ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химиядан мектеп оқушыларының Өздік жұмыстарының формалары және ұйымдастыру әдістемесі» «5В011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет4/6
Дата27.02.2020
өлшемі1,16 Mb.
#57457
1   2   3   4   5   6

Түйінді сөз: мысалы, жиын, функция, теңдеу, логарифм, т.с.с.

Жоспар:

Дәріс міндеті:

1.

2.

т.с.с.



Әдебиеттер:

Білім беру әдістері - баяндау, әңгімелесу, жаттығу (есеп шығару)

Білім беру формалары - проблемалық дәріс, шағын топпен, дербес, топтық жұмыс.

Білім беру құралдары – оқулық, слайд және т.б.

Материалдық қамтамасыз ету – әдебиеттер көрмесі, үлестірме материалдар және т.б.

Тексеру тәсілі - мини-тест, бақылау жұмысы, ауызша сұрау, т.б.

Дәрісте қойылатын сауалды уақыттық жағынан жоспарлау:

І. Кіріспе бөлім – 2 мин.

ІІ. Негізгі бөлім – 10-15 мин.

ІІІ. Қорытынды бөлім – 3 мин. Мұғалім бір сыныпқа бөлінген өзінің 45 минут уақыттын осылайша тиімді пайдалана алады. Қазіргі педагогикада дәрістің 4 фазасының өтуі былайша уақытпен беріледі:


    1. Қабылдаудың басталуы – 4-5 минут;

    2. Қабылдаудың белсенділігі 24-30 минут;

    3. Тырысу фазасы – 10-15 минут;

    4. Жалығу фазасы.

Мектептегі дәріс ауқымында 3 немесе одан көп сауалдар алынып, балалардың тез жалығып кетпеуіне жағдай жасалынады.

Мектеп мұғалімінің дәріске дайындалу кезеңдері мынандай:

1. Мазмұндық мәтінді толық жазу;

2. Оның негізінде жұмыс конспектісін (тірек сөз, кестелі ой) жасау;

3. Психологиялық жақтан өзін бекемдеу.

9-ДӘРІС. ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДА ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ.


  1. Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыруда техникалық құралдардың орны

  2. Химия сабақтарында тірек схемалары мен тірек сигналдарын қолдану,олардың дидактикалық ролі

1.Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыруда техникалық құралдардың орны

Қазіргі кездегі білім беру жүйесінде негізгі мақсат оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл бөлуде. Бұл пән мектеп мұғаліміне зор жауаптылықты талап етеді, өйткені ол бүкіл сыныптың қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс. Міне осы жағдайда технологиялардың көмегі зор.

Электрондық оқулық  оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, игерілген білім мен  біліктерді тестік бақылауға арналған  программалақ құрал.

Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Интерактивті тақта мектеп сыныптарында әр пән бойынша, соның ішінде химиядан зертханалық сабақтарды откізген кезде оның құрылғылары (датчиктері) қолданылады. Мысалы, ерітіндінің рН мәнін анықтау және температураны өлшеу құрылғысы, еріген оттегі құрылғысы судағы оттегі концентрациясындағы нақты уақытты анықтауға мүмкіндік береді.

Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру үшін әртарауды аяқтаған кезде, немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады. Оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Ол үшін интерактивті тақталардын арнайы құрылғылары (тестировщик) қолданылады. Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Жауап нәтижелерін бақылап және оқушылардың материалды түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім деңгейін анықтай алады. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, жалқау оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады.

Жаңа ақпараттық техникаларын пайдалану соңғы уақытта мектептегі білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Мультимедиялық технологиялар көбіне компьютерлік сыныптарда қолданылады. Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты көптеген компакт-дискілер бар. Мектептегі химия сабағын компыотердің көмегіне суйеніп өткізуге көп мүмкіндіктер жасалған. Жаңа материалды түсіндіруде интерактивті компьютерлік графиканы пайдалануды көздейтін аппараттық-бағдарламалық құралдарды пайдалануға болады. Компьютерлік графикалық материал презентациялық монитор көмегімен көрсетіледі. Химия пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Бұл тестілердің барлығы химия бойынша минимум талаптарына сәйкес келеді. Келесі бір маңызды жағдай уақытты үнемдеу. Аз уақыттың ішінде бағдарламаның көптеген киын сұрақтарын формулалар мен эксперименттер көрсету арқылы түсіндіріліп, бекітіледі.

Органикалық химия бөлімін оқытқан кезде компьютерлік анимация маңызды орынға ие. Оқушыларға органикалық заттардың құрылысын оқуда күрделі органикалыкзаттардың құрылымдық формулаларын құруға тапсырма беріледі. Олар радикалдар көмегімен заттардың формулаларының бөліктерін жинап, оларды құрастыруға жаттығады. Мысалы, алкандар номенклатурасын оқыған кезде, 2,2 диметилбутан формуласын құрады,

СНз



СН3- С – СН2 – СНз



СН3

және органикалық заттардың кеңістіктердегі пішіндерін, яғни шар стерженьді модельдерін құрастырады. Бұл сабақтарда органикалық қосылыстардың әр түрлілігіне көз жеткізеді.

Бүгінгі таңда қауіпсіздік техникасына көп көңіл бөлінуде. Осыған байланысты химия пәнінде улы заттармен тәжірибе жасай алмағандықтан, электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы компьютердің көмегімен ондай тәжірибелерден үзінділер көрсетіледі. Бір ғана мысал, 9-сыныпта "Азотоксидтер тақырыбын өткен кезде, азот(ІV) оксиді - N02 улы газ, оның зертханада алыну жолы тәжірибесі электронды оқулықтан көрсетіледі

Сu + 4НNО,(конц) = Сu(N03)2 + 2N02Т + Н20

Химиктердің өмірі мен кызметі жайында компакт-дискілерде кең қамтылған. Рефераттар жазуда оқушылар атақты химиктердің өмірбаяны жөнінде энциклопедиялық мәліметтер ала алады. Сонымен қатар оқушылар сабақта видеоматериалдар пайдаланады. Олар оқушыларға заттар және олардың халық шаруашылығында қолдануы туралы мәліметтер алуға көмектеседі.

Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезіледі. Республикамызда білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналды. Қазақстандағы барлық орта мектептердің компьютермен жоспарлы түрде жабдықталуы оның айқын дәлелі. Заман ағымына сай күнделікті сабақка видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану айтарлықтай нәтижелер береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметті нақтылауға мүмкіндік береді.


  1. Химия сабақтарында тірек схемалары мен тірек сигналдарын қолдану,олардың дидактикалық ролі

Сабақтың мақсатына байланысты тірек схемалары әр түрлі жолмен қолданылуы мүмкін. Яғни, жаңа сабақ түсіндіргенде жаңа материалды иллюстрация жасау үшін, немесе сабақты бекіту кезінде қолданылады. Сол сияқты белгілі бір тарауды аяқтаған соң қорытындылаушы ретінде қолдануға болады. (20)

Тірек схемаларын сандық есептер шығаруда да қолдануға болады. (21) Есеп шығару процесі ұзақ әрі көп еңбектенуді қажет етеді. Есептің шартын жазу,шығару жолын іздестіру, математикалық аппараты осы процеске енеді. Есепті шығару барысында орындалатын көп операциялар ойлау әрекетін дұрыс ұйымдастыруды керек етеді.Есеп шығаруда тірек схемасын қолдану оны шығаруды жеңілдетеді.

Тірек схемаларын қолдану тәжрибесінде оқыту тиімділігінің қалай артатынын (22) еңбек авторлары жұмысынан көруге болады. Оқыту тиімділігнін көрсеткіштері:


  1. оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, жаттыққандығы артады;

  2. оқу жұмысының нақты тәсілдерін бүкіл сынып оқушыларының меңгеруі және оны кез келген басқа пәнді игеруге көшіре алуы;

  3. оқушылардың білім алып оны қолдануда дербестігінің артуы;

  4. шығармашылық білімге деген оқушылар қызығушылығының артуы.

Тірек схемалары дегеніміз баяндауға арналған материалдың бейнелік жоспары, ол бір- бірімен байланысты негізгі сөздерден, шартты белгілерден, суреттен немесе ойға тірек болатын басқа көзге ілінетін белгілерден тұрады (23). Қысқаша бейнелік түрде берілген ақпаратты кез келген оқушы мұғалімнен кейін оңай бүктеп, оңай жаза алады. Бұл операция ойлау әрекетін белсендіріп, өтілген материалдың ойда берік сақталуына мүмкіндік береді.

Тірек схемаларын құрудың негізгі кезеңдерін бөліп көрсетейік:



  1. Берілген тақырып бойынша оқу жоспарын талдау, оның мазмұнының негізін таңдау, оны бөлімдерге жіктеу. (ақпарат блоктарын бөліп көрсету);

  2. әрбір блоктағы тірек түсініктерін анықтау,оларды қысқа формада бейнелеу. Ол жалпыға белгілі немесе арнайы белгілер болуы мүмкін. Негізгі шарт: қысқа әрі нұсқа, көрнекі, мәтіндік ақпарат неғұрлым аз болғаны жөн. Жаңа терминдер толық жазылу керек.

  3. Кодталған түсініктерді блоктарға жинақтау, ірі блокқа геометриялық форма таңдау (блоктар бір-бірінен мөлшері мен формасы жағынан айырылады);

  4. Мазмұнына байланысты қағаз бетінде логикалық реттілікпен орналастыру (ара қашықтығы нақты әрі дәл);

  5. Тірек схемасының негізгі шешімі түрлі түсті болуында.

Тірек схемаларын,тірек конспектілерін қолдану оқытушыға байланысты ол оның формасы мен қалай беру керектігін таңдайды.(24) Бірінші рет сыныпта фронтальды жұмыс үшін қолданғанда үлкен, түрлі түсті, ашық плакаттар немесе тақтада салынған сурет, кодоскоп пленкасындағы сурет қолданылады. Тірек плакатымен бір – екі рет түсіндіргеннен кейін сынып оқушыларына таратпа материал түріндегі кішірейтілген тірек схемаларын таратып береді. Осындай таратпа материалды қолданып оқушылар оқытушының арнайы құрған жеке тапсырