Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химия есептерін шығару әдістемесі»



бет37/75
Дата20.09.2022
өлшемі4,82 Mb.
#150072
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   75
Байланысты:
кешені «химия есептерін шы ару дістемесі

Есептер мен тапсырмалар

54. Артық алынған заттарға байланысты 8-11сыныптарға арналған есептер жинағынан төмендегі есептерді шығарыңдар: №5-107, 5-109,5-111,5-118,5-135,5-136, 6-25.


55. 30г тұз қышқылымен 25г кальций карбонаты әрекеттестірілген. Реакция нәтижесінде қандай көлем көмірқышқыл газы бөлінді.
56. 10г азот қышқылы мен 5,35г темір гидроксиді(ІІІ) әрекеттестірілген.Тұздың массасын анықтаңдар.
57. Аммоний нитратын NН43 қыздырып айырғанда азот және су түзіледі. 6,4г аммоний нитратын ыдыратқанда бөлінетін азоттың көлемін анықтаңдар, егер азоттың көлемдік үлесінің шығымы 89% болса.
58. 5,6л аммиакты тотықтыру арқылы алынған азот оксидінің (ІІ) көлемін анықтаңдар, егер азот оксидінің (ІІ) көлемдік мөлшердегі шығымы 90% болса.
59. 4,59кг барий оксидін алюминиймен тотықсыздандыру арқылы 3,8кг барий алынған. Барийді шығымын анықтаңдар.
60. 2г алюминий жанғанда 62кДж жылу бөлінеді. Процестің термохимиялық теңдеуін құрыңдар.
61. Құрамында 80% мырыш сульфиді бар. 1т мырыш алдамшысының қанша көлем (қ.ж.) күкіртті газ алуға болады.
62. 8% қоспасы бар 500кг көмірді жаққанда қанша көлем көмірқышқыл газы бөлінеді.
63. 10,8% 75г темір хлориді (ІІІ) ерітіндісіне артық мөлшерде натрий гидроксидін қосқан. Алынған тұнбаның массасын анықтаңдар.
3. 10 сыпып есептері
Газ күйіндегі заттардың молекулалық формуласын анықтау


Есеп №1. Заттың құрамы С = 54,55 % , Н = 9,09 % , О = 36,36 % , dН2 = 22 тең. Белгісіз зат күміс оксидің оңай тотықтырып , қышқылға айналады. Заттың формуласын анықтаңдар.
Шешуі:
dН2 (зат) = 22 1- әдіс. ω = n ·Ar / Мr ; n = ω · Mr / Ar ;
ω(С) = 0,5455
ω(Н) = 0,0909 Мr = 2 · dН2 ; n = ω · 2 · dН2 / Ar ;
ω(О) = 0,3636
n (С) = 0,5455 · 2 · 22 / 16 = 2
Формула - ? n (Н) = 0,0909 · 2 · 22 / 1 = 3,9 = 4
n (О) = 0,3636 · 2 · 22 / 16 = 0,99 = 1
Қосылыстың молекулалық формуласы С2Н4О, бұл сірке альдегиді, оның құрлымдық формуласы:
О
∕∕
СН3 – С
\
Н

2- әдіс. Бұл әдіс бойынша салыстырмалы тығыздық арқылы газ тәрізді заттардың салыстырмалы молекулалық массасын табады:


Мr = 2 · dН2
Мr = 2 · 22 = 44
Белгісіз заттарды х : у : z әріптерімен белгілеп, әрбір элементке келетін атомдардың массалық үлесін табамыз.
m (С) = 44 · 0,5455 = 24
m (Н) = 44 · 0,0909 = 4
m (О) = 44 · 0,3636 = 16
х : у : z = 24 / 12 : 4 / 1 : 16 / 16 = 2 : 4 : 1
Заттың формуласы: С2Н4О


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет