Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химия есептерін шығару әдістемесі»


§ 3. Химия сабағында сандық есептерді пайдалану әдістемесі



бет31/109
Дата07.02.2022
өлшемі4,92 Mb.
#83942
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   109
Байланысты:
285b4f1b-dc71-11e4-b960-f6d299da70eeУММ ХЕШ (2)

§ 3. Химия сабағында сандық есептерді пайдалану әдістемесі
Сандық есептерді мынадай жағдайларда пайдалануға болады:
1. Жаңа сабақты түсіндіргенде, сабақты бекіткенде, үйге тапсырма бергенде, күнделікті білімді тексергенде
2.. Оқылған материалдарды қайталауға және қорытынды сабақтарда, өзіндік жұмыстарда, бақылау жұмысында, факультативтік сабақтарда және сыныптан тыс жұмыстарда (үйірмеде) т.б.

3. Жаңа сабақты өткенде сандық есептерді пайдалану


Жаңа сабақты түсіндіргенде қаралатын сұрақтарды, заңдылықтарды қорытындылау үшін, мәнін ашып көрсету үшін, оқушылар өз бетімен қорытынды жасау үшін есеп шығару әдісі қолданылады.Мысалы: «Альдегид»- тақырыбында мұғалім кіріспе сөзінде өткен сабақта спирттер класын өткендерін, енді бүгін жаңа қосылыстардың класы қарастырылатыны айтылады. Сөйтіп есеп шығартылады. Есептің мазмұны алдын-ала тақтада жазулы тұрады.
Есеп № 1. Белгісіз заттың құрамына 53,3%- О , 40 % -С және 6,7 % -Н кіретін болса, егер оның сутегі бойынша тығыздығы 15 болса, қарапайым қосылыстың молекулалық формуласын анықтаңдар.

Берілгені: Есепті талдау кезінде мынаны анықтайды: формула


dH2=15 арқылы әрбір элемент атомының санын анықтау керек.
W(O)=0.533
W(C)=0.400 W= n · Ar : Mr
W(H)=0.067
Формула-? n = W ∙ Mr : Ar Mr = 2· dH2 орнына қойып мына
формуланы аламыз:
n = W ∙ 2 ∙ dH2 : Ar
Ar (O) =16, Ar(C) =12, Ar(H) = 1
Содан кейін n мәнің табамыз: n(O) = 0.533 ∙ 2 ∙ 15: 16 = 0.99 =1
n(C) = 0.400 ∙ 2 ∙ 15 : 12 = 0.99 =1
n (H) = (0.067 · 2 ∙ 15) : 1= 2
Бұдан келіп мынадай формула шығады: CH2O Бұл формуланың салыстырмалы молекулалық массасы анықталады.
Mr(CH2O) =12+2+16 =30 Mr =2 dH2 , Mr =2 ∙ 15 =30
Осыдан кейін мұғалім жаңа қосылыстың формуласы CH2O дейді. Ал спирттің формуласы CH4O(метил спирті). Екеуін салыстырып ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.
CH4O -2Н→ CH2O
спирт альдегид
Жаңа сабақты өткенде химиялық заңдылықтар мен теориялық қағидаларды дәлелдеу үшін сандық есептерді пайдаланудың орны ерекше.
Мысалы: Зат массаның сақталу заңын өткенде оқушыларға мынадай есеп беруге болады:
Есеп № 1. 2,17 г HgO ыдырағанда 0,16 г оттегі бөлінеді. Реакция нәтижесінде қанша грамм сынап түзіледі: Мынаны ескеріңдер, бұл реакцияда басқа заттар түзілмейді.
Есеп № 2. 4 г күкірт қалдықсыз 7 г Fe әрекеттеседі. Алынған FeS массасы қандай? Бұл есеперді шығару арқылы, зат массасын сақталу заңына сүйеніп және реакциядан кейінгі заттардың массаларын есептеуге үйренеді.
Авагадро заңы өтілгенде мынадай есеп беруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет