Бақылау сұрақтарының тапсырмалары
Келесі анықтамаға,түсініктерге глосарий құрастыр: Бойль-Мариотт заңы, Гей-Люссак заңы, Шарль заңы, Гей-Люссактың көлемдік қатынас заңы, парциалды қысым, Клапейрон-Менделеевтеңдеуі
Келесі есептерді шығар:
Массасы 14,6г НСl калыпты жағдайда кандай көлем алады?Жауабы: 8,96 л
Көлемі 20л ыдыс 22°С-да, 500кПа қысымда көміркышқыл газымен толтырылған. Осы газдың массасы кандай?Жауабы: 179,4г
Массасы 30,3 г газ 18°С-да көлемі 15 ыдыста тұрғанда 122 кПа қысым көрсетсе, оның молярлык массасы қандай?Жауабы: 40 г/л
Температурасы 20°С 500 мл көлем алатын газдың көлемі 100°С-да қандай болады?Жауабы: 392 мл
Көлемі 2л газдың қысымы 90 кПа. Осы газдың % көлемін 4 л-ге шейін жеткізу үшін қысым кандай болу керек?Жауабы: 45 кПа
№7,8 Зертханалық-практикалық сабақ
Тақырыбы: Бейорганикалық жөне органикалық заттардың ең қарапайым және молекулалық формулаларын табуға арналған есептерді шешу әдістемесі.
Жоспары :
Химиялық формулалар бойынша есептердің типтері
Химиялық формула ,түрлері.Формула құру
Формуласы бойынша заттың салыстырмалы молекулалық массасын және молярлық массасын есептеу бойынша типтік есептің үлгісі
Формуласы бойынша заттың құрамына кіретін элементтердің массалық үлесін есептеу (проценттік мөлшермен)
Формуласы бойынша заттың құрамына кіретін элементтердің массаларының қатынасын есептеу
Жай заттың берілген массасын алу үшін қажет күрделі заттың массасын есептеу
Күрделі заттың берілген массасынан алуғаболатын жай заттың массасын есептеу
Құрамында кристалдық суы бар заттарды формулалары бойынша есептеулер
Моль және молярлық масса ұғымдарын пайдаланып жүргізілетін есептеулер.
Химиялық қосылыстың формуласы оның әр молекуласы қандай элементтердің қанша атомдарынан түратындығын көрсетеді. Егер заттың 1 моль мөлшерін алатын болсақ, онда оның формуласы сондағы өр элемент атомдарының мөлшерлерінің, яғни моль сандарының қатынасын көрсетеді. Әрине, бүл қатынас бүтін сандар қатынасы болу керек (атом; жарты немесе ширек болмайды, тек бүтін болады).
Химиялық қосылыстардың формулаларына байланысты негізінен екі түрлі есептеулер жүргізуге болады. Егер химия-лық қосылыстың формуласы белгілі болса, онда оның құрамына кіретін әр атомның массалық үлесін, яғни проценттік мөлшерін табуға болады. Керісінше, егер химиялық қосылыстың құрамына кіретін әр элементтің массалық үлесі, яғни проценттік мөлшері белгілі болса, онда қосылыстың құрамына кіретін элементтердің моль сандарының ең кіші қатынасын көрсететін ең қарапайым формуласын табуға болады. Әдстте, мүндай формуланы "эмпирикалық" формула| деп атайды. Заттың эмпирикалық формуласын табу үшін. "химиялық анализ" мәліметтері қажет.
Белгісіз затгың эмпирикалық формуласын табу сол затгың нағыз, немесе, басқаша айтқанда, молекулалық формуласын табу жолындағы алғашқы қадам болып қана табылады. Заттың молекулалық формуласын табу үшін көбінесе химиялық анализ мөліметтерінен басқа да қосымша мөліметтер қажет болады. Мысалы, берілген заттың молекулалық массасын есептеу үшін оның буының тығыздығы керек болады. Осы-лай, белгісіз заттьщ қүрамына кіретін әр элементтің массалық үлесі (%) арқылы оның "эмпирикалық формуласын" ал, қосымша меліметтер арқылы оның нағыз молекулалық формуласын табуға болады. Эмпирикалық формула мен нағыз немесе молекулалық формула еселік қаты-наста болады. Олардың айырмасын төмендегі кестеден түсіну болады.
№
|
Молекулалық формуласы
|
Эмпирикалық формуласы
|
Заттың атауы
|
1
|
Н2О2
|
НО
|
Сутек пероксиді
|
2
|
С6Н6
|
СН
|
Бензол
|
3
|
С2Н2
|
СН
|
Ацетилен
|
4
|
Р4О10
|
Р2О5
|
Фосфор(ІV) оксиді
|
Молекулалық формула деген атаудың жеке молекулалардан тұратьш затгар үшін немесе, басқаша айтқанда, молекулалық затгар үшін ғана мағынасы бар. Ал, NaС1 тәрізді кристалдық затгар үшін тек оньщ құрамындағы элементтердің мөлшерлерінің (мольдерінің) қатынасы туралы ғана айтуға болады. Мүндай затгар үшін эмпирикалық формула мен нағыз формула бірдей.
Сонымен, химиялық анализ мәліметтері бойынша белгісіз заттың құрамына кіретін әр элементтің массалық үлесі және оның молекулалық массасы, немесе оны есептеуге керекті мәліметтер жеткілікті болса, онда оның эмпирикалық нағыз (молекулалық) формуласын табуға болады. Ал, көптеген есептерде белгісіз заттың молекулалық массасы есептің шартында берілмейді, бірақ оны есептеу үшін қажетті кейбір мәліметтер келтіріледі. Кейде молекулалық массасын табу үшін арнайы логикалық әдістерді қоддануға тура келеді.
Егер заттың химиялық формуласы белгілі болса, онда заттағы әрбір элементтің салыстырмалы массасын есептей салуға болады.
Заттың химиялық формуласы негізінде 2 негізгі типтегі есептеулерді жүргізуге болады.
Заттың құрамындағы әрбір элементтің атомдық массасын біле отырып, 1 моль заттағы жалпы массасын, әрбір элементтің проценттік үлесін анықтауға болады.
Керісінше тапсырманы орындауға болады: заттағы элементтердің берілген проценттік құрамы бойынша заттың химиялық формуласын анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |