Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің


Биологияны оқытудың ұйымдастыру формалары



бет7/31
Дата06.02.2022
өлшемі495,5 Kb.
#81146
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Байланысты:
70b12e79-3327-11e3-9d7d-f6d299da70eeБиология оқытц әдістемесі УМКД.

Биологияны оқытудың ұйымдастыру формалары.
Биологиядан оқу процесінің негізгі формасы сабақ болып табылады. Ол белгілі бір ұйымдастыру белгілерімен сипатталады: оны мұғалім тұрақты оқу кестесі бойынша құрамы тұрақты оқушылар тобымен арнайы жабдықталған биология кабинетінде немесе класс бөлмесінде өткізеді.
Жылдық (перспективті) жоспарда сабақ сағаттары тақырып бойынша және күнтізбелік мерзімі бойынша белгіленеді. Жоспарда мейрам және каникул күндерін шығарып тастап, нақты сағат саны тақырыпқа бөлінеді және өту мерзімі белгіленеді. Сонымен қатар қайталау сұрақтары белгіленеді, экскурсия мен сыныптан тыс жұмыстар жоспарланады.
Перспективті жоспар негізінде оқытушы тақырыптық жоспар жасайды. Онда тақырып мазмұнын түсіндіру реті мен логикасы, қолданылатын әдістер, көрнекі құралдар, практикалық жұмыстарға қажетті материалдар және сабақтан тыс өткізілетін жұмыстар көрсетіледі. Білімді жақсы меңгеру және бекіту үшін қажет болған жағдайда кейбір тақырыптардың сағат мөлшерін 1 – 2 сағатқа көбейтуге болады. Мұндайда кейбір тақырыптардың сағаты қысқартылады және бағдарлама толық орындалу керек.
Тақырыптың өзара орынын ауыстырған дұрыс емес.
Жылдық жоспарда қайталауға ерекше көңіл бөлінеді. Жылдық жоспарда нақты тек экскурсиялар мен сыныптан тыс жұмыстар белгіленеді, үй жұмысы мен сабақтан тыс жұмыстар әр тақырыпқа анығырақ жазылады.
Биология оқытушысына жұмысты жоспарлаудың өте бір қажеттілігі мынадай жағдайға байланысты: биология оқытушысы материалды күн ілгері әзірлеу керек, белгілі бір мерзімде көрсетілетін тәжірибелерді алдын ала жасау, экскурсия туралы күні бұрын келісу және т.б. қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет