Калий катионын анықтау реакциялары
1.5 тәжірибе. Сынауыққа 1 мл КСІ ерітіндісіне сонша NaHC4Н4О6 ерітіндісін және 2-3 тамшы натрий ацетатының ерітіндісін қосып, шыны таяқшамен ептеп араластырыңдар. Иондар бірқалыпты таралмаса, тұнба түзбейді, түзілген тұнбаның қасиетін сынаңдар.
1.6 тәжірибе. 1мл КСІ ерітіндісіне сонша Na3[Co(NO2)6] ерітіндісін қосып, ептеп шыны таяқшамен араластырыңдар және ерітіндіні 4-ке бөліп, қасиеттерін сынаңдар.
1.7 тәжірибе. Ағаш немесе темір сапқа орнатылған ұшында ілгіші бар хром сымын жалында әбден түсі өзгергенге дейін қыздырыңдар. Егер жалын түсі өзгере берсе, тұз қышқылының ерітіндісіне батырып, қашан түсі өзгермегенге дейін қыздырасыңдар. Алдын ала дайындалған КСІ ұнтағын платина ілгішімен іліп, жалынға ұстаңдар. К+ иондары ашық күлгін түске боялады. Тәжірибені калий тұздарының ерітіндісімен жасағанда құрғақ тұздарға қарағанда, жалын түсі айқын көрінбейді.
Аммоний катионын анықтау реакциялары.
1.8 тәжірибе. Сынауыққа 8-10 тамшы аммоний тұздарын тамызып, үстіне сонша мөлшерде натрий гидроксиді ерітіндісін тамшылатып құйып, баяу қыздырғанда, аммиак бөлінеді.
NH4CL+NaOH=NH3↑ +NaCL+H2O
Бақылауды төмендегі әдістермен жүргізу.
ылғанданған лакмус қағазын ерітіндіге тигізбей сыеауықтың аузында ұстасақ, аммиактың қағаздағы сумен әрекеттесіп, аммоний гидроксидін түзуі нәтижесінде лакмус көк түске боялады;
лакмус қағазының орнына фенолфталейн ерітіндісі сіңірілген қағазды да алуға болады, бірақ ол қызыл – күрең (малина) түске боялады.
сүзгі қағазға Hg(NO3)2 ерітіндісін сорғызып, сынауықтың аузына ұстасақ, NH3 әсерінен қағаз қараяды.
1.9 тәжірибе. NaCL тұзына 4-5 тамшысына 0,5 мл дистильденген су, 3-4 тамшы Несслер реактивін тамызыңдар да, түзілген тұнбаның қасиетін зерттеңдер.
1.10 тәжірибе. І топ катиондар қоспасына анализ. 1г құрғақ қоспаны 5 см3 суда ерітіп, аналыз жасайды. Аммоний ионын 1.8 тәжірибемен анықтайды.
Егер қоспада аммоний және литий иондары болса, қоспаны 2-ге бөліп, ерітіндідегі аммоний ионын жою үшін бір бөлігін тигельге құйып күйдіреді. Аммоний ионының толық жойылғандығына көз жеткізу үшін тигельдегі қалдықты 2 см3 суда ерітіп, NH+4 иондарына сапалық реакция жүргізеді. Калий ионын 1.5 – тәжірибемен анықтайды. Сүзіндідегі натрий ионын 1.4 – тәжірибемен, ал калий ионын 1.6 – тәжірибемен анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |