Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химия есептерін шығару әдістемесі»


Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеу



бет36/75
Дата20.09.2022
өлшемі4,82 Mb.
#150072
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   75
Байланысты:
кешені «химия есептерін шы ару дістемесі

Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеу


Есеп №4. 12г сутегі оттегінде жанғанда қанша мөлшерде жылу бөлінеді, егер сутегінің жануының термохимиялық теңдеулері мынаған тең болса:
12 г х
2 + О2 = 2Н2О + 571,6кДж

Химиялық теңдеу бойынша 4 г сутегі жаңғанда 571,6 кДж жылу бөлінеді. Енді есепті бірнеше әдіспен шығарайық.
1- әдіс. Пропорция әдісі.
12 г ------------------------------ х
4 г -------------------------- 571,6
х = 12 · 571,6 / 4 = 1714,8 кДж
2-әдіс. Зат мөлшері арқылы есептеу.
Химиялық теңдеу бойынша 2моль сутегі жаңғанда 571,6 кДж жылу бөлінеді. Ал 12г сутегін сандық мөлшерге аударсақ:
γ = m / М
γ(Н2) = 12 г / 2 г / моль = 6моль сутегі шығады. Сонда 6моль Н2 3есе көп жылу бөледі
Q = 571,6 ·3 = 1714,8 кДж
Есеп №5. Егер 1 г Мg жанғанда 25,6кДж жылу бөлінетін болса, термохимиялық теңдеуді қалай құруға болады?
2Мg + О2 = 2МgО
Химиялық теңдеу бойынша 2 моль магний жаңғанда қанша жылу бөлінетінің анықтау керек. Ол үшін оны массаға айналдырып табамыз.
m = γ ·М m (Мg) = 2моль · 24г/моль = 48г
48 г > 1г (48есе) олай болса жылу да сонша есе көп болады.
Q1 = Q ·48 Q1 =25,6 · 48 = 1228,8 кДж

Жауабы: 2Мg + О2 = 2МgО + 1228,8 кДж




Құрамында қоспасы бар заттардан алынған өнімнің массасын табу

Өндіріске байланысты есептерде көбінесе берілген шикізаттардың құрамында қоспасы болып келетін мәліметтер болады. Бұл қоспалар өндірістік үрдіс кезінде тиісті өнімге айнала алмайды. Сондықтан да тиісті өнімге айналатын таза заттың массасын анықтау қажет болады. Оны формула арқылы анықтауға болады.


ω (таза зат) = m (таза зат) / m (қоспа)
m (таза зат) = m (қоспа) · ω (таза зат)
Есеп №5. Құрамында 35% породасы бар 50т фосфорит заводқа әкелінді. Таза кальций фосфатының салмағын табу.
Шешуі:
Рудадағы таза кальций фосфатының мөлшері 65% (100% -35%) , ал бос порода ω (бос порода) = 0,35, ω (Са3(РО4)2) = 0,65
m ( Са3(РО4)2 ) = 50т · 0,65 = 32,5 т
немесе m ( қоспа ) = 50т · 0,35 = 17,5 т осыдан
m ( Са3(РО4)2 ) = 50т - 17,5 = 32,5 т


Жауабы: m ( Са3(РО4)2 ) = 32,5 т


Есеп №6 Құрамында 92% кальций карбонаты бар (СаСО3) бар 500 кг известняктен қанша көлем көмір қышқыл газын алуға болады және сөңдірілген известінің массасын табу.
Ш ешуі:
m(изв) = 500кг Известняктегі СаСО3 массасын табу:
ω (СаСО3 ) = 0,92 m (СаСО3 ) = 500 кг · 0,92 = 460 кг
V(СО2)-? m(СаО)-? Известняктің айырылу реакциясын жазамыз:
СаСО3 = СаО + СО2
Химиялық теңдеу бойынша m (СаСО3 ) = 100 кг
m (СаО) = 56 кг
V(СО2) = 22,4 м3
Есепті шығару үшін массаларын салыстыру әдісін қолданамыз.
460 кг > 100 кг (4,6 есе) олай болса V(СО2) және m (СаО) да 4,6 есе көп болады.
V(СО2) = 22,4 м3 · 4,6 = 103 м3
M (СаО) = 56 кг · 4,6 = 257,6 кг
Жауабы: Известнякті өртегенде 257,6 кг СаО және 103 м3 СО2 алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет