Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химия есептерін шығару әдістемесі»


Есеп № 1. 14 г азот , 16 г оттегі , 17 г аммиак (қ.ж) қандай көлем алады? Есеп № 2



бет32/109
Дата07.02.2022
өлшемі4,92 Mb.
#83942
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   109
Байланысты:
285b4f1b-dc71-11e4-b960-f6d299da70eeУММ ХЕШ (2)

Есеп № 1. 14 г азот , 16 г оттегі , 17 г аммиак (қ.ж) қандай көлем алады?
Есеп № 2. Көлемі 1м3 тең (қ.ж) кез келген газдың заттық мөлшері қандай?
Есеп № 3. 1г CaCO3 термиялық ыдырағанда (қ.ж) қандай көлем СО2 бөлінеді?
Есеп № 4. 1 л газ (қ.ж) 1,25 г тең. Газдың салыстырмалы молекулалық массасы қанша?
Есеп № 5. 1моль Н2, О2, СО2 көлемін табыңдар, егер олардың p(H2)=0.089г/л, p(O2)=1,43 г/л, p(CO2)=1,96 г/л болса,
Шешуі: Оқушылар формуланы пайдаланып V = m / р есептейді,
«m» орнына «М» алады, себебі 1моль заттың массасы, моль массаға тең болады: М(Н2) =2г/моль; М(О2) = 32 г/моль; М(СО2) =44 г/моль
Vm(H2) = 2г/моль = 22,4 л/моль
0,089г/л
Vm(О2) = 32г/моль = 22,4 л/моль
1,43г/л
Vm(СО2) = 44г/моль = 22,4 л/моль
1,98г/л
Алынған мәліметтен оқушылар молярлық көлемнің 22,4л тең екендігін біледі, осыдан кейін мұғалім бірдей көлемде әртүрлі газдардың молекула саны бірдей болатындығын айтып, Авогадро заңының анықтамасын айтады. «Моль» деген ұғымды түсіндіру үшін мұғалім алдымен оның анықтамасын айтып есеп шығартады.
Есеп №6. Заттың өлшем бірлігі мольге қанша бөлшек сан кіреді?
Мысалы: 12г С атомында және 32г оттегі молекуласында қанша бөлшек саны болады?

m0 (С) = 0,2·10-24 г m0 2) = 53,2·10-24 г


Шешуі: NА (С) = 12г : 0,2·10-24г = 6·1023:
NА 2) = 32 г : 53,2·10-24г = 6·1023:
Осыдан оқушылар қорытынды жасап, кез-келген заттың 1молі 6·1023тең екендігін анықтайды.
Жаңа сабақты түсіндіргенде, есепке байланысты талқылауды мұғалім өзі жүргізеді, тек кейбір есептеулерге ғана оқушыларды қатыстырады.
Бекітуде жаңа сабақтағы сияқты есептерді беруге болады, тек бұл жағдайда мұғалім оқушылардан өз бетімен есептерді талқылауды талап етеді.Бекітуде егер оқушылар есепті шығарудың жолдарын жақсы меңгерсе онда мұғалім күрделі есептер береді.
Үйге есеп бергенде осы заңдылықтарға байланысты беруге болады. Мысалы: Зат массасының сақталу заңы мен Авагадро заңына мынадай есептер беруге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет