7-мысал. Күміс нитратының массасы 50г 6%-дық ерітіндісіне мыс фольгасы (жұқа пластинка) салынған. Біраз уақыттан кейін фольганың массасы 0.42г ауырлаған. Реакциядан кейінгі ерітіндідегі күміс нитратының массалық үлесін есептеңіздер.
Шешуі:
Реакция теңдеуі:
1 моль 2 моль
Сu +2 AgNO3 = Cu(NO3) 2 + 2Ag
64 г/моль 108 г/моль
Алдымен бастапқы ерітіндідегі күміс нитратының массасын табамыз:
m(AgNO3) = m(ерітінді) · w (AgNO3) = 50г ·0.06=3г
Реакция теңдеуіне сүйене отырып, пропорция құрамыз:
Егер реакция нәтижесінде 2 моль күміс бөлінгенде фольганың массасы 216г- 64г = 152 г ауырласа, онда х моль күміс бөлінгенде фольганың массасы 0.42 г ауырлайды. Бұдан:
Х = = 0.0055 моль · v (AgNO3)=0.0055 моль
Енді реакция теңдеуі бойынша реакцияға түскен күміс нитратының массасын есептейміз:
m(AgNO3) = v (AgNO3) ·M(AgNO3) = 0.0055 моль · 170 г/моль = 0.935г
Реакциядан кейінгі ерітіндідегі күміс нитратының массасы:
3 – 0,935 = 2.065г
Реакциядан кейінгі ерітіндінің массасы:
m(ерітінді) = моль ·64 г/моль
108 г/моль = 50г + 0,176г – 0,594г = 49,582
W (AgNO3) = = 0,041 = 4,1%
Өзін-өзі бақылау сұрақтары
Төмендегі есептерді 8 әдіспен шығарыңдар: қандай әдісті тиімді деп санайсыңдар.
Бір литр КСІ ерітіндісіне толық тұнба түзілгенше күміс нитраты ерітіндісі қосылған. Тұнбаның массасы 28,7г. Ерітіндідегі КСІ массалық үлесін табыңдар. Есепті 8 әдіспен шығарыңдар.
2 л сутегі алу үшін (қ.ж.) Н2SО4 ерітіндісімен қанша грамм алюминий қатысады.
Құрамында 94% Ғе2О3 бар 2 т темір рудасынан қанша т.темірді алуға болады.
10 л сутегін алу үшін (қ.ж.) темірмен 163 г тұз қышқылы ерітіндісі әрекеттескен. Қышқылдағы хлорлы сутектің массалық үлесін табыңдар.
Анализ үшін алынған аммоний сульфатының нұсқасының құрамында 1,4 г азот болған. Анализ үшін алынған тұздың массасын анықтаңдар. Есептерді графикалық әдіспен шығарыңдар. Бұл әдіс барлық есепке тиімді ме? Қандай әдісті тиімді деп санайсыздар.
Белгісіз заттың құрамы 40% магний оксиді және 60% кремнийдің диоксидінен тұрады. Заттың формуласын анықтау.
600г 52% КОН ерітіндісін 400 мл сумен араластырған. Алынған ерітіндідегі КОН массалық үлесін табыңдар.
Белгісіз заттың формуласын анықтаңдар, оның құрамына кіретін элементтердің массалық үлесі Са -0,2, молибден -0,98, және оттегі -0,32 тең болса.
2,5 г мырыш пен магнийдің құймасын Н2SО4 ерітіндісіне еріткен. Сонда 1,19л сутегі (қ.ж.) алынған. Құймадағы әрбір металдың массасын анықтаңдар.
10 г темір сульфиді(ІІ) мен мыс сульфидінің (ІІ) қоспасына артық мөлшерде тұз қышқылы ерітіндісін қосқанда 2,24 л газ бөлінеді. Қоспаның құрамын анықтаңдар?
1 кг 40 % күкірт қышқылы ерітіндісін дайындау үшін 62 % пен 15% күкірт қышқылының қандай массалық қатынастарын араластыруға болады.
Калий нитраты тұзын қаныққанға дейін 70° С температурада 500 г
суға еріткен, сонан кейін 0° дейін салқындатқан. Тұздың массасын
анықтаңдар?
Әдебиеттер:
Ерыгин Д.П., Шишкин Е.А. Методика решения задач по химии. - М.: Просвещение, 1989 - 173 с.
БекішевК.Б. Химия есептері (оқу құралы)Алматы. «Білім».2007ж
Усманова М.Б.,Сақариянова К.Н. Химия сандық есептер шығару әдістемесі Алматы «Атамұра» 2004
Дайнеко В.И. Как научить школьников решать задачи по органической химии.М.-Пр. 1987.
Химия:Жалпы білім беретін 11-сыныбына арналған оқулық / Ә .Темірболатова ,
Н.Нұрахметов, Р.Жұмаділова ,С.Әлімжанова. Алматы : «Мектеп» баспасы ,-2007.
Химия:Жалпы білім беретін 10-сыныбына арналған оқулық /Н.Н.Нұрахметов, К.Б.Бекишев, Н.Н.Заграничная. Алматы : «Мектеп» баспасы ,-2005. –
Химия:Жалпы білім беретін 9-сыныбына арналған оқулық /И.Нұғыманов , Р.Жұмаділова , Ж.Кембебаева . Алматы : «Мектеп» баспасы ,-2005. -
Химия:Жалпы білім беретін 8-сыныбына арналған оқулық /Н.Н.Нұрахметов, К.Сарманова ,К.Жексембина Алматы : «Мектеп» баспасы ,-2005. -176б
ТемірболатоваӘ.Е.Химия есептері мен жаттығуларының жинағы. Алматы:Рауан, 2000. 96б
Когисов С.М. Сапалық есептерді шығарудың әдістері. Ақтөбе, 2006, https://www.google.kz/webhp?sourceid=chrome-instant&ion=
Дәріс№5,6 Оқушыларды есеп шығартуға үйретудің әдістемелік ерекшеліктері
Жоспары:
Оқушыларды есеп шығартуға, үйретуге байланысты студент-
терге қажетті білім мен біліктерді қалыптастыру
Есеп шығартуға үйретудің әдістемелік принциптер
Химия сабағында сандық есептерді пайдалану әдістемесі
Химиялық есептерді шығару арқылы оқушылардың білімдері
мен біліктерін пысықтау
1. Оқушыларды есеп шығартуға , үйретуге байланысты студенттерге қажетті білім мен біліктерді қалыптастыру
Химиялық есептерді шығаруда мұғалім оқушылардың психологиялық жас ерекшелігін, білім дәрежесін ескеру керек.Осыған байланысты есеп шығарудың процесін жүргізу керек. Егер оқушылардың білім дәрежесі жеткілікті болса, кейбір есеп шығарудың әдістемелік бөлімдерін ескермей кетуге болады. Есеп шығарғанда кейбір қайталана беретін аралық есеп шығарудың әдістері ескерілмей, нәтижелері бірден жазылады. Бұлай істеу тек қана оқушылар түсінгенде ғана істеу керек. Кейде салыстырмалы атомдық массадан бірден заттың массасына көшеміз. Мысалы, мына химиялық теңдеулер арқылы есептеу жүргізейік.
2 Al + 3 H2SO4 = Al2(SO4)3 + 3 H2
Есепті шығару үшін алюминий мен күкірт қышқылының массасын және сутегінің көлемін білу керек. Теңдеу бойынша формуланы пайдаланып
m= ν· м алюминий мен күкірт қышқылының массасын табамыз:
m(Al) = 2 моль ∙ 27 г/моль =54г
m (H2SO4) = 3 моль ∙ 98 г/моль = 294 г
Мына формуланы пайдаланып V=ν∙Vm сутегінің көлемін табамыз:
V(H2) = 3 моль · 22,4 л/моль = 67,2 л.
Міне, осы әрекеттер кейде ескерілмей есеп шығарғанда бірден мынадай жазуды көруге болады:
2 Al + 3 H2SO4 = Al2 (SO4)3 + 3 H2 ↑
54 г 294 г 67,2 л
Мұндай іс-әрекеттер есеп шығаруда өте көп кездеседі. Бұны ассоциалық тізбектің қысқаша бірігуі дейді(ықшамдап жазу). Егер оқушы бұл процестің мәнін білсе , бұл әдіс тиімді.Ал егер бұл есептеулерді білмесе, онда алғашқы ескертулерді жүргізу керек. Күшті оқушылар алғашқы қадамдарды қолданбай бірден толықтырған күйін жазуға көшеді. Кейде есеп шығарғанда өлшем бірлік көлемнен массаға көшу керек болады. Түсінген оқушыға егер V(H2O) = 250 мл болса, оның массасы да m(H2O) = 200г тең екендігі белгілі. Алайда оны былай өрнектеп жазу керек:
V(H2O) = 250 мл m = V∙ p m(H2O) = 1000г/л · 0,25л =250 г
m(H2O)-?
p(H2O) = 1000 г/л
Есеп шығаруда «ықшамдап жазу» әдісі көп қолданылады. Бұл әрине жеке адамның өз әрекеті. Кез келген адам үйреніп алғаннан кейін тиімді тәсілге көшеді. Дегенмен де, қайталап жазушылық көп кездеседі. Мысалы, мынадай есеп шығарайық:
Есеп№1. Мырш тұз қышқылымен әрекеттескенде 5,6 л сутек түзіледі. Реакцияға қанша грамм мырш қатысады.
Реакция теңдеуін жазып есептеулер жүргіземіз.
х г 5,6л
а) Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2
65 г 22,4л
Теңдеуден пропорционалдық тәуелділік нақтылы анық көрініп тұр. Сонда да оқушылар екінші тәуелділікті жазады:
65 г мырыштан (Zn) --------- 22,4 л сутегі алынады
х г Zn -------- 5,6 л Н2
х ═ 65 ∙ 5,6 : 22,4 = 16,25 (г)
Дегенмен де, екінші жазуда мынадай пропорция қатынасы жоқ:
22,4 : 5,6 = 65 : х немесе 22,4 : 65 = 5,6 : х
Сондықтан да, мұғалім ықшамдау әдісіне көшкенде оқушылардың физикадан, математикадан алған білімдерін ескеру керек. Есеп шығартқанда тиімді әдістерді пайдалану кажет. Есептерді бір типті пропорция әдісімен шығарту дұрыс емес. Бұл оқушылардың білімін, ойлау іс-әрекетін тежейді. Физикадан, математикадан алған білімдерін тежеуге мәжібүр болады.
Мысалы, мынадай есепті оқушыларға пропорция арқылы шығарыңдар деу дұрыс емес.
Есеп № 10-6 . 800 кг 4% ерітіндідегі еріген заттың массасын табу.
Пропорция әдісі оларға тиімді ме? Оларға тиімді формула арқылы шығару:
w = m(е.з) : m(ерт) m е.з = m(ерт) · w
m е.з = 800 кг · 0,04 = 32 кг
Пропорция әдісін математиктер пайдаланбайды. Мысалы, кім сатып алған затына пропорция арқылы ақша төлейді.Есеп шығарғанда оның құрамына кіретін компоненттердің арасында байланыс бар екендігін білу керек. Есептің де кері байланысы бар, яғни есепті тура бағытта да, кері бағытта да шығаруға болады.Мысалы:
Тура есеп: CaCO3 құрамындағы элементтердің массалық үлесін табыңдар.
Кері есеп: Құрамында 40 % Са, 12 % С, 48% О бар қосылыстың формуласын табыңдар, егер оның Mr (CaxCy Oz) = 100 болса.
Тура есепте W= n · Ar анықталады, ал кері есепте n = W ∙ Mr
Mr Ar
анықталады. Есептің бұл екі байланысын пайдалану арқылы оқушылардың өз беттерімен жұмыс істеулеріне дәнекер болуға болады. Ойлау іс-әрекеттері дамиды. Оқушыларға кері байланыс арқылы есепті құруға тапсырма беруге болады. Мысалы: № 11-51 есепті әртүрлі вариантпен беруге болады.
І- вариант. 16 г SO2 алу үшін H2SO4 –мен қанша грамм Na2SO3 әрекеттеседі. х 16
Na2SO3 + H2SO4 = Na2SO4 + SO2 + H2O
126 64
х = 126 · 16 = 31,5 г Na2SO3
64
ІІ-вариант. 32 г, 40 г , 80 г, 160 г күкіртті газды (SO2) алу үшін қанша грамм (Na2SO3) қажет.
ІІІ-вариант. 63 г, 126 г, 252 г Na2SO3 қышқылмен әрекеттескенде қанша грамм SO2 түзіледі.
Келесі тапсырма басқаша болады. Мұғалім оқушыларға есептің шартты жазуы мен заттардың формуласы мен реакция теңдеуін береді.
Мысалы: а) m(Al2O3) = 20.4г
m(Al) -?
б) m(P2O5) = 284г 4 P + 5O2 = 2P2O5
m(P)-?
Тапсырма: Әртүрлі вариант арқылы есептің мазмұнын құру. Есепті әртүрлі әдіспен шығару. Бұдан кейін оқушыларға тура, кері байланысқа есеп беруге болады. Реакция теңдеулері арқылы оқушылар өздері есеп құрастыра білу керек.
2. Есеп шығартуға үйретудің әдістемелік принциптері
Есеп шығартуда мынадай әдістемелік принциптерді ескеру керек:
1. Есепті алдымен мұғалім өзі шығарады және оны талқылайды.
2. Оқушылар есептің шартын әр уақытта көріп отыру қажет.
3. Есепті шығаруда оқушылар өзіндік іс-әрекеттерін көрсетуі қажет.
4. Есептің шығаруын қадағалай отырып, оқушыларға өзіндік таңдау жүргізу керек.
5. Химияны оқыту процесінде мұғалім жиі есеп шығартуға көп көңіл бөлу керек.
Әр бір есепті мұғалім өзі үйде шығарып келуі керек және оның бірнеше әдісі де болуы қажет. Әр бір есепті карточкаға шығарып, есептің картотекасын құруға болады. Сонда келесі жылы сол есепті пайдалануға болады. Еш уақытта есептің шартын оқып оқушыларға жаздыртуға болмайды. Себебі уақыт кетеді, екіншіден қазіргі кезде есеп кітабы өте көп. Есеп шығарғанда оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін де ескеру керек. Көбінесе есеп шығарғанда есепті мұғалім немесе мұғалімнің айтуымен оқушы шығарады. Ал қалған оқушылар көшіріп отырады. Сондықтан есеп шығаруды бірнеше сатыда жүргізу керек:
Алғашқыда мұғалім өзі есепті қалай шығару керек екендігін, шығару
әдістерін көрсетеді. Өзі анализ жасап, жоспарын құрып, шығару әдістерін көрсетеді. Оқушылар түсініп көшіріп алғаннан кейін, барлық сыныпқа есеп беріледі.
Әңгімелесу арқылы, есептің шартын физикалық шамамен белгілеп,
талдау жасап, жоспар құрылады. Оқушыларға бағыт беріп, есептің шығару жолдарын өздеріне тапсырады.
Үшінші сатыда есептің дұрыстығын тексеру керек. Ол үшін есептің кері
байланысын іске асыру керек.
Барлық оқушылар өз беттерімен есеп шығарады.Оны тексеру үшін
жауабын тақтаға алдын-ала жазып қоюға болады. Әлде траферат арқылы да тексеруге болады.Енді жоғарыдағы келтірілген № 11-51 есепті шығарудың алгоритмдік іс-әрекетін қарастырайық:
1. Есептің мазмұнын жазу.
2. Реакция теңдеуін құру.
3. Алғашқы іс-әрекетті орындап, реакция теңдеуі арқылы SO2 мен Na2SO3 массасын табу.
4. Мазмұндағы SO2 салмағын теңдеу бойынша алынған SO2 салмағымен салыстыру.
5. Na2SO3 массасын анықтау.
6. Есептің жауабын жазу. Енді осыны мысалмен көрсетейік.
№ 11-51 есепті шығару алгаритмі.
1. Есептің мазмұнын жазу:
m(SO2) = 16 г
m(Na2SO3) -?
2. Реакция теңдеуін жазу:
Na2SO3 + H2SO4 = Na2SO4 + SO2 + H2O
3. Алғашқы іс-әрекеттер:
М(SO2) = 64 г/моль; m (SO2) = 1 моль · 64 г/моль = 64г
М(Na2SO3) = 126 г/моль; m(Na2SO3)=1моль· 126г/моль=126г
4. Заттың массаларын салыстыру:
16 г ‹ 64 г 4 есе яғни Na2SO3 массасы 4 есе аз болады.
5. Заттардың массасын есептеу:
m(Na2SO3)=126 г : 4 = 31,5 г
Жауабы: 16г SO2 алу үшін 31,5 г Na2SO3 керек.
Достарыңызбен бөлісу: |