ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бейорганикалық химияның теориялық негіздері» «5В0011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары


ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРДЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР



бет5/13
Дата25.08.2017
өлшемі2,58 Mb.
#26970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРДЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР.

Химиялық реакция кіретін заттардың табиғатына және реакцияның жүру жағдайларына байланысты. Реакция жылдамдығына мына жағдайлар әсерін тигізеді:



  1. Реакцияға кіретін заттардың концентрациясы С;

  2. Реакцияның температурасы;

  3. Егер реакцияға газ тәрізді заттар қатынасса, жылдамдыққа қысым әсер етеді;

  4. Реакция жылдамдығына катализаторлар да әсер етеді.


1867 ж., Гульдберг К.М., Вааге П. – әрекеттесуші массалар заңы:

Химиялық реакциялардың жылдамдығы әрекеттесуші заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционал болады.



mA + nB→ cC

Бұл реакция үшін әрекеттесуші массалар заңының математикалық өрнегі былай жазылады: ,

Мұндағы: v – реакция жылдамдығы; k – жылдамдық тұрақтысы, оның мәні әрекеттесетін заттардың табиғатына және температураға байланысты болады; [А] және [В] – А мен В заттарының концентрациясы; m және n формуладағы коэффициенттер. Егер реакцияға қатысушы заттардың концентрациясы 1 моль/л болса, жылдамдық константаға тең:
Температура жоғарылаған сайын реакция жылдамыдығы өседі.

Вант-Гофф ережесі: Температура әрбір 100С-қа артқанда, реакция жылдамдығы 2-4 есе өседі.


мұнда: - бастапқы температура кезіндегі реакция жылдамдығы;

- температураны бірнеше рет 10 0С-қа арттырғаннан кейінгі реакция жылдамдығы; γ – температуралық коэффициент; t1 және t2 – бастапқы және соңғы температуралар.

Химиялық реакция жүру үшін активті молекулалардың кездесуі керек. Химиялық реакцияға тек белгілі бір энергиясы бар активті молекулалар (бөлшектер) кіріседі. Активсіз молекулаларды активті күйге айналдыру үшін қосымша энергия жұмсалынады. Бұл процесті активтендіру деп атайды. Әрекеттесетін заттар молекулаларын (бөлшектерін) активтендіру үшін жұмсалатын энергияны активтендіру энергиясы деп атайды. Активтендіру энергияны Аррениус теңдеуі арқылы анықтауға болады:

k = k0e-Ea/RT,

мұнда: k – жылдамдық константасы; k0 = z*p, z – бір секундта болатын соқтығысулар саны, р – тиімді болатын ориентациялар санының дәрежесін көрсететін фактор;



Eа – активтендіру энергиясы;

R - газ тұрақтысы;

е - натуралды логарифмнің негізі;

Т – абсолюттік температура.

Катализаторлар әрекеттесуші заттардың активтендіру энергиясын төмендетеді, нәтижесінде реакция жылдамдығы артады.

Катализ түрлері: гомогендік, гетерогендік, оң, теріс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет