§ 3. Химия сабағында сандық есептерді пайдалану әдістемесі
Сандық есептерді мынадай жағдайларда пайдалануға болады:
1. Жаңа сабақты түсіндіргенде, сабақты бекіткенде, үйге тапсырма бергенде, күнделікті білімді тексергенде
2.. Оқылған материалдарды қайталауға және қорытынды сабақтарда, өзіндік жұмыстарда, бақылау жұмысында, факультативтік сабақтарда және сыныптан тыс жұмыстарда (үйірмеде) т.б.
3. Жаңа сабақты өткенде сандық есептерді пайдалану
Жаңа сабақты түсіндіргенде қаралатын сұрақтарды, заңдылықтарды қорытындылау үшін, мәнін ашып көрсету үшін, оқушылар өз бетімен қорытынды жасау үшін есеп шығару әдісі қолданылады.Мысалы: «Альдегид»- тақырыбында мұғалім кіріспе сөзінде өткен сабақта спирттер класын өткендерін, енді бүгін жаңа қосылыстардың класы қарастырылатыны айтылады. Сөйтіп есеп шығартылады. Есептің мазмұны алдын-ала тақтада жазулы тұрады.
Есеп № 1. Белгісіз заттың құрамына 53,3%- О , 40 % -С және 6,7 % -Н кіретін болса, егер оның сутегі бойынша тығыздығы 15 болса, қарапайым қосылыстың молекулалық формуласын анықтаңдар.
Берілгені: Есепті талдау кезінде мынаны анықтайды: формула
dH2=15 арқылы әрбір элемент атомының санын анықтау керек.
W(O)=0.533
W(C)=0.400 W= n · Ar : Mr
W(H)=0.067
Формула-? n = W ∙ Mr : Ar Mr = 2· dH2 орнына қойып мына
формуланы аламыз:
n = W ∙ 2 ∙ dH2 : Ar
Ar (O) =16, Ar(C) =12, Ar(H) = 1
Содан кейін n мәнің табамыз: n(O) = 0.533 ∙ 2 ∙ 15: 16 = 0.99 =1
n(C) = 0.400 ∙ 2 ∙ 15 : 12 = 0.99 =1
n (H) = (0.067 · 2 ∙ 15) : 1= 2
Бұдан келіп мынадай формула шығады: CH2O Бұл формуланың салыстырмалы молекулалық массасы анықталады.
Mr(CH2O) =12+2+16 =30 Mr =2 dH2 , Mr =2 ∙ 15 =30
Осыдан кейін мұғалім жаңа қосылыстың формуласы CH2O дейді. Ал спирттің формуласы CH4O(метил спирті). Екеуін салыстырып ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.
CH4O -2Н→ CH2O
спирт альдегид
Жаңа сабақты өткенде химиялық заңдылықтар мен теориялық қағидаларды дәлелдеу үшін сандық есептерді пайдаланудың орны ерекше.
Мысалы: Зат массаның сақталу заңын өткенде оқушыларға мынадай есеп беруге болады:
Есеп № 1. 2,17 г HgO ыдырағанда 0,16 г оттегі бөлінеді. Реакция нәтижесінде қанша грамм сынап түзіледі: Мынаны ескеріңдер, бұл реакцияда басқа заттар түзілмейді.
Есеп № 2. 4 г күкірт қалдықсыз 7 г Fe әрекеттеседі. Алынған FeS массасы қандай? Бұл есеперді шығару арқылы, зат массасын сақталу заңына сүйеніп және реакциядан кейінгі заттардың массаларын есептеуге үйренеді.
Авагадро заңы өтілгенде мынадай есеп беруге болады.
Есеп № 1. 14 г азот , 16 г оттегі , 17 г аммиак (қ.ж) қандай көлем алады?
Есеп № 2. Көлемі 1м3 тең (қ.ж) кез келген газдың заттық мөлшері қандай?
Есеп № 3. 1г CaCO3 термиялық ыдырағанда (қ.ж) қандай көлем СО2 бөлінеді?
Есеп № 4. 1 л газ (қ.ж) 1,25 г тең. Газдың салыстырмалы молекулалық массасы қанша?
Есеп № 5. 1моль Н2, О2, СО2 көлемін табыңдар, егер олардың p(H2)=0.089г/л, p(O2)=1,43 г/л, p(CO2)=1,96 г/л болса,
Шешуі: Оқушылар формуланы пайдаланып V = m / р есептейді,
«m» орнына «М» алады, себебі 1моль заттың массасы, моль массаға тең болады: М(Н2) =2г/моль; М(О2) = 32 г/моль; М(СО2) =44 г/моль
Vm(H2) = 2г/моль = 22,4 л/моль
0,089г/л
Vm(О2) = 32г/моль = 22,4 л/моль
1,43г/л
Vm(СО2) = 44г/моль = 22,4 л/моль
1,98г/л
Алынған мәліметтен оқушылар молярлық көлемнің 22,4л тең екендігін біледі, осыдан кейін мұғалім бірдей көлемде әртүрлі газдардың молекула саны бірдей болатындығын айтып, Авогадро заңының анықтамасын айтады. «Моль» деген ұғымды түсіндіру үшін мұғалім алдымен оның анықтамасын айтып есеп шығартады.
Есеп №6. Заттың өлшем бірлігі мольге қанша бөлшек сан кіреді?
Мысалы: 12г С атомында және 32г оттегі молекуласында қанша бөлшек саны болады?
m0 (С) = 0,2·10-24 г m0 (О2) = 53,2·10-24 г
Шешуі: NА (С) = 12г : 0,2·10-24г = 6·1023:
NА (О2) = 32 г : 53,2·10-24г = 6·1023:
Осыдан оқушылар қорытынды жасап, кез-келген заттың 1молі 6·1023тең екендігін анықтайды.
Жаңа сабақты түсіндіргенде, есепке байланысты талқылауды мұғалім өзі жүргізеді, тек кейбір есептеулерге ғана оқушыларды қатыстырады.
Бекітуде жаңа сабақтағы сияқты есептерді беруге болады, тек бұл жағдайда мұғалім оқушылардан өз бетімен есептерді талқылауды талап етеді.Бекітуде егер оқушылар есепті шығарудың жолдарын жақсы меңгерсе онда мұғалім күрделі есептер береді.
Үйге есеп бергенде осы заңдылықтарға байланысты беруге болады. Мысалы: Зат массасының сақталу заңы мен Авагадро заңына мынадай есептер беруге болады:
Есеп № 1. 20г CaCО3 тұрақты массаға дейін қыздырғанда 10,12 г СаО алынған.Бөлінген СО2 массасын табу.
Есеп № 2. 2,7 г суды толық сутегі мен оттегіне ыдыратқанда 0,3 г сутегі алынған. Алынған оттегінің массасы қанша?
Есеп № 3. Егер газдың көлемі 250 мл, массасы 0,715г тең болса (қ.ж). Оның салыстырмалы молекулалық массасы қандай болады?
Есеп № 4. 0,2 моль О2 , 0,2 моль Н2 (қ.ж) қандай көлем алады?
Есеп № 5. 7г N2 ; 5,1 г NH3 ; 6,8 г H2S (қ.ж) қандай көлем алады?
Білімді тексеруде де сандық есептерді пайдалануға болады.
Білімді тексергенде де үйге берген тапсырманы (есепті) шығартуға болады. Біріншіден ол есептің дұрыс шығарғаның тексереді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, есеп кітаптан шығаруды ұсынады. Егер оның көшіріп алғаны белгілі болса, онда соған ұқсас есеп беріледі. Бұл кезде ол оқушы есепті талқылап заңдылықтарды түсіндіреді және әртүрлі әдіспен шығаруы керек. Егер есеп қиын болса, онда есепті сыныппен талқылап шығарған жөн.
Қайталауда, қорытынды сабақтарда сандық есептерді пайдалануға болады. Бұл кезде аралас мазмұнды 2-3 заңдылықтарды қамтитындай есеп беріледі. Бұл әдіс жоғарғы сыныпта қолданылады. Мысалы, зат массасының сақталу заңын, Авагадро заңымен байланыстырып формула құрастыруға соған байланысты Авагадро заңына сәйкес есептеулер беру керек.
Есеп № 1. 11,2 л сутегімен Fe3O4 тотықсызданғанда темірге дейін , реакцияға қанша Fe3O4 қатысады?
Fe3O4 + 4H2 → 3Fe + 4H2O
Есеп № 2. Мырыш HCl әрекеттескенде 4,48 л сутегі алынған. Реакцияға қанша мырш қатысқан?
Zn + 2HCl → ZnCl2 + H2
Бұл есепте зат массаның сақталу заңы мен Авагадро заңы қамтылған.
Сабақты бекітуде де есептер беру арқылы оқушылардың түсінгенін білуге болады. Қайталанатын сұрақтарды есеп арқылы пысықтауға болады. Мысалы: Тақырыбы: «Газдардың молярлық көлемін және Авогадро заңына» мынадай есептер беруге болады:
Есеп №1. 16г О2; 1г Н2; 22г СО2 қ.ж. қандай көлем алады?
Есеп №2. 11г СО2; 8г О2 қанша молекула бар?
Есеп №3. Тығыздығы (p=1,25 г/л) тең газдың молярлық массасын табыңдар.
Тақырыбы: «Зат массасының сақталу заңы»
Есеп №1. 8г Ѕ пен 14г Ғе әрекеттескенде шыққан ҒеЅ массасын анықтаңдар
Есеп №2. 56г СаО мен 4г СО2 алу үшін қанша грамм СаСО3 айыру керек.
Оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін, олардың оқуға деген белсендігін дамыту үшін, сабақ үстінде ауызша есептер берген жөн. Тәжірибелі мұғалімдер күнделікті сабақтарда өзіндік жұмыстарға есеп бергенде 1-3 материалдарды қамтитындай есептер береді. Бұл олардың өткен материалдарды еске түсіруіне көп көмегін береді. Мысалы: Тақырыбы: «Оксидтер, қасиеттері» сабағында мынадай есептерді беруге болады.
Есеп №1. а) 1,5моль Ғе2О3 массасын анықтау б) Көлемі 1,12л тең ыдыста СО2 бар (қ.ж.) Ыдыстағы заттың массасын, молекула санын, зат мөлшерін анықтаңдар.
Есеп №2. 20г МдО күкірт қышқылымен әрекеттескенде шыққан МдЅО4 массасын табыңдар
Есеп №3. 19,7г ВаСО3 алу үшін Ва(ОН)2 арқылы қанша көлем СО2 жіберуге болады.
Білімді тексеруде де сандық есептерді пайдалануға болады. Білімді тексергенде көбінесе ауызша сұрақтар беріледі. Бұл оқушылардың жаттап келуіне итермелейді. Сөйтіп оқушылардың білімі жаттанды болады, олардың творчествалық іс-әрекеттері дамымайды. Сондықтан есеп арқылы білімді тексеруге болады. Мысалы: «Оттегінің қасиеті» тақырыбында оқушыдан үйге берген тапсырманы есеп шығарту арқылы сұрауға болады.
Есеп №1. 1,08г АI оттегінде жанғанда шыққан АI2О3 массасын табу.
Оқушылар бұл есепті шығаруда оттегіне байланысты реакция теңдеулерін жазып , есептеулер жүргізеді.
Білімді тексеруде сапалық есептердің маңызы өте зор. Мысалы: «Оттегінің қасиеттері» тақырыбында мынадай есептер беруге болады.
Есеп №2 Көмір шала жанғанда иіс газына айналады, ал толық жанғанда көмір қышқыл газына айналады. Иіс газы -улы, суда аз ериді, көк түсті болып жанады. Көмір қышқыл газы –улы емес, суда ериді, жанбайды. Осы оксидтердің формуласын жазып, құрамындағы «С» проценттік мөлшерін анықтаңдар. Оттегі мен көмір қышқыл газын бір-бірінен қалай ажыратуға болады.
Егер мұғалім жаңа сабақтың алдында үйге берген тапсырманы сұраса, немесе есеп шығартса, онда есеп өткен материалмен жаңа материалды жалғастыратындай болу керек. Мысалы: «Молярлық концентрация» тақырыбы алдында мынадай есеп шығартуға болады.
Есеп №3 Ауадағы оттегінің мөлшері О2-23,2%; N2- 75,5% құрайды (массалық үлесі) Егер 1л ауаның салмағы 1,293г болса, ондағы О2: N2 моль саны қанша болады:
ω(О2) = 0,232 ω = m (комп) : m (қоспа); Осыдан:
ω(N2) = 0,755 m = ω· m (қоспа); γ = m (қоспа) : М;
ρ(ауа) =1,293г/л
γ = ω ∙ m (қоспа) : М
γ(О2) ; γ(N2) -? γ (О2) = 1,293· 0,232 : 32г/моль = 0,009моль;
γ (N2) = 1,293· 0,755 : 28г/моль = 0,035моль;
Жауабы: 1 л ауада 0,009 моль 02 және 0,035 моль N2 болады.
4. Химиялық есептерді шығару арқылы оқушылардың білімдерін мен біліктерін пысықтау
Оқушыларды химиядан есеп шығартуға үйреткенде ең негізгі мәселеге көңіл аудару керек. Алған білімдерді бір жүйеге келтіру үшін, жинақталған тапсырмаларды құрастыра білу керек. Сол тапсырмалар арқылы оқушылардың жинақталған ойлау іс-әрекеттерін дамытуға болады. Ойлаудың екі түрі бар(диалектика тұрғысынан) 1. Эмперикалық 2. Теориялық
Оқушылар көбінесе эмперикалық ойлауды көп қолданады. Сөйтіп есеп шығарғанда есептің теориялық мәніне көп көңіл бөлмей, ойына келгені бойынша шығарады. Сондықтан бұл жерде оқушыға теориялық білім керек. Есеп шығару арқылы барлық алған теориялық білімдерді пысықтауға болады.(қайталау) Оқушылардың теориялық ойлау қабілеттерін дамытқанда, алған теориялық ойлаудың мынадай түрлері қалыптасады.
а) Нақты көрнекілік бойынша ойлау.
б) Нақты бейнелік форма арқылы ойлау.
в) Абстрактылы (дерексіздік) ойлау.
г) Жинақталған ойлау іс-әрекет.
Сондықтан есеп шығарғанда схемалар мен формулаларды , жинақталған теңдеулерді пайдаланған жөн. 8класста «алғашқы химиялық ұғымдарды» қайталағанда, алған ұғымдарды жинақтайтындай есептер қарастырған жөн. Мысалы: Известь тастың формуласын жазып, мынадай тапсырманы орындау.
1-тапсырма а) Формуласын жазу: б) күрделі затпа, жай зат па? в) қандай элементтен тұрады
Мг (СаСО)3 = 100
Мг (СаСО)3= n· Ar(Ca)+n1· Ar(C)+n2· Ar(O)
n =1 n1 =1 n2 =3
Осыдан: Мг (СаСО)3 =1· 40 +1· 12 +3· 16 =100
2-тапсырма: Массаларының ара қатынасын табу
m(Ca):m(C):m(O) = n·Ar(Ca) =n1·Ar(C):n2·Ar(O)
m(Ca) : m(C) : m(O) = 40 : 12 : 48 = 10 : 3 : 12
Екеуін салыстырады, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды. Сосын 3ші тапсырма береді. 3-тапсырма: Известь тастың құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу.
Мұғалім әңгімелесу арқылы түсіндіреді. Оқушылар мұнда да алдыңғы екі есепте кездесетін формуланы атап көрсетеді. Сол формула бойынша есептеулер жүргізеді.
ω = n· Ar : Mr
Шешуі:
СаСО3 – известь тас
-----------------------------
ω(Ca)-?ω(C)-?ω(О)-? ω (Ca) =1· 40 :100 = 0,4 = 40%
ω (C) =1·12 :100 = 0,12 = 12% ω (О) =3·18 : 100 = 0,48 = 48%
Мг (СаСО)3 = 100 ; Ar(Ca)= 40; Ar(C)=12; Ar(O)=16.
Жауабы: 40% Ca, 12%С, 48%О
Оқушылар үш есепті салыстырып ұқсастығы мен айырмашылығын табады. Қорытындылағанда заттың химиялық формуласының сандық және сапалық жақтарының бірлігі айтылады. Газ тәрізді заттардың молекулалық формуласын табу оқушыларға қиынырақ болады. Бұл есептер 10 сыныпта шығарылады. Сондықтан 8 сынып материалдары еске түсіріледі. Формуланы жазады. ω = n·Ar / Mr Оны өзгертіп былай жазады:
n = ω · Мr /Аr
Есеп №1. Қаныққан көмірсутектің гологенді туындысының салыстырмалы молекулалық массасы-237 Ондағы Сl- массалық үлесі 0,899, ал С-0,101. Формуланы табу.
Шешімі:
Мг (Сх Х4)= 237 n = ω· Мr /Аґ n (СI) = 0,899· 237 : 35,5 = 6
ω (CI) = 0,899
ω (C) =0,101 n (С) = 0,101· 237 : 35,5 = 2
------------------------
Формула-? Жауабы: С2СI6 немесе ССI3- ССI3
Ar(СI) =35,5
Ar(С) =12
Ерітінділерге есеп шығарғанда да мына формула пайдаланады.
ω = n · Ar : Mr
Мұғалім әңгімелесу арқылы мәліметтерді еске түсіреді. Ерітінділерге тоқталады. Ерітіндінің екі заттан тұратынын айтады.
m (ерт) = m + m1 ω = m (е.з.) : m (ерт); ω = m (е.з.) : m + m1;
Оқушыларға физика курсынан таныс (6кл) ерітіндінің массасын көлем мен тығыздық арқылы да табуға болатыны:
m(ерт) = m + m1 = V· p Осыдан, ω = m : V· p
Есеп №2. 20г ерітіндіні суалтқанда 4г тұз алынады. Ерітіндідегі тұздың массалық үлесін табыңдар.
Шешімі:
m(ерт) = 20г ω = m (тұз) : m (ерт) ω = 4г : 20 г = 0,2
m(тұз) = 4г
ω-?
Жауабы: ω (тұз) - 0,2 = 20 %
Есеп №3 5г тұзды 45суда ерітеді. Ерітіндідегі NaCl массалық үлесін
табыңдар?
Шешімі:
m(NaCl) =5г ω = m / m + m1 ω =5 /5 + 45 = 0,1=10%
m(Н2О) =45г
ω-?
Жауабы: 10% NaCl
Есеп №4 Массасы бойынша тазартылған вино спиртінің құрамында 4% су бар.Егер спирттің p = 0,8г/см3 болса, 1л спирттегі судың массасын табыңдар.
Шешімі:
ω( Н2О) = 0,04 ω = m : V·p m = ω· V· p
V(спирт) =1л
p (спирт) = 0,84г/см3 m(Н2О) = 0,04· 1000см3· 0,8 =32г
--------------------------
m(Н2О)-? Жауабы: 32г су.
Төмендегі ұғымдарды өткеннен кейін: «Зат мөлшері»; «Моль»; «молярлық»; «молярлық масса»; «Авагадро саны»; «молярлық көлем»; «реакцияның жылу эффектісі» т.б. есептер арқылы осы ұғымдарды пысықтап қайталаған жөн. Бұл ұғымдарды пайдалану арқылы есептер шығару керек.
Есеп шығарғанда барлық физикалық өлшем бірліктер арасында байланыс барлығы байқалады. Оны мына схема арқылы көрсетеміз.
m = M· υ m = p· V V = Vm· υ γ = Q : Qm
Осы схеманы пайдаланып, оқушыларға «зат мөлшері» деген ұғымды кең түрде түсіндіруге болады. Мысалы:
γ = m : M; γ = V: Vm ; γ = Nо : NА;
Оқушылардың білімдерін бекіту мақсатында мынадай есептер шығаруға болады.
Есеп №5. Көлемі 11,2 л тең газометр оттегімен толтырылған. Газометрдегі оттегінің молекула санын, массасын және зат мөлшерін анықтаңдар.
Шешімі:
V(О2) =11,2л γ =V/ Vm m = V· p
----------------- m (О2) =11,2л·1,43г/л =16 г
m(О2)- ? γ (О2)- ? Nо(О2)- ? γ (О2) =11,2л :22,4л /моль = 0,5 моль немесе
Vm (О2) =22,4л/моль m = γ· M N 0= γ· NА
p(О2) =1,43г/л m (О2) = 0,5моль·32г/моль =16г
M(О2) =32г/моль N0 (О2) = 0,5· 6·1023моль-1 = 3·1023
Жауабы: 3·1023; 16г; 0,5моль
Мектеп бағдарламасында химиялық реакция теңдеулері арқылы көптеген есептер қарастырылады. Олардың көптігі сондай және әртүрлі болып келеді. Бірақ барлығына ортақ бір нәрсе бар. Ол бәріне бірдей іс-әрекет бар. Міне осыны қарастырайық: Мысалы мынадай теңдеу берілді.
n1А + n2В = n3С + n4Д
А + В = С + Д
Егер осы 4 заттың біреуінің массасы берілсе, ал екінші заттың массасын анықтау керек болса, онда есепті шығарудың 12 варианты бар.
Вариант
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
Зат
|
А
|
m
|
m
|
m
|
х
|
|
|
х
|
|
|
х
|
|
|
m 1
|
m1
|
В
|
х
|
|
|
m
|
m
|
m
|
|
х
|
|
|
х
|
|
m 2
|
m 2
|
С
|
|
х
|
|
|
х
|
|
m
|
m
|
m
|
|
|
Х
|
х
|
|
Д
|
|
|
х
|
|
|
Х
|
|
|
х
|
m
|
m
|
m
|
|
х
|
Бұл есептерді шығарудың принципі бірдей, бір заттың массасы арқылы, екінші заттың массасын анықтауға болады. Мұндай есепті базовой деп атайды.(негізгі) Бұл базовой есептен басқа күрделі есепке көшу өте күрделі. Оған көшу үшін алғашқы базовой есеппен салыстыра отырып сатылап көшу керек. Ол кезде оқушылардың көңілін жалпы әдіске мән бере отырып, жаңа әдістің ерекшелігіне назар аударады. Енді мысал келтірейік:
Есеп №6 (1-вариант) 1,2г Мд алып күкірт қышқылының артық мөлшерімен Н2SО4 қосып тұз алады.Тұздың массасын табу.
Шешімі:
m(Mg) =1,2г Mg + Н2SО4= Mg SО4 + Н2
------------------
m(тұз)- ? Химиялық теңдеу бойынша формуланы қолданамыз. m = γ· M
М(Мg)=24г/моль m (Mg) =1моль· 24г/моль = 24г
М(МgSO4)=120г/моль m (Mg SО4) =1моль·120г/моль =120г
Есепті шығару үшін бір әдісті қолданамыз. Мысалы, заттардың массаларын салыстыру әдісі:
1,2г < 24г 20есе аз, олай болса тұз да 20 есе аз болады.
M (Mg SО4) =120г:20 = 6г
Жауабы: m (тұз) - 6г.
Осындай әдіспен Н2SО4 пен Н2 массасын есептеуге болады.
(2-вариант)
m (Н2SО4) = 98г m (Н2) = 2г
а) 1,2 < 98г 8,2есе m (Н2SО4) = 98г : 8,2 =1,19г
б) 1,2 < 2 1,6есе m (Н2) = 2г:1,6 =1,25г
(3-вариант)
1,2 г магнийдің орнына 0,05моль Мд деп беруге болады. Бұл жағдайда да
есептің шешімі өзгермейді, егер 1,2г Мд массаның орнына 0,05моль Мд өлшем бірлігін алсақ та, сол жауап шығады.
0,05 х
Mg + Н2SО4 = Mg SО4 + Н2
γ(Mg) = 0,05моль; γ (Mg SО4) = 0,05моль
M = γ· M = 0,05·120 = 6 г (Mg SО4)
Қаралған есептерді біріктіріп жазып, негізгі есеп арқылы оқушыларға есептің мәнің түсіндіруге болады. Яғни егер бір заттың массасы белгілі болса, қалған заттардың массасын анықтауға болады. Енді осыған мысал қарастырайық.
m mх
n1А + n2В = n3 С + n4 Д 1 вариант
n1 М(А) n3 М(С)
m mх
n1 А + n2 В = n3 С + n4 Д 2 вариант
n1 М (А) n2 М(В)
m mх
n1 А + n2 В = n3 С + n4 Д 3 вариант
n1 М (А) n4М(Д)
Егер есептің шартын өзгертсек, зат мөлшері берілген болса, сол арқылы екінші заттың массасын табуға болады. Шығару жолы жоғарыдағы әдіске ұқсас:
γ mх
А + В = С + Д 1-вариант
mх γх
А + В = С + Д 2-вариант
γ mх
А + В = С + Д 3-вариант
Оқушылар мұндай қорытындылау есебінен бір заттың массасы арқылы (немесе моль) қалған үш заттың массасын (моль) анықтауға болатының көреді. Авогадро заңына мынадай есептерді шығартуға болады.
Есеп №3 (3-вариант)
1,2 г Мg күкірт қышқылының артық мөлшерімен әрекеттескенде қанша көлем Н2 бөлінеді (қ.ж.)
Есепте алдымен пропорция әдісімен сутегінің массасын тауып, көлемге көшуге болады. Немесе моль саның табу арқылы көлемді есептеуге болады.
1,2г Хг
Мg+ Н2 SО4 = Мg SО4+ Н2
24 2
(1- Пропорция әдісі)
1,2 г------------------------Хг
24------------------------ 2г х =1,2г ∙2 : 24 = 0,1 (Н2)
V = m : p V = 0,1г : 0,09г/л = 1,12 л (Н2)
(2- Моль ұғымы арқылы есептеу әдісі)
γ = m : М γ (Н2) = 0,1г : 2г/моль = 0,05 моль
V = γ · Vm
V = 0,05моль· 22,4л /моль =1,12л
Алайда, бұл екі әдіс тиімді емес, себебі көп уақыт кетеді. Сондықтан бұл жерде тиімдісі газдардың молярлық көлемі ұғымын пайдаланған жөн. Оны мұғалім мына схема бойынша түсіндіреді.
m Vх
А + В = С + Д ↑ 1-вариант
М(А) Vm
γ Vх
А + В = С + Д 2-вариант
γ·В Vm
m Vх
А + В = С + Д 3-вариант
М·С Vm
Осыдан кейін мұғалім оқушыларға өз беттерімен шығаруға №3 есепті береді:
Шешімі: 1,2 г х л
m (Mg) =1,2г Мg + Н2 SО4 = Мg SО4 + Н2
------------------------, 24 22,4л
V(Н2) - ?
M (Mg) =24г/моль Vm = 22,4л/моль
Теңдеу бойынша 1моль Мg 1моль Н2 ығыстырады, яғни
m (Мg) =1моль · 24г/моль = 24г
V(Н2) =1моль· 22,4л/моль = 22,4л
1,2г < 24 20 есе аз, олай болса сутегі де 20 есе аз бөлінеді.
V (Н2) = 22,4 : 20 =1,12л
Жауабы: 1,2г Мg 1,12 л Н2 ығыстырады.
Есеп №4 98г 5% Н2SО4 ерітіндісіне артық мөлшерде Мg қосқан. Шыққан тұздың массасын табу. Берілген есепте есептің мазмұны күрделенген. Бұл есепте заттың массасы берілмеген, керісінше ерітіндінің массасы берілген. Осы мәліметтер арқылы Н2SО4 массасын табу керек.
Шешуі:
m(ерт) Н2SО4= 98г ω = m (зат) /m (ерт); m (Н2SО4) = ω· m (ерт)
ω(Н2SО4) = 0,05 m = 98· 0,05 = 4,9г
m(тұз)- ? 4,9г Хг
Мg + Н2 SО4 = Мg SО4 + Н2↑
М (Н2SО4) = 98г/моль 98 120
1моль 1моль 1моль
М (Мg SО4) =120г/моль.
Теңдеу бойынша үшеуі де бір моль, сондықтан олардың массасы:
m (Н2SО4) = 98г, m (МgSО4) =120г
4,9г< 98 г 20 есе аз, сондықтан алынған тұз да 20 есе аз болады. M (МgSО4) =120г : 20 = 6 г
Жауабы: 98г 5% Н2SО4 магниймен қосылып, 6г Мg SО4 тұзы алынады .
Осыдан кейін оқушыларға осы есептің жалпы схемасын береді:
m mх
А + В = С + Д Базовый есеп
М(В) М(С)
m (ерт) және ω Есеп күрделенді
m (В) = m (ерт) · ω 1. Заттың массасын табу
m mх
А + В = С + Д 2. Базовой есепті шығару
М(В) М(С)
Осыдан кейін мұғалім №4 есеп пен №5 есепті салыстыруды сұрайды.Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.
9класста оқушылар сандық есептің жаңа үш түрімен танысады. Оның айырмашылығы 13,14 вариантта көрсетілген. Мұнда екі заттың массасы берілген, біреуі артық алынған. Оны бірнеше әдіспен анықтайды:
1. Заттың мөлшерін салыстыру (есептің шарты бойынша және реакция теңдеуі бойынша)
2. Теңдеу бойынша және есептің шарты бойынша массалар ара қатынасын салыстыру
3. Реакцияға қатысқан заттың массасын салыстыру.
4. Пропорция арқылы (белгілі мен белгісіз мәні арқылы)
5. Реакцияға қатысқан заттардың массалар ара қатынасы
Есеп №8 1,2г Mg, 5,5г Н2SО4 ерітіндісімен әрекеттескенде неше көлем (қ.ж.) сутегі бөлінеді және тұз түзіледі.
Шешуі: 1,2
m(Mg) =1,2г Мg + Н2 SО4 = Мg SО4 + Н2
m( Н2SО4) =5, 24 98
---------------------- 1моль 1моль
m(МgSО4)-?
Химиялық реакция бойынша бір моль Мg, бір моль күкірт қышқылымен әрекеттеседі. Сонда 1,2г < 24г 20 есе кіші, олай болса қышқыл да 20 есе аз бөлінеді:
m ( Н2SО4) = 98 :20 = 4,9г
Ал есептің шарты бойынша қышқыл 5,5г. 4,9г < 5,5г.
Олай болса қышқыл артық алынған. Енді қалған есептеуді оқушылардың өзіне берген жөн. Келесі есептің түрі шығымға байланысты есеп. Мұғалім теңдеу бойынша алынған заттарды теориялық деп, ал іс жүзінде алынған заттарды практикалық деп аталатынын айтып, «шығым» туралы ұғымды түсіндіреді.
ή = m прак / mтеор
Есеп №9 1,2г Mg қышқылымен Н2SО4 әрекеттесіп 5,5г тұз алынады. Алынған өнімнің шығымының массалық үлесін табыңдар.
Шешуі:
m(Mg) =1,2г 1,2г
m MgSО4) =5,5г Мg + Н2SО4 ═ МgSО4 + Н2
ή =? 24г 120
1моль 1моль
Теңдеу бойынша 1 моль Мg 1 моль қышқылмен әрекеттескен, 1,2г < 24г 20 есе, олай болса m ( MgSО4) массасы 20 есе аз болу керек, яғни
mтеор ( MgSО4) =120 : 20 = 6 г.
Бұл алынған мәліметті формулаға қоямыз.
ή = 5,5г : 6 г = 0,92 = 92 %
Жауабы: 92%
Оқушылардың назарын тағы да, сандық есептерді салыстыру үшін осы есепті жалпы кесте бойынша базовый есеппен салыстыруға аударады.
m mх
А + В = С + Д Базовой есеп
М(А) М(С)
m1 mпрак Есеп күрделенді:
m1 mтеор 1. Базовой есеп бойынша mтеор табамыз
М(А) М(С)
ή = mпрак : mтеор 2. Формула бойынша табу.
Осыдан кейін кері есепті шығарудың жолдары көрсетіледі. Өнімнің шығымын кері есеп арқылы былай анықтайды:
1. Іс жүзінде алынған өнімнің массасын бастапқы заттың массасымен практикалық шығым арқылы анықтау.
2. Екінші әдісінде практика жүзінде алынған өнімнің массасы мен шығым беріледі. Бұл жағдайда бастапқы заттың массасын белгілі өнімнің массасымен практикалық шығым арқылы анықтауға болады.
Енді осыны көрнекі ретінде көрсету үшін, есепті шығарудың жалпы схемасы құрылады:
m mпр
А + В = С + Д Тура есеп
ή-?
1. Базовой есеп бойынша mтеор табамыз.
2. Формула арқылы ή = mпр : mтеор
шығым анықтанылады.
m ή(С) Кері есеп (1)
mпракт
1. Базовой есеп бойынша mтеор табамыз.
2. Формула арқылы ή = mпр / mтеор
mпр. анықталынады
mх ή(С) Кері есеп (2)
mпрак
1. Формула арқылы ή = mпр / mтеор
mтеор .анықтайды
2. Базовой есеп бойынша m (А) табамыз.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары
Алдарыңда екі есептің шарты берілген. Осы шарттар бойынша есептің мазмұнына мәтін құрастырыңдар.
А) m(известняк) = 1кг СаСО3 = СаО + СО2
ω (СаСО3) = 0,9
---------------------------
V(СО2) - ?
Б) V(Н2SО4) = 1л
ρ(Н2SО4) = 1836кг/м3
ω (Н2SО4) = 0,96
-------------------------------
m (Н2О) - ?
Кальций карбонатын айырғанда 11,2л СО2 түзіледі. Түзілген көмір қышқыл газын калий гидроксидімен әрекеттестіріп тұз (К2СО3) алынады. Реакцияға қатысқан КОН массасын анықтаңдар.
«Қышқылдардың химиялық қасиеті» тақырыбын бекіту үшін қандай тапсырмаларды есеп кітаптардан алуға болады.
«Оттегі, оксидтер. Жану» тақырыбында 20минуттық 7 вариантқа бақылау жұмысын құрастырыңдар.А) орташа деңгейдегі тапсырма б) жоғары деңгейдегі тапсырма
50 кг сусыз күкірт қышқылынан, массалық үлесі 0,3 және тығыздығы1220 кг/ м3 тең аккумуляторлық күкірт қышқылын дайындау үшін оның қандай көлемін алуға болады?
2,3 г натрий сумен әрекеттескенде бөлінетін сутегінің (қ.ж.) моль
саның анықтаңдар.
«Ион алмасу реакциясы» тақырыбы бойынша сабаққа дайындалғанда сізге сабақтың жоспарына 2-3 тапсырманы еңгізу қажет болады. Тиісті тапсырманы құрастырып , оны шығарудың әдістемелік жолдарын көсетіңдер.
14,2 г фосфор оксидін (V) 50 мл сумен әрекеттестіріп алынған фосфор қышқылы ерітіндісінің массалық үлесін анықтаңдар.
Әдебиеттер:
Ерыгин Д.П., Шишкин Е.А. Методика решения задач по химии. - М.: Просвещение, 1989 - 173 с.
БекішевК.Б. Химия есептері (оқу құралы)Алматы. «Білім».2007ж
Усманова М.Б.,Сақариянова К.Н. Химия сандық есептер шығару әдістемесі Алматы «Атамұра» 2004
Дайнеко В.И. Как научить школьников решать задачи по органической химии.М.-Пр. 1987.
Химия:Жалпы білім беретін 11-сыныбына арналған оқулық / Ә .Темірболатова ,
Н.Нұрахметов, Р.Жұмаділова ,С.Әлімжанова. Алматы : «Мектеп» баспасы ,-2007.
Химия:Жалпы білім беретін 10-сыныбына арналған оқулық /Н.Н.Нұрахметов, К.Б.Бекишев, Н.Н.Заграничная. Алматы : «Мектеп» баспасы ,-2005. –
Химия:Жалпы білім беретін 9-сыныбына арналған оқулық /И.Нұғыманов , Р.Жұмаділова , Ж.Кембебаева . Алматы : «Мектеп» баспасы ,-2005. -
Химия:Жалпы білім беретін 8-сыныбына арналған оқулық /Н.Н.Нұрахметов, К.Сарманова ,К.Жексембина Алматы : «Мектеп» баспасы ,-2005. -176б
ТемірболатоваӘ.Е.Химия есептері мен жаттығуларының жинағы. Алматы:Рауан, 2000. 96б
Когисов С.М. Сапалық есептерді шығарудың әдістері. Ақтөбе, 2006, https://www.google.kz/webhp?sourceid=chrome-instant&ion=
Дәріс№7,8,9 Бағдарлама бойынша оқушыларды есеп шығартуға үйретудің әдістемесі
Жоспары:
8 сынып есептерін шығару әдістемесі
9 сынып есептері есептерін шығару әдістемесі
10 сынып есептерін шығару әдістемесі
1. 8 сынып есептері
Формула бойынша заттың салыстырмалы молекулалық массасын табу және элементтердің % мөлшерін анықтау
Есеп №1. Судағы оттегі мен сутегінің массалық үлесін табу.
Н2О ω (эл) = Ar ∙ n / Mr; Mr (Н2О) =1∙2+16 ∙1=18
---------- ω (Н) = Ar(H) ∙ n : Mr(H2О) = 1∙2 : 18 = 0,11 = 11%
ω(Н) –? ω(О) –?
Аr (О)=16
Аr (Н)=1 ω (О) = Ar(О) ∙ n : Mr(H2О) = 16 ∙1: 18 = 0,89 = 89%
Жауабы: суда 11% -Н және 89% О бар.
Авогадро заңы бойынша есептеу
Есеп №2. 2 моль күкіртте (S) қанша атом бар.
γ(S) =2моль NА = 6∙1023 моль-1 γ = N0 : NА
------------------
N0(S) - ?
N0 (S) = NА∙ γ (S) = 6∙1023 моль-1∙2моль = 12∙1023
Жауабы: 2 моль күкіртте- 12∙1023 атом бар.
Есеп №3 1,2∙1023 молекула суда заттың қандай мөлшері бар.
Шешуі:
N0(Н2О)= 1,2∙1023 γ (Н2О) = N0 : NА = 1,2∙1023 : 6∙1023моль-1 = 0,2моль
-----------------------
γ(Н2О)- ?
NА = 6∙10 23 моль-1
Жауабы: 0,2 моль суда 1,2∙1023 молекула су бар.
Оқушыларға физика курсынан белгілі: массамен көлем арасындағы байланыс және масса мен зат мөлшері арасындағы байланыстар. Міне осы мәліметтерді пайдалана отырып есептер шығаруға болады. Мысалы:
m = p ∙V және m = γ ∙ M
Осыдан M = m / γ ; γ = m / М
М (эл) = m0 (атом) NА М(С)=1,99∙1023∙ 6∙1023моль-1 =12
М (зат) = m0 (молекула)NА М(Н2О)=3,001∙1023∙6∙1023моль-1 =18
Есеп №4. 0,25 моль күкірт қышқылының Н2SО4 массасын табу.
Шешуі:
γ (Н2SО4)=0,25моль m = γ ∙ M М(Н2SО4)=98г/моль
-------------------------- m (Н2SО4) = 98г/моль ∙ 0,25моль =24,5г
m(Н2SО4)=?
Мr(Н2SО4)=98
Жауабы: 0,25моль (Н2SО4) – 24,5г тең.
Есеп №5 11г көмір қышқылында (СО2) қанша молекула бар және зат мөлшерін табу.
Шешуі:
M(СО2) =11г γ = m / М N0 = γ ∙ NА
------------------
γ(СО2) - ? N0-? М (СО2) = 44г/моль
Мr(СО2) =44 γ (СО2) = 11г / 44г/моль = 0,25моль
NА =6∙1023моль-1
N0 (СО2) = 0,25 моль ∙ 6∙1023 моль-1 = 1,5∙1023
Жауабы: 11г көмір қышқылында (СО2) -0,25 моль және 1,5∙1023 молекула бар.
Химиялық теңдеу бойынша есептеу
Есеп №6. Мысты тотықтырып 40г СиО алу үшін қанша грамм оттегін қатыстыру керек.
Шешуі: 40
m(СиО) = 40г 2Си + О2 = 2СиО
-------------------------- 32 160
m(О2)- ?
М(О2)=32г/моль m = γ ∙ M теңдеу бойынша оттегі мен СиО
М(СиО) = 80г/моль массасын табамыз.
m (О2) = 1моль ∙32г/моль = 32 г
m (СиО) = 2 моль ∙ 80 г/моль =160г
Енді осы есептерді бірнеше әдіспен шығарайық.
1-әдіс. Зат массаларының қатынасы.
1. Берілген 40г СиО мен 160г СиО салыстырамыз. 40 <160 (4есе көп)
Олай болса оттегі 4есе аз қажет етеді.
m (О2) = 32 г : 4 = 8 г
Жауабы: 40г СиО алу үшін 8г О2 керек.
2-әдіс Моль ұғымын пайдаланып есептеу.
γ = m : М γ = 40г : 80 г/моль = 0,5моль
Теңдеу бойынша оттегінің моль саны 2 есе кем: 0,5 : 2 = 0,25 моль Осыдан:
m (О2) = 32 г/моль ∙ 0,25 = 8 г
3-әдіс Пропорция арқылы есептеу
mг 40
2Си + О2 = 2СиО mг-----------------------------------40
32 160 32---------------------- 160
m (О2) = 8 г
Ерітінділердегі заттын массалық үлесін есептеу.
Ерітінділер еріген затпен ерігіштен тұратыны белгілі. Ерітіндідегі еріген заттың проценттік мөлшерін формула арқылы табуға болады.
160>
Достарыңызбен бөлісу: |