Бақылау сұрақтары
8-9сыныптарда қандай сапалық есептердің типтері кездеседі,мысалдар келтір
10-11 сыныптарда қандай сапалық есептердің типтері кездеседі,мысалдар келтір.
Бейорганикалық қосылыстарды сапалық анықтау кестесін құрастыр.
Органикалық қосылыстарды сапалық анықтау кестесін құраст
Зертханалық-практикалықсабақ 1.
Зертханадағы қауіпсіздік ережесі Бейорганикалық заттарға сапалық анализге арналған эксперименттік есептерді шешу әдістемесі.Ерігіштік кестесі
Электролит ертінділеріндегі аниондар мен катиондарға сапалық реакциялар
Тапсырма:
Сапалық анализге арналған тәжірибелік есептерді шешу әдістемесі.
Химиялық олимпиадалардың барлық сатыларының тәжірибелік турында 9-сынып оқушыларына әдетте анорганикалық заттардың сапалық анализ тақырыбына арналған есептер беріледі. Олардың ішінде ең жиі кездесетіні берілген заттардың бір-бірімен сапалық реакциясына сүйене отырып, қай пробиркада қандай заттың құйылғанын табу. Мұндай есептер көп жылдардан бері беріліп келе жатқанына қарамастан химиялық олимпиаданың республиалық деңгейіне дейін жеткен оқушылардың көпшілігі осы күндерге дейін оның әдістемесін білдірмейтіндігін байқадық. Сондықтан көпшілік қауымды ондай есептерді шығарудың ең тиімді әдістемесімен таныстыруды жөн көрдік.
Мысалы, мынадай қарапайым есеп берілсін делік.
Нөмірленеген 5 пробиркада мынадай заттардың судағы ерітінділері берілген: барий хлориді, күміс нитраты, натрий сульфаты, натрий карбонаты, хлорсутек қышқылы. Қосымша реактивтердің көмегінсіз қай пробиркаға қай заттың ерітіндісі құйылғанын табыңыздар. Барлық жүретін реаакциялардың толық молекулалық және қысқаша иондық теңдеулерін жазыңдар.
Жауаптың үлгісі.
1-қадам.
Алдымен төмендегідей теориялық кесте құрамыз.
|
BaCl2
|
AgNO3
|
Na2SO4
|
Na2CO3
|
HCl
|
∑
|
BaCl2
|
*
|
AgCl↓
|
BaSO4↓
|
BaCO3↓
|
*
|
↓↓↓
|
AgNO3
|
AgCl↓
|
*
|
Ag2SO4↓
|
Ag2CO3↓
|
AgCl ↓
|
↓↓↓↓
|
Na2SO4
|
BaSO4↓
|
Ag2SO4↓
|
*
|
-
|
-
|
↓↓
|
Na2CO3
|
BaCO3↓
|
Ag2CO3↓
|
-
|
*
|
CO2↑
|
↓↓↑
|
HCl
|
-
|
AgCl↓
|
-
|
CO2↑
|
*
|
↓↑
|
Түсініктеме:
Кейде әрекеттесу нәтижелері реагенттерді қосу ретінде байланысты болғандықтан (нені неге құю керек?) жоғары горизонталь бағанадағы реагенттер вертикаль бағанадағы реагентерге қосылады деп есептейміз. Кестенің қиылысқан торларына өзара әрекеттесу нәтижелерін жазамыз. Көрнекті және ықшамды болу үшін және көп уақыт жібермеу үшін кестелердің қиылысқан көздеріне мәліметтерді мейлінше қысқа немесе шартты түрде жазуға да болады. Мысалы ↓-тұнба түсуі, ↑-газ бөлінуі t –жылу бөлінуі және т.с.с. Теориялық кестені тәжірибелік кестемен салыстырған кезде бәрібір көбінесе түскен таңбалар мен бөлінген газдардың сандарын немесе түстерін немесе басқа көзге көрінетін қасиеттерін салыстыратын болғандықтан олардың формулаларын емес, тек сандарын қысқаша жазса да болады. Мысалы жаңағы кестені былай жазуға болады:
|
BaCl2
|
AgNO3
|
Na2SO4
|
Na2CO3
|
HCl
|
∑
|
BaCl2
|
*
|
↓
|
↓
|
↓
|
*
|
3↓
|
AgNO3
|
↓
|
*
|
↓
|
↓
|
↓
|
4↓
|
Na2SO4
|
↓
|
↓
|
*
|
-
|
-
|
2↓
|
Na2CO3
|
↓
|
↓
|
-
|
*
|
↑
|
2↓+↑
|
HCl
|
-
|
↓
|
-
|
↑
|
*
|
↓+↑
|
Соңғы вертикаль бағанадағы әр заттың басқа қалған заттармен беретін өзгерістердің жинағын шартты белгілермен ықшамдап жазамыз, мысалы, 2↓+↑, яғни, екі жағдайда тұнба түсіп, бір жағдайда газ бөлінеді. Бұл кейін екі кестені салыстырып, қорытынды жасауды жеңілдетеді.
Теориялық кестені құру үшін ерігіштік кестені пайдалануға болады. Оны әр оқушы өзімен бірге алып кіруге рұқсат беру керек.
2-қадам. Тәжірибелік кестені құрамыз. Мұнда теориялық кестедегі заттардың формулаларының орнына құйылған пробиркалардың нөмірлерін жазамыз. Кестені толтырған кезде оның қиылыстарына нөмірленген пробиркалардың бір-біріне құйған кезде байқалатын эффектерді шартты белгілермен белгілейміз. Берілген заттарды өзара әрекеттестіру кезінде байқалатын эффектілер, мысалы, төмендегідей болсын делік.
|
№1
|
№2
|
№3
|
№4
|
№5
|
∑
|
|
№1
|
-
|
↓
|
↓
|
↓
|
↓
|
4↓
|
AgNO3
|
№2
|
↓
|
-
|
-
|
↑
|
-
|
↑,↓
|
НСІ
|
№3
|
↓
|
-
|
-
|
|
↓
|
2↓
|
Na2SO4
|
№4
|
↓
|
↑
|
-
|
-
|
↓
|
2↓,↑
|
Na2CO3
|
№5
|
↓
|
-
|
↓
|
↓
|
-
|
3↓
|
ВаCl2
|
Түскен тұнбалардың түсіне және олардың кейбір қасиеттеріне көңіл аударған жөн.
Тәжірибе кезінде барлық тиісті сапалық реакцияларды жасаудың қажеті жоқ. Мысалы, барий хлоридіне күміс нитратын қоссаңыз да немесе және күміс нитратына барий хлоридін қоссаңыз да байқалатын эффектілер бірдей болады. Сондықтан ондай екі тәжірибенің орнына екеуінің біреуін ғана жасап, кестенітолтырғанда екеуін де жазуға болады. Кейбір заттар оған құятын заттардың артық мөлшерінде ериді. Мысалы, мырыш хлоридіне натрий гидроксидін қосқанда алдымен мырыш гидроксиді тұнбаға , ал натрий гидроксидінің артық мөлшерін қосқанда түскен тұнба еріп кетеді. Керісінше ондай эффект болмайды. Сондықтан, мұндайда кейбір заттардың ондай қасиеттерін ескеру керек. Ол үшін теориялық білімді жетілдіру керек. Әрине, кім де болса неғұрлым аз сынақпен соғұрлым көп заттарды анықтауға тырысады. Дегенмен, бірнеше сапалық реакциялар оң нәтиже бергенде ғана берілген зат дұрыс анықталды деп есептеу керек.
3-қадам. Тәжірибелік кесте мен теориялық кестені салыстыра отырып, қорытынды жасаймыз. Басқаларымен үш тұнба беретін бір ғана зат бар, ол - барий хлориді. Сол сияқты төрт тұнбаэмен бір ғана зат бар, ол – күміс нитраты, екі тұнба беретін бір ғана зат бар, ол- натрий сульфаты, бір тұнба мен бір газ беретін бір ғана зат бар, ол- тұз қышықылы және екі тұнба мен бір газ беретін зат натрий карбонаты. Тәжірибе кезінде байқалатын эффектілерді салыстыра отырып қорытынды жасайтын болсақ, қай заттың қай пробиркаға құйылғанын шатастырмай табуға болады. Егер түсетін тұнбалардың түстері әр түрлі болса, оларды анықтау тіпті оңайлайды. Егер бір заттың басқалармен беретін тұнбаларының саны мен олардың түстері бірдей болса, онда мәселе қиындайды. Мұндай жағдайда оларды мұқият салыстыру керек. Бірі есепте берілген тұз қышқылында ерісе, екіншісі амфотерлік болғандықтан негіздің артық мөлшерінде еруі мүмкін.
Берілген заттардың әрқайсысын дұрыс тапқаны үшін 2 ұпайдан деп санасақ, 5 зат үшін 10 ұпай беруіміз керек. Кейбір оқушылар сан қилы жолдармен әйтеуір дұрыс табуы мүмкін. Ал, кейбіреулер осындай шатастырмай тиімді жолмен оңай табуы мүмкін. Сондықтан осындай теориялық және эксперименттік кесте жасап және оған сүйене отырып, дұрыс шешімдергге келген оқушыларға 10 ұпайдан бөлек қосымша ұпайлар берілу керек. Кейбір оқушылар теориялық кесте жасап қойып, бірақ оны пайдаланбайды. Сонда оны не үшін жасағаны жюри мүшелеріне түсініксіз болады. Әйтеуір бір жерден көріп, ел жасаған соң мен де жасайын деп отырған шығар деген ойға амалсыз келеміз. Сонымен мұндай әдістемені білетін оқушыға 4 балл беруге болады делік.
Достарыңызбен бөлісу: |