ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физикадағы компьютерлік әдістер» 5В012000 – «Кәсіптік білім» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет7/31
Дата23.08.2017
өлшемі3,67 Mb.
#25705
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31

Сондықтан электометрдің заряды өзгермейді. Яғни, фотоэффект – жарықтың әсерінен металдардан электрондардың ыршып шығу құбылысы. Фотоэффект құбылысын тереңірек зерттеу үшін жоғарыдағы 1-суретте кескінделген құрылғының жұмыс жасау механизміне толығырақ тоқталайық.

Құрылғының басты бөлігі – вакуумдық фотоэлемент, оның көмегімен фототоктың берілетін кернеуге, жарық интенсивтілігіне және оның спектральдық құрамына тәуелделігі зерттеледі. Мұнда анод (А) пен катод (К) пластинкалары ішінен ауасы шығарылған шыны түтіктің ішіне орнатылған. Бұл түтіктің бүйіріндегі кварц шынымен жабылған кішкене саңылаудан түсірілген монохрамат жарық әсерінен К пластинка бетінен электрондар бөлініп шығады, олар К мен А арасында батарея қоздырған электр өрісінде қозғалып оң полюспен жалғастырылған А пластинкаға барады, одан әрі сыммен жүріп миллиамперметрден өтеді, тізбекте фототок байқалады. Фототок күші миллиамперметрмен, А мен К пластинкалары арасындағы потенциалдар айырмасы вольтметрмен өлшенеді. Тәжірибеге қарағанда А мен К пластинкалары потенциалдарының айырмасы нолге тең болған жағдайда да тізбекте фототок болады.

Әсер етуші жарықтың спектрлік құрамы мен оның ағынының қуаты тұрақты болған жағдайда фототоктың күші А мен К пластинкаларының потенциалдар айырмасына тәуелді болады. Үдетуші потенциалдар айырмасы артқанда фототок күші де артады. Үдетуші потенциал мәні бір белгілі шамаға жеткен соң фототок күші артпайды, фототок күші қанығу мәніне жетеді. Яғни, алдымен тәжірибе жүзінде қанығу тогы болатындығы, оның мәні жарық интенсивтілігне тәуелді екендігі анықталады. Өлшеу нәтижесінде фототоктың кернеуге және жарық интенсивтілігіне тәуелділігінің графигі салынады. Мұнда интенсивтілігіне сәйкес қанығу тогы , ал интенсивтілігіне сәйкес қанығу тогы ().


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет