Талдау нәтижелерін есептеу.
Әдетте анықталатын зат мөлшерін граммен немесе пайызбен есептейді. Есептеуді анықталатын заттың молекулалық массасының (МА) гравиметриялық түрдің молекулалық массасына (Мгр.түр.) қатынасы гравиметрлік фактор немесе есептеу факторы (Ғ) деп аталады.
(1)
Мұндағы;
m,n – стехиометриялық коэффициенттер.
МА – анықталатын заттың молекулалық массасы г/моль
Мгр.ф. – гравиметриялық түрдің молекулалық массасы
Анықталатын затты граммен есептеу
qA = mгр.түр∙F (2)
Анықталатын затты пайызбен есептеу
(3)
Кристалдық тұнбаларды анықтауда
, (4)
Мұндағы; МА және Мгр.ф. – анықталатын заттың және гравиметриялық түрдің молекулалық массалары;
m,n – стехиометриялық коэффициенттер.
Аморфты тұнбаларды анықтау кезінде
(5)
Кристалдық тұнбалар үшін гравиметрлік түрдің массасы 0,5 г және аморфты тұнбалар үшін гравиметрлік түрдің массасы 0,1 (г) түзілетіндей етіп, сынамадан өлшемдік массаны есептеп алады.
Тұнбаға түсіруші ерітінді шамасын есептеу үшін реакция теңдеу жазылады. Теңдеу бойынша есептеу жүргізіліп реагент массасы анықталады. Реагент массасын пайдалана отырып оның концентрациясы, тығыздығы арқылы тұнбаға түсіруші ерітінді көлемін стехиометриялық есептеулердегідей 1,5 есе артық алады.
Тұнбаға түсіруші ерітінді көлемі келесі формуламен есептеледі
, (6)
Мұндағы,
1,5–тәжірибе жүзінде анықталған тұрақты (const) коэффициент
МБ – тұнбаға түсіргіш Б затының молекулалық массасы;
МА – анықталатын заттың молекулалық массасы;
а – анықталатын зат өлшендісі, г;
С – ерітінді концентрациясы, моль/л;
ρ – ерітінді тығыздығы, г/см3.
Анықталатын элементтің (заттың) жүйе құрамындағы үлесін анықтау. Жүйе, зат құрамындағы элементтің массалық үлесін, массасын анықтау үшін төмендегі формулаларды пайдаланады.
(7)
(8)
Мұндағы: а – сынаманың өлшемдік массасы, г;
Ғ – гравиметрлік фактор;
m гр. түрі – гравиметриялық түрдің массасы;
mх - анықталатын заттың массасы.
Достарыңызбен бөлісу: |