Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің


Биологиялық ұғымдардың дамуы. Ұғымдардың даму теориясы



бет3/31
Дата06.02.2022
өлшемі495,5 Kb.
#81146
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
70b12e79-3327-11e3-9d7d-f6d299da70eeБиология оқытц әдістемесі УМКД.

Биологиялық ұғымдардың дамуы. Ұғымдардың даму теориясы.

Оқытудың мақсаты- оқушыларға саналы, жүйелі және тұрақты білім беру.


Оқыту процесінде оқушылардың ойлау қызметтерін дұрыс ұйымдастыру, оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасайды.
Ұғым дегеніміз- адамның ойлау қабілетінің жоғары тұлғасы болып саналады.
Ұғымда заттар мен әлемдегі құбылыстардың жалпы мәнді белгілері көрсетіледі.
Затты түсіну дегеніміз- оның мәнді белгілерін меңгеру.
Білім заттар мен құбылыстардың мәнді белгілері мен қасиеттері туралы анықталған ұғымдардан құралады.
“Ойлау дегеніміз- ұғымдарды пайдалана білу”,- Ф.Энгельс.
Ұғымдарды пайдалана отырып, адам ойлау қызметін атқарады.Адамның ойы нақты дүниені суреттейді, және білімсіздіктен білім жолында әртүрлі кезеңдерден өтеді.
1.Дүниені тану процесінде алғаш сәт ретінде заттар мен құбылыстардың сезімдік тануы пайда болады.
2.Сезімдік танымнан түйсік (қабылдау) пайда болады.
3.Қабылдаудың негізінде түсінік (елес) пайда болады.
4.Жалпыланған түсініктер ұғымды құрайды.
Ұғымдардың дамуы оқушылардың оқыту және тәрбиелеу процесінің негізгі қозғау күші болып саналады.
Алдымен ұғымды құрап, содан кейін мысалмен сипаттау дұрыс емес.Дайын ұғымдар жылдам есте сақталып, жылдам ұмытылады, өйткені олар жаттанды түрде қабылданады.
Биология оқу пәні ретінде бір-бірімен байланысқан, (логикалық) қисынды кезекте дамып келе жатқан ұғымдардың жүйесі болып саналады.
Мектеп биологиясының негізгі ұғымдары:
1.морфологиялық,
2.анатомиялық,
3.физиологиялық,
4.экологиялық,
5.систематикалық,
6.филогенетикалық,
7.цитологиялық,
8.эмбриологиялық,
9.генетикалық,
10.агрономиялық,
11.гигиеналық,
12.медициналық,

Ұғымдардың түрлері.



күрделі

қарапайым



жалпы биологиялық


арнайы

локальды

Қарапайым, бастауыш ұғым, білімнің 1 элементінен құралады.
Арнайы ұғымдар бір курс көлемінде ғана қарастырылады.
Арнайы ұғымдардың арасында локальді ұғымдар кездеседі, олар тек бір тақырыптың немесе бірнеше сабақтың көлемінде ғана қарастырылады, мысалы, ботаникада “фотосинтез, өсімдіктердің минералді қоректенуі...”.
Жалпы биологиялық ұғымдар бүкіл әлемге және бәрі тірі ағзаларға байланысты заңдылықтарды қарастырады.Жалпы биологиялық ұғымдар бөлек биология курстарындағы ұғымдарды қорытындылайды.
Жалпы биологиялық ұғымдар: жасуша- тіршіліктің қарапайым бірлік өлшемі, ағзалардың құрылысы мен қызметінің бірлігі, ағзалармен қоршаған ортаның өзара байланысы, ағза өзін-өзі реттеуші жүйе ретінде, зат алмасу және энергия өзгеруі, ағзалардың көбеюі, дүниенің эволюциялық дамуы, биологиялық жүйе және тірі материяның ұйымдасу деңгейі.
Жалпы биологиялық ұғымдар арнайы ұғымдардан құралады және мектеп биологиясының әр курсында қарастырылады.
Оқыту процесінің міндеті- жоспарлы түрде ұғымдарды құрастыру және дамыту.
Ұғымдарды меңгеру процесінде жаттығулар мен биологияда байқау мен тәжірибе мен байланысты есептерді шешудің маңызы зор.
Ұғымдардың дамуы тәжірибелік дағдылардың пайда болуымен және дамуымен байланысты.
Дағдыларды бірнеше топқа бөлуге болады:
морфологиядан- мүшелерді бөлшектеу және анықтау;
систематикадан- өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау және
салыстыру;
анатомиядан- микроскоппен және ұлғайтқыш әйнекпен жұмыс істей
білу, препарат даярлау;
физиологиядан- тірлік процестерін байқау, тәжірибе қою;
экологиядан- ағзалардың бейімделу түрлерін, экологиялық белгілерін
анықтау.
Дағдылардың дамуы ұғымдардың дамуымен қарапайым әдістерден күрделі әдістерге қарай байланысып қатар жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет