Есеп №9 45г қантты суға ерітіп 10% ерітінді алынған. Судың массасын табу.
Ш ешуі:
m(қант) = 45г ω = mзат : mерт ω = mзат : m + m1
ω = 0,1(10%)
---------------------
m1(Н2О) -?
Бірінші-әдіс
ω = mзат : mерт mерт = m : ω = 45г : 0,1 = 450г
m(Н2О) = 450 – 45 = 405г
Екінші -әдіс
ω = m / m + m1 Осыдан ортақ бөлімге келтіріп мына теңдеуді аламыз:
mω + ωm1 = m немесе ωm1 = m – ω ∙ m
m1 = m − ω∙ m : ω = 45г − (45∙ 0,1) г : 0,1= (45- 4,5) г : 0,1 ;
m (Н2О) = 40,5г : 0,1= 405 г
Жауабы: 45г қантты 405г суға еріту керек.
Химиялық лабораторияда әртүрлі ерітіңділерді араластырып белгілі дәрежедегі еріген заттың массалық үлесіне тең ерітіңділерді дайындау көп кездеседі. Мысалы, бірінші ерітіндінің массасын – m1, екінші ерітіндінің массасын – m2 , деп белгілейік. Ал олардағы еріген заттың массалық үлесін ω1: ω2 : ω3 деп белгілейік. Ерітіндінің қоспасын (m1 +m2) дейміз.
Еріген зат: m1 ∙ ω1; m2 ∙ω2; (m1 +m2) ∙ ω3 болады.
Осыдан m1 ∙ ω1 + m2 ∙ ω2 = (m1 + m2) ∙ ω3;
немесе m1 ∙ ω1 + m2 ∙ω2 = m1 ∙ ω3 + m2 ∙ ω3
осыдан: m1 ∙ ω1 − m1 ∙ ω3 = m2 ∙ ω2 − m2 ∙ ω3
m1(ω1- ω3) = m2 (ω2 - ω3) Осыдан жалпы формула шығады.
m1 : m2 = ω3 − ω2 : ω1 − ω3
Енді есеп шығарып көрейік.
Есеп №10 Массалық үлесі 0,2 тең 100г ерітінді мен 0,32г тең 50г ерітіндіні араластырған. Алынған ерітіндінің массалық үлесін табу.
Шешуі:
m 1= 100г 1-әдіс Ығыстыру ережесі формуласы бойынша
ω1= 0,20 m1 : m2 = ω3- ω2 : ω1- ω3
m2= 50г
ω 2= 0,3г 100 : 50 = ω3 - 0,3г : 0,2 - ω3
ω3- ?
0,4 − 2ω3 = ω3 − 0,32;
0,72 = 3ω3
ω3 = 0,24
Жауабы: Алынған ерітінді 24%
2-әдіс Алгебралық әдіс
m1 ∙ ω1 + m2 ∙ ω2 = (m1 + m2) ∙ ω3;
ω3 = m1 ∙ ω1 + m2 ∙ ω2 : m1 + m2 = 100 ∙ 0,2 + 50 ∙ 0,3 : 100 + 50 = 0,24 = 24%
3-әдіс Крест ережесі
0,20 ω3 - 0,32 ; 100г ω- 0,32 ‗ 100
ω3 0,20 - ω3 50
0 ,32 0,20 - ω3 ; 50г ω3 - 0,32 = 0,4-2 ω3
3 ω3 = 0,73 ω3 = 0,24 = 24%
4-әдіс Сандық есептеу
1. Бірінші ерітіндідегі еріген затты табамыз
m1(зат) =100 ∙ 0,20 = 20г
2. Екінші ерітіндідегі еріген затты табу.
m2 (зат) = 50 ∙ 0,3 = 16г
3. Жалпы еріген затгы табу
20 +16 = 36
4. Жаңа ерітіндінің массасын табу
100 + 50 = 150г
5. Қоспадағы еріген затгың массасын табу
ω3 = 36 = 0,24 =24%
150
Газдардың молярлық көлемі. Авогадро заңы
Есеп №9 0,2моль Н2 қандай көлем алады?.
Ш ешуі:
γ(Н2) =0,2моль Бірінші әдіс
-------------------
V(Н2)- ? 0,2 моль < 1моль (5есе) олай болса көлем де 5есе
кем болады. Vm =22,4л/моль
V (Н2) = 22,4 : 5 = 4,48л
Екінші әдіс
V = γ ∙ Vm V(Н2) = 0,2моль ∙22,4л /моль = 4,48л
Жауабы: 0,2моль Н2 (қ.ж.) - 4,48л көлем алады.
Есеп №10 Баллонда 0,5кг сутегі бар.Қалыпты жағдайда бұл газ қандай көлем алады.
Шешуі:
m(Н2) = 0,5кг = 500 г Бірінші әдіс
--------------------------- m (Н2) =1моль ∙2г/моль =2г
V(Н2)-? V(Н2) =1моль ∙22,4л/моль =22,4л
М(Н2)=2г/моль 2г<500г (250есе) олай болса газдың көлемі де
VМ =22,4л/моль 250есе көп болады.
V(Н2) =22,4л ∙250 = 5600л =5,6м3
Екінші әдіс
γ = m / М = 500 г/ 2г/моль = 250 моль
V = γ∙Vm = 250моль ∙22,4л/моль = 5600л
Үшінші әдіс
γ1 = m / М; γ2 = V / Vm ; γ1 = γ2 олай болса
m / М = V / Vm Осыдан V = m ∙ Vm / М
V(Н2) = 500г ∙ 22,4л/моль / 2г/моль = 5600л =5,6м3
Жауабы: 0,5кг Н2 (қ.ж.) V= 5,6м3 алады.
Теңдеу бойынша газдардың көлемін табу
Есеп №11 Күкірт қышқылына (Н2SО4) 0,2моль Zn әсер етіп қандай көлем Н2 алуға болады?.
Шешуі: 0,2моль
γ (Zn)=0,2моль Zn + Н2SО4 = Zn SО4 + Н2
-------------------- 1моль 1моль
V(Н2)-? Vm =22,4л/моль
Бірінші әдіс(зат мөлшерлерін салыстыру)
0,2 моль <1моль (5есе) Олай болса Н2 5есе кем бөлінеді, осыдан
V = γ ∙Vm = 0,2моль ∙22,4л/моль = 4,48л.
Екінші әдіс (Пропорция әдісі)
0,2моль Vл
Zn + Н2SО4 = Zn SО4 + Н2
1моль 22,4л
Химиялық теңдеу бойынша 1моль Н2 бөлінеді, оның көлемі:
V(Н2) =1моль∙22,4л/моль =22,4л
0,2 : 1 = V : 22,4 осыдан V(Н2) = 0,2∙22,4 / 1 = 4,48л
Жауабы: 0,2 Zn қышқылдан 4,48л Н2 ығыстырады.
Есеп №12 18г көмір жанғанда қанша көлем оттегі қатысады.
Шешуі:
m(С)=18г С + О2 = СО2
--------------
М(С)=12г/моль Теңдеу бойынша 1моль С және 1моль О2
Vm= 22,4л/моль m (С) =1моль ∙12г/моль =12г
V(О2) =1моль ∙22,4л/моль =22,4л
18г >12г (1,5есе) олай болса О2 де 1,5 есе көп керек етеді.
V(О2) =22,4л ∙1,5 = 33,6л
Жауабы:18г С жанғанда 33,6л О2 кетеді.
Газдардың салыстырмалы тығыздығын анықтау
Бір литр газдардың көлемдері 22,4л тең, молекула саны 6∙1023 тең. Ал массалары бірдей емес.
Мысалы: СО2 мен Н2 салыстырсақ әртүрлі (m1 Мr)
m (СО2) ‗ М (СО2)
m (Н2) М r (Н2)
Массаны формула арқылы да анықтаймыз
m = V∙ p m (СО2) = V(СО2) ∙ p (СО2)
m (Н2) = V(Н2) ∙ p (Н2) осыдан
V(СО2) ∙ p (СО2) = Мr(СО2)
V(Н2) ∙ p (Н2) Мr (Н2)
Көлемдері бірдей болғасын (1л) былай болады:
p (СО2) ‗ Мr(СО2) немесе p1 : p2 = Мr(1) : Мr(2)
p(Н2) Мr (Н2)
p1 : p2 = d тығыздық дейді.
d = m1 : m2 = p1 : p2 = Мr(1) : Мr(2)
Есеп №13 Тұз қышқылының (НСІ) азот бойынша тығыздығын анықтау
Шешуі:
Бірінші әдіс(Формула бойынша)
НСІ
d = Мr(НСІ) : Мr(N2) = 36,5 ׃ 28 =1,3
d(НСІ) -?
Екінші әдіс(Тығыздық бойынша)
М r (НСІ) =36,5 Газдардың тығыздығын кестеден қараймыз.
М r (N2) = 28
p (НСІ) =1,63г/л p (N2) = 1,25г/л
d = p (НСІ) : p (N2) = 1,63 : 1,25 = 1,3
Жауабы: d (НСІ) =1,3
Теңдеу бойынша газдардың көлемдік қатынасын анықтау
(Гей-Люссак заңы)
Есеп №14. 2л NН3 жанғанда қандай көлем О2 керек және қандай көлем N2 бөлінеді:
Шешуі: 4 NН3 + 3 О2 = 2 N2 + 6Н2О
V (NН3) =2л 4 моль 3 моль 2 моль
-------------------
V (N2)-? V (О2)-? Химиялық теңдеу бойынша аммиак 4 көлем, ал
азот 2 көлем болып тұр, олай болса азот 2 есе, ал оттегі 1,5 есе кем бөлінеді,
Жауабы: 2л NН3 жанғанда 1,5л О2 және 1л N2 керек.
Есеп №15. 1 л зат жанғанда 5л оттегі жұмсалады. Реакциядан кейін 3л СО2 және 4л Н2О бөлінеді. Заттың формуласын табу?
Шешуі: газ + 5О2 = 3СО2 + 4Н2О
Теңдеу бойынша оттегін санасақ газдың құрамында оттегі болмаған, тек С,Н болған. Осыдан:
СхНу + 5О2 = 3СО2 + 4Н2О
3моль 4моль
Химиялық теңдеу бойынша 3моль СО2 құрамында 3моль С болады, олай болса көміртегінің белгісіз саны х=3 тең болады, ал 4моль Н2О - 8моль Н тең болады, яғни у = 8
Жауабы: С3Н8 (пропан)
Өзін-өзі бақылау сұрақтары
Символика арқылы төмендегі мәліметтерді жазыңдар: 1) құрамында 12 атом көміртегі 22 атом сутегі және 11 атом оттегі кіретін сахарозаның салыстырмалы молекулалық массасы; 2) сахароза молекуласының массасы.
Сахарозаның құрамындағы сутегі, көміртегі және оттегінің массалық үлесін анықтаңдар.
Н2SО4 –күкірт қышқылы. Символика арқылы белгілеңдер. а) Н2SО4 молекуласының массасы;б) Н2SО4 – салыстырмалы молекулалық массасы; в) Н2SО4 құрамындағы элементтердің массалық үлесін анықтаңдар.
Н2SО4 молекуласы судың молекуласынан неше есе ауыр?
150г NО2 құрамында қанша молекула болады?
Азот оксидінің осы массасы неше моль болады? Басқа мәліметтерді пайдаланып есепті кері байланыс арқылы шығарыңдар.
5моль сутегі газында қанша молекула болады.
1,5моль Н2SО4және 0,2моль АІ2О3 массасын анықтаңдар.
6,4г мыс сымының ұзындығы 1м. Бір моль мыстың мөлшері болатын мыс сымның қандай ұзындығын алуға болады?
. Бір кг тұз сатып алынды. Ондай мөлшердің моль саны қанша. 1моль тұздың бағасы қанша?
. 18г зат 200г ерітіндіде болады. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін анықтаңдар.
. 5% 500г иод ерітіндісін дайындау үшін қанша г иод және спирт алуға болады.
. 3л 50% КОН ерітіндісі (ρ=1,51г/см3) берілген. Еріген заттың массасын анықтаңдар.
. 0,2М 500мл КNО3 ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм КNО3 алуға болады.
. 3М 12л ерітіндіге 1440зат ерітілген. Ерітіндідегі заттың молярлық массасын анықтаңдар.
. 0,1моль О2; 0,4моль Н2; 0,5моль СО2 қандай көлем алады (қ.ж.)
. 110г құрғақ мұзды буландырғанда түзілетін СО2 көлемі (қ.ж.) қандай болады.
. 10,8г АІ тұз қышқылының әрекеттескенде қандай көлем сутегі (қ.ж.) бөлінеді. Кері есепті құрастырыңдар.
1,5моль НСІ мен алюминий әрекеттескенде түзілетін тұздың массасын және сутегінің көлемін анықтаңдар. Кері есепті құрастырыңдар
0,5моль суды айырғанда түзілген сутегімен оттегінің (қ.ж.) көлемін анықтаңдар.
Сутегі бойынша төмендегі заттардың салыстырмалы тығыздығын анықтаңдар: а) оттегі; б) азот; в) көмір қышқыл газы
. Ауа бойынша салыстырмалы тығыздықты табу. 1-Хлор; 2.Азот оксиді 3. Күкіртті сутек 4. Көмір қышқыл газы
. 3л метанды, 3л этанды, 3л ацетиленді жаққанда қандай көлем көмірқышқыл газы бөлінді.
. 2л иіс газын, күкіртті сутекті, бутанды жаққанда қандай көлем оттегі жұмсалады.
Достарыңызбен бөлісу: |