1-есеп. Белгісіз газ.
Бірдей (көлем мен массасы) үш ыдыстың іші бірдей жағдайда әр түрлі газдармен толтырылған. Сутекпен толтырылған бірінші ыдыстың массасы 24,8г. Оттекпен толтырылған екінші ыдыстың массасы 36,8г. Көлемі бойынша 40% азоттан және белгісіз газбен толтырылған үшінші ыдыстың массасы 33,28г. Белгісіз газды анықта.
Шешуі:
Газы жоқ ыдыстың массасын mыдеп белгілейміз, ал белгісіз газдың молекулалық массасын – х. Бұдан:
V(Н2)*2+ mы =24,8; (1)
V(О2)*32+mы =36,8; (2)
Екі газдың зат мөлшері тең, себебі көлемі, қысымы және ыдыстардың температурасы бірдей. (1) және (2) теңдеулерді шешеміз:
mы=24,0г, ν(Н2)=ν(О2)=0,4 моль
Үшінші ыдыстағы қоспаның массасын азайту арқылы табамыз:
33,28-24,0=9,28г
Бұл ыдыстағы азоттың зат мөлшері: ν(N2)=v(қоспа)*0,4=0,16моль;
Белгісіз газдың молярлық массасын мына теңдеу арқылы табамыз:
9,28=0,16*28+(0,4-0,16)х, бұдан:
х=20г/моль. Белгісіз газ – неон.
Тапсырма1: Келесі есептерді шығар:
Кальцийдің, күкірттің және оттегінің массалық қатынастары 5:4:8 ,болса, заттың формуласы қандай?
Үш валентті металлоксидінде оттектің массалық үлесі 47,06%. Осы элементті және оксид формуласын анықта
Темір купоросында кристалды судың массалық үлесі 45,3%.құрайды. Темір купоросы формуласындағы судың молекула санын анықта
Құрамында 4% қоспасы бар 10 кг тотияйын құрамында қанша мыс бар.
Тотияйын (CuSO4*5H2O) құрамындағы судың массалық үлесі қандай
Массасы 16г элемент 6,4г оттекпен қосылыпЭО оксидін түзсе,ол қандай элемент болғаны?
Сахарозада көміртегінің массалық үлесі 42,1%құрайды, осы қосылыстың салыстырмалы молекулалық массасы 342-гетең. Сахароза молекуласындағы көміртегі атомының санын тап.
Үш валентті металл оксидіндегі металдың массалық үлесі 30,0%.Осы элементті және оксидті анықта.
Егерде 28,8г оксидте 25,6г мыс болатындығы белгілі болса оксидтің формуласы қандай?
Құрамына 87,5% азот,12,5% сутегі кіретін заттың формуласын анықта.Заттың салыстырмалы молекулалық массасы 32-ге тең.
Хлоридтегі элементтің массалық үлесі 0,202.Егер элемент үш валентті болса ол қандай элемент екендігін анықта?
Оксидтегі металдың массалық үлесі0,599.Қандай металл екендігін анықта
Барий хлориді кристаллогидратындағы барийдің үлесі 56,14 .Кристаллогидраттың формуласын анықта
Барий хлориді кристаллогидратындағы криисталды судың үлесі 14,8 . Кристаллогидраттың формуласын анықта
0,5моль алкиндерге жататын көмірсутегі толық жанғанда 2 моль оттегі қажет болды. Алкиннің формуласын анықта
Массасы 8,40г этилен қатарының көмірсутегісі көлемі 2,688л сутегімен толық әрекеттесті. Алкеннің формуласын анықта.
Достарыңызбен бөлісу: |