Атауы бойынша органикалық қосылыстың құрылым формуласын жазу және құрылым формуласы бойынша қосылысты атау
5-жаттығу. 2,5-диметил-З-этилгексанның қүрылым формуласын жазыңдар.
Ш е ш у і. 1) Формула жазуды негізгі көмірсутектен (гексаннан) бастаймыз. Жүрнак -ан болып түрғандьщтан көмірсутек қаныккан. Гексанның қүрамындағы алты көміртек атомдары өзара тізбек түзіп тек қана дара байланыстар арқылы байланысады. Негізгі тізбекті жазып алып, бір шетінен бастап нөмірлейміз. Берілген кемірсутек үшін немірлеуді кез келген шетінен бастауымызға болады:
12 3 4 5 6
С—С—С—С—С—С
2) Екінші және бесінші кеміртек атомдарында екі метил СН3 — топтары (2,5-диметил-) және үшінші көміртекте этил С2Н5— тобы бар. Орынбасар радикалды көрсетілген көміртек атомдарына тіркеп жазамыз:
3) Кеміртек атомдарының қалған байланыстарын сутек атомдары-мен қаньщтырамыз. Органикалық қосылыс күрамындагы көміртек атомдарының төрт валентті болатынын білеміз. Байланысқа бір валенттігін жүмсап түрған шеткі көміртек атомдары үш сутекпен (бірінші және алтыншы С атомдары), екі көміртек атомдарымен байла-нысып түрған ортадағы көміртек атомдары екі сутекпен (төртінші С атомы), ал үш жагынан байланысып түрған көміртек атомы бір сутекпен (екінші, үшінші және бесінші С атомдары) байланыса алады:
6-жаттығу. Формуласы келтірілген қосылысты халықаральщ атау жүйесі бойынша атаңдар:
Ш е ш у і. 1) Беріліп түрған косылыс қанықпаган көмірсутек. Өуелі қүрамында еселі байланысы бар ең үзын тізбекті тауып алып, еселі байланыс жақын орналасқан шетінен бастап нөмірлейміз. Егер қанықпаған байланыс тізбектің ортасында орналасқан болса, онда радикалдың қай шетіне жақын орналасқанын ескеру керек:
2) Кемірсутекті атау үшін әуелі орынбасар радикал (сутектің орнын басып түрған) байланысқан көміртектің нөмірін, содан кейін сызықша арқылы радикалды (орынбасарды) атайды. Егер, әр түрлі орынбасарлар болса, олар алфавит бойынша аталады. Қүрылым формуласы келтірілген көмірсутекте екі түрлі радикал бар, еуелі метилді ол 3-көміртекпен байланысып түргандықтан 3 -метил деп, сосын сызықша арқылы этил радикалды 4-этил деп атаймыз.
3) Барльгқ радикалдардың орнын көрсетіп, атап болғаннан кейін ең соңынан негізгі тізбекке сай көмірсутекті еселі байланыстын орнын көрсетіп (қос байланыс -ен жүрнағы арқылы белгіленеді және ол қай көміртектен кейін түр, сол көміртек көрсетіледі) атаймыз: гексен-2.
Формуласы берілген көмірсутек 3-метил-4-этилгексен-2 деп ата-лады.
2. Органикалық қосылыстардың әр түрлі кластарының арасындағы генетикалық байланысқа жаттығулар орындау
7-жаттығу. Төменде келтірілген айналымдарды орындауға мүмкіндік беретін химиялық реакция теңдеулерін жазып, реакция онімдерін атаңдар:
Ш е ш у і. 1) Ацетиленді кальций карбидін сумен әрекеттестіріп
алуға болады:
Ацетиленді металл өршіткі қатысында гидрлегенде этилен түзіледі:
3) Этилен галогенсутекті қосып алып галогеналканға айналады:
4) Галогеналканнан сілтінің судағы ерітіндісі қатысында спирт алынады:
8-жаттығу. Төменде келтірілген езгерістерді орындауға мүмкін-дік беретін реакция теңдеулерін жазып, олардың жүру жагдайларын көрсетіңдер:
Ш е ш у і. 1) Жоғары температурада метанның крекингі ацетилен түзу арқылы жүреді:
2) Қанықпаған көмірсутек ацетилен галогенсутекпен қосылу реакциясына түсіп, оның екі молекуласын қосып алады:
3) Сілтілердің спирттегі ерітіндісі қатысында көмірсутектердің галогентуындылары галогенді сутек бөле айырылады:
4) Ацетиленді гидрлеу металл өршіткі (никель) қатысында қыздыр-ғанда жүреді:
5) Қанықпаған қосылыстарға галогенсутектер косылғанда қаныққан көмірсутектердің галогентуындылары түзіледі:
6) Көмірсутектердің галогентуындылары металл натриймен әрекеттескенде (Вьюрц реакциясы) көміртек қаңқасы үзарып, гало-генид ионы бөлінеді:
9-жаттығу. Органикалық косылыстардың төменде келтірілген айналымдарын орындауға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазындар:
Ш е ш у і. 1) Метанды кыздырғанда ацетилен түзіледі:
2) Сынап (II) түздарының катысында ацетиленді гидраттағанда сірке альдегиді алынады:
3) Сірке альдегидін күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісі каты-сында тотықтырғанда сірке кышқылы түзіледі:
4) Сірке қышкылын жарыктың қатысында хлорлау СН3- тобыи-дағы сутек атомының хлор атомына алмасып, монохлорсірке кышқылының түзілуіне әкеледі:
5) Сілтілік ортада аммиак катысында хлор атомы амин тобына алмасып, аминсірке қышкылыныд калий түзы түзіледі:
6) Аминсірке кышкылының калий түзына бір моль НСІ-мен әсер еткенде аминсірке кышқылы түзіліп, ол НСІ-дің екінші молімен түз түзеді:
3. Заттардың қасиеттерін салыстыру мен талдауға жаттығулар
Бүндай есептерді шешкенде окушының талдауға, салыстыруға, қорытынды жасауға бейімділік қасиеттері мен химиялық мағлүматы қандай екені байкалады.
Органикалык қосылыстың химиялық қасиеттері мен реакция өнімінің қасиеттеріне сүйеніп қүрылымын анықтау алгоритмі мына-дай:
1) келтірілген барлық реакциялардың сызбанүсқаларын күру;
2) реакция өнімдері косылыстардың кандай класына жататынын болжап жөне бүл өнімдерді кандай қосылыстар класынан алуға болатынын талдау;
3) кейбір реакция өнімдерінің берілген қүрылыстары мен қасиет-теріне сүйеніп бастапкы заттың қүрылым формуласын қүру.
10-жаттығу. Қүрамы С3Н8О формуласымен өрнектелетін В затын жайлап тотыктырғанда А заты түзіледі. А заты күміс оксидінің
Окулықтарда органикалық косылыстар гомолог катарларының алғашқы өкілдерінің химиялык қасиеттері тольпқ келтірілді. Осы кластың барлық мүшелері кірісетін жалпы реакциялармен қатар әр заттың ерекше қасиеттерін де сипаттай білу керек.
Қоспаны кұрам бөліктеріне бөлу алгоритмі:
1) әр құрауышы органикалык қосылыстардың қай класына жататынын анықтап алу керек;
2) егер заттардың бірнешеуі бір класқа жататын болса, заттарды бөлу үшін олардын әркайсысының ерекше қасиетін пайдалану керек;
3) заттар әр түрлі кластарға жататын болса, заттарды бөлу орга-никалық косылыстардың осы класына тән реакцияға негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |