Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химия есептерін шығару әдістемесі»



бет74/75
Дата20.09.2022
өлшемі4,82 Mb.
#150072
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75
Байланысты:
кешені «химия есептерін шы ару дістемесі

Зертханалық-практикалық 3
Оттекті органикалық қосылыстарға (спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары ) арналған эксперименттік есептерді шешу әдістемесі.


Тапсырма:
Жұмыс №2 Альдегидтерді анықтау
1 мл 1% мыс купоросы ертіндісіне 1 мл 10% натрий гидроксиді ертіндісін қосамыз. Түзілген көк тұнбаға 1мл 1% формальдегид ертіндісін құямыз , пробирканы қыздырамыз .Өзгерісті байқаймыз


Жұмыс №3 Спирттерді анықтау
А) Фарфор чашкасына бор қышқылын, оның үстіне бірдей мөлшерде әтил спиртінің бірнеше тамшысын араластырамыз. Шыны таяқшаны қоспаға батырып, шыны таяқшаны спирт шамына ұстағанда, жасыл жалын байқалады.
В) Глицерин мен гликоляттарды анықтау үшін 1 мл 1% мыс купоросы ертіндісіне 1 мл 10% натрий гидроксиді ертіндісін қосамыз. Түзілген көк тұнбаға 1мл глицерин ертіндісін құямыз. Қоспаны жақсылап шайқағанда ашық көк түс пайда болады.
Жұмыс №3 α- окси қышқылдарға тән реакциялар
0,5 мл 5% фенол ертіндісіне 1-2 тамшы 1% темір хлоридінің (ІІІ)ертіндісін қосады. Ертінді күлгін түске боялады. Оған сүт қышқылын қосқанда ертінді сары - жасыл түске ие болады.
Жұмыс №4 Аминдерді анықтау
Стрептоцид дәрісі п-аминобензол сульфо қышқылының амиді болып табылады. Пробиркаға бір түйір стрептоцид салып, оны 2н тұз қышқылымен ерітеді. Алынған ертіндіге 1-2 тамшы натрий нитритінің ертіндісін қосады. Басқа пробиркаға α-нафтол және 2-3 тамшы 2н натрий гидроксидінің ертіндісін араластырады. Екі пробиканы біріне бірін қосқанда қызыл- сары түс пайда болады.
Тәжірибелердің реакция теңдеулерін жаз.
Таратпа материалдармен жұмыс
ІІ.Келесі бақылау сұрақтарын дәптерде жазбаша орындау

  1. Нөмірленген төрт сынауықта фенол, сірке қышқылы , сірке альдегиді және глицерин ерітіндісі берілген. Әр заттың қай сынауыққа құйылғанын анықтаңдар.


СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар.
Студенттердің өздік жұмыстары (СӨЖ) –студенттерде өзбеттерімен білім алуына және дамуына қол жеткізетін ,сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыратын әрекеттің түрі. СӨЖ теориялық материалдарды интернет, компьютер сыныбы арқылы ,кітапхана жүйесімен жұмыс жасау арқылы дәрістерге,зертханалық сабақтарға, коллоквиумдарды тапсыруға ,СӨЖ тақырыптары бойынша конспект жазуға дайындыққа бағытталған, аудиториядан тыс жұмыстар . СӨЖ жоспарларында сұрақтары көрсетілген. СӨЖ оқытушы көрсеткен тақырыпқа , мерзіміне, формасына сәйкес толық көлемде тапсырылуы керек.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет