Жылдық жоспардың үлгісі
Тақырып
|
Сағат мөлшері
|
Өткізу мерзімі
|
Тақырыптарды қайталау
|
Экскурсиялар
|
Сыныптан тыс жұмыстар
|
алдыңғы курстардан
|
курстан
|
|
|
|
|
|
|
|
Келесі жылға жоспарды осы жылдық аяғында жазған дұрыс.
Тақырыптық жоспар
Сабақ тақырыбы
|
Әдістер
|
Көрнекі құрал
|
Оқу кестесінен тыс өткізілетін сабақ
|
Сыныптан тыс оқылатын әдебиет
|
|
|
|
|
|
Сабақ – негізгі оқу бірлігі. Дәстүрлі сабақ құрылымы. Сабақ жоспары. Сабаққа дайындалу. Сабақтың білімділік, тәрбиешілік және дамутышылық міндеттері, мазмұны және оны өткізу әдістері. Сабаққа дайындалу кезінде мұғалімнің еңбегін ғылыми түрде ұйымдастыру: әдістемелік әдістерді талдау; сабақ міндеттерін анықтау; оқу еңбегінің білім мен біліктілік жүйесін анықтау, оларды қалыптастыру мен дамыту әдістемесін жасау.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
Әр сабақтың өткізілуі мұғалімнен мұқият дайындықты қажет етеді.
Сабаққа дайындық келесі кезеңдерден тұрады:
оқу материалын іріктеу;
әдістерді таңдау;
сабақ құрылымын анықтау;
көрнекі құралдарды дайындау;
жоспар немесе конспект жазу.
Мұғалім сабақтың ғылыми мазмұнын кең білу керек және мектеп оқулығын сынмен ұғынуы керек.
Мұғалімнің міндеттері:
I міндеті – мол ғылыми ақпараттың ішінен керек материалды қатаң іріктеу.
II міндеті – оқыған ақпаратты шығармашылық педагогикалық сіңіру (қайта қарау): негізгі сұрақпен қосымша сұрақтарды белгілеу, баяндау логикасын ойластыру, негізгі бөлімдердің мазмұнын, олардың көлемін ойластыру; сабақ үстінде тәрбие жұмысын белгілеу.
Мұғалім осы сабақта қандай ұғымдарды құрып, бұрынғы тақырыптардан қандай білімді әрі қарай дамыту керегін анықтайды.
Бұл дайындықта мектеп оқулығы мұғалімге салмақты көмек көрсетеді, бірақ білім көзі ретінде қызмет атқара алмайды.
Сабақтың сәтті өтуі мұғалімнің жақсы дайындығына байланысты.
Әр биологиялық курс логикалық кезекте орналасқан тақырыптардан құралады. Бағдарламаның әр тақырыбы логикалы байланысқан сабақтардың жүйесі болып саналады.
Жылдың басында бүкіл курсқа арналған кіріспе сабағы өткізіледі.
Көлемі үлкен тақырыптарда 3 түрлі сабақтарды айыруға болады:
кіріспе
тақырыптың мазмұнын ашатын
қорытынды сабақтар.
Көлемі шағын тақырыптарда мұғалім бірінші сабақта кіріспені өткізіп, ақырғы сабақтың аяғында қорытынды жасайды.
Сабақ мазмұнына толық тексерілмеген ғылыми фактілермен және тақырыппен аз байланысқан мәліметтерді енгізуден сақтану қажет.
Сабақтың шамадан артық деректі материалмен жүктеу оқушылармен түсіндіру және жалпылау жұмыстарын өткізуге мүмкіндік бермейді.
Курсты көңілдегідей оқыту үшін үлестіріп берілетін материалдар (құрғақ және кептірілген күйде) қажет; бұл материалдың көбін қай мектеп болса да, өз күштерімен дайындай алады.
Оқушылардың өздеріне көрнекі құрал жасатуға ерекше көңіл бөлу керек. Оқушылардың экскурсияда жинаған материалдарынан таблицалар, гербарийлер, коллекциялар жасауға болады. Мектепте оқу – тәжірибе участогы болса, жыл сайын биология кабинетіне жаңа материалдар қосылады, оларды гербарий, таблица және коллекция етіп жасауға болады. Мысалы, “Дарвин участогындағы өсімдіктер түрлерінің тұқымдары”, “Өзгергіштік”, “Өсімдіктер дүниесіндегі бейімделушілік”, “Қолдан сұрыптау” және т.б..
Көрнекі құралдарды, үлестіру материалды және тәжірибе жұмысына қажет жабдықтарды сабақ қарсаңында дайындап қою керек.
Жаңа мұғалімге сабақ қарсаңында өзі құралды жинап, тәжірибені өткізіп жаттығып алған дұрыс. Алдын ала тәжірибені көрсеткенге, микроскоптарға ыңғайлы орындар белгілеп алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |