Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химия есептерін шығару әдістемесі»


Газдардың салыстырмалы тығыздығын анықтау



бет33/75
Дата20.09.2022
өлшемі4,82 Mb.
#150072
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   75
Байланысты:
кешені «химия есептерін шы ару дістемесі

Газдардың салыстырмалы тығыздығын анықтау
Бір литр газдардың көлемдері 22,4л тең, молекула саны 6∙1023 тең. Ал массалары бірдей емес.

Мысалы: СО2 мен Н2 салыстырсақ әртүрлі (m1 Мr)


m (СО2) М (СО2)
m (Н2) М r 2)
Массаны формула арқылы да анықтаймыз
m = V∙ p m (СО2) = V(СО2) ∙ p (СО2)
m (Н2) = V(Н2) ∙ p (Н2) осыдан


V(СО2) ∙ p (СО2) = Мr(СО2)
V(Н2) ∙ p (Н2) Мr 2)

Көлемдері бірдей болғасын (1л) былай болады:




p (СО2)Мr(СО2) немесе p1 : p2 = Мr(1) : Мr(2)
p(Н2) Мr 2)
p1 : p2 = d тығыздық дейді.

d = m1 : m2 = p1 : p2 = Мr(1) : Мr(2)


Есеп №13 Тұз қышқылының (НСІ) азот бойынша тығыздығын анықтау
Шешуі:
Бірінші әдіс(Формула бойынша)
НСІ
d = Мr(НСІ) : Мr(N2) = 36,5 ׃ 28 =1,3
d(НСІ) -?
Екінші әдіс(Тығыздық бойынша)
М r (НСІ) =36,5 Газдардың тығыздығын кестеден қараймыз.
М r (N2) = 28
p (НСІ) =1,63г/л p (N2) = 1,25г/л

d = p (НСІ) : p (N2) = 1,63 : 1,25 = 1,3




Жауабы: d (НСІ) =1,3


Теңдеу бойынша газдардың көлемдік қатынасын анықтау
(Гей-Люссак заңы)


Есеп №14. 2л NН3 жанғанда қандай көлем О2 керек және қандай көлем N2 бөлінеді:
Шешуі: 4 NН3 + 3 О2 = 2 N2 + 6Н2О
V (NН3) =2л 4 моль 3 моль 2 моль
-------------------
V (N2)-? V (О2)-? Химиялық теңдеу бойынша аммиак 4 көлем, ал
азот 2 көлем болып тұр, олай болса азот 2 есе, ал оттегі 1,5 есе кем бөлінеді,


Жауабы: 2л NН3 жанғанда 1,5л О2 және 1л N2 керек.


Есеп №15. 1 л зат жанғанда 5л оттегі жұмсалады. Реакциядан кейін 3л СО2 және 4л Н2О бөлінеді. Заттың формуласын табу?
Шешуі: газ + 5О2 = 3СО2 + 4Н2О

Теңдеу бойынша оттегін санасақ газдың құрамында оттегі болмаған, тек С,Н болған. Осыдан:


СхНу + 5О2 = 3СО2 + 4Н2О
3моль 4моль

Химиялық теңдеу бойынша 3моль СО2 құрамында 3моль С болады, олай болса көміртегінің белгісіз саны х=3 тең болады, ал 4моль Н2О - 8моль Н тең болады, яғни у = 8




Жауабы: С3Н8 (пропан)
Есептер мен тапсырмалар

31. Символика арқылы төмендегі мәліметтерді жазыңдар: 1) құрамында 12 атом көміртегі 22 атом сутегі және 11 атом оттегі кіретін сахарозаның салыстырмалы молекулалық массасы; 2) сахароза молекуласының массасы.


32. Сахарозаның құрамындағы сутегі, көміртегі және оттегінің массалық үлесін анықтаңдар.
33. Н24 –күкірт қышқылы. Символика арқылы белгілеңдер. а) Н24 молекуласының массасы;б) Н24 – салыстырмалы молекулалық массасы; в) Н24 құрамындағы элементтердің массалық үлесін анықтаңдар.
34. Н24 молекуласы судың молекуласынан неше есе ауыр?
35. 150г NО2 құрамында қанша молекула болады?
Азот оксидінің осы массасы неше моль болады? Басқа мәліметтерді пайдаланып есепті кері байланыс арқылы шығарыңдар.
36. 5моль сутегі газында қанша молекула болады.
37. 1,5моль Н24және 0,2моль АІ2О3 массасын анықтаңдар.
38. 6,4г мыс сымының ұзындығы 1м. Бір моль мыстың мөлшері болатын мыс сымның қандай ұзындығын алуға болады?
39. Бір кг тұз сатып алынды. Ондай мөлшердің моль саны қанша. 1моль тұздың бағасы қанша?
40. 18г зат 200г ерітіндіде болады. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін анықтаңдар.
41. 5% 500г иод ерітіндісін дайындау үшін қанша г иод және спирт алуға болады.
42. 3л 50% КОН ерітіндісі (ρ=1,51г/см3) берілген. Еріген заттың массасын анықтаңдар.
43. 0,2М 500мл КNО3 ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм КNО3 алуға болады.
44. 3М 12л ерітіндіге 1440зат ерітілген. Ерітіндідегі заттың молярлық массасын анықтаңдар.
45. 0,1моль О2; 0,4моль Н2; 0,5моль СО2 қандай көлем алады (қ.ж.)
46. 110г құрғақ мұзды буландырғанда түзілетін СО2 көлемі (қ.ж.) қандай болады.
47. 10,8г АІ тұз қышқылының әрекеттескенде қандай көлем сутегі (қ.ж.) бөлінеді. Кері есепті құрастырыңдар.
48. 1,5моль НСІ мен алюминий әрекеттескенде түзілетін тұздың массасын және сутегінің көлемін анықтаңдар. Кері есепті құрастырыңдар
49. 0,5моль суды айырғанда түзілген сутегімен оттегінің (қ.ж.) көлемін анықтаңдар.
50. Сутегі бойынша төмендегі заттардың салыстырмалы тығыздығын анықтаңдар: а) оттегі; б) азот; в) көмір қышқыл газы
51. Ауа бойынша салыстырмалы тығыздықты табу. 1-Хлор; 2.Азот оксиді 3. Күкіртті сутек 4. Көмір қышқыл газы
52. 3л метанды, 3л этанды, 3л ацетиленді жаққанда қандай көлем көмірқышқыл газы бөлінді.
53. 2л иіс газын, күкіртті сутекті, бутанды жаққанда қандай көлем оттегі жұмсалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет