Есеп № 10-6 . 800 кг 4% ерітіндідегі еріген заттың массасын табу.
Пропорция әдісі оларға тиімді ме? Оларға тиімді формула арқылы шығару:
w = m(е.з) : m(ерт) m е.з = m(ерт) · w
m е.з = 800 кг · 0,04 = 32 кг
Пропорция әдісін математиктер пайдаланбайды. Мысалы, кім сатып алған затына пропорция арқылы ақша төлейді.Есеп шығарғанда оның құрамына кіретін компоненттердің арасында байланыс бар екендігін білу керек. Есептің де кері байланысы бар, яғни есепті тура бағытта да, кері бағытта да шығаруға болады.Мысалы:
Тура есеп:CaCO3 құрамындағы элементтердің массалық үлесін табыңдар.
Кері есеп: Құрамында 40 % Са, 12 % С, 48% О бар қосылыстың формуласын табыңдар, егер оның Mr (CaxCy Oz) = 100 болса.
Тура есепте W= n · Ar анықталады, ал кері есепте n = W ∙ Mr Mr Ar
анықталады. Есептің бұл екі байланысын пайдалану арқылы оқушылардың өз беттерімен жұмыс істеулеріне дәнекер болуға болады. Ойлау іс-әрекеттері дамиды. Оқушыларға кері байланыс арқылы есепті құруға тапсырма беруге болады. Мысалы: № 11-51 есепті әртүрлі вариантпен беруге болады.
І- вариант. 16 г SO2 алу үшін H2SO4 –мен қанша грамм Na2SO3 әрекеттеседі. х16 Na2SO3 + H2SO4 = Na2SO4 + SO2 + H2O
126 64
х = 126 · 16 = 31,5 г Na2SO3 64
ІІ-вариант. 32 г, 40 г , 80 г, 160 г күкіртті газды (SO2)алу үшін қанша грамм (Na2SO3) қажет.
ІІІ-вариант. 63 г, 126 г, 252 г Na2SO3 қышқылмен әрекеттескенде қанша грамм SO2 түзіледі.
Келесі тапсырма басқаша болады. Мұғалім оқушыларға есептің шартты жазуы мен заттардың формуласы мен реакция теңдеуін береді.
Мысалы: а) m(Al2O3) = 20.4г m(Al) -?
б) m(P2O5) = 284г 4 P + 5O2 = 2P2O5 m(P)-?
Тапсырма: Әртүрлі вариант арқылы есептің мазмұнын құру. Есепті әртүрлі әдіспен шығару. Бұдан кейін оқушыларға тура, кері байланысқа есеп беруге болады. Реакция теңдеулері арқылы оқушылар өздері есеп құрастыра білу керек.