ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бейорганикалық химияның теориялық негіздері» «5В0011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет8/13
Дата25.08.2017
өлшемі2,58 Mb.
#26970
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ЕРІТІНДІЛЕРДІҢ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫ.



Концентрация дегеніміз ерітіндінің белгілі бір көлеміндегі еріген заттың мөлшері. Ерігіштік – заттардың суда немесе басқа еріткіштерде еру қасиеті. Ерігіштік берілген температурада 100 г еріткіште ери алатын заттың ең жоғары мөлшерін көрсетеді. Ерігіштіктің температураға байланыстылығын ерігіштік қисық сызығы дейді.
Ерітінділердің концентрациясын әр түрлі мәндермен өрнектеуге болады.

1. Еріген заттың массалық үлесі (ω) – еріген зат массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасы:



; ;

; ;

Мұнда: V – ерітінді көлемі; ρ – ерітінді тығыздығы.


2. Молярлық концентрация – еріген зат мөлшерінің ерітінді көлеміне қатынасын көрсетеді. Молярлық концентрация 1 литр ерітіндідегі еріген заттың моль санымен анықталады. Егер 1 литр ерітіндіде еріген заттың 1 молі болса, ондай ерітіндіні бір молярлы ерітінді дейді.


3. Эквиваленттің молярлық концентрациясы (бұрынғы аталуы нормальдық) – еріген зат массасы эквивалентінің ерітінді көлеміне қатынасын көрсетеді. Эквиваленттің молярлық концентрациясын 1 литр ерітіндідегі еріген заттың эквиваленттік массасының санымен анықтайды.

4. Титрлік концентрациия, титр (Т) – бұл ерітіндінің 1 мл-не есептелінген еріген заттың массасы (г).



; г/мл

Ерітіндінің құрамын өрнектуінің басқа әдістері бар. Концентрацияны анықтауының бір тәсілін біле отырып басқа концентрацияны анықтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет