ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физиканы оқытудың жаңа технологиялары»


Зертханалық жұмысты қорғау бойынша бақылау сұрақтары



бет34/34
Дата28.06.2017
өлшемі5,2 Mb.
#20379
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

Зертханалық жұмысты қорғау бойынша бақылау сұрақтары:

1.Амперметр тізбекке қалай жалғанады?

2. Ток күшінің өлшем бірлігі?

3.Электр тогының қуатын қандай формуланың көмегімен есептейді?



ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 14-15

ТАҚЫРЫБЫ: «Оптика. Кванттық физика бойынша виртуалды лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (2 с.)

Мақсаты: Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Жинағыш линзаның оптикалық күші мен фокус қашықтығын анықтау», «Судың сыну көрсеткішін анықтау», «Жазық пластиналардың көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтау», «Жарықтың интерференциясы мен дифракциясын бақылау», «Дифракциялық тордың көмегімен жарық толқынының ұзындығын анықтау».

Зертханалық жұмысты орындауға жіберу бойынша бақылау сұрақтары:

1.фокус аралығы ұғымына түсініктеме беріңдер.


Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау

1.Фокустық қашықтығы 5 см линзаны алыңдар.

2.Линзаны экраннан 10 см қашықтыққа орналастырыңдар.

3.Жарық көзін экраннан 5 см қашықтықта орналастырыңдар.

4.Экранда анық кескін пайда болғанда жарық көзін қозғаңдар.

5.Алынған мәліметтерді кестеге жазыңдар.



25-сурет
1-кесте


6.Фокустық қашықтығы 3 см линзаны алыңдар.

7. Жарық көзін экраннан 30 см қашықтықта орналастырыңдар.

8.Линзаны экраннан 15 см қашықтыққа орналастырыңдар.

9.Экранда анық кескін пайда болғанда линзаны қозғаңдар.

10.Алынған мәліметтерді кестеге жазыңдар.

Зертханалық жұмысты қорғау бойынша бақылау сұрақтары:

1.Жарық көзі линзадан 20 см қашықтықта орналасқан, линзаның фокустық қашықтығы 7 см тең. Кескін анық болуы үшін линзаны экраннан қандай қашықтықта орнаастыру керек?

2.Жарық көзін экраннан 50 см қашықтыққа жылжытуға болады. Жоғарыда көрсетілген әдіспен қандай максимальды фокустық қаштықты өлшеуге болады?
3. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

5.1. Физикадан 7-11 сыныптардың күнтізбелік жоспарын жасау.

5.2. Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларына шолу

5.3.Физика сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды қолдану мысалдары


Тест тапсырмалары

1 Сабақ жоспары төмендегі элементтерді қамтуы керек: 1- сабақтың тақырыбы мен міндеттерін; 2- сабақты өткізудің уақыты көрсетілген кезеңдерін; 3-білімдерді тексерудің мазмұны мен әдістерін; 4-жаңа материалды меңгеру әдістері мен жалғасымдылығын; 5-қажетті мәліметтерімен қойылған демонстарциялар тізімі; 6-ОТҚ (ТСО) және көрнекіліктердің тізімі; 7-шығарылған есептер мен жаттығулар; 8-үй тапсырмасы

1,4,8 жеткілікті

1,2,3


4,8

+1- 8 көрсетілгендердің барлығы

3,5,8
2 Танымдық қызығушылықты дамытудың негізгі кезеңдер:

+Қызғушылықтың пайда болуы (любопытства) → қызыға білушілік (любознательность) → эпизодтық қызығушылық → тұрақты танымдық қызығушылық → жеке адамға бағытталушылық

Қызғушылықтың пайда болуы (любопытства) → қызыға білушілік (любознательность) → жеке адамға бағытталушылық

Қызыға білушілік (любознательность) → эпизодтық қызығушылық → тұрақты танымдық қызығушылық

Қызыға білушілік (любознательность) → тұрақты танымдық қызығушылық

Эпизодтық қызығушылық → тұрақты танымдық қызығушылық → жеке адамға бағытталушылық


3 Көрсетілген сабақ түрлері сабақтың қандай түрлеріне жатады: дәріс-сабақ; әңгіме-сабақ; практикалық жұмыстарды орындау сабағы; теориялық зерттеулерді орындау сабағы; аралас сабақ (яғни жұмыстың әртүрі қамтылған)?

Білімді тексеру және түзету сабақтары

Білімді жалпылау және жүйелеу сабақтары

Білімді, іскерлікті және дағдыларды жетілдіру сабақтары

+Жаңа оқу материалын меңгерту сабағы

А- D жауаптарының ішінде дұрысы жоқ


4 Көрсетілген сабақ түрлері сабақтың қандай түрлеріне жатады: есептер шығару сабағы; өз бетінше жұмыстарды орындау сабағы; лабораториялық жұмыс сабағы; экскурсия сабағы; семинар?

Білімді тексеру және түзету сабақтары

Білімді жалпылау және жүйелеу сабақтары

+Білімді, іскерлікті және дағдыларды жетілдіру сабақтары

Жаңа оқу материалын меңгерту сабағы

А- D жауаптарының ішінде дұрысы жоқ


5 Көрсетілген сабақ түрлері сабақтың қандай түрлеріне жатады: ауызша және жазбаша сұрау; сынақ; сынақтық лабораториялық жұмыс; бақылау жұмысы?

+Білімді тексеру және түзету сабақтары

Білімді жалпылау және жүйелеу сабақтары

Білімді, іскерлікті және дағдыларды жетілдіру сабақтары

Жаңа оқу материалын меңгерту сабағы

А- D жауаптарының ішінде дұрысы жоқ


6 Физика бойынша оқушылардың жетістігін тексеру әдістеріне жатады:

Ауызша фронтальды және жеке тексеру

+Ауызша, жазбаша тексеру, практикалық іскерлікті тексеру

Жеке және фронтальды лабораториялық жұмыс, жазбаша тексеру

Практикалық іскерлікті тексеру

Бақылау жұмыстары


7 Оқушылардың нақты білімін анықтау үшін жүргізіледі:

+Оқушының білімін және іскерлігін алдын-ала тексеру

Оқушының білімін және іскерлігін ағымдық тексеру

Оқушының білімін және іскерлігін периодты тексеру

Оқушының білімін және іскерлігін қорытынды тексеру

Оқушының білімін және іскерлігін тексерудің кез-келген түрі қолданылуы мүмкін


8 Оқу материалын меңгеру және оқыту кезеңдерінің барлығында өткізіледі:

Оқушының білімін және іскерлігін алдын-ала тексеру

+Оқушының білімін және іскерлігін ағымдық тексеру

Оқушының білімін және іскерлігін периодты тексеру

Оқушының білімін және іскерлігін қорытынды тексеру

Оқушының білімін және іскерлігін тексерудің кез-келген түрі қолданылуы мүмкін


9 Оқу үрдісінде өзіндік жұмыстың мынадай түрлері қарастырылған.

+1) Үлгі бойынша орындалатын; 2) Реконструктивті – вариативтік; 3) Жаңалық ашатын; 4) Шығармашылық.

1) Реконструктивті – вариативтік; 2) Жаңалық ашатын; 3) Шығармашылық; 4) Эвристикалық

1)Үлгі бойынша орындалатын; 2) Эвристикалық; 3) Жаңалық ашатын; 4) Шығармашылық.

1) Жаңалық ашатын; 2) Шығармашылық.

1)Үйде орындайтын 2) Реконструктивті – вариативтік; 3) Жаңалық ашатын; 4) Шығармашылық.


10 Оқушылардың өздік жұмысы деп

+арнаулы осы жұмыс үшін берілген уақыттағы, олардың мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ, мұғалімнің -тапсыруымен, бақылауымен және басшылығымен орындайтын жұмысын айтады.

-мұғалімнің қатысуынсыз, мұғалімнің бақылауымен және басшылығымен орындайтын жұмысын айтады.

-оқушылардың арнаулы осы жұмыс үшін берілген уақыттағы орындайтын жұмысын айтады.

-мұғалімнің тапсыруымен оқушылардың орындайтын жұмысын айтады.
11 Физиканы оқыту процесінде оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың формалары:

+жаңа білімдерді меңгеру бойынша жұмыстар; іскерліктер мен дағдыларды игеру бойынша жұмыстар; іскерліктер мен дағдыларды қолдану бойынша жұмыстар; білімді, іскерлікті және дағдыны пысықтау бойынша жұмыстар;

-жаңа білімдерді меңгеру бойынша жұмыстар;

-жаңа білімдерді меңгеру бойынша жұмыстар; іскерліктер мен дағдыларды игеру бойынша жұмыстар;

-жаңа білімдерді меңгеру бойынша жұмыстар; білімді, іскерлікті және дағдыны пысықтау бойынша жұмыстар;

-білімді, іскерлікті және дағдыны пысықтау бойынша жұмыстар.


12 Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек:

+Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек; өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс; өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек; әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек;

Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек; әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек;

Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек;

Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек;

Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек; әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек


13 Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары:

+мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі; жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі; мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі; оған әсер ететін мотивтер;

мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;

мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;

жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі; мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері;

жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі; оған әсер ететін мотивтер;


14 Физика курсының бөлімін, тақырыбын меңгергеннен кейін немесе оқу тоқсанының соңында әдетте өткізіледі:

Оқушының білімін және іскерлігін алдын-ала тексеру;

Оқушының білімін және іскерлігін ағымдық тексеру;

+Оқушының білімін және іскерлігін периодты тексеру;

Оқушының білімін және іскерлігін қорытынды тексеру;

Оқушының білімін және іскерлігін тексерудің кез-келген түрі қолданылуы мүмкін.


15 Физика бойынша оқушылардың жетістігін тексеру әдістеріне жатады:

Ауызша фронтальды және жеке тексеру;

+Ауызша, жазбаша тексеру, практикалық іскерлікті тексеру;

Жеке және фронтальды лабораториялық жұмыс, жазбаша тексеру;

Практикалық іскерлікті тексеру;

Бақылау жұмыстары.


16 Оқытудың экранды-дыбыстық техикалық тәсіліне жатқызуға болады:

Радио, магнитофон;

Телевизор;

+Телевизор, кинопроектор, бейнемагнитофон;

Кинопроектор, магнитофон;

Кинопроектор, магнитофон, радио.


17 Орын ауыстыру дегеніміз

+кеңістіктегі бастапқы және соңғы нүктелерді қосатын дененің бағытталған кесіндісі;

траектория ұзындығы;

дененің жүрген жолы;

бағытталған кесінді;

қозғалыстағы дененің кесіндісі.


18 Еркін түсу үдеуі дегеніміз –

+тек қана ауырлық күшінің әсерінен дененің қозғалысы;

серпімділік күшінің әсерінен дененің қозғалысы;

ауа кедергісі әсерінен дененің қозғалысы;

үйкеліс күшінің әсерінен дененің қозғалысы;

ауырлық күшін ескермегенде дененің қозғалысы.


19 Жаңбыр тамшысын Жерге құлататын күш

серпімділік күші;

үйкеліс күші;

+ауырлық күші;

кулондық күш;

кері итеруші күш.


20 Дененің потенциалдық энергиясы дегеніміз

дененің қозғалыс энергиясы;

дененің жылдамдығының өзгеру энергиясы;

+серпінді деформацияланған денеің энергиясы;



ыстық дененің суық денеге берген энергиясы;

дене молекулаларының қозғалысымен байланысты энергиясы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет