Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химия есептерін шығару әдістемесі»



бет17/75
Дата20.09.2022
өлшемі4,82 Mb.
#150072
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   75
Байланысты:
кешені «химия есептерін шы ару дістемесі

Есептер мен тапсырмалар
• Төмендегі есептерді 8 әдіспен шығарыңдар: қандай әдісті тиімді деп санайсыңдар.
11. Бір литр КСІ ерітіндісіне толық тұнба түзілгенше күміс нитраты ерітіндісі қосылған. Тұнбаның массасы 28,7г. Ерітіндідегі КСІ массалық үлесін табыңдар. Есепті 8 әдіспен шығарыңдар.
12. 12 л сутегі алу үшін (қ.ж.) Н24 ерітіндісімен қанша грамм алюминий қатысады.
13. Құрамында 94% Ғе2О3 бар 2 т темір рудасынан қанша т.темірді алуға болады.
14. 10 л сутегін алу үшін (қ.ж.) темірмен 163 г тұз қышқылы ерітіндісі әрекеттескен. Қышқылдағы хлорлы сутектің массалық үлесін табыңдар.
15. Анализ үшін алынған аммоний сульфатының нұсқасының құрамында 1,4 г азот болған. Анализ үшін алынған тұздың массасын анықтаңдар. • Есептерді графикалық әдіспен шығарыңдар. Бұл әдіс барлық есепке тиімді ме? Қандай әдісті тиімді деп санайсыздар.
16. Белгісіз заттың құрамы 40% магний оксиді және 60% кремнийдің диоксидінен тұрады. Заттың формуласын анықтау.
17. 600г 52% КОН ерітіндісін 400 мл сумен араластырған. Алынған ерітіндідегі КОН массалық үлесін табыңдар.
18. Белгісіз заттың формуласын анықтаңдар, оның құрамына кіретін элементтердің массалық үлесі Са -0,2, молибден -0,98, және оттегі -0,32 тең болса.
19. 2,5 г мырыш пен магнийдің құймасын Н24 ерітіндісіне еріткен. Сонда 1,19л сутегі (қ.ж.) алынған. Құймадағы әрбір металдың массасын анықтаңдар.
20. 10 г темір сульфиді(ІІ) мен мыс сульфидінің (ІІ) қоспасына артық мөлшерде тұз қышқылы ерітіндісін қосқанда 2,24 л газ бөлінеді. Қоспаның құрамын анықтаңдар?
21. 1 кг 40 % күкірт қышқылы ерітіндісін дайындау үшін 62 % пен 15% күкірт қышқылының қандай массалық қатынастарын араластыруға болады.
22. Калий нитраты тұзын қаныққанға дейін 70° С температурада 500 г
суға еріткен, сонан кейін 0° дейін салқындатқан. Тұздың массасын
анықтаңдар?


Дәріс№5,6 Оқушыларды есеп шығартуға үйретудің әдістемелік ерекшеліктері
Жоспары:

  1. Оқушыларды есеп шығартуға, үйретуге байланысты студент-

терге қажетті білім мен біліктерді қалыптастыру

  1. Есеп шығартуға үйретудің әдістемелік принциптер

Химия сабағында сандық есептерді пайдалану әдістемесі

  1. Химиялық есептерді шығару арқылы оқушылардың білімдері

мен біліктерін пысықтау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет