ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені дене тәрбиесінің физиологиялық негіздері және спорт түрлер 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Қанның құрамы, мөлшері, физикалық және химиялық қасиеттері



бет3/5
Дата08.09.2017
өлшемі1,46 Mb.
түріАнализ
1   2   3   4   5

Қанның құрамы, мөлшері, физикалық және химиялық қасиеттері


Қанның құрамы мен мөлшері. Қан – клетка құрылысы жоқ, сарғылттау келген сұйық зат – плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген қанның клеткаларынан тұрады. Қанның клеткаларына қанның қызыл түйіршіктері (эритроциттер), қанның ақ түйіршіктері (лейкоциттер), қан пластинкалары сияқты клеткалар (тромбоциттер) жатады.

Қан құрамының 55-60 проценті плазма, 40-45 проценті қан түйіршіктері. Қалыпты жағдайда қанның жалпы мөлшері адамның дене салмағының 1/13 бөлігіндей болады да, ол организмде біршама тұрақты сақталады. Егерде қан тамырларына қанның орнын басатындай сұйықтық жіберіп, қанның сұйықтық мөлшерін көбейтсек, көп ұзамай-ақ қанның мөлшері бұрынғы мөлшеріне қайта келеді. Қандағы артық сұйықтықтың біраз бөлігі дереу бүйрек, тері арқылы шығарылса, ал қалған көп бөлігі тканьге өтеді. Кейіннен сол өткен сұйықтың ыдырау өнімдері сыртқа шығару органдары арқылы біртіндеп организмнен шығарылып тасталынады. Қанның жалпы мөлшерінің 1/3 бөлігі қан тамырларының жарақаттануынан бірден ағып кетсе, организм өліп кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда организмге дереу қан немесе қанның орнын басатын сұйық ертінді құю керек.

Судың тұтқырлығы бір өлшеуіш шамаға тең болып алынса, сумен салыстырғанда плазманың тұтқырлығы 1,7 – 2,2, ал қанның тұтқырылығы 5,0 –ге тең болады. Қанның тұтқырлығы ондағы әр түрлі белоктар мен эритроциттердің мөлшеріне байланысты. Егер организмнен әр түрлі физиологиялық жағдайларға байланысты су көп шығарылса (іш өткенде, көп терлегенде, қанда эритроциттердің саны көбейгенде), қанның тұтқырлығы артады.

Қанның сыбағалы салмағы 1,050 - 1,060, эритроциттердікі - 1,090, плазманыкі - 1,025 - 1,034 аралығында болады.

Қанның осмос қысымы. Жартылай өткізгіш жарғақ арқылы бөлінген екі ерітіндінің (NaCl) біреуінің ішінде ерітілген заттың конценрациясы (екіншісімен салыстырғанда) көп болса, су концнтрациясы көп ерітіндіге қарай ауысады. Себебі жартылай өткізгіш жарғақ еріткіші, яғни суды өткізеді де, ерітілген затты өткізбейді. Жартылай өткізгіш жарғақтан еріткіштің (су) өтуіне жұмсалатын күшті осмос қысымы деп атайды. Организмде қан тамырларының қабырғасы жартылай өткізгіш жарғақ қызметін атқарады. Сонда жартылай өткізгіш жарғақтың іш жағында қан, сырт жағында ткань сұйықтығы жатады. Қанның осмос қысымының биіктігі ондағы электролит иондарының сандық мөлшеріне, белок молекулаларына, органикалық заттардың мөлшеріне байланысты болады да, криоскопиялық әдіс арқылы анықталады.

Ерітіндінің қату температурасы – ішіндегі ерітілген заттың концентрациясына байланысты. Неғұрлым ерітіндідегі заттың концентрациясы көп болса, соғұрлым ерітіндінің қату температурасы төмен болады. Еерітіндінің қату температурасының 0 градустан төмен мөлшерін көрсететін шаманы депрессия деп атайды. Сонда химиялық таза судың қату температурасы депрессия көрсткіші деп сптеледі. Адам мен сүтқоректілердің қанның дпрессия көрсеткіші - 0,56 - 0,58, ал бұл шама дене температурасы 370С болғанда, осмос қысымының 7,7 - 8,1 атмосфера санына сәйкес келеді, осы осмос қысымының 60%-і қандағы NaCl ерітіндісінің үлесіне тиеді.

Эритроциттердің және дене клеткаларының осмос қысымы клеткаларды қоршап жатқан сұйықтықтың осмос қысымымен бірдей болады.

Қан мен ткань арасындағы су алмасу процесін реттеуінде қан, лимфа және ткань сұйықтығының осмос қысымының маңызы өте зор. Клетканы қоршап жатқан сұйықтықтың осмос қысымы өзгерсе, ондағы су алмасу процесі бұзылады. Бұл өзгерісті эритроциттерден байқауға болады. Егерде эритроциттерді плазманың осмос қысымынан жоғары NaCl ерітіндісіне салса, онда құрамындағы суынан айрылып, көлемі өте кішірейіп бүрісіп қалады. Мұндай ерітіндіні гипертоникалықерітінді деп атайды. Ал эритроциттерді плазманың осмос қысымынан төмен NaCl ерітіндісіне салса, оларға су кіріп, көлемі үлкейіп ісінеді де, жарылып кетеді. Мұндай ерітіндіні гипотоникалық ерітінді деп атайды.

Эритроциттердің гипертоникалық және гипотоникалық ерітінділерде бұзылып, тіршілігін жоюын гемолиз деп атайды.

Изотоникалық ерітіндіде эритроциттер мен дененің басқа клеткаларының тіршілік процесі сақталады. Изо - бірдей, тоника – қысым. Сонда изотоникалық ерітінді деп – осмос қысымы бірдей ерітінділерді айтады. Изотоникалық кандағы NaCl ерітіндісін физиологиялық ерітінді деп атайды. Жылы қандылар үшін изотоникалық ерітіндіде 0,9% NaCl болады.

Қанның құрымындағы глюкоза, мочевина т.б. органикалық қосылыстар, оның осмос қысымын онша көп өзгерте алмайды, себебі, плазмада тұздармн салыстырғанда, олардың молекулалық салмағы өте үлкен болғанмен, мөлшері аз. Қанның осмос қысымының 1 процентке жуығын плазманың белогы құрайды.

Қан тамырларының қабырғасы электролиттерді жақсы өткізеді, сондықтан олардың концентрациясы қанда, лимфада және ткань сұйықтығында бірдей болады да, осмос қысымын өзгерте алмайды. Ал белоктарды қан тамырларының қабырғасы өткізбейді, өйткені олардың қан тамырларының кі жағындағы концентрациясының арақатынасының шамасына байланысты, су қаннан тканьге, не керісінше, тканьнен қанға ауысып өтіп тұрады. Егер қанда белоктың мөлшері азайса, мысалы ашыққанда, су қан тамырынан тканьге өтеді де, соның нәтижесінде денеде ісік пайда болады. Қанның белогы арқылы пайда болған осмос қысымын – онкотикалық (ісік) қысым деп атайды.

Организмдегі ақырғы қалдық өнімдерді сыртқа шығаратын органдарға бүйрек, тер бездері жатады. Осы органдар осмос қысымын реттеп отырады. Бұл органдар қызметінің нәтижесінде зат алмасу процесіндегі үнемі бөлініп тұратын ақырғы қалдық ыдырау өнімдері де осмос қысымын өзгерпейді. Қанға қарағанда несеп пен тердің осмос қысымы өте тұрақсыз, тез өзгергіш келеді. Тердің депрессия көрсеткіші 0,18 - 0,60, ал несептікі 0,2 – 2,2. Дене қызметі қанның осмос қысымын өзгертеді.

Қанның актив реакциясы. Қанның актив ракциясы гидроксил (ОН/) және сутегі (Н.) иондарының арақатынасымен беріледі. Ол рН деген белгімен белгіленеді. Сутегі көрсеткіші – рН – сутегі ион концентрациясының теріс ондық логарифмы. Қанның бұл реакциясы (рН) орташа есеппен 7,36 – ға тең. Қанның рН 7-ден төмен немесе 8-ден жоғары болып өзгеруі организмнің тіршілігі үшін өте қауіпті.

Буфер системасына және сыртқа шығару органдарына байланысты, организмде қанның актив реакциясы біршама тұрақты болады.

Қанның буфер системасы. Қанның рН реакциясын өзгертпей, тұрақты сақтап тұратын қоспаларды буфер систмасы деп атайды. Буферлік қасиеті бар ерітіндіде әлсіз немесе аз диссоциацияланатын қышқыл және сол қышқылдың сілтілі тұзы болады. Мұндай буферлік қасиеті бар ерітіндіге күшті қышқыл немесе сілті қосса да, ерітіндінің рН ортасы қышқылдық немесе сілтілік жаққа ауыспайды.

Оның себебі, ерітіндіге қосылған күшті қышқыл ертіндідегі әлсіз қышқылды оның негізінен ығыстырып шығарады. Сонда ерітіндіде әлсіз қышқыл тұзы түзіледі. Ал буфер ерітіндісіне күшті сілті қосса, онда әлсіз қышқылдың тұзы мен су пайда болады да, ерітіндінің сілтілі жаққа ауысуынан сақтайды. Буфер системасы қанның рН реакциясын тұрақты сақтайды. Организмде 3 түрлі буфер системасы бар:


  1. Бикарбонат буфер системасы.

  2. Фосфат буфер системасы.

  3. Белок буфер системасы.

