Полимерлердің жіктелуі. Полимер немесе жоғары молекулалық қосылыстар – бір-бірімен химиялық байланыстар арқылы байланысқан жүздеген, мыңдаған атомдардан құралған заттар. «Полимер» - сөзі тура аударғанда көп бөліктер, сегменттер деген мағына береді. Бұл бөліктер көбінесе химиялық байланыспен қосылған атомдар тобынан тұрады. Бөліктері жеке атомдардан тұратын полимерге «пластикалық күкірт» жатады. Ол күкірт балқымасын суық суға құйғанда түзіледі. Полимерлі күкірттің құрылысын бір-бірімен химиялық байланыс арқылы қосылған күкірт атомының тізбегі ретінде қарастыруға болады:
-S- S- S- S- S- S- S- S-
Мұндай күйдегі күкірттің қасиеттері, кристалға қарағанда әжептәуір басқа. Ол каучук тәріздес, жұмсақ, иілгіш, жартылай түссіз, анық балқу нүктесі жоқ зат. Бірақ полимерлі күкірт тұрақсыз,бөлме температурасында ол бірнеше күннен кейін қайтадан кәдімгі кристалды күкіртке айналады. Көптеген полимерлер үшін қайталанатын құрылым бірлігіне белгілі ретпен байланысқан атомдар тобы жатады.
Құрылысы қарапайым полимерлердің бірі – полиэтилен: - СН2- СН2...- СН2 – СН2-...-. Атынан көрініп тұрғандай, полиэтиленді этилен молекуласын полимерлеу арқылы алады.
n СН2 = CH2 - (CH2 – CH2-)n
Полимер түзетін бастапқы молекула мономер деп аталынады. Бірнеше рет қайталанатын атомдар тобын-қарапайым буын дейді. Егер мономер молекуласын М деп белгілесек, онда полимердің формуласы /-М-/n болады. Мұндағы n макромолекула құрамына кіретін қарапайым буындардың санын білдіреді. Әдетте оны полимерлену дәрежесі деп атап, Р белгілейді. Орташа полимерлену дәрежесі полимердің молекулалық массасымен төмендегі қатынас арқылы байланысқан:
Р = M/m, M – полимердің орташа молекулалық массасы, m – қарапайым буынның молекулалық массасы.
Егер n = 2,3,4,5,6,… болса, онда ди, три, тетра, пента, гекса және т.б. олигомерлер түзілгені. Олигомерлер – полимерлердің төменгі молекулалық гомологтары. Полимер термині, яғни ұғымы, n мәні өте үлкен болған жағдайда қолданылады. Полимер түзілу үшін ең кем дегенде n-нің мәні жүздеген артық болу керек.
Жалпы полимерлер дәл бір нақтылы молекулалық массадан бастап түзіледі деп айту қиын.
Бір мономерден түзілетін өнім полимер, ал екі немесе одан да көп мономерлердің полимерленуі нәтижесінде өнім сополимер деп аталады. Мысалы:
n( M1 + M2) M1- M2 – M1 – M2 – M2 – M1 – M1 - M2 -…
Кейбір сополимерде әртүрлі қарапайым буындар топтасқан түрде кезектесіп отырады:
... - M1 – M1 – M1 –…– M2 – M2 – M2 – M2 -…
Бұлар – блок сополимерлер немесе топтасқан сополимерлер. Егер негізгі тізбекке басқа мономердің буындары жалғасса, онда жалғанған сополимер түзіледі:
… – M1 – M1 – M1 – M1 – M1 - …
M2
M2
:
Достарыңызбен бөлісу: |