Есептер мен тапсырмалар
23. Алдарыңда екі есептің шарты берілген. Осы шарттар бойынша есептің мазмұнына мәтін құрастырыңдар.
А ) m(известняк) = 1кг СаСО3 = СаО + СО2
ω (СаСО3) = 0,9
---------------------------
V(СО2) - ?
Б ) V(Н2SО4) = 1л
ρ(Н2SО4) = 1836кг/м3
ω (Н2SО4) = 0,96
-------------------------------
m (Н2О) - ?
24. Кальций карбонатын айырғанда 11,2л СО2 түзіледі. Түзілген көмір қышқыл газын калий гидроксидімен әрекеттестіріп тұз (К2СО3) алынады. Реакцияға қатысқан КОН массасын анықтаңдар.
25. «Қышқылдардың химиялық қасиеті» тақырыбын бекіту үшін қандай тапсырмаларды есеп кітаптардан алуға болады.
26. «Оттегі, оксидтер. Жану» тақырыбында 20минуттық 7 вариантқа бақылау жұмысын құрастырыңдар.
А) орташа оқушыға б) күшті оқушыға
27. 50 кг сусыз күкірт қышқылынан, массалық үлесі 0,3 және тығыздығы
1220 кг/ м3 тең аккумуляторлық күкірт қышқылын дайындау үшін оның
қандай көлемін алуға болады?
28. 2,3 г натрий сумен әрекеттескенде бөлінетін сутегінің (қ.ж.) моль
саның анықтаңдар.
29. «Ион алмасу реакциясы» тақырыбы бойынша сабаққа дайындалғанда
сізге сабақтың жоспарына 2-3 тапсырманы еңгізу қажет болады. Тиісті
тапсырманы құрастырып , оны шығарудың әдістемелік жолдарын
көрсетіңдер.
30. 14,2 г фосфор оксидін (V) 50 мл сумен әрекеттестіріп алынған фосфор қышқылы ерітіндісінің массалық үлесін анықтаңдар.
Дәріс№7,8,9 Бағдарлама бойынша оқушыларды есеп шығартуға үйретудің әдістемесі
Жоспары:
8 сынып есептері
9 сынып есептері
10 сынып есептері
1. 8 сынып есептері
Достарыңызбен бөлісу: |