ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қазақстанның физикалық географиясы» «5В016600 – География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет1/3
Дата21.07.2017
өлшемі0,86 Mb.
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16-13.2.09

/01-2013


ПОӘК

«Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

№ 1 басылым

18.09.2013 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Қазақстанның физикалық географиясы»
«5В016600 – География» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2013

Мазмұны


1

Глоссарий




2

Дәрістер




3

Зертханалық сабақтар




4

Студенттердің өздік жұмыстары





1. Глоссарий

Абсолюттік биіктік - жер бетінің алыс нүктесінің теңіз деңгейіне қатысты алғандағы биіктігі. Абсолюттік биіктік картада горизонтальдармен және жеке нүктелер түрінде көрсетіледі.

Азимут - бақылау нүктесінен өтетін меридиан жазықтығы мен сол нүктені қиятын бағыттың вертикаль жазықтығы арасындағы қос қырлы бұрыш. Азимут меридианның солтүстік ұшынан сағат тілі бағытымен 00-тан 3600-қа дейін өлшенеді.

Аласа таулар - онша тілімделмеген, биіктік зоналарына жіктелмеген, биіктігі 1000-1500 м-ге дейінгі таулар.

Альпілік қатпарлану - атмосфералық қысым жоғары аймақ. Оның орталық бөлігінде қысым жоғары, шеттеріне қарай төмендейді. Антициклондық аймақта желдер солтүстік жарты шарда сағат тілі бағытымен, ал оңтүстік жарты шарда сағат тіліне қарсы бағытта соғады. Карталарда антициклон орталығында қысым жоғары болатын тұйық изобаралар жүйесі түрінде бейнеленеді. Антициклонның көлемі – 2000-3000 км, олар көбінесе жоғары ендіктерде, ал қыс кезінде қоңыржай ендіктерде де қалыптасады. Антициклонға ашық ауа райы тән, ауа ағындары отасынан шетіне қарай төменге бағытталған.

Артезиан сулары - жердің су өткізбейтін қабаттары аралығында қысыммен жатқан сулар. Ұңғымаларды бұрғылағанда артезиан сулары жер бетіне ағып шығады немесе фонтан күйінде атқылайды.

Атмосфералық жауын-шашын - жер бетіне атмосферадан сұйық немесе қатты күйде (жаңбыр, қар, шық, бұршақ, қырау) келіп түсетін ылғал.

Аккумулятивті жазықтар - шығу тегі әртүрлі (теңіздік, көлдік, аллювиалды, мұздық) шөгінділермен жабылған жазықтар. Аллювиалды жазықтарға Тұран ойпаты, ал теңіздік жазықтарға Каспий маңы ойпатын жатқызуға болады.

Белдеулік уақыт - әрбір сағаттық белдеудің орта меридианындағы жергілікті уақыт. Жер шарында әрқайсысы 15 градустан болатын 24 сағаттық белдеу бар, әр белдеуге өзіндік уақыт тән.

Биік таулар - биіктігі 3000 м-ден асатын, жер бедері күрделі, биіктік белдеулері айқын ажыратылатын таулар. Биік таулардың қар сызығынан жоғары жатқан бөліктеріне мұздық жер бедері тән.

Географиялық бойлық - нүкте мен бастапқы меридиан арасындағы бұрыштық қашықтық. Бастапқы меридианнан шығысқа қарай шығыс бойлық, батысқа қарай – батыс бойлық жатыр. Бойлық 0 градустан 180 градусқа дейінгі аралықта өлшенеді. Бір меридиан бойынша орналасқан нүктелердің барлығының бойлығы бірдей.

Географиялық ендік - нүктеден экватор кеңістігіне дейінгі бұрыштық қашықтық. Солтүстік және оңтүстік ендіктерді ажыратады, 0 градустан 90 градусқа дейін өзгереді.

  1. Географиялық координаталар - жер бетіндегі нүктенің экватор мен бастапқы меридианға қатысты орнын анықтайтын шамалар.

Геохронологиялық карта - жердің геологиялық тарихында болған оқиғалардың ретін бейнелейтін кесте. Геохронологиялық шкалалар эраларға, олар өз кезегінде дәуірлерге жіктелген. Геохронологиялық карта тау жүйелерінің пайда болған уақыты мен пайдалы қазбалардың қалыптасу кезеңін, тіршіліктің даму тарихын да көрсетеді.

Гумус - пырақтың органикалық бөлігі, топырақ құнарлылығын анықтайтын басты көрсеткіш. Гумус тірі организмдердің қалдықтарынан түзіледі, топырақтың беткі қабатын қара, қоңыр түстерге бояйды.

Декреттік уақыт - тәуліктің жарық мерзімін неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында бір сағатқа ілгері жылжытылған белдеулік уақыт. 1930 жылы енгізілген.

Денудация - тау жыныстарының үгілу өнімдерінің жайлылығы, жер бетінің неғұрлым ойпаң бөліктеріне тасымалдануы (сумен, желмен, ауырлық күші әсерінен). Ойпаттарда жыныстар жиналады, мұны аккумуляция дейді.

  1. Денудациялық жазықтар - қатты кристалды жыныстардан түзілген және төбелі жазықтар (Сарыарқа). Денудациялық жазықтар қатарына шөгінді жыныстардан тұратын Үстіртті де жатқызады.

Диорит - күңгірт түсті интрузивтік тау жынысы.

Жазықтар - біркелкі тегіс немесе аздап көтеріңкі жер бедері тән кеңістіктер (құрлықтың 60 %-ын құрайды). Жазықтар көбінесе платформаларға сәйкес келеді. Ойпатты жазықтардың биіктігі 200 м-ден аспайды, төбелі жазықтардың биіктігі 200-500 м шамасында болады. Шығу тегіне қарай аккумулятивтік және денудациялық жазықтар жіктеледі.

Жер бедері - жер бетінің кедір-бұдырлығы. Жер бедері көлеміне, жасына және шығу тегіне, сыртқы түріне байланысты жіктеледі. Жер бедерін зерттейтін ғылым саласын геоморфология деп атайды.

Жер сілкінулер - жер асты дүмпулері мен жер бетіндегі тербелістер. Жер сілкінулер 5-700 км тереңдегі ошағынан (гипоцентр) басталып, жан-жаққа таралады. Жер сілкіну күші мен қарқындылығын баллмен есептейді.

Жер қыртысы - литосфераның сыртқы қабығы, шөгінді, гранит және базальт қабаттарынан тұрады.

Изосызықтар - картада бейнеленетін құбылыстардың бірдей шамаларын қосатын сызықтар. Тереңдігі бірдей нүктелерді қосатын сызықтар изобаталар, температурасы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изотермалар, биіктігі бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды горизонтальдар, ал қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобаралар дейді.

Климат - белгілі бір аумақта жылма-жыл қайталанып отыратын ауа райының көп жылдық орташа жиынтығы.

Каньон - беткейлері тік болатын, өте терең және тар аңғар. Қазақстанда ірі Шарын каньоны орналасқан.

Ландшафт - құрамындағы табиғат компоненттері мен морфологиялық бөліктері өзара үйлескен, өзіндік құрылымы бар аймақтық табиғат кешені.

Магма - жердің терең қойнауында жоғары температура мен үлкен қысым жағдайында түзілетін, балқыған, құрамында газ болатын масса. Суынғаннан кейін магмалық (жанартаулық) жыныстар түзеді.

Магмалық тау жыныстары - суынған лавадан түзіледі. Жер қыртысында қатып қалған магмалық тау жыныстары интрузивтік, ал жер бетіне ағып шыққандары эффузивтік деп аталады. Құрамындағы кремнезем мөлшеріне байланысты магмалық тау жыныстары қышқыл (алтын, хром, платина кендері), негізгі (темір мен титан кендері) және ультранегізді (никель, хром, платина кендері) болып бөлінеді.

Метаморфтық тау жыныстары - агмалық немесе шөгінді тау жыныстарына жоғары қысым немесе температура әсер еткенде қалыптасады. Магмалық жыныс гранит гнейске, ал шөгінді жыныстар мәрмәр, кварцит, тақтасқа айналуы мүмкін.

Минерал - минерал тау жыныстары құрамына енеді, олардың тұрақты құрамдас бөлігі болып табылады. Мысалы, кварц, слюда магмалық тау жыныстарға, ал доломит шөгінді жыныстарға тән.

Сейсмикалық белдеулер - литосфералық плиталардың шекараларындағы қозғалмалы аймақтар, мұнда тау жасалулар жүреді, жер сілкінулер жиі қайталанады.

Тақырлар - шөлдердің өсімдіксіз бөліктері, негізінен сазды шөлдерге тән. Суды нашар өткізетіндіктен бетіндегі ылғал тез буланып кетеді. Біртіндеп жер беті жарылып, тақырлар қалыптасады. Тақырлар көбінесе Батыс Қазақстанда таралған.

Тау жотасы - созыла орналасқан көтеріңкі жер бедері. Тау жотасының ең биік бөлігін қырқа деп атайды, мұнда шыңдар мен олардың арасындағы төмендеу бөліктер орналасады. Бірнеше тау жоталары түйісетін ауданды тау түйіндері деп атайды. Тау жоталары аралығында тауаралық аңғарлар орналасады.

Тау жыныстары - жер қыртысын құрайтын табиғи күйдегі минералдар. Шығу тегіне қарай магмалық, шөгінді және метаморфтық деп бөлінеді.

Сортаңданған топырақтар - құрамында едәуір тереңдікке дейін еріген күйдегі тұздар болатын топырақтар. Мұндай топырақтардың беткі бөлігі құрылымсыз, тығыз келеді. Сортаңданған топырақтар дала зонасының оңтүстігінде, шөлейт пен шөлде кездеседі.

Үгілу - тау жыныстарының сыртқы күштер әсерінен бұзылу процесі. Физикалық үгілу тау жыныстарының температураның күрт өзгерістері нәтижесінде бұзылуы болса, аяздық үгілу кезінде жыныстар саңылаулар мен капиллярларда судың қатып қалуы әсерінен бұзылады. Химиялық үгілу - әртүрлі қосылыстар әсерінен жыныстардың тотығып, үгілуі, ал органикалық немесе биологиялық үгілу тірі организмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде жүреді.

Циклон - ауа массаларының құйын тәрізді қозғалатын аймағы, орталығында төмен қысым байқалады. Қысымның таралуына байланысты желдер шеттерінен орталыққа қарай соғады. Жер шарының өз осінен айналуына байланысты желдер солтүстік шарты шарда сағат тіліне қарсы бағытта, оңтүстік шарты шарда сағат тілі бағытына сәйкес соғады.

Шөгінді тау жыныстары - минералды бөлшектердің, тірі организмдердің қалдықтарының жиналуынан түзілетін жыныстар. Құрамындағы бөлшектерінің мөлшеріне қарай саз (0,001 мм-ден аз), лесс (0,1 мм-ге дейін), қиыршық тастар (1-10 мм) және т.б. деп бөлінеді. Тіршілігін тоқтатқан организмдердің қалдықтарынан әктас, мұнай сияқты шөгінді тау жыныстары түзіледі.

Эндемик - таралу ауданы өте шектеулі өсімдіктер мен жануарлардың түрі, туысы, тұқымдасы.

2.Дәріс сабағының тезистері
1 дәріс Қазақстанның физикалық-географиялық орны және шекаралары
Мақсаты: Студенттерді Қазақстанның географиялық орнымен таныстыру, картадан шеткі нүктелері мен шекаралас мемлекеттерді көрсету арқылы Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат беру.

Жоспар:

1. Физикалық-географиялық орны оның табиғатының және шаруашылығының қалыптасуына әсері.

2. Жер көлемі. Шеткі нүктелері. Шекарасының жалпы ұзындығы.

3. Құрылықтағы және теңіздегішекарасының ұзындығы, шекаралас мемлекеттермен шекарасының ұзындығы. Саяси-әкімшілік бөлінуі.

1 дәрістің қысқаша конспектісі

Қазақстан Республикасы - Еуроазиаттық мемлекеттердің ішіндегі ірі елдердің бірі.



  • Қазақстан жерінің ауданы (2724.9 мың км2) жөнінен дүние жүзінде 9- шы орын алатын ірі ел.

  • Республиканың мемлекеттік шекараларының жалпы ұзындығы 12187 км; соның ішінде: Ресей федерациясымен шекара – 6467 км.

  • Өзбекстанмен – 2300 км

  • Түркіменстанмен – 380 км

  • Қырғызстанмен – 980 км

  • Қытаймен – 1460 км

  • Каспий теңізі арқылы шекара – 600 км.

  • Халқының саны (1.01.2002 ж.) –14820,9 мың адам.

  • Халқының табиғи өсуі – 0,5 %

  • Қазақстан аумағындағы ең биік нүкте – Хантәңірі шыңы (6995 м)

  • Елдегі ең төмен орналасқан нүкте – Қарақия (Батыр) ойысы (132 м)

  • Қазақстан аумағында Менделеев кестесіндегі 99 элемент табылған,олардың 80-ге жуығының қоры анықталған.

  • Ел аумағында пайдалы қазбалардың 6 мыңнан астам кен орны бар. Ең суық қыс Атбасар маңында (абс.минимум - 57°С) байқалады.

  • Ең ыстық жаз Оңтүстік Қазақстандағы Дарбаза ауылында (абс.максимум +47°С) байқалады.

  • Республика аумағында 11,4 млн.га (2002 ж) жерді ормандар алып жатыр, ормандылық деңгейі – 4%.

  • Қорықтар мен ұлттық саябақтардың жалпы ауданы 1584,4 мың га.

  • Елде 10 қорық, 5 ұлттық табиғи саябақ бар.

Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-орын алады.

Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, екі дүние бөлігін қамтиды. Кіші батыс аймағы Еуропада, ал көлемді шығыс аймағы Азияда жатыр. Жайық өзенінің екі жағында орналасқан Аиырау қаласы тұрғындарының Еуропа мен Азияға күнде саяхат жасауға мүмкіндіктері бар. Мұндай мүмкіндік, сонымен қатар Ресей де де бар. Республика жерінің шеткі нүктелері 55026 -400 56 с.е. және 45 027-870 18 ш.б. аралығында орналасқан.

Қазақстан батысында- Еділдің төменгі ағысынан, шығысында – Алтай тауларының етегіне дейін 3000-ге, солтүстіктегі – Батыс Сібір жазығынан , оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь – Шань тау жүйесіне дейін 1600 км – ге созылып жатыр.

Географиялық орына қарай республика жерінде орманды дала, дала , шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Қазақстанның оңтүстік- шығысы мен шығыс таулы өңірлерінде ландшафттардың күрделене түсетін алуан түрлі биіктік зоналары байқалады. Қазақстанның географиялық орнына байланысты барлық өңірлерінде жылдың төрт мезгілінің ауысуы айқын байқалады. Каспий теңізі арқылы Әзербайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге алады.



Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

  1. Қазақстанның орналасқан географиялық орнының ерекшелігі (экономикалық, табиғи, геосаяси)?

  2. Қазақстандағы экономикалық аудандарға бөліну қандай принципке негізделген?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
2 дәріс Қазақстан территориясының зерттелу тарихы.
Мақсаты: Қазақстан территориясы ежелгіден бері зерттеген батыс және шығыс елдерінің саяхатшы-зерттеушілерінің зерттеу жұмыстарымен таныстыру.

Жоспар:

1. Территориямыздың біздің заманымызға дейін зерттелінуі (Геродот, Страбон, Птоломей және т.б.)

2. Орта ғасырлардағы Араб және Қытай зерттеушілері (Ибн Хордадбек, әл-Идриси, Макдиси, Ибн Фадлан, әл Истахри, Чжан Цянь, Сюань - Цзань, Чань-Чунь.)

3. Европалык зерттеушілер: Плано - Карпини және Вильгелм - де - рубрук.

4. Жергілікті зерттеушілер. (Әл Фараби, әл Беруни, Махмуд Кашкари ).

5. Территориямызды танып білудегі орыс зерттеушілерінің ролі (П Паллас, П.И.Рыпков, А.М.Бутаков, А.И.Левшин, Н.А.Сверцов, П.П.Семенов, И.В.Мушкетов, А.Н.Краснов, Л.С.Берг т.б.).

6. Туған жерін зерттеудегі Шоқан Уалихановтын және Қ.И.Сәтпаевтың ролі.
2 дәрістің қысқаша конспектісі

Қазіргі Қазақстан территориясы табиғаты бойынша өте әркелкі. Оның табиғатын ұзақ жылдар бойы әртүрлі ұлттардың ғалымдары мен саяхатшылары зерттеген. Әртүрлі тарихи кезендерде Қазақстан территориясы бірнеше рет қайталанып ашылып, олардың аттары өзгеріп отырды. Физикалық-географиялық қатынастар Қазақстан территориясын екіге бөлді: Сібір және Орта Азия. Қазақстан территориясының табиғат ресурстарына бай болуымен әркелкілігіне басқа ұлт саяхатшылары мен зерттеушілері қызықты. Территориядағы геологиялық құрылыстың өте күрделі болып келуі ондағы әртүрлі пайдалы қазбалардың кездесуіне жағдай жасады.

Қазақстан территориясының зерттеушілерінің алғашқы мәліметтері: Қазақстан территориясында ежелден адамзат қоңыстанғаны белгілі. Оның көне тарихында қола дәуірі ерекше орын алады. Бұл кезде казіргі Қазақсан территориясын мекендеген тайпалар мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысқан. Осы кезеңнен бастап табиғи ресуртарды пайдалану басталды. Қазақстандағы Кеңді Алтай аймағындағы темір өндіру кезінде пайда болған шұңқырлар казіргі кезге дейін сақталған. Көшпелі мал шаруашылығымен, әсіресе, Сырдария, Шу, Жетісу аңғарларындағы халықтар айналысты. Қазақстан территориясында мекендеген ұлттардың мәдениетінің көне болуы себебінен олардың географиясы мен табиғи жағдайы туралы мәлімет өте аз болған. Қазақ жерлері туралы айтылып өткен қолжазбалардың ішінде казіргі кезге дейін сақталған Бехистун (бзд6-5ғғ) қолжазбасын атап өту қажет. Қолжазба парсы патшасы Дарий кезінде жазылған.

Геродот бзд 5ғ-дың 40-30 ж.ж. Қазақстанда мекендеген тайпалар туралы, географиялық аудандарды көрсетті және табиғи жағдайлары туралы қысқаша мәлімет берді. Каспий теңізі өте жақсы мәлім болған.

А.Македонский жорығының (бзд 330-327 ж.ж.) нәтижесінде Орта Азия туралы грек ғалымдарына үлкен жаңалық ашты. Сол кездегі ғалымдар Қазақстандағы Каспий теңізі, Сырдария туралы көптеген деректер қалдырды.

Қазақстанның географиясы туралы маңызды деректерді Римнің ғалым-географтары Страбон, Птоломей қалдырды. Страбон бзд 1ғ-бз1ғ аралығында Сырдария туралы нақты деректер жинады және Каспий теңізі туралы «Солтүстік мұзды мұхиттың бұғазы» деп атаған.

Птолемей (бзд 90-168 ж.ж.) «Руководство по географии» энциклопедия шығарды. Азияның территориясы туралы деректер берді. Ол Каспий теңізін көп зерттеп және оған құятын Сырдария (Окс) мен Амудария (Яксард) өзендерін келтірген және ол дүние жүзінің атласын жасады.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:


  1. Қазақстанның табиғатын зерттеген ғалымдар?

  2. Ежелгі қолжазбаларда Қазақстан территориясының қай бөлігі сипатталған?

  3. Араб зерттеушілерінің басты мақсаты не болған?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
3 дәріс Қазақстанның тектоникалық – геологиялық құрылымы
Мақсаты: Қазақстан табиғатынынң қалыптасуда геологиялық құрылыс басты факторлардың бірі. Сондықтан Қазақстан территориясындағы өткен геохронологиялық кезендерді, қатпарлану уақытындағы жер бедерінің түзілуін оқыту маңызыды.

Жоспар:

1. Кембрийге дейінгі, Палезой эрасындағы, Мезозой эрасындағы және Кайназой эрасындағы Қазақстан табиғатының даму этаптары.

2. Тектоникалык аудандастырылуы. Қатпарлы және платформалық облыстар.

3. Неотектоникалық процесстер. Жыныстардың жасы және пайда болу кезеңдері.

4. Пайдалы қазбалардың таралу заңдылығы мен геологиялык құрылымы. Табиғатының 4-к дәуірдегі қалыптасу ерекшелігі.

2 дәрістің қысқаша конспектісі


Жердің даму тарихы ғаламшарлық және геологиялық даму кезеңі деп бөлінеді. ғаламшарлық даму кезеңі оның алғаш планета болып қалыптасуынан бастап жер қыртысының құрылуына дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Жер қыртысының алғашқы нышандары пайда бола бастағаннан жердің геологиялық даму кезеңі басталады. Осы аралықта тау жыныстары түзіледі. Жердің жасын және оның геологиялық даму тарихын анықтау үшін салыстырмалы және абсолюттік есептеу әдістерін пайдаланады. Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтауда шөгінді тау жыныстарын құрайтын қабаттарының ретті орналасу заңдылығына сүйенеді. Бұл заңдылық бойынша, тау жыныстарының бұзылмаған қабаттарының жоғарғысы төменгісімен салыстырғанда жасырақ болады. Тау жыныстарының абсолюттік жасын анықтау ісі ғалымдар жиырмасыншы ғасыр басында радиоактивті элементтердің ыдырау заңын ашқаннан кейін басталды. Әр элемент әр түрлі, бірақ тұрақты жылдамдықпен ыдырайтынын ғалымдар дәлелдеген. Радиоактивті ыдырау нәтижесінде уақыт өткен сайын радиоактивті алғашқы элементтердің атомдары азайып, одан ыдырамайтын тұрақты атомдар мөлшері көбейе берді. Радиологиялық әдістерді қолдану нәтижесінде жер қабаттарын құрайтын көптеген тау жыныстарының жасын анықтауға мүмкіндік туды. Геохронологиялық жержылнамалық кесте 1900 жылы Дүниежүзілік геологиялық конгресте бекітілді. Жер қыртысының даму тарихындағы ұзақ кезеңдерге топтастырылған эралар. Жер қыртысы бес эраға бөлінді: архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой. Кезең атаулары шөгінді жыныстардың алғашқы табылған жерлеріне, халық атына, жыныс құрамына қарай аталды. Хронологиялық кесте жүйелерін ажырата білу үшін шартты белгілер қабылданған. Геологиялық карта индекстері, оның латынша аттарының алғашқы әріптері арқылы белгіленеді.

Геологиялық даму барысында Қазақстан жерін су басып, кейіннен теңіз табаны құрлыққа айналған. Соның нәтижесінде теңіз бен құрлықтың табиғат жағдайлары өзгерген. Палеозойға дейін республика аумағын тұтас су басып жатқан геосинклинальды аймақ болды. Батысында ғана жер қыртысының тынышталып тұрған бөлігі Шығыс Европа платформасының шағын аймағы қалыптасты. Палеозой басынан біртіндеп төмен иіліп, бетін теңіз cу басты. Теңіз түбіне жиналған шөгінділер платформаның қазіргі шөгінді жамылғысын құрайды. Палеозой эрасында екі рет тау түзілістері болды: каледондық және герциндік.Каледондық тау түзілісі кезінде таулар қалыптаса бастады. Күшті тектоникалық қозғалыстар әсерінен геосинклиналь орнына Сарыарқаның солтүстік батысы мен Тянь-Шань солтүстігіндегі тау жүйелері қалыптасты. Герциндік тау түзілісі кезінде Алтай, Жоңғар Алатауы, Сарыарқаның солтүстік батысы, Мұғалжар өңірлері қалыптасты. Осы кезде Сібір платформасы көтеріле бастады. Мезозой эрасында теңіз тек Батыс Қазақстанды басып жатқан. Шығанақтар пайда болып, теңіз Сарыарқаға дейінгі аралықты қамтып жатты. Бұл эра жер қыртысының салыстырмалы тыныш кезеңі болып саналады. Кайнозой эрасының неоген дәуірінде теңіз суы тартылуы нәтижесінде Қазақстан бірте құрлыққа айналды. Альпілік тау түзілісі кезінде жер қыртысында жарықтар пайда болып, қатпарлы аймақтар төмендеп, көтеріліп отырған. Осы қозғалыстар нәтижесінде қатпарлы-жақпарлы биік таулы жүйелер қалыптасты. Қазақстанда мынадай геотектоникалық құрылымды аймақтар ажыратылады: платформалар өте ескі - Шығыс Европа, Батыс Сібір, Тұран және қатпарлы облыстар - Тянь-Шань, Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Мұғалжар, Сарыарқа.

Палеозойға дейінге жыныстар ең ежелгі кезеңдерде қалыптасты. Ол күшті үгілу нәтижесінде таулы аудандардың таулы қырқаларында жер бетіне шығып жатты. Кристалды тақтатас пен гнейстердің жер бетіне шығыпжатқан жерлері Солтүстік Тянь-Шань жоталарында, Сарыарқа, Ұлытау мен Көкшетауда байқалады.

Палеозой жыныстары Сарыарқа, Солтүстік Тянь-Шань жоталарында, Тарбағатай, Алтай таулары осы жыныстардан тұрады. Оған әктас, қызғылт құмтас, сазды тақтатас жатады. Мысалы қорғасын, темір, марганец, қалайы кен орындарының пайда болуы палеозойлық жыныстарға байланысты.

Мезозой жыныстары сирек кездеседі. Олар Маңғыстаудағы Қаратау жотасында, Жем үстіртінде, Іле және Торғай ойыстарында көп таралған.

Кайнозой жыныстары барлық жерде кездеседі. Олар палеогендік, неогендік және антропогендік болып бөлінеді. Палеогендік шөгінділер Шу, Іле, Зайсан жиектерінде, Үстірт, Арал маңында, Торғай жазығында таралаған. Неогендік шөгінділер қызыл түсті, тығыз қабатты сары саздауыттан тұрады. Олар биік тау бөктерлерінде кездеседі. Антропогендік шөгінділер әр түрлі жолмен пайда болған. Каспий маңы ойпатында, Қарақұм және Торғай үстіртінде теңіздік шөгінділер тараған. Олардан көлдік және теңіздік террасалар мен жағалай бойындағы жазықтар түзілген. Мұздық шөгінділер қазіргі мұз басқан Алтай, Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань тау жүйелерінің аңғарларында кездеседі.



Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

  1. Қазақстан территориясындағы геологиялық құрылысты зерттеген ғалымдар?

  2. Кембрийге дейінгі кезенде Қазақстан территориясында қандай табиғи процес жүрді?

  3. Каледон-герцин қатпарлану кезендері Қазақстанның қай аумағын қамтыды?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
4 дәріс Қазақстанның релефі
Мақсаты: Қазақстан жер бедері табиғи-климаттық фактор болғандықтан, оның генетикалық типтерін, геоморфологиялық ерекшеліктер мен экзогендік процестер басымдылығын қарастыру арқылы студенттердің ой--өрісін дамыту

Жоспар:

1. Рельефтің ерекшелігі оның геологиялық - тектоникалық құрылымы мен байланысы.

2. Рельефтің генетикалык типтері: тектоникалык - денудациялық.

3. Денудациялык, аккумулятивті -аккумулятивті денудациялық. Геоморфологиялық аудандастырылуы. Морфомүсіні. Қазіргі кезеңдегі рельефті қалыптастырушы процесстер. 4. Негізгі рельеф түрлері ойпаттарға, үстірттерге, қыраттарға, ойыстарға және тауларға сииаттама беру.


4 дәрістің қысқаша конспектісі

Қазақстанның жер беті өте күрделі. Оның аумағының үштен бір бөлігін ойпаттар алып жатыр.Жартысынан астамы биіктігі 400-500м болатын көтеріңкі жазықтар, үстірттер мен ұсақ шоқылр үлесіне тиеді. 4000-5000м астам таулар республика жерінің 10 пайызын құрайды. Олар елеміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында орналасқан. Республика жер бедерінің ең төмен нүктесі еліміздің батысындағы Маңғыстау түбегі ауқымындағы Қарақия ойысына теңіз деңгейінен - 132 м төмен, ең биік нүктесі оңтүстік-шығыстағы орталық Тянь-Шань тауларына тиесілі Хантңірі шыңына 6995м сәйкес келеді. Ең биік және ең төмен нүктелер арасындағы айырма - 7127м.

Қазақстанның жер бедерінің басты ерекшеліктері:

1. Жер бедеріндегі жазықтар мен аласа таулар Қазақстанның батысында, солтүстігінде және орталығында орналасқан.

2. Биік таулы аймақтар республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан шағын аумақты қамтиды.

3.Еліміздің бүкіл жер беті оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа бірте еңіс тартады.

Жер бедерінің мұндай ерекшеліктері климат пен табиғат кешендерінің әр жерде әр түрлі болып қалыптасуына үлкен әсер тигізеді. Қазақстанның жазық, аласа таулы бөлігінде табиғат зоналары ендік бағытта, ал биік таулы өңірлерде биіктік деңгейлеріне сай келеді.

Жазықтың Қазақстандық бөлігі жер бедерінің сипаты әртүрлі болатын Жалпы Сырт, Каспий маңы ойпаты, Орал алды үстіртінен тұрады. Олардың фундаменті палеозой эрасына дейін қалыптасқан. Судан босағаннан соң бұл аумақтар біртіндеп көтеріліп, қазіргі жағдайына жетті. Континенттік даму кезеңінде олардың әрқайсысының өзіне тән жер бедері қалыптасты. Орал алды үстірті жоғары бор кезеңінен соң, ал Жалпы Сырт палеогенде теңіз қайтқаннан соң пайда болды. Каспий маңы ойпатының қазіргі жер бедері палеогеннің соңында Каспий трансгрессиясының құмды-сазды және сазды шөгінділерінің жиналуынан қалыптасқан.

Тұран ойпатының негізгі фундаментін палеозойда қалыптасқан жас эпигерциндік платформа құрайды. Ойпаттың жер бедерін қалыптастыруда денудациялық-аккумуляциялық-аллювиалдық процестер үлкен рөл атқарады.

Батыс Сібір жазығының Қазақстандық бөлігінің жер бедері палеозойлық қатпарлы-жақпарлы фундамент бетінде көлденең жатқан палеогеннің теңіздік шөгінді жыныстарынан және неогеннің континенттік шөгінділерінен құралған. Кайнозой эрасында теңіздің кері шегінуі нәтижесінде оның табаны құрлыққа айналып, жазықтың қазіргі жер бедері қалыптасты. Жер беті негізінен тегіс, бірақ құрғақ өзен аңғарларымен тілімделген.

Сарыарқа - палеозойдың шөгінді және магмалық жыныстарынан түзілген Қазақстандағы аласа таулы өлке. Оның жер бедерінің қалыптасуында жыныстардың жату бағыты мен үгілу процесстері басты рөл атқарған. Сондықтан бұл аласа таулар жазыққа айналып барады. Кейбір бөліктерінде таудың қалдықтары төбелі жазықтарға ұласады.

Мұғалжар - герцин қатпарлығы кезінде түзілген палеозойлық таулы өлке. Негізінен палеозой және мезозой эраларының әртүрлі дәуірлерінде қалыптасқан магмалық, метаморфтық жыныстардан, сондай ақ нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Мұғалжардың тау қатпарларының тегістелу процесі Сарыарқаның ұсақ шоқыларының ұзақ геологиялық кезеңде өзгеру барысына өте ұқсас. Аталған ауданның жер бедерінің қалыптасуына жыныстардың литогендік құрамы, эрозиялық және денудациялық процестер ықпал етті.

Қазақстандық Алтай герцин қатпарлығы нәтижесінде қалыптасты. Бірнеше рет қайталанған көтерілулер үгілу процестерімен кезектесіп жүрді. Мезозой эрасының соңына қарай жазыққа айналған бұл өңір неоген мен антропогенде жаңа тектоникалық көтерілулерге ұшырады. Соның нәтижесінде Алтайдың қазіргі таулы жер бедері қалыптасты. Тау аңғарларының дамуына антропоген дәуірінде кеңінен таралған өзен эрозиясы (негізінен мұздықтық) ықпал етті. Ежелгі мұздықтардың әсері жер бедерінің цирктік және аралас пішіндерінде, тегістелген жазықтар мен тау шыңдарында кездеседі.

Жоңғар Алатауы каледон және герцин тау жасалулары кезінде қатпарлы тауларға айналды, ал мезозой мен төменгі кайнозойда сыртқы күштер әсерінен бұзылып, біртіндеп тегістелді. Қарқынды жүрген альпі қатпарлығы нәтижесінде кейіннен қатпарлы-жақпарлы биік тауға айналды. Жер бедерінің қалыптасуына ежелгі және қазіргі мұз басулар да ықпал етті. Мұз басу іздері әртүрлі жерлерде байқалады.

Сауыр-Тарбағатай — қатпарлы таулы өлке. Оның негізгі құрылымы жоғары палеозойда жүрген герцин қатпарлығы кезінде қалыптасқан. Алтай тауы көтерілген кезде ол жаңғыруға ұшырады. Қазіргі жер бедерінің қалыптасуына ежелгі мұз басулар, ағын сулардың эрозиялық әрекеті және жаңа тектоникалық процестер ықпал етті. Жер сілкінулер қазіргі кезде де байқалады. Мысалы, 1990 жылы Зайсанда болған жер сілкінудің күші 6-7 баллға жетті.

Палеозойда каледон және герцин қатпарлықтары кезінде көтерілген тау кейіннен альпі тау жасалуы барысында қайта көтерілуге ұшырап, қатпарлы-жақпарлы тауға айналды. Тау төбелерінде жер бедерінің альпілік типі қалыптасты. Мұнда үшкір шыңдар тау аралық жазықтармен кезектесіп келеді. Таудың жекелеген бөліктері біртіндеп сатыланып аласарады.



Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

  1. Қазақстанның геоморфодлогиялық ерекшеліктері қандай?

  2. Қазақстан территориясында пенеплен және педиплен процесі орын алуда ма?

  3. Жер бетінің үгілуінің Қазақстан территориясында қандай түрі басым?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
5 дәріс Қазақстанның климаты
Мақсаты: Қазақстанның күрт континентті климатының қалыптасуындағы маңызды факторларды қарастыру

Жоспар:

1. Климат кұрушы факторлар. Атмосфера циркуляциясы, радиациялық режимі, жер бетінің төсеніш беті және рельефі.

2. Температура, қысым, жел, жауын - шашын буланушылыктың таралу заңдылығы және ылғалдану коэфиценті. Таулы және жазық жерлердің, жаз - кыс айларының климат ерекшеліктері.

3. Агроклиматтық жағдайы және ресурсы. Климатқа байланысты болатын қауіпті жағдайлар. Климаттық аудандастырылуы. Экологиялық жағдайлардың және адам әрекетінің климаттың өзгеруіне әсері.


5 дәрістің қысқаша конспектісі

Қазақстанның климаты үш фактормен анықталады: күн радиациясы, атмосфераның алмасуы және жердің төсеніш беті. Күн радиациясы Күннен шығатын сәулелі энергия. Күн радиациясының жер бетіне түсу мөлшері географиялық ендікке байланысты өзгеріп отырады. Күн сәулесінің түсу ұзақтығы Қазақстанда өте үлкен (2000-3000 сағат). Солтүстікте Қостанайда күн сәулесінің түсу ұзақтығы орта есеппен - 2132 сағат. Оңтүстікте Қызылорда қаласында - 3062 сағат. Мұндай көрсеткіштер Қазақстанның оңтүстік ендіктерде орналасуына, жылдың жылы кезінде бұлттылықтың аз болуына байланысты. Күн радиациясы Қазақстандағы ашық және бұлтты күндердің таралу заңдылықтарына байланысты. Солтүстікте жылына орта есеппен 120 ашық күн болса, оңтүстікте 260 күн. Бұлтты күндер саны орта есеппен солтүстікте 60 күн болса, оңтүстікте 10 күн ғана. Қазақстанда жылдық жиынтық радиация мөлшері солтүстікте 100Дж/м, оңтүстікте 155Дж/м2 Жиынтық радиация жыл маусымдарында біркелкі таралмаған. Оңтүстікте шілде айында жиынтық радиация 15-18Дж/м2 тең болса, қаңтарда 4 есе аз. Қыста жер бетінен жиынтық радиацияның бірт бөлігі кері шағылысады. Бұл құбылыс жаңа жауған қар кезінде күшейеді.

Климат қалыптастырушы факторлар бір-бірімен өзара әрекеттесе отырып, атмосфералық қысымның таралуына, ауа массаларының сипаты мен мен бағытына және соғатын үстем желдерге ықпал етеді.Республиканың жазық бөлігі мен таулы аймақтарында ауа қысымының таралуы әр түрлі. Қазақстанның жазық бөлігінен жылдың суық мезгілінде шамамен 50с.е. бойымен жоғарғы қысымды алап Воейков белдеуі өтеді. Осы алаптан солтүстікке және оңтүстікке қарай атмосфералық қысым біртіндеп азаяды. Орташа жылдық қысымы Астанада 977 мбар болса, Атырауда 1022 мбар, Қызылордада 1003 мбар. Тауларда қысым өте аз.

Желдің таралуы, атмосфера қысымының таралуы мен жер бедеріне тікелей байланысты. Қазақстан жерін шығыстан батысқа қарай Воейков белдеуі өтеді. Ол – Сібір антициклонынының оңтүстік-батыс тармағы. Қыста да, жазда да қалыптасатын бұл жоғарғы қысымды белдеу республиканың жазық бөлігіндегі негізгі жел айырығы болып есептеледі. Солтүстікке қарай оңтүстік және оңтүстік-батыс желі, оңтүстікке қарай солтүстік және солтүстік-шығыс басым соғады. Тау аралық аңғарларда және қазаншұңқырларда Жоңғар қақпасы арқылы жергілікті сайқан және ебі желі, Іле аңғарымен шілік желі соғады. Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің аңғарымен Арыстанды-Қарабас желі соғады. Жамбыл облысының оңтүстік-шығысындағы Жетіжол жотасы мен Кіндіктас тау аралығындағы Қордай асуының үстінен Қордай желі соғады. Қазақстан жеріндегі жел жылдамдығының географиялық таралуын талдағанда 4м/сек-тан асатын күшті желдерге ерекше көңіл аударылады. Себебі, ондай желдер жел диірмендерін қозғай алатын күші бар.

Атмосфера әрқашан қозғалыста болады. Атмосфераның төменгі бөлігі тропосферада ауа ағындары пайда болады. Олардың өзіне тән температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі болады. Ауа ағындарын құрайтын ауа массалары қозғалысқа түскенімен, ұзақ уақыт өз қасиеттерін сақтай отырып, сол келіп жеткен өңірлердің ауа райын қалыптастырады. Қазақстанның жер бетіндегі атмосфералық алмасуы – жалпы алмасудың бір тармағы болып табылады. Респуьлика аумағында негізінен ауа массаларының үш типі әсер етеді: арктикалық, қоңыржай және тропиктік ауа массалары. Арктикалық ауамассалары Солтүстік Мұзды мұхит үстінде және оның жағалық құрлықтар мен аралдарда қалыптасады. Ауа температурасы қыста да, жазда да төмен. Қоңыржай ауа массасы материктің орта ендіктерінде қалыптасады, себебі Қазақстан толығымен қоңыржай климаттық белдеудің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Батыстан келетін ағындар республикаға түсетін жауын-шашынның көбін әкеледі. Тропиктік Ауа массасы Қазақстанға Орта Азия мен Иран аймағынан келеді. Қазақстанның қиыр оңтүстік аудандарын қамтиды. Жазда континенттік тропиктік Ауа Қазақстан аумағы үстінде қалыптасады. Бұл құрғақ тропиктік Ауа массасының қасиеті бар континенталды тұран Ауасы оңтүстіктен келеді. Бұл типі Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты, Оңтүстік Қазақстан облысы жерінде байқалады. Ол ыстық, құрғақ және қапырық болады, сонымен бірге шаңды дауылдар жиі қайталанады.

Қазақстан аумағының кең-байтақ болуына және жер бедерінің әркелкі болына байланысты температураның таралуы да әркелкі. Жазық, аласа таулы бқлікте жылдық және айлықорта температура солтүстіктен оңтүстік бағытқа қарай өзгерсе, биік таулы аймақтарда биікке көтерілген сайын өзгереді. Ауаның орташа жылдық температурасы жазық және аласа таулы бөліктерінде жылы, солтүстікте температура +0,4, қиыр оңтүстікте +13,7 болады. Қазақстанның ең суық жері - Атбасар өңірі. Мұнда температура -57 дейін жеткен. Биік таулы аймақтарда қаңтар айының орташа температурасының таралуы жазықтарға қарағанда өзгеше. Қыста Қазақстан аумағында суық әрі құрғақ арктикалық және қоңыржай ендік ауаларымен Сібір антициклоны басым болады. Ауаның төменгі қабатында теріс температуралы жоғарғы қысым орнайды. Тау алдында, тау аралық қазаңшұңқырлар мен өзен аңғарларында құрғақ және ашық ауа райы қалыптасады.

Биіктеген сайын температураның төмендеу заңдалығының орнына керісінше жоғарылауы жер бетінде ауаның суынуымен байланысты. Жазда жылудың таралуы күн сәулесінің түсу бұрышы мен жер бетін қыздыру қарқыны әсерін тигізеді. Сондықтан оңтүстікке барған сайын температура арта түседі. Жылдық орташа температуралық ауытқу амплитуда республиканың солтүстігінде 38-40 болса, оңтүстікте 30-35 болады. Қазақстанның жылы маусымдағы температуралық режимі оның мезгіл-мезгіл ауытқып отыратынына қарамастан егін шаруашылығына қолайлы.

Қазақстанның жері негізінен қуаңшылықты болып келеді. Жауын-шашынның таралу мөлшеріне Атлант мұхитынан қашық жатуы және Евразия материгінің орталғында орналасуы зор әсер етеді. Қазақстанда орташа жылдық жауын-шашынмөлшері 130-1600мм аралығында. Әсіресе, Арал теңізінің солтүстік-шығысына іргелес жатқан аудан мен Балқаш көлінің батыс бөлігінде жауын-шашын 100мм, кейбір жерлерде одан да аз түседі. Жауын-шашын ең көп түсетін жері – Батыс Алтай. Республиканың жазық және аласа таулы бөлігінде атмосфералық жауын-шашын солтүстіктен оңтүстікке қарай кемриді. Сотүстікте орташа есеппен 400мм-ден көбірек.

Қазақстанның жерінде қар жамылғысының жату ұзақтығы мен қалыңдығы әркелкі. Солтүстікте қардың қалыңдығы орта есеппен 20-30см болса, қар жамылғысы жылына 125-165 күн жатады, оңтүстікте қардың қалыңдығы 10-15см болса, 40-60 күн қар жатады. Таулы аудандарда қардың қалыңдығы мен жату ұзақтығы биіктігіне байланысты. Республика жерінің ылғалдылығы тек жауын-шашын мөлшеріне ғана емес, оның булану мөлшеріне де байланысты болады. Қазақстан жерінде 1-ге жақын коэффицент республиканың солтүстік орманды дала зонасында байқалады. Қазақстанның биік таулардан басқа барлық өңірлерінде буланушылық бірнеше есе артық. Ылғалданукоэффиценті табиғат зонасының таралу заңдылығын түсіндіруге мүмкіндік береді.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:


  1. Қазақстан территориясындағы басты климат құрушы факторлар?

  2. Батыс Қазақстанның қысқы айлардағы салыстырмалы жылы болуының себебі неде?

  3. Войковия осінің Қазақстан аумағына әсері қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5

6 дәріс Қазақстанның ішкі сулары



Мақсаты: Қазақстан ішкі суларының таралуының географиялық факторларын, оны тиімді пайдалану жолдарын студентерге баяндау

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу