ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бейорганикалық химияның теориялық негіздері» «5В0011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет6/13
Дата25.08.2017
өлшемі2,58 Mb.
#26970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Тақырыпты бекіту:

  1. Қандай жағдайда химиялық реакция жылдамдығының теңдеуіне минус немесе плюс таңбаларды қояды?

  2. Әрекеттесуші заттардың концентрациясының реакция жылдамдығына әсерін қандай заң анықтайды?

  3. Әрекеттесуші массалар заңын гомогенді және гетерогенді жүйелерге қолданылуын түсіндіріңіз?

  4. Жылдамдық тұпақтысының физикалық мәнін түсіндіріңіз?

  5. Қандай ереже арқылы химиялық реакция жылдамдығының температураға тәуелдігі анықталады?

  6. Аррениус теңдеуінің математикалық өрнегін жазыңыз?

  7. Жүйенің энергиясы реакция жүруіне тәуелділігін графикалық түрде көрсетіңіз?

  8. Катализатордың қатысуымен жүретін реакцияның энергетикалық сызбанұсқасын график түрінде көрсетіңіз?

  9. Катализ, катализаторлар, каталитикалық реакциялар дегеніміз не?

  10. Катализдің негізгі түрлерін сипаттаңыз? Мысалы келтіріңіз?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – Алматы, 1992.

  2. Ділманов Б. Жалпы және анорганикалық химия практикумы. – Алматы, 1972.

  3. Қарсыбеков М.Ә., Қарсыбекова Н.М. Анорганикалық химия. – Алматы, 2005.

  4. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. - Алматы, 2003.

  5. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия.-М.: Высшая школа, 1988.

  6. Глинка Н.Л. Общая химия.-М.: Интеграл-Пресс, 2000.

  7. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия.М.: Высшая школа, 2000.

  8. Семиохин И.А. и др. Кинетика химических реакций.-М.:Высшая школа.1995.

17,18 Дәріс. Химиялық тепе-теңдік.



Мақсаты: Келесі ұғымдармен танысу: қайтымды және қайтымсыз реакциялар, химиялық тепе-теңдік; химиялық тепе-теңдіктің ығысу жағдайлары, химиялық реакцияның жылдамыдығы және химиялық тепе-теңдік туралы ілімнің химиялық үрдістерді басқарудағы маңызы.

Негізгі сұрақтар:

  1. Химиялық үрдістердің қайтымдылық және қайтымсыздықтарының шарты.

  2. Химиялық тепе-теңдік. Ле-Шателье ұстанымы.


Қысқаша мазмұны:

ХИМИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІҢ ҚАЙТЫМДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЙТЫМСЫЗДЫҚТАРЫНЫҢ ШАРТЫ.

Химиялық реакциялар бір бағытта жүретін болса, оны қайтымсыз дейді. Мұнда реакция нәтижесінде газ, тұнба бөлінеді де реакция аяғына дейін жүреді. Сонымен қатар, реакция кезінде түзілген заттар қайтадан әрекеттесуші заттар беріп кері жүруі мүмкін. Мұндай реакцияларды қайтымды деп атайды. Қайтымсыз реакциялар тек қана бір бағытта жүреді, ал қайтымды реакциялар – тура және кері бағытта жүре алады.



ХИМИЯЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК. ЛЕ-ШАТЕЛЬЕ ҰСТАНЫМЫ.
H2 + I2 ↔ 2HI

Тура реакция жылдамдығы мен кері реакция жылдамдығы тең болған кезде химиялық тепе-теңдік орнайды.









К – тепе-теңдік тұрақтысы, ол температура мен әрекеттесуші заттарға тәуелді, бірақ бастапқы концентрацияға тәуелді емес.

Реакция нәтижесінде түзілген заттар концентрацияларының көбейтіндісінің, бастапқы заттар концентрациясының көбейтіндісіне қатынасы белгілі бір тұрақты шама болған кезде, жүйеде тепе-теңдік орнайды. Жүйенің тепе-теңдік күйіне заттардың концентрациясы, температура және егер реакцияға газ тәрізді зат кіретін болса, қысым әсер етеді.

Ле-Шателье ұстанымы: Егер жүйе химиялық тепе-теңдік күйде тұрған жағдайда оның сыртқы жағдайларының біреуін, мысалы, концентрацияны, температураны немесе қысымды өзгертсе, онда тепе-теңдік осы өзгеріске қарсы тұратын реакцияның бағытына қарай ығысады.



Жүйенің температурасын арттырғанда химиялық тепе-теңдік жылу сіңіре жүретін реакцияның бағытына қарай ауысады. Жүйенің температурасын төмендеткенде тепе-теңдік жылу бөле жүретін реакцияның бағытына қарай ауысады.

Тұрақты температурада және қысымда концентрациясын көбейтсе, химиялық тепе-теңдік бұл заттардың концентрациясының кему жағына қарай ауысады.

Жүйенің қысымын күшейткенде химиялық тепе-теңдік көлемі аз заттар түзілетін реакцияның бағытына қарай ығысады. Жүйенің қысымын төмендеткенде химиялық тепе-теңдік көлемі көбірек заттар түзілетін реакция бағытына қарай ығысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет