Заттың молярлық массасы (М), заттың мольмен өрнектел-ісіі массасының бірлік массасына қатынасын көрсететін шама. Берілген заттьщ молярлық массасы (М, г/моль), оньщ салыстырмалы молекулалық массасына тең.
Мысалы, Мг(Н2 SО4)=98, ал М=98 г/моль немесе Мг(NаОН)=40, ал М=40г/моль.
Толық өрнектеулердің орнына ("химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасы", "заттың салыстырмалы молекулалық массасы") қысқартылған өрнектеулерді "атом-дық масса", "молекулалық масса" қолдану ұсынылды.
Идеалды газдардың заңы. Авогадро заңы. Гей-Люссак пен Бойль-Мариоттың заңы идеалды газдардың заңы. Осы заңдар бойынша газдарды зерттегенде молекулалар арасындағы байланыс, молекулалық әрекеттесулер ескерілмейді. Авогадро заңы былай өрнектеледі:
бірдей жағдайда алынган газдардың тең көлемінде молекулалар саны да бірдей болады. Авогадро заңынан мына салдар шығады: молекулалык сандары бірдей газдардың, бірдей жағдайда, көлемі де бірдей болады. Кез келген газдың 1 молінде молекулалар саны бірдей, газ-дың 1 молінің көлемі бірдей болады. Бұл көлемді газдың моляр-лық көлемі дейді және қалыпты жағдайда (қ.ж. 0°С және 101,325кПА) 22,4 л тең. Қалыпты жағдайдағы газдардың моляр-лық көлемінің түрақтылығы - Авогадро заңының ең маңызды тұжырьгмы.
Газды заттың көлемі (қ.ж.) 22,4л, құрылыстық бірліктің саны (молекуланың) Авогадро санына NА=6,02-1023 тең.
Авогадро заңының негізінде газдардың салыстырмалы тығызды-ғын және газдардың молекулалық массаларын оңай анықтауға болады. Салыстырмалы тығыздық (D) — өлшемсіз шама. Ол бірдей жағ-дайда және бірдсй көлемде газдың тығыздығы стандартты газдың тығыздығынан қашла рет көп немесе кіші екендігін көрсетеді. Стандартты газ ретінде сутекті немесе ауаны қолданады. Авогадро заңы бойынша, екі газдың тең көлемді массалары (m1, m2) бір-біріне олардың молекулалық массаларындағы (М1, М2) қатынастай болуы керек:
Сонымен, газдың молекулалық массасы (М1) басқа газдар-дың қатынасы бойынша анықталған, оның тығыздығының екінші газдың (стандартты) молекулалық массасының (М2) көбейтін-дісіне тең. Газдардың молекулалық массасы, мынадай теңдеулермен анықталады:
сутек бойынша М1= D(H) 2,016
ауа бойынша М2= D ауа-29
Осы тендеу арқылы, элементтің валенттілігін анықтауға болады. Элементтің валенттілігін білу арқылы, атомдық масса анықталады:
Аг=ВЭ, А=ВЭ г/моль
Достарыңызбен бөлісу: |