  1. Бикарбонат буфер системасы – көмір қышқылынан және натрий мен калийдің бикарбонатынан тұрады:

(Н) = К.2СО3)/(ВНСО3)

Мұндағы В – калий мен натрий иондарының белгісі, ал К – тұрақты шама, константа (Н) – сутегі ион концентрациясы. Организмде зат алмасу процесінің нәтижесінде ыдырау өнімдері – біріншіден үнемі сүт қышқылы және басқа да қышқылдар – түзіледі. Олар клеткалардан қанға өтеді де, қандағы бикарбонаттың натрий немесе калий ионын ығыстырады. Соның нәтижесінде сүт қышқылы және басқа да түзілген қышқылдарының тұздары және көмір қышқылы (Н2 СО3) түзіледі. Түзілген көмір қышқылының артығы организмнен шығарылып, қышқыл жаққа қарай ауысқан қанның актив реакциясын бұрынғы қалпына келтіреді.

Қанда неғұрлым көмір қышқылы көбейсе, сутегі ионының концентрациясы артады да, тыныс алдыратын нерв орталығын қоздырады. Сөйтіп, өкпенің желдеткіш қызметін атқарады. Соның нәтижесінде көмір қышқыл газы сыртқа шығарылады. Осыған байланысты көмір қышқылының биокарбонаттарға қатынасы бұрынғы қалпына келді.

Ал егер қанға, зат алмасу процесінің нәтижесінде, сілті көп білінсе, олар көмір қышқылымен нейтралданады. Бұл жағдайда тыныс алу орталығының қызметі төмендейді. Өкпе арқылы көмір қышқыл газы көп шығарылады. Ал қанда түзілген бикарбонаттың артық мөлшері бүйрек арқылы организмнен шығарылады. Мұнда тағы қандағы көмір қышқылының бикарбонаттарға қатынасы алғашқыдай болады.

Организмнің қалыпты жағдайдағы қандағы бикарбонат мөлшері көмір қышқылының 18/ ес көп, сондықтан қанның буферлік сыйымдылығы сілтіге қарағанда, қышқылдылығы көбірек болады. Мұның биологиялық маңызы өте зор, себебі организмдегі зат алмасу процесінің нәтижесінде сілтіге қарағанда қышқыл көп түзіледі. Қандағы бикарбонаттарды қанның сілтілі қоры дееп атайды.

Егер организмде зат алмасу процесінің нәтижесінде қышқыл өте көп түзілсе, қанның сілті-қышқыл теңдігін бикарбонат буфеер систмасы бір қалыпты сақтап тұра алмайды. Мұндай жағдайда фосфат буфер системасы іске қосылады.



  1. Фосфат буфер системасы. Бір негізді фосфор қышқыл тұздары натрий немесе калийдің екі негізді фосфор тұзына қатынасымен анықталады:

ВН2 РО4

В2 НРО4


(В- калий мн натрий иондарының белгісі). Мұнда түзілетін бикарбонаттардың мөлшері, зат алмасу процесінің нәтижесінде түзілген көмір қышқылының санына байланысты болады.

Н2 СО3 + В2 НРО4 ВН2 РО4 + ВНСО3

Бір негізді фосфор қышқыл натрий немесе калий тұздары диссоцияланғанда қайтадан сутегі иондары болады, бірақ олардың концентрациясы бос қышқылдағы сутегі иондарының концентрациясынан әлдеқайда аз болады.


  1. Белок буфер системасы. Плазмасының белогындағы қышқыл және сілті тобының арқасында қан амфотерлік реакция көрсетеді де, буферлік қасиетке ие болады. Плазма белогы өзінің амфотерлік қасиеті арқасында қанның рН реакциясына қарай, қанның ортасы қышқыл болса сутегі ионын, ал сілтілі болса – гидроксил ионын байланыстыра алады.

Гемоглобин (Нв) белок буфер системасына қатысады. Бұл гемоглобиннің натрий немесе калий тұзына байланысты, гемоглобин көмір қышқылына қарағанда әлсіз қышқыл болғандықтан, өзінің калий нмесе натрий ионын береді де, өзі Н – ионын қосып алып, әлсіз диссоциацияланатын қышқылға айналады.

ВНв + Н2СО3 Н.Нв + ВНСО3

Белок буфер системасымен салыстырғанда бикарбонат буфер және фосфат системалары қанның тұрақты активтік реакциясын сақтауда маңызы шамалы. Қандағы барлық буферлік қасиеттің 75 процентке жуығы гемоглобин белок системасынан құралады. Буфер системасы тканьдердің рН реакциясын тұрақты сақтап тұрады. Олардың негізгі буфер – белоктар мен фосфаттар. Қанның рН реакциясын сақтауда тыныс алу органының да маңызы зор. Мысалы, өкпе арқылы артық көмір қышқыл газы шығарылады. Организмде қанның рН реакциясын тұрақты сақтап тұрады. Олардың негізгі буфер – белоктар мен фосфаттар. Қанның рН реакциясын сақтауда тыныс алу органының да маңызы зор. Мысалы, Өкпе арқылы артық көмір қышқыл газы шығарылады. Организмде қанның рН реакциясын тұрақты сақтау үшін сілтінің, қышқылдың артығын сыртқа шығаруда ыдырау өнімдерін шығаратын органдарының да ролі өте зор. Сонымен организмнің қалыпты жағдайында қанның сілті – қышқыл теңдігін тұрақты ұстап тұратын қышқыл және сілті эквивалнті екен. Егер адам ұзақ уақыт демалмай, өте ауыр дне қызметімен шұғылданса немесе қатты наукастанса, қанның активтік реакциясы қышқыл жаққа қарай ауысады. Мұндай қанның активтік реакциясының өзгерісін ацидоз деп атайды. Ал кейде керісінше, қанның активтік реакциясы өкпенің қызметі күшейгенде сілтілік жаққа ауысады, оны алкалоэ деп атайды.

Қанның ұюы. Қанның ұюы плазмадағы еріген блок фибриногеннің, ерімейтін фибрин белок жіпшелеріне айналуынан болады. Фибриннің түзілуі тромбин ферментінің қатысуымен жүреді. Қанда оның тек қана активсіз формасы – протромбин болады.

Протромбинді актив фермент тромбинге айналдыру үшін, фермент протромбиназа керек, бірақ ол қанда актив күйде болмайды. Фибрин жіпшелері түзілуі үшін, алдымен плазмадағы тромбоген ферменті активтеліп тромбинге айналып, дайындық қызметі жүреді. Ұю процесінің барлық кезеңдері кальций ионының қатысуымен жүреді.

Фибриноген белогы мен протромбин ферменті бауырда жасалады.

Қанның ұюы - өте күрделі тізбектелген реакциялардан тұратын процесс.

Қанның ұюын 4 негізгі фазаға бөлуге болады


  1. протромбиназа ферментінің активтелуі;

  2. протромбиннің тромбинг айналуы;

  3. белок фибриногеннің фибрин жіпшелеріне айналуы;

  4. ұйыған қанның тығыздалуы.

Қанның ұюындағы тромбоциттердің ролі. Қан пластинкалары (тромбоциттер) - ядросыз, өте кішкентай қанның тұрақсыз клеткалары. Тромбоциттердің қызметі қанның ұюына өте тығыз байланысты. Қанның ұюының басталуыны өзі тромбоциттер бұзылған кезд түзілетін актив фермент тромбокиназа әсерінен жүреді.

Ас қорыту органдарының кілегейлі қабығындағы ерекше клеткаларда серотонин деген биологиялық актив зат жасалып қанға өтеді де, ондағы тромбоциттерге сіңеді. Қан тамырлары жараланған жерде бұзылған тромбоциттерден босаған серотонин сол жердегі тамырдың тарылуын қамтамасыз етеді.

Тромбоциттердегі ерекше зат ретрактозим, қанның ұйығандағы қоймалжың затының тығыздалуы үшін, фибрин жіпшелерінің қысқарып жуандауының жылдам жүруін қамтамасыз етеді.

Қанның ұюы – қанда тромбин, протромбин мөлшері көбейсе, қан тамырларының хеморецепторлары тітіркеніп рефлекторлық жолмен қанға оны ұйытпайтын заттар шығарады. Мысалы, бауырда синтезделетін гепарин, тромбопластин, протромбин, тромбин, фибриноген, адреналин, серотонин тағы да басқа қанның ұю процесіне қатынасатын белоктар өзара әрекеттесіп, қанды ұйытпайтын күрделі комплексті қосылыс жасайды. Ұйыған қан – тромб қан тамырын бітеп тастап, организмді өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін, қанды ұйытпайтын системаның өте сирек кездесетін бұзылуы қанның ұю қасиетін толық жояды. Бұл құбылыс гемофилия деп аталады. Гемофилия әке жағынан тұқым қуалайтын, өмірге өте қауіпті ауру.

Қанның клеткалары. Эритроциттер – қанның қызыл түйіршіктері. Олардың құрамындағы гемоглобинде тыныс алу пигменттерінің тобына жататын хромопротеиндер бар. Олар оттегімен өте оңай қосылса және ажыраса алады.

Эритроциттер – ядросы жоқ, екі жағы ойыс келген жоғары дәрежелі қан клеткасы. Эритроциттердің ақ түсті стромасы (скелеті) және қабығы бар. Қабығы - липоид, белок комплексінен түрады да, коллоидтар мен Na, К, Са иондарын өте нашар, ал Cl, HCO3 аниондарын, Н, ОН иондарын жақсы өткізеді.

Эритроциттердің саны 1 мм3 қанда ерлерде 5 - 5,5 млн, әйелдерде - 4,5 – 5 млн. жуық. Жаңа туған жас балаларда эритроциттер саны әр түрлі жағдайларға байланысты көбейіп, азайып тұрады.

Эритроциттер организмде қорғаныш қызметін атқарады. Олардан кейбір микробтарды зарарсыздайтын эритрин деген зат бөлініп алынған.

Гемоглобин организмде оттгін тасушы, көмір қышқыл газын шығарушы пигмент болып табылады. Әрбір гемоглобин молекуласында темір атомы болады. Гем актив - фермент, ал глобин – гемнің белок тасушысы. Гемоглобин сүйек кемігінде эритробласт клеткаларында жасалады.

Бауыр және көк бауырда эритроциттер бұзылып, құрамындағы гемоглобин ыдырағанда, гемнен темірмолекулалары бөлінеді де, әрі қарай тотықтану реакциясы жүріп, гемоглобиннен пигмент билирубин түзіледі.

Кейбір адамдардың эритроциттері екінші адамның қанының плазмасымен қосылғанда агглютинациялануын зерттеу нәтижесінде қан құю арқылы емдеудің ғылыми негізі салынады. Адам қанындағы эритроциттерде екі түрлі желімденетін зат: агглютиноген А және агглютиноген В болатыны, ал плазмада екі түрлі желімдейтін зат: агглютинин α және агглютинин β бар екені аңықталған.

Эритроциттердегі агглютиногеннің, плазмадағы агглютининнің бар-жоғын зерттеп, есептеп барлық адамдардың қанын 4 топқа бөлуге болатыны аңықталған.

Агглютинация жүрсе плюс (+), жүрмесе минус (-) деп белгілеу арқылы, төмендегі таблицада қанның қандай тобын қай топтағы қаны бар адамға құюға болатыны көрсетілген.


Плазма тобы (агглютинниндер)

Эритроциттер тобы (агглютиногендер)

Жоқ I (0)

II (А)

III (В)

IV (АВ)

I (α) және (β)

-

+

+

+

II (β)

-

-

+

+

III (α)

-

+

-

+

IV (0) (жоқ)

-

-

-

-

Эритроциттердің агглютинациясы тек агглютиноген А мен агглютинин α, агглютиноген В мен агглютинин β кездессе ғана жүреді. Сонда I топты барлық (I, II, III, IV) топтарға құюға болады. II топты II және IV топқа, III топты III және IV, ал IV топты тек IV топқа ғана құюға болады.

Қан беретін адамды донор, қан қабылдайтын адамды реципиент деп атайды.

Лейкоциттер. Лейкоциттер немесе қанның ақ түйіршіктері, организмде қорғаныс қызметін атқарады. Олардың атқаратын негізгі қызметі: фагоцитоз, қорғағыш денелер жасау, белок алмасу процесі кезінде бөлінген улы заттарды зиянсыздандырып ыдырату.

Дені сау адам қанының бір куб миллиметрінде 6-8 мыңға жуық лейкоциттер болады. Лейкоциттер екі үлкен топқа бөлінеді:


  1. түйірлі лейкоциттер немесе гранулоциттер; 2) түйірсіз лейкоциттер немесе агранулоциттер.

Түйірлі лейкоциттер тобына эозинфильдер, базофильдер, нейтрофильдер жатады.

Нейтрофильдер өзін қоршаған ортаға лизосомды ферменттер бөледі. Базофильдер қанды ұйытпайтын системаның құрамына кірітін активті – гепарин өнімін көбейтеді, әрі биологиялық активті-гистамин синтезіне қатынасады. Түйіршік лейкоциттерге – моноциттер мен лимфоцитте жатады. Моноциттер – барлық лейкоциттер санының 4-8 процентін құрайды. Олар сүйек кемігінде, лимфа түйіндерінде және дәнкер тканьдерінде жасалады. Моноциттер макрофагтар деп аталады да, нейрофильдер сияқты қызмет атқарады.

Лимфациттер барлық лейкоциттер санының 25 – 35% - ін құрайды, лимфа түйіндерінде, көк бауырда, кілегейлі қабықта дамып жетіледі. Бұл клеткалар қабыну процесіне ұшыраған организмнің қайта қалпына келуін қамтамасыз ететін реакцияларға қатысады.

Өзбетімен дайындалуға сұрақтар:
1.Қалыпты жағдайда қанның жалпы мөлшері адамның дене салмағының қанша бөлігін алады?

2.Қан дегеніміз не оның адам ағзаларында алатын орны ?

3.Қан қандай қызмет атқарады?

4. Қан қандай компоненттардан тұрады?

5.Қан плазмасы дегеніміз не және оның құрамы?

6.Қанның физика – химиялық қасиеттері бар ?

7.Қанның ұюы қандай фазалардан тұрады?

8.Резус – фактор дегеніміз не?

9.Адам қаны қанша топтан тұрады және? Оларға сипаттама бер.

Қолданылатын әдебиеттер:

1.Абрамов В.В. Иммундық және жүйкелік жүйелердің интеграциясы.Новособирск,1991.

2.Батуев А.С. Жоғары дәрежелі жүйке жүйе физиологиясы.Жоғары мектеп.М.,1991.

3.Дубровский В.И. Валеология. 1998.

4.Сәтпаева Х.Қ.,Нілдібаева Ж.Б.-Адам физиологиясы .Алматы: «Білім» 1995

Дәріс№ 8

Тақырыбы:

Қан айналымы және жасқа байланысты ерекшеліктері

Дәрістің мақсаты: Қан айналу жүйесінің қай қарыншадан қай жүрекшеге барып құятынын білу.Артерия қан тамырлары,вена қан тамырлары, салалы қан тамырының құрылысы және қасиеттері, атқаратын қызметтері білу.Жүрек бұлшық етерінің физиологиялық қасиеттері.

Негізгі сұрақтар қысқаша мазмұны мен


    1. Қан және лимфа айналудың маңызы

    2. Жүрек

    3. Жүрек еттерінің негізгі физиологиялық қасиеттері.

    4. Қозу

    5. Жүректің жиырылуыЖүректің систолалық және минуттық көлемі

    6. Кезеген және симпатикалық нервтердің арақатынасы

Жүрек еттерінде де, скелет еттері сияқты қозу, жиырылу, қозу толқынын өткізу қасиеттері болады.

Электрлік, механикалық, температура, химиялық тітіркендіргіштер арқылы әсер етсек, жүрек еттерінде қозу пайда болады.

Жүрек еттерінің жиырылу күші скелет еттеріндегі сияқты тітіркендіргіштің күшіне байланысты емес. Жүрек еттерінің жиырылу биіктігі тітіркендіргіштің күшіне байланысты емес. Жүрек еттерінің осы қасиетіне Боудичтің жоғарыда айтылған «барлығы немесе жоқ» дегн заңы негізделген. Бұл заңға миокард белгілі бір жағдайларда ғана бағынады. Мысалы, барлығының да өзгеруіне, температура, еттердің созылуы, шаршауы т.б. факторлар әср етеді.

Микроэлектрод техникалық әдіс арқылы ғылымдар, қозбай түрған жүрек ет клеткаларының цитоплазмасы, клетканың ішкі бетімен салыстырғанда теріс зарядталып, сыртқы беті поляризационалады. Мембрананың бұл потенциялының биіктігі 80-90мВ. Қозу уақытында клетка мембранасында потенциалдық айырым бірқатар азаяды. Соның нәтижесінде натрий катионы мембрана арқылы клетканың ішіне кіріп, цитоплазма өзінің теріс зарядынан айрылады, клетка мембранасы деполяризацияланады да оң зарядқа ие болып, потенциал биіктігі 20 – 30 мВ-ке теңеледі. Жүрек ет клеткаларында, скелет еттерімен салыстырғанда әсер потенциалы ұзаққа созылады.

Жүрек еттері минутына 70 рет жиырылса, әсер потенциалы 0,3 секундқа созылады. Ал жүректің жиырылуы жиілесе әсер потенциалы уақыты қысқарады, сиресе, керісінше ұзарады.

Абсолюттік рефрактерлік кезеңнен кейін жүректе қозу аздап көтеріледі. Осы уақытта жүрек өте күшті берілген тітіркендіргішке жауап қайтара алуын салыстырмалы рефрактерлік кезең деп атайды. Бұл кезеңнен кейін өте күшті қозу кезеңі байқалады да, экзальтация кезеңі басталады. Бұл кезеңде жүрек еттері қозу пайда ете алмайтын тітіркендіргіштің (подпорог) күшіне де қозып жауап қайтарады.

Адамның жүрегі қалыпты жағдайда бір минутта 5 литрге жуық қанды, ал бір соққанда 75 мл қанды қабылдап және сонша қанды шығарады. Сонда әрбір минут сайын жүректен организмдегі қанның барлық мөлшері өтіп отыратын сияқты. Ал шынында барлық қан мөлшері бір минутта жүректен ағып өтпейді: қысқа жолмен ағатын қан бірден көбірек, ал ұзын жолменен ағатын қан жүрекке қайта келіп құйып үлгермейді.

Жүрекке келетін нервтерді кесіп тастаса да, жүрк соға береді. Бұдан біз жүректің қызметі мидан импульс келмей қалса да, тоқталмай соға беретінін көреміз. Бөлініп алынған жүректі денедегідей физиологиялық сұйықтыққа салса, жиырыла береді. Мұндай сырттан тітіркендіргіш берілмей өзінен-өзі жиырылуды жүрек еттерінің автоматикалық қасиеті деп атайды.

Екінші атиптік ет тканьдері мен нерв клеткаларының топтасқан жерін атриовентрикулярлық түйін деп атайды. Бұл түйін екі жүрекшелердің арасында орналасады. Осы түйіннен төмен қарай тармақталған қарыншаларды бөліп тұрған пердеге келіп тіркелетін қалың ет шоғыры орналасады, мұны Гис шоғыры деп атайды. Гис шоғыры оң және сол тармаққа бөлініп, қарыншаларды алып жатады. Лимфа тамырлар жүйесі, қан тамырлар жүйесімен қатар алам және жануарлар денесінде сан қилы заттар тасуға қатысатын кең ауқамды күрделі құрылым,оның қызметі де алуан түрлі. Лимфа жүйесі- ұлпааралық сұйықтық құрамындағы су,тұз белок липид, алмасуы кезінде пайда болған әртүрлі заттардың,микроб,денеге енген бояу т.б.,қан аранасына вена жүйесіне өтуін қамтамасыз етеді. Лимфа жүйесіне қарағанда қан жүйесі,оның морфологиясы мен физиологряисы анағұрлым жақсы зерттелген.Лимфа мөлдірлеу, ересек адамда сәл сарғыштау,жаңа туған нәрестеде сүт тәріздес болып келеді.Оның салмағы әртүрлі.Тұтқырлығы қанның тұтқырлығынан аз.Химиялық құрамы жағынан қан плазмасына ұқсас.Тромбоцит болмайды. Сондықтан өте баяу ұйиды.Құрамында К дәрмені өте көп.Липидтер өте көп.

Лимфа түйіндері мен жүйесі әртүрлі қызмет атқарады.

1.Энғергиялық және пластикалық қасиет- қан айналысы кезінде ұлпадағы сіңген су,белок,зат алмасу кезінде түзілген заттар, гормон электролит т.б.,қанға лимфа арқылы түзіледі.

2.Дренаждық қасиет- лимфа жүйесі венамен бірге денедегі ағзаларда басы артық ұлпааралық сұйықтықты сорып алады.

3.Резорциялық қасиет- яғни сіңіру, лимфа капилярлярының эндотелиі өткізгіш сондықтан әдетте қан капиллярларына өте алмайтын көптеген заттар ұлпааралығынан тікелей лимфаға өтеді.а) лимфа капиллярлары жақсы өткізгіш,лоардың түтігі өзігінен бірісе кеңейіп,біресе тарылып сұйықтықты өзіне қарай тартып отырады.б) қан клетка аралық сұйық,лимфа үшеуінің арасында заттар өтуге ыңғайлы.в) лимфа капиллярлары эндотелиі гистолимфалық келердіден әртүрлі заттар өткізуге бейім келеді.

4.Лимфа май алмасу процесіне қатысады.Ішек арқылы сіңу барысында түзілген май мен май қышқылдары лимфа капиллярларына енеді де лимфа жүйесі арқылы жалпы қан айналысына қосылады,ары қарай денеде май қорф болып жиналады.

5.Биологиялық иммунитет және лимфоцит түзу қасиеті- антидене түзетін жасушалар лимфа түйіндерінде жаралады.Лимфоциттер иммундық реакцияға қатысатын лимфокиндер т.б.,заттар бөліп шығарады.

6.Тосқауылдық қасиет- Әртүрлі микроорганизмдер,табиғаты басқа зиянды заттар,ісік жасушалары лимфа түйіндерінде ұсталып одан ары өте алмайды.

7.Лимфа жүйесі липодәрменділер,кальций,фосфор тұздарының алмасуына қатысады.А,К,Е т.б.,липодәрменділер алдымен лимфа жүйесіне енеді де одан ары лимфа ағынамен қанға қарай өтеді.

8.Лимфа жүйесі су алмасу процесіне қатысады.

9.Лимфа ішкі ағзалар қызметінің қан арқылы реттелуіне қатысады.

Лимфаның түзілуі. Лимфа түзілуі ұлпа аралық сұйықтықтың лимфа капиллярларына өтуінен басталады.Қан шығып ұлпа аралық сұйықтыққа өткен су, плазмада еріген кейбір заттар,ұлпааралық зат алмасу кезінде пайда болған заттар одан ары лимфа капилдлярларына өтеді.Лиманың түзілуі көп салалы процесс.Ол бірнеше кезеңнен тұрады.

Лимфаның ағысы. Лимфа тамырлармен белгілі бір бағытта ағады- ол капиллярлардан лимфа тамырларына,одан әрі мойын және көкірек өзектері арқылы қан тамырлар жүйесінің веналық бөлігіне қарай жылжиды. Осылайша жылжуына тамыр қақпақшалары көмектеседі.

Лимфа айналысының реттелуі. Морфологиялық зерттеулерге қарағанда лимфа тамырларына афференттік және эфференттік жүйкелер тарамдалады.Х1Х ғасырдың аяғында жүйкелерді тітіркендірсе лимфа қозғалысқа келетіні байқалды.Бұл- құбылыстың себебі- лимфа капиллярларындағы лимфа көлеміне байланысты екені анықталды.Лимфа айналысы механикалық жолмен температуралық және химиялық заттармиен әсер ету арқылы өзгереді.Гипотермия (жылудың төмендеуі) лимфа тамырларының тонусын 2,5 есе арттырады.Лимфаның қозғалысқа келуіне әсіресе гипокинезия (қимылдың азаюы) қатты әсер етеді яғни лимфаның жылжуы баяулайды.

Өзбетімен дайындалуға сұрақтар:
1.Қанның және лимфаның айналуының маңызы неде?

2.Жүрек еттерінің қандай физиологиялық қасиеттері бар?

3.Экстрасистолда дегеніміз не?

4.Жүректегі электрлік қасиет және оның өзгеруі?

5.Жүректің симпатикалық нервтері?

6.Жүрекке кезегеннервтер қалай әсер етеді?

7.Жүректің гуморальдық жолмен реттелуі?

8.Артерия тамырының соғуы?

9.Веноздық пульс дегеніміз не?

10.Салалы қан тамырындағы қан айналысы?

11.Қан қысымы адам ағзасына қалай әсер етеді?

Қолданылатын әдебиеттер:

1.Абрамов В.В. Иммундық және жүйкелік жүйелердің интеграциясы.Новособирск,1991.

2.Батуев А.С. Жоғары дәрежелі жүйке жүйе физиологиясы.Жоғары мектеп.М.,1991.

3.Дубровский В.И. Валеология. 1998.

4.Сәтпаева Х.Қ.,Нілдібаева Ж.Б.-Адам физиологиясы .Алматы: «Білім» 1995
Дәріс№9

Дәрістің тақырыбы:

Тыныс алу және жасқа байланысты ерекшеліктері

Дәрістің мақсаты: Тыныс алу органдарының филогенетикалық дамуы, арнаулы тыныс алу прооцесіне қатысатын дене еттерінің дамуымен тығыз байланысты екенін көрсете білу.Ересектер мен жас балалардың тыныс алуындағы ерекшеліктер.

Негізгі сұрақтар қысқаша мазмұны:

1.Тыныс алу қозғалысы

2.Көкірек қуысындағы теріс қысымның маңызы.

3.Өкпенің тіршілік сиымдылығы

4.Сырт қы тыныс алу

5.Ішкі тыныс алу жолдары


Тыныс алу –ауадан оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын шығаруын қамтамасыз ететін өзара байланысты көптеген процестерді айтады.Оттегінің қатысуымен ағазаларда тотығу процессі өтеді.

Тыныс алу бес кезеңнен тұрады:

1.сыртқы тыныс алу- ауадағы газдарды өкпеге әкеліп, өкпеден қайтадан атмосфераға шығару.

2. өкпе көпіршіктеріндегі газдар мен қан құрамындағы газдаодың алмасуы

3.газдардың өкпеден ұлпаға ұлпадан өкпеге,қан ағынымен тасымалдануы.

4.ұлпа мен қан арасында газдың аламасуы.

5.ішкі тыныс алу- жасуша құрамындағы оргнаникалық заттардың тотығуы.

Сыртқы тыныс алу.

Дем алу және дем шығару механизмі. Сыртқы тыныс алу екі кезеңнен тұрады- дем алу- (инспирация) және дем шығару (экспирация) тұрады. Инспирация мен экспирация тірі ағзаларда өзара жымдасып үйолесім тапқан,кезекпен алмасып отырады. Сырт жағынан өкпе висцеральдық және париетальдық плевралық екі қабықпен қоршалған. Висцеральдық плевра өкпе ұлпсымен біте байланысқан. Өкпе түбіріне жеткен кезде париетальдық плевраға айналадыда көкірек қуысын ішкі жағынан астарлап көмкереді, ондағы ұлпамен біте байланысады.

Өкпенің серпімділігі мен серпін күші. Өкпеде серпін ұлпалары өте көп. Сондықтан да ол созылып қайта тартылып алғашқы қалпына келе алады. Ширығуы мен созылуы тығыз байланысты. Өкпе неғұрлым созылғыш келсе серпімділгі соғұрлым жоғары болады.Созылған өкпенің қайта тартылуы бронх етерінің тонусына да байланысты.Плевра қуысында теріс қысымның тағы бір себебі альвеолардың ішкі бетінде сурфактант атты беткі кернеу күші өте төмен заттың болуы. Әрбір альвеоланың ішкі беті осы сурфактантпен майланған. Бұл белок аралас липидтен тұрады. Сурфактанттың қалыңдығы 20-100 нм.



Өкпенің жалпы сиымдылығы.Тыныс алу барысында ауа тыныс жолы арқылы өкпеге кіріп,оттегін берген соң сыртқа шығып отырады.Өкпеге дейін кіріп –шығатын ауаның мөлшері дем алу дем шығарудың тереңдігіне байланысты.Біркелкі тыныштық жағдайда демді ішке жай тартып шығарса өкпеге дейін кіріп-шығатын ауауның мөлшері адамда 500 мл болады.Осы жай дем алғанда тыныс ағзаларына еніп қайта шығатын ауаның мөлшерін қалыпты тыныс ауасы деп аталады. ҚТА тұтасынан өкпе көпіршігіне барып жетпейді,оның 150 мл тыныс жолын толтырады да газ алмасу процесіне қатыспайды.Сондықтан тыныс жолын толтырған ауауны «өлі» кеңістік ауасы деп атайды. Демді әдеттегідей жай ғана ішке тартып қоймай,одан әрі демді әлі келгенше тереңдете түссе,адам ҚТА –сына қосымша 1500-2000 мл ауауны жұта алады. Осылайша қатты дем алғанда ҚТА –сына қосымша жұтылатын ауа көлемін резервтік дем алу ауасы деп атайды. Сөйтіп,демді қатты ішке тартса тыныс жолодарны толтырып өкпеге жететін ауа мөлшері ҚТА (500) мл мен РДАА-нан (1500-2000 мл ) тұрады.Мұны дем алу мөлшері деп атайды. Ол 2000-2500 мл –ге тең.

Тыныс алу орталығы,оның орталық жүйке жүйесіндегі орны.

Тіршілік етуіне қажет аса маңызды функцияларды белгілі бір орталықтар реттеп отырады. Сондықтан тыныс алу процесін реттейтін орталықтың орталық жүйке жүйесіндегі орнын анықтау үшін көптеген тәжірибелер жасалынды.Ми бағаны варолий көпіршесінің жоғары жағынан көлденең кесілсе,тыныс алу процесі бұзылмайды,ал варолий көпіршесінен төмен, сопақша мимен түйіскен жермен кесілсе дем алу фазасы ұзарады да, (апнейзис) тыныс алу сирейді. Миды сопақша мидан төменірек оның жұлынымен түйіскен жермен кессе, тыныс алу тоқтап қалады,тыныс алу еттері белгілі бір ырғақпен жиырлу қабілетінен айырылады. Демек, тыныс алу процесін реттеейтін нейрондар тобы,сопақша мида орналасқан.

Өзбетімен дайындалуға сұрақтар:


    1. Тыныс алу дегеніміз не?

    2. Тыныс алу қанша кезеңнен тұрады?

    3. Сыртқы тыныс алу қандай кезеңдерден тұрады?

    4. Сурфактант дегеніміз не?

    5. қалыпты тыныс ауа дегеніміз не?

    6. резервтік дем алу ауасы дегеніміз не?

Қолданылатын әдебиеттер:

1.Абрамов В.В. Иммундық және жүйкелік жүйелердің интеграциясы.Новособирск,1991.

2.Батуев А.С. Жоғары дәрежелі жүйке жүйе физиологиясы.Жоғары мектеп.М.,1991.

3.Дубровский В.И. Валеология. 1998.

4.Сәтпаева Х.Қ.,Нілдібаева Ж.Б.-Адам физиологиясы .Алматы: «Білім» 1995
Дәріс№ 10

Тақырыбы:

Ас корыту және жасқа байланысты ерекшеліктері

Дәрістің мақсаты:

Организмдегі ас қорыту- күрделі физиологиялық процесс. Ас қорытужолына түскен тамақ заттары физиологиялық және химиялық өзгерістерге ұшырап, ондағы қоректік заттар қанға немесе лимфаға сіңетіндей дәрежеге жетеді.

Тамақ заттарының физикалық өзгерісі деп оның ұсақталуын, жаншылуын, араласуын және еруін айтады. Химиялық өзгерісі әртүрлі ферменттердің әсерінен қан мен лимфаға сіңу дәрежесіне дейін ыдырауын айтады. Тамақ заттары ферменттердің қатысуымен химиялық өзгеріске ұшырамаса, ас қорыту процесі жүрмейді. Сондықтан қанға немесе лимфаға ас сіңірілмей. Организс клеткалары қоректік заттарды сіңіре алмайды.

Негізгі сұрақтар қысқаша мазмұны:


    1. Ас қорытудың қанша түрлері бар?

    2. Ауыздағы ас қорыту процесі қалай өтеді?

    3. Қандай сілекей бездері бар?

    4. Сілекей бездерінің сөлдері?

    5. Сілекей сөлінің құрамы,қасиеті және маңызы қандай?

    6. Шайнау процесі қалай өтеді?

    7. Жұту процесі қалай өтеді?

    8. Қарын сөлінің құрамы және маңызы?

    9. Сілекей бөліну орталықтары қайда орналасқан?

    10. Ұйқы безі сөлінің құрамы,қасиеті және маңызы?

Ас қорыту өте күрделі процесс.Ол алдымен физикалық жолмен өңделеді де,соңынан химиялық реакцияға түсіп,қорытылып денеге түсетін сатыға жетеді.Физикалық процесінде ас кесектері ұсақталып,бөлшектенеді,химиялық процесте ішек- қарын процестері қатысады.Гидролиз процесінің орналасуына қарай клетка ішіндегі және клеткадан тыс тысқары жердегі ас қорыту болып екіге бөлінеді. Клетка ішіндегі ас қорытуда фагоцитоз,пиноцитоз арқылы клеткаға өтетін қоректік заттар лизосомалық ферменттердің қатысуымен гидролизге ұшырайды. Клеткадан тыс жерде ас қорыту дистанттық және контактілік ас қорыту болып екіге бөлінеді.

Ас қорыту жүйесінің қызметі.

Сөл шығару қызметі. Оны ас қорыту,сілекей,ішек-қарын бездері,ұйқы безі,бауыр атқарады.

Қимыл функциясын бірыңғ,ай салалы еттер атқарады.

Сілекей- өзегі арқылы келіп құйылатын жұптасқан үш сілекей безінің атап айтқанда шықшыт,жақасты,тіл бездерінің сөлі.Адамда сілекей әсіресе тамақ ішкен кезде көбірек шығады,ауыз іші үнемі дымықылданып, онсыз адам дыбыс шығара алмайды. Сілекей қоймалжың,сұйық зат,құрамында 0,5-1,5 пайыз қрғақ зат бар,қалғаны су. Құрамында органикалық бейорганикалық заттар бар.Сіілекей құрамында микрооргнизмдерді өлтіретін лизоцим ферменті бар. Муцин-гликопротеид,шырышты сілтілі зат,шайналып ұсатылған ас кесегін жұмсартып,шырышпен қоршайды,жұтқыншақты ауртпайтындай етйп сырғанақ күйге келтіреді.Құрамында қанна келіп түсетін жиырма шақты фермент бар, қан ұюын тездейтетін тежейтін факторлар болады.Сілекей құрамындағы заттардың мөлшері әр безде әртүрлі.Шықшыт безінің сілекейінде бейоргникалық заттар көп. Жақ асты безі шырынында оргникалық заттар көп.Тіл асты безі сілекейінде муцин көп. Сілекей қорғаныс қызметінде атқарады.


  1. ауыздың шырышты қабығы мен тісті ұдайы дымқыл күйде ұстап физикалық және химиялық заттардың зардабынан сақтайды,ыстық тымақты суытып,суық тамақты жылытып,тағам температурасын реттеп отырады.

  2. ауызға түскен,қонған заттарды жуып-шайып,оларды ұдайы тазартып отырады.

  3. құрамындағы лизоцим ферментінің әсерінен ауыз ішіндегі бактерияларды жояды.

Құрамындағы

нуклеазалар,рибонуклеазалар,трансаминазалар,пероксидазалар,вирустың нуклейін қышқылдарын ыдыратып,адам денесін вирустік аурулардан қорғайды.



ауыз ішіндегі салалы қан тамырларды кеңейтетін Кининдер арқылы ауызда микроқанайналысын күшейтедіде лейкоциттер көп мөлшерде қаннан ауыз қуысына шығып,ауыз қуысындағы микробтарды құртады.

  1. Сілекей құрамындағы тромбопластин,антигепариндік факторлар заттардың әсерімен қан тез ұйып, ауыздың шырышты қабығына түскен жарақаттар тез жазылып кетеді.

  2. Сілекейде ,әсіресе шықшыт безі сөлінде фибрин ыдыратқыш заттар мен қан ұюына кедергі жасайтын заттар бар,бұл заттар без өзегінің бітеліп қалуына кедергі жасайды.

  3. Сілекейдің қоректік маңызы да бар.

Сілекей құрамын тексеру белгілі бір ауруларды анықтау ісін жеңілдетеді. Мысалы; қарын,12 елі ішектің ойық жарасы,нефрит кезінде сілекейде азот,инсульт кезінде белок көбейеді.

Сілекейдің шығуы,реттелуі.Сілекейдің мөлшері мен құрамы жеген тамақтың физикалық қасиеттеріне байланысты. Сілекейдің құрамы мен көлемі тағам түріне, қасиетіне байланысты,бұл бездердің қызметін орталық жүйке жүйесі реттеп отырады.Сілекей бездерінде парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер тарамдалған.Парасимпатикалық жүйкенің бірінші нейрондарды сопақша мида,оның сілекей шығару орталығында орналасқан. Парасимпатикалық жүйке талшықтары жақ,тіласты және шықшыт бездеріне дейін,бет және құлақ шеке жүйкелеріне ілесіп,сілекей бездеріне жетеді.Симпатикалық жүйкенің бірінші нейрондары жұлынның көкірек бөлімінде,оның 11-У1 сегменттерінің бүйір мүйізінде орналасқан.Сол нейрондардың жүйке талшықтары жоғары мойын жүйке түйнегінен өтіп сілекей бездеріне таралады.Сілекей негізінен рефлекстік жолмен бөлініп шығады.Ол шартты және шартсыз рефлекстер арқылы сілекей шығару болып екіге бөлінеді.Шартты рефлекс бойынша сілекей тағамның өзіне таныс белгілі бір түрін көрген,оның иісін сезген кезде яғни тағамның қатынасынсыз сілекей бөлінеді,шартты рефлекс кезінде ауыз рецепторлары тітіркенбейді,бірақ көз,дыбыс,иіс рецепторлары мен еске алу нейрондары қозады.Рецепторлардан шыққан сигналдар ми қыртыстарына жетіп,одан әрі сопақша мидағы сілекей бөлдіруші орталыққа барып,оны қоздырады.Осы орталықтан кері қайтқан парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер,яғни сөл шығарушы жүйке талшықтары сілекей бездеріне оралады да,ауыздан сілікей бөлінеді.Шартсыз рефлекс тағам ауызға түскен сәтте басталады.Ауыздағы ас көптеген рецепторларды тітіркендіріп,бет,тіл,жұтқындық,үшкіл кезеген жүйкелердің жұлын-миға қарай тебетінталшықтары мидағы сілекей орталығын қоздырадыда,эфференттік талшықтары арқылы сілекей бездерінің сілекей шығару қабілетін күшейтеді. Сілекей шығаруға –ми қыртысы,гипоталамус,лимбиялық қыртыс қатысады.Адам денесінде су азайса сілекей де аз шығады.

Шайнау.- шартты және шартсыз рефлекстер арқылы шайнау еттерінің қатысуымен іске асырылады.Бұл жақ қимылының нәтижесі.Ауызға түскен тамақты шайнауға,жақ еттерімен қатар,тіл және бет еттеріде қатысады.Ас кесегі ауыздағы рецепторларды тітіркендіргенде,олардан шыққан қозу сигналдары афференттік жүйке талшықтарының бойымен сопақша мидағы шайнау орталығына жетедіде торлы құрылым мен көз төмпешіктері арқылы ми сыңары қыртысының қозғалтыш зонасында орналасқан шайнау еттерін жиырушы нейрондарды тітіркендіреді.

Өзбетімен дайындалуға сұрақтар:

    1. Ас қорытудың қанша түрлері бар?

    2. Ауыздағы ас қорыту процесі қалай өтеді?

    3. Қандай сілекей бездері бар?

    4. Сілекей бездерінің сөлдері?

    5. Сілекей сөлінің құрамы,қасиеті және маңызы қандай?

    6. Шайнау процесі қалай өтеді?

    7. Жұту процесі қалай өтеді?

    8. Қарын сөлінің құрамы және маңызы?

    9. Сілекей бөліну орталықтары қайда орналасқан?

    10. Ұйқы безі сөлінің құрамы,қасиеті және маңызы?

Қолданылатын әдебиеттер:

1.Абрамов В.В. Иммундық және жүйкелік жүйелердің интеграциясы.Новособирск,1991.

2.Батуев А.С. Жоғары дәрежелі жүйке жүйе физиологиясы.Жоғары мектеп.М.,1991.

3.Дубровский В.И. Валеология. 1998.

4.Сәтпаева Х.Қ.,Нілдібаева Ж.Б.-Адам физиологиясы .Алматы: «Білім» 1995

Дәріс№11

Тақырыбы:

Зат және қуат алмасуы және жасқа байланысты ерекшеліктері.

Дәрістің мақсаты:

Зат алмасу өте күрделі процесс. Мұны түсіну үшін тамақ заттарының денеге түсуінен бастап, оардың организмде өтетін барлық өзгерістерін және бұдан соң пайда болған ыдырау өнімдерінің сыртқа шығарылу процестеріне дейін білу қажет.



Негізгі сұрақтар қысқаша мазмұны:

1.Зат алмасудың кезеңдері яғни бірінші,екінші, үшінші қалай өтеді?

2.Алмасу кезінде ферменттердің қандай ролі бар?

3.Биологиялық катализаторлар дегеніміз не?

4.Белоктардың алмасуы қалай өтеді?

5.Азот балансы дегеніміз не?

6. Адам жасына және салмағына қарай бір тәулікте қанша белок қабылдау керек?

7.Май, су, көміртектердің, минералды заттардың, тұздардың алмасуы қалай өтеді?

Зат алмасуы организм тіршілігінің аса маңызды белгілерінің бірі. Ол ғұмыр бойы жүретін өзара байланысқан екі процестен тұрады: ассимиляция – клеткалар құрамына кіретін күрделі және арнайы заттардың жаңадан түзілуі (синтезделуі); диссимиляция – зат алмасуына қатысқан заттардың тотығуы арқылы қарапайым химиялық заттарға айналуы. Күрделі химиялық заттар тотыққан сәтте олардан потенциялдық энергия босап шығады да кинетикалық энергияға, айталық механикалық, электр энергиясына, ақырында бұлардың бәрі жылуға айналады. Бұл энергия клеткада жаңа заттар түзілуіне, клеткалар мен ағзалардың, ағза жүйелерінің, тұтас адам денесі атқаратын қызметтеріне жұмсалады. Клеткалар құрылысы мен энергия қорының байырғы қалпына келуі және бүкіл дененің өсіп-дамуы үшін қажетті мөлшерде оларға сырттан қоректік минералды заттар, витаминдер мен су уақытында келіп түсуі шарт. Тіршіліктің көзі – тағам (тамақ), оның сапасы, мөлшері, құрамындағы қоректік заттар, олардың арақатынасы дене мұқтаждығын қамтамасыз етіп тұруы қажет. Денедегі тотығу өнімдері, әсіресе белок өнімдері көбінесе уытты келеді. Арнайы ағзалары арқылы организм олардан уақытында арылып отырады.

Белок алмасуы

Белок – денеге қажет аса маңызды қоректік зат әрі клетка негізін құратын құрылыс материалы. Қоректік заттар түзілуі, ыдырауы ферменттердің қатысуымен өтеді. Ал ферменттер түгелдей белоктардан тұрады. Демек, белоксыз тіршілік жоқ, яғни белок – тіршілік көзі деген ұғымның дұрыс екенін көрсетеді. Белок құрымында 20 амин қышқылы бар, олардың 12-сі адам (жануар) денесінде түзіледі, ал 8-і сырттан келіп түседі. Алғашқылары – орны толар, соңғылары – орны толмас амин қышқылдары. Лейцин, изолейцин, валин, метионин, гистидин, аргинин, трифтофан, лизин, треонин, фенилаланин адам (жануар) денесінде түзілмейді. Бұл орны толмас амин қышқылдары аста жеткіліксіз болса, жас организм өспей қалады, жүдейді, оның өмірі қысқарады.



Көмірсу алмасуы.

Адам (жануар) денесінде көмірсу энергия көзі. 1 г. көмірсу тотықса 4,1 ккал (17,17 мДж) энергия бөлініп шығады. Көмірсу тез тотығады, оның денедегі қорынан босап шығуы оңай, сондықтан ол, әсіресе кенеттен өте шапшаң қимыл жасап, көбірек энергия жұмсарда пайдаланылады. Адамға тәулігіне 450-500 г-дай көмірсу қажет.

Әдетте қандағы қант деңгейі төмендей бастаса, гликолиз арқылы қант бауырдан босап шығады да қанға өтеді, сөйтіп қант түрақтылығы сақталады. Глюкоза бауырда ғана емес дене еттерінде де қор (1 – 2) болып гликоген күйінде сақталады. Клеткалардың көбі қаңдағы глюкозаны жұтып құрылыс (пластикалық) материалы және қуат көзі ретінде пайдаланады.

Көмірсу клеткада оттегінсіз ыдырап алдымен сүт қышқылына (анаэробтық фаза) көмірқышқылды газ бен суға айналады. Аталған заттар артық болса өкпе арқылы сыртқа шығарылады.



Май алмасу.

Көптеген ауру-сырқаулар, патологиялық процестер май алмасуының бұзылуынан болады. Май және май тәрізді қосындылар липидтер деп аталады. Адам (жануар) денесі үшін май – негізгі энергия көзі. Ересек адамда тәулігіне 70 – 100 г мал майы (тоң май, сары май мен өсімдік майы) керек. 1 г май тотықса, 9,3 ккал (38,39 кДж) жылу бөлінеді, соңдықтан да май көбінесе энергия ретінде жұмсалады.

Май алмасуын реттейтін арнайы орталық гипоталамуста орналасқан. Осы орталықтың төменгі – ішкі ядросы зақымданса, керісінше, азады (кахексия). Гипоталамус денеге вегетативтік жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездері арқылы әсер етеді. Симпатикалық жүйке жүйесі денелегі май қорының жұмсалу және тотығу қарқынын күшейтеді. Парасимпатикалық жүйке жүйесі май алмасуына керісінше әсер етеді. Гипоталамустағы орталыққа, оның қызметіне жоғары жүйке жүйесі және эмоция тудыратын лимбиялық жүйе ықпал етеді. Ішкі секреция бездерінің гормондары да май алмасуын реттеуге қатысады.

Су алмасу. Ересек адамның дене салмағының 60 – 70% су. Организм неғұрлым жас болса, соғұрлым онда су көбірек болады. Эмбрион салмағының 90%, жаңа туған нәрістенің 75%, кәрі адамның 55% су болады. Салмағы 75 кг ересек адамның организмінде 53 литрдей су бар.

Денедегі барлық сұйықтықты 2 түрге бөледі: 1. Клетка ішіндегі сұйықтық организм салмағының 70% (30 – 40 л шамасында), яғни судың көбі клетка протоплазмасының құрамында болады.

2.Клеткадан тыс тамыр ішіндегі сұйықтық (қан, лимфа) клеткааралық сұйықтық құрамына кіреді. Денедегі судың 20% (15 –17 л) клеткадан тыс сұйықтықта жатады. Оның 13 - 15% интерстициялық сұйықтық пен лимфа, ал 4 - 5% қан плазмасына кіреді.

Минерал алмасу. Академик В.И.Вернадскийдің биогеохимиялық ғылыми мектебінің зерттеуі бойынша адам денесінде Менделеев кестесіндегі барлық элементтер кездеседі. Организм құрамындағы бұл элементтерді биогендік элементтер деп атайды, себебі олар дененің барлық клетка құрамына кіреді және жануарлар мен өсімдік организмдерінің құрылым тірлігін сақтауға қажетті заттар.

К, Na, P, Ca, Cl, Mg секілді химиялық элементтер денеде бірсыпыра көбірек шамада кездеседі де, басқалары F, Cu, Mn, Co, Mo, Zn т.б. жануарлар организмінде өте аз мөлшерде болады. Оларды микроэлементтер деп атайды. Олардың организм үшін маңызы өте зор.

Барлық тұздардың организмдегі маңызы өте күшті.


  1. олар қан мен тканьдегі осмостық қысымды реттейді;

2) қанның сілтілі-қышқылды реакциясының тепе-теңдігін және қанның белсенді реакциясын бірқалыпты сақтауға қатысады;

3)минералды заттар катализаторлық қызмет (химиялық реакцияларды тездетеді) атқарады.

4)Тұздар құрылыс пластикалық материал ретінде қанқаның, организмдегі барлық клетка құрылымының құрамына кіреді, бірақ белок, май, көмірсудан ерекшелігі, минералдық тұздардың энергиялық маңызы жоқ.

Тұздардың артық мөлшері денеде қор түрінде сақталуы мүмкін. Мысалы, NaCl теріде сақталып, организмге қажет жағдайда пайдаланылады. Fe бауыр мен көкбауырда, Са мен Р - сүйекте, К – етте сақталады. Са түздары екіқабат әйелдің организмінен оның баласының қажетіне пайдаланылады.

Қалыпты дұрыс тамақтанатын адам жеткілікті мөлшерде минерал тұздарын қабылдайды. Өсіп келе жатқан организмге тұз көп мөлшерде қажет, әсіресе Са, Р тұздары сүйек, жүйке, тканьге өте қажет.

Су мен тұз алмасуының реттелуі. Гиппоталамуста ерекше шөлдеу және тұз алуына арналған жүйке орталықтары бар.

Бұл орталықтарға ауыз қуысының шырышты қабатында орналасқан осморецепторлардан (ауыз құрғағанда) мәліметтер келіп тұрады, рефлекстік афференттік жауаптар, гуморальдық факторлар, гормондар қатысуымен жүреді.

Тұздардың, әсіресе натрий тұзының алмасуын реттеуге бүйрекүсті безінің гормондары қатысады.

Кальцийдің алмасуына паратгормон, тирокальцитонин, Д3 витамині әсер етеді. Д3 витамині – Д витаминнің гормондық түрі, ас құрамындағы кальцийдің ішекте сіңуіне және оның бүйректе қайта сіңуіне, кальцийдің сүйекте жиналуына әсер етеді.

Адамда (жануарда) зат алмасуы мен энергия алмасуы өзара тығыз байланысқан үздіксіз жүріп жататын біртұтас процесс.

Негізгі зат алмасу

Жұмсалған энергия мөлшері айналадағы температураға, істелген жұмыстың, ішілген астың түріне, оның мөлшері мен құрамына, денедегі зат алмасу қарқынына т.б. жағдайларға байланысты.

Энергия жұмсалуы стандартты жағдайда өлшенеді. Денеден шығатын энергия стандартты жағдайда жұмсалатын энергиямен салыстырылады. Стандартты жағдайда жұмсалған энергия негізгі алмасу деп аталады.

Негізгі алмасу деңгейі адамның салмағына, бойына, жасына, жынысына байланысты. Жұмсалған энергия мөлшері салмаққа байланысты болғандықтан ол адамның 1 кг салмағына жұмсалатын энергиямен белгіленеді. Орта бойлы (170 см) 25 – 40 жастағы адам 1 сағат ішінде салмағының әрбір килограмына 1 ккал (4,2 кДж) энергия жұмсайды. Салмағы 70 кг ер адам тәулігіне денесінен 1700 ккал (7117 кДж) энергия бөліп шығарады.

Ер адамға қарағанда әйелде заттар алмасу қарқыны 10% төмен. Негізгі алмасу адамның көніл-күйіне (эмоцияға) қарай да өзгеріп отырады. Көніл-күйі өзгергең адамда симпатикалық жүйке жүйесінің тонусы жоғарылайды, зат алмасу қарқыны күшейеді. Жұмсалған энергия мөлшерін адам денесі аумағының әр шаршы метріне шақса, барлық жағдайда да энергия шығыны біркелкі болады.

Өзбетімен дайындалуға сұрақтар:

1.Зат алмасудың кезеңдері яғни бірінші,екінші, үшінші қалай өтеді?

2.Алмасу кезінде ферменттердің қандай ролі бар?

3.Биологиялық катализаторлар дегеніміз не?

4.Белоктардың алмасуы қалай өтеді?

5.Азот балансы дегеніміз не?

6. Адам жасына және салмағына қарай бір тәулікте қанша белок қабылдау керек?

Қолданылатын әдебиеттер:

1.Абрамов В.В. Иммундық және жүйкелік жүйелердің интеграциясы.Новособирск,1991.

2.Батуев А.С. Жоғары дәрежелі жүйке жүйе физиологиясы.Жоғары мектеп.М.,1991.

3.Дубровский В.И. Валеология. 1998.

4.Сәтпаева Х.Қ.,Нілдібаева Ж.Б.-Адам физиологиясы .Алматы: «Білім» 1995

Дәріс№12

Тақырыбы: Жылу алмасу және жас ерекшеліктері

Мақсаты: Зат алмасу процесінің барсыныды түзілетін кейбір ыдырау өнімдерін организм пайдалана алмайды.Соған байланысты ыдырау өнімдері бірте-бірте көбейе берсе, организмдуі улап тіршілік процесіне үлкен зиянын тигізеді.Әртүрлі ауруларға байланысты бүйректің де жұмысы нашарлайды.Сондықтан адам организмінде судың,заттың, минералды затттардың, көміртектің т.б., алмасуы үлкен роль атқарады.

Негізгі сұрақтар қысқаша мазмұны:

1.Заттардың алмасуы.

2.Белоктың алмасуы

3.Судың алмасуы

4.Көміртектердің алмасуы

5.Майлардың алмасуы

Зат алмасу процесі пайда болған қалдық заттарды сыртқа шығарумен аяқталады. Күрделі диссимиляция (ыдырау) процестері қорытындысына денеде зат алмасуының ең соңғы өнімдері – «қалдық зат» (шлак) пайда болады. Шлак организмде пайдаланылмайды, ал қор болып жиналып қалса оны уландырады, әсіресе белок алмасуы барысында түзілетін мочевина, несеп қышқылы, креатинин, аммоний тұздары сияқты заттар өте улы келеді. Олар сондай-ақ көмірсу мен май алмасуының соңғы ыдырау өнімі – көмір қышқылы мен су. Барлық зат алмасу процесінің нәтижесінде бөлінген қалдық заттар организмнен шығару мүшелері арқылы сыртқа шығады.

Адам мен жануарлардың сыртқа шығару мүшелері: бүйрек, тер бездері, өкпе, ас қорыту түтігі.

Сыртқа шығару тіршілікке өте қажет физиологиялық процесс. Сыртқа шығару процесі бұзылса, көптеген физиологиялық процестер бұзылады. Солардың бірі – уремия, белок алмасуының соңғы ыдырау өнімдері (мочевина, несеп қышқылы) жиналып қанға өтеді де организмді уландырады.

Сонымен, экстреторлық мүшелердің негізгі қызметі – денедегі зат алмасудың соңғы өнімдерін, өзге текті басқа заттарды, мәселен, дәрі-дәрмектерді сыртқа шығарып отыру.

Сыртқа шығару ағзалары мүнымен қатар бірнеше қосалқы қызмет атқарады. Гомеостаздың, яғни ішкі орта тұрақтылығын – қан құрамы мен қасиеттерін лимфаның интерстициялық сұйық пен ликвор құрамының тұрақтылығын сақтайды.

Сыртқа шығару ағзаларының қан құрамындағы және денедегі басқа сұйықтықтар құрамындағы иондар концентрациясының тұрақтылығын (изоиония) және қан мен басқа биологиялық сұйықтардың осмостық қысымының тұрақтылығын (изоосмия), денедегі қышқылдар мен негіздер тепе-теңдігінің тұрақтылығын (изогидрия) қамтамасыз етеді. Экскрециялық ағзалар денедегі басы артық қышқылдар мен сілтілерді сыртқа шығарып отырады. Мұнымен қатар клетка ішіндегі және сыртындағы сұйықтықтармен әрдәйім алмасып қанның тамырдағы көлемдік тұрақтылығын (изоволемия) сақтайды.

Бүйрек эритроцит түзілуі (эритропоэз) процесіне де қатысады, яғни эритроциттердің пісіп жетіліп, қан арнасына қосылуына әсер етеді, қан түзілуін күшейтетін арнайы полипептидтер (гемопоэтин, эритропоэтин, лейкопоэтин) бүйректе түзілетіні дәлелденіп отыр.

Бүйрек аса маңызды биологиялық процесс – қан ұюына қатысады. Бүйректе қанның ұюына кедергі жасап, қан тамырында тромба пайда болуына қарсы тұратын фибрин еріткіш арнайы зат урокиназа ферменті түзіледі. Урокиназа бүйректегі қан айналысын жақсартады. Бүйрек тамырлары арқылы бір тәулікте 1400 – 1800 л қан өтетінін еске алсақ, оның қандай маңызы бар екені айтпаса да түсінікті. Урокиназаның әлсіз-күштілігін білу арқылы бүйрек ауруларын дәл аңықтауға болады, сондықтан да бұл әдіс клиникада кеңінен пайдаланылады.

Бауырда түзілген дәрітсіз алғашқы гормон – витамин Д3 бүйректе физиологиялық белсенді гормонға айналып, ішекте кальцийдің сіңуін күшейтеді. Сүйек тканінен алынған витамин Д гормоны да бүйрек түтікшелерінен кальций ионының кері сіңуін тездетеді.

Бүйректің белок көмірсу және липидтер алмасуына қатысады.



Бүйрек

Бүйректің негізгі қызметі – несеп тұзу. Ересек адамда тәулігіне 1000 – 1800 мл несеп түзіледі. Физиологиялық жағдайда оның үш түрін байқауға: олигурия – тәуліктік диурездің азаюы; полиурия – тәуліктік диурездің көбеюі, анурия – несеп түзілуінің тоқтауы. Ауруға шалдыққан кездерде туатын өзгерістер – энурез, никтурия. Бүйректегі күрделі зәр жасалуды терең түсіну үшін несеп пен қан плазмасының құрамдарындағы әртүрлі заттардың өзара қатынасын салыстырып қарау керек, үйткені бүйрек арқылы зат алмасу процесінің соңғы қалдықтары шығарылады.



Қан мен несеп құрамында кездесетін кейбір заттар

(А.Кешни бойынша)


Зат аттары

Көлемі процент есебі мен қан плазмасында

Несеп құрамындағы заттың қан құрамындағыдан айырмашылығы

Алғашқы несепте

Соңғы несепте

Мочевина

Несеп қышқылы

Глюкоза

Калий


Натрий

Фосфаттар

Сульфаттар

Белок


Креатинин

0,03

0,004


0,1-1,15

0,02


0,32

0,009


0,002

7,0-8,0


0,001

2,0-3,0

0,05


-

0,15


0,35

0,15


0,18

-

0,075



67-70 есе көп

12 есе көп

несепте болмайды

7 есе көп

7 еседей көп

16 есе көп

90 есе көп

несепте болмайды

75 есе көп


Ересек адам несебінің құрамымен орта есеппен алғанда тәулігіне 30 г дейін мочевина (12 г-нан 36 г-ға дейін) шығарылады. Несеппен шығарылатын азоттың жалпы саны тәулікте 10 г-нан 18 г дейін өзгеріп отырады. Оның мөлшері белоққа бай тамақ ішкенде, ауырғанда, әсіресе белок көп ыдырайтын ауруларда жоғарылайды. Қалыпты жағдайда несеппен глюкоза, белок шығарылмайды.

Бүйрек жұп мүше, салмағы 120-200 г. Бүйректің негізгі морфофункциялық құрылымы – нефрон, ол мальпиги шумақтары мен бүйрек түтікшелерінен тұрады. Әрбір бүйректе 1 млн-ға жуық нефрон бар. Олар қан, лимфа тамырларымен жиі торланған және араларында интерстициальдық сұйықтық болады. Әрбір нефронда бір-біріне тәуелді аса күрделі процестер жүріп жатады. Соның нәтижесінде бүйректе несеп түзіледі.

Нефрон құрылысы - өте күрделі. Ол Шумлянский – Боумен капсуласымен, артериялық капилляр шумағынан, яғни Мальпиги шумағынан және түтікшелерден тұрады. Нефронның шумақтық бөлігі гломерулалық бөлім деп аталады. Шумлянский – Боумен капсуласы түптеп келгенде бүйрек түтікшелеріне айналады. Сондықтан оны нефронның түтікше бөлімі деп те атайды. Бұл, бүйректің қыртысы бөлімінде, ал Генле ілмешегі және несеп жиналатын түтіктер ми бөлімінде болады. Әр бөлімнің өз құрылымдық ерекшеліктері болады.

Бүйректің организмдегі ең негізгі қызметі – шығару. Сонымен қатар ішкі орта тұрақтылығын, сілті-қышқыл теңдігін, осмос қысымын, тамырындағы қан көлемін, басқа да ішкі сұйықтық ортаның көрсеткіштерін қамтамасыз ететін бір топ функциональдық жүйе жұмысын орындатуға қатысады. Бүйрекпен шығарылатын несеп құрамы, қасиеті және мөлшері, ондағы пайда болған әртүрлі өзгерістерге байланысты. Осыған сәйкес, ішкі және сыртқы ортаның әртүрлі күрт өзгерістерінің әсерінен пайда болған информация орталық жүйке жүйесіне толып жатқан саны көп әртүрлі рецепторлардан мысалы, ноцицептивтік немесе ауру, қысым, хемо-, волюмо-, термо-тағы да басқа рецепторлардан барады.

Бүйрек вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимптикалық жүйкелерімен қамтамасыз етілген.

Бүйректің симпатикалық жүйкесі кесілсе, несеппен хлорлы тұздардың шығарылу мөлшері көбейеді. Симпатикалық жүйкені тітіркендіргенде негізінен Мальпиги шумақтарының қан тамырлары тарылады да, бүйректе несеп жасалуы бір бағытта өзгермейді. Артериола тарылғанда, осы әсерге байланысты несеп шығарылу мөлшері едәуір азаяды. Ал егер де қанды алып кететін тамыр тарылса, сүзілу қысымы жоғарылап, несеп жасалу көбейеді.

Тәжірибелер жүргізіп, мидың қыртыс қабаты бөлімдерін – мидың төртінші қарынша түбін, сопақша ми, көру төмпешігіне мишықты т.б. әртүрлі әдістермен тітіркендіргенде несеп жасалу процесі өзгеретіні аңықталған.

Жүйкесі кесілген бүйректе тітіркендіргіштердің ауырсыну әсері гипоталамус арқылы, ал одан – гипофизге әсер етіп, антидиуретикалық гормон бөлінеді (АДГ).

Бұл гормон рефлекстік механизм қатысуымен бүйректе несептің жасалуын және оның құрамын реттейді.

Адреналин қанды алып кететін артериолаларды тарылтып, шумақ нефрондарында сүзілу қысымын жоғарылатып, кәдімгі диурезді көбейтеді. Адреналин дозасы көп болса, несеп жасалуды едәуір төмендетеді, тұздардың шығарылуын жоғарылатады, эмоция уақытында АДГ бөлінуін төмендетеді. Бүйрек қызметіне, бүйрекусті безінің гормондары да әсер етеді.

Гипофиздің алдыңғы бөлімінің соматотропты гормоны, организмдегі жалпы зат алмасу дәрежесіне әсер ету арқылы диурезді көбейтеді.

Диссимиляцияның, органикалық заттардың көпшілігі шумақтағы сүзілуді көбейтеді. Тироксин де бүйрекке осындай әсер етеді. Инсулин клеткааралық кеңістікте судың ұсталуына әсер етеді, ал ол олигурияға әкеліп соғуы мүмкін.

Несеп бүйректе көп немесе аз мөлшерде үздіксіз жасалады, бірақ оның организмнен шығарылуы белгілі бір уақыт арасында орындалады. Ересек адамдарда қалыпты жағдайда тәулігіне 2-3 рет, ал балаларда жас ерекшелігіне қарай жиі шығарылады. Несеп шығаратын мүшелерге несепағар, қуық және несеп шығаратын түтік жатады.

Бүйректе жасалынған несеп жинағыш түтіктерден тостағаншаларға өтеді, тостағаншалар толып жиырылуынан, бүйрек түбегі арқылы несепағарға ауысады. Несепағардың толқынды жиырылуынан аз көлемді несеп 2-3 мм/с жылдамдықпен қуыққа құйылады.

Симпатикалық жүйке несеп ағардың перистатикалық жиырылуын күшейтіп, қуық қабырғасы еттерін босаңсытады және несеп шығаратын түтік сфинктерінің тонусын жоғарылатады. Бұл жағдай қуықта несеп жиналуына мүмкіндік тұғызады.

Парасимпатикалық жүйке әсерінен қуық еттері жиырылып, несеп шығаратын түтіктің сфинктер еттері босаңсиды, соның нәтижесінде қуық несептен босатылады.



Өзбетімен дайындалуға сұрақтар:
Қолданылатын әдебиеттер:

1.Абрамов В.В. Иммундық және жүйкелік жүйелердің интеграциясы.Новособирск,1991.

2.Батуев А.С. Жоғары дәрежелі жүйке жүйе физиологиясы.Жоғары мектеп.М.,1991.

3.Дубровский В.И. Валеология. 1998.

4.Сәтпаева Х.Қ.,Нілдібаева Ж.Б.-Адам физиологиясы .Алматы: «Білім» 1995
Дәріс№13


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет