыңғайландыру – бірдеңені бірыңғай жүйеге, формаға, бірегейлікке келтіру. Мысалы техникада бірыңғайландыру деп өнімнің және оны шығаруға қажет құралдардың минимум санды типтік өлшемге, маркаға, қасиеттерге келтіруді айтады.
Бірыңғайландырудың мақсаты өнімнің, процестердің қажетсіз көп түрлері болуға жол бермеу және олардың санын негізгі тұтынушыға қажетті минимумға келтіру болып табылады.
Бірыңғайландыру стандарттау нысандарын жүйелеу, типтендіру (типтеу), селекциялау, симплификациялау және оңтайлауға негізделеді және төмендегі бағыттарда жүзеге асырылуы мүмкін:

  • бұйымдар, машиналар, жабдықтар, аспаптар, тораптар мен бөлшектердің параметрлік және типті өлшемдік қатарларын әзірлеу;

  • біртекті өнімдердің бірыңғайланған топтарын құрастыру мақсатында типтік бұйымдарды зерттеп дайындау;

  • бірыңғайланған технологиялық процестерді, сынау әдістерін, құжат формаларын және т.б. зерттеп дайындау;

  • біртекті стандарттау нысандарының номенклатурасын оптималды минимуммен шектеу.

Бірыңғайландыру мына түрлерге бөлінеді:

  • типтік-өлшемдік бірыңғайландыру (мысалы, функционалдық арналуы бірдей, бір-біріне бас параметрлерінің сандық мәнімен ажырасатын өнімдер);

  • тип шегіндегі бірыңғайландыру (мысалы, бас параметрі бірдей, құрамдық элементтерінің конструкциясымен ажырасатын өнімдер);

  • тип аралық бірыңғайландыру (мысалы, әртүрлі типті және конструкциялы өнімдер).

Жүргізу аймағына байланысты нысандарды бірыңғайландыру салааралық, салалық және зауыттық болуы мүмкін.
Ең жоғары экономикалық әсерге жобалау сатысында қол жеткізуге болады.
Бірыңғайландыру нәтижелері бұйымдардың, бөлшектердің, тораптардың типтер, параметрлер және өлшемдер стандарттарының, конструкция, марка және т.б. типтік (бірыңғайланған) конструкциялары альбомы түрінде өңделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет