Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химия есептерін шығару әдістемесі»


Химиялық есептерді шығару арқылы оқушылардың білімдерін мен біліктерін пысықтау



бет25/75
Дата20.09.2022
өлшемі4,82 Mb.
#150072
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   75
Байланысты:
кешені «химия есептерін шы ару дістемесі

4. Химиялық есептерді шығару арқылы оқушылардың білімдерін мен біліктерін пысықтау

Оқушыларды химиядан есеп шығартуға үйреткенде ең негізгі мәселеге көңіл аудару керек. Алған білімдерді бір жүйеге келтіру үшін, жинақталған тапсырмаларды құрастыра білу керек. Сол тапсырмалар арқылы оқушылардың жинақталған ойлау іс-әрекеттерін дамытуға болады. Ойлаудың екі түрі бар(диалектика тұрғысынан) 1. Эмперикалық 2. Теориялық


Оқушылар көбінесе эмперикалық ойлауды көп қолданады. Сөйтіп есеп шығарғанда есептің теориялық мәніне көп көңіл бөлмей, ойына келгені бойынша шығарады. Сондықтан бұл жерде оқушыға теориялық білім керек. Есеп шығару арқылы барлық алған теориялық білімдерді пысықтауға болады.(қайталау) Оқушылардың теориялық ойлау қабілеттерін дамытқанда, алған теориялық ойлаудың мынадай түрлері қалыптасады.
а) Нақты көрнекілік бойынша ойлау.
б) Нақты бейнелік форма арқылы ойлау.
в) Абстрактылы (дерексіздік) ойлау.
г) Жинақталған ойлау іс-әрекет.
Сондықтан есеп шығарғанда схемалар мен формулаларды , жинақталған теңдеулерді пайдаланған жөн. 8класста «алғашқы химиялық ұғымдарды» қайталағанда, алған ұғымдарды жинақтайтындай есептер қарастырған жөн. Мысалы: Известь тастың формуласын жазып, мынадай тапсырманы орындау.
1-тапсырма а) Формуласын жазу: б) күрделі затпа, жай зат па? в) қандай элементтен тұрады
Мг (СаСО)3 = 100
Мг (СаСО)3= n· Ar(Ca)+n1· Ar(C)+n2· Ar(O)
n =1 n1 =1 n2 =3
Осыдан: Мг (СаСО)3 =1· 40 +1· 12 +3· 16 =100
2-тапсырма: Массаларының ара қатынасын табу
m(Ca):m(C):m(O) = n·Ar(Ca) =n1·Ar(C):n2·Ar(O)
m(Ca) : m(C) : m(O) = 40 : 12 : 48 = 10 : 3 : 12
Екеуін салыстырады, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды. Сосын 3ші тапсырма береді. 3-тапсырма: Известь тастың құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу.
Мұғалім әңгімелесу арқылы түсіндіреді. Оқушылар мұнда да алдыңғы екі есепте кездесетін формуланы атап көрсетеді. Сол формула бойынша есептеулер жүргізеді.
ω = n· Ar : Mr
Шешуі:
СаСО3 известь тас
-----------------------------
ω(Ca)-?ω(C)-?ω(О)-? ω (Ca) =1· 40 :100 = 0,4 = 40%
ω (C) =1·12 :100 = 0,12 = 12% ω (О) =3·18 : 100 = 0,48 = 48%
Мг (СаСО)3 = 100 ; Ar(Ca)= 40; Ar(C)=12; Ar(O)=16.


Жауабы: 40% Ca, 12%С, 48%О
Оқушылар үш есепті салыстырып ұқсастығы мен айырмашылығын табады. Қорытындылағанда заттың химиялық формуласының сандық және сапалық жақтарының бірлігі айтылады. Газ тәрізді заттардың молекулалық формуласын табу оқушыларға қиынырақ болады. Бұл есептер 10 сыныпта шығарылады. Сондықтан 8 сынып материалдары еске түсіріледі. Формуланы жазады. ω = n·Ar / Mr Оны өзгертіп былай жазады:
n = ω · Мr /Аr


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет