Зертханалық жұмысты қорғау бойынша бақылау сұрақтары:
1.Жылу мөлшеріне анықтама беріңдер.
2.Меншікті жылусыйымдылық дегеніміз не?
3.Молярлық жылусыйымдылықты есептеу формуласын көрсетіңдер.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 10-11
ТАҚЫРЫБЫ: «Электродинамика бойынша лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (2 с.)
Мақсаты: Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Тізбек бөлігі үшін Ом заңын тексеру», «Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау», «Электр тізбегін жинау және оның әртүрлі бөлігіндегі ток күшін, кернеуді өлшеу»
Зертханалық жұмысты орындауға жіберу бойынша бақылау сұрақтары:
1.Өткізгіштерді параллель жалғағанда ток күші неге тең болады?
2.Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда кернеу неге тең болады?
3.Өткізгіштерді параллель жалғағанда эквивалентті кедергі неге тең болады?
4. Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда эквивалентті кедергі неге тең болады?
Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау 19-суретте көрсетілген сызбаны жинаңдар.
19-сурет
2.Реостаттың тетігін ортасына қойыңдар.
3.Ток күші мен кернеуді өлшеп, кестеге жазыңдар.
4.Кедергі шамасын есептеңдер.
5.Реостаттың қалпын өзгертіп, ток күші мен кернеуді өлшеңдер.
6.Тәжірибені бірнеше рет қайталаңдар.
7.50 Ом және 100 Ом кедергілі резисторлармен алмастырып, тәжірибені қайталаңдар.
20-сурет
1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |