2. Есеп шығартуға үйретудің әдістемелік принциптері
Есеп шығартуда мынадай әдістемелік принциптерді ескеру керек:
1. Есепті алдымен мұғалім өзі шығарады және оны талқылайды.
2. Оқушылар есептің шартын әр уақытта көріп отыру қажет.
3. Есепті шығаруда оқушылар өзіндік іс-әрекеттерін көрсетуі қажет.
4. Есептің шығаруын қадағалай отырып, оқушыларға өзіндік таңдау жүргізу керек.
5. Химияны оқыту процесінде мұғалім жиі есеп шығартуға көп көңіл бөлу керек.
Әр бір есепті мұғалім өзі үйде шығарып келуі керек және оның бірнеше әдісі де болуы қажет. Әр бір есепті карточкаға шығарып, есептің картотекасын құруға болады. Сонда келесі жылы сол есепті пайдалануға болады. Еш уақытта есептің шартын оқып оқушыларға жаздыртуға болмайды. Себебі уақыт кетеді, екіншіден қазіргі кезде есеп кітабы өте көп. Есеп шығарғанда оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін де ескеру керек. Көбінесе есеп шығарғанда есепті мұғалім немесе мұғалімнің айтуымен оқушы шығарады. Ал қалған оқушылар көшіріп отырады. Сондықтан есеп шығаруды бірнеше сатыда жүргізу керек:
Алғашқыда мұғалім өзі есепті қалай шығару керек екендігін, шығару
әдістерін көрсетеді. Өзі анализ жасап, жоспарын құрып, шығару әдістерін көрсетеді. Оқушылар түсініп көшіріп алғаннан кейін, барлық сыныпқа есеп беріледі.
Әңгімелесу арқылы, есептің шартын физикалық шамамен белгілеп,
талдау жасап, жоспар құрылады. Оқушыларға бағыт беріп, есептің шығару жолдарын өздеріне тапсырады.
Үшінші сатыда есептің дұрыстығын тексеру керек. Ол үшін есептің кері
байланысын іске асыру керек.
Барлық оқушылар өз беттерімен есеп шығарады.Оны тексеру үшін
жауабын тақтаға алдын-ала жазып қоюға болады. Әлде траферат арқылы да тексеруге болады.Енді жоғарыдағы келтірілген № 11-51 есепті шығарудың алгоритмдік іс-әрекетін қарастырайық:
1. Есептің мазмұнын жазу.
2. Реакция теңдеуін құру.
3. Алғашқы іс-әрекетті орындап, реакция теңдеуі арқылы SO2 мен Na2SO3 массасын табу.
4. Мазмұндағы SO2 салмағын теңдеу бойынша алынған SO2 салмағымен салыстыру.
5. Na2SO3 массасын анықтау.
6. Есептің жауабын жазу. Енді осыны мысалмен көрсетейік.
№ 11-51 есепті шығару алгаритмі.
1. Есептің мазмұнын жазу:
m(SO2) = 16 г
m(Na2SO3) -?
2. Реакция теңдеуін жазу:
Na2SO3 + H2SO4 = Na2SO4 + SO2 + H2O
3. Алғашқы іс-әрекеттер:
М(SO2) = 64 г/моль; m (SO2) = 1 моль · 64 г/моль = 64г
М(Na2SO3) = 126 г/моль; m(Na2SO3)=1моль· 126г/моль=126г
4. Заттың массаларын салыстыру:
16 г ‹ 64 г 4 есе яғни Na2SO3 массасы 4 есе аз болады.
5. Заттардың массасын есептеу:
m(Na2SO3)=126 г : 4 = 31,5 г
Жауабы: 16г SO2 алу үшін 31,5 г Na2SO3 керек.
Достарыңызбен бөлісу: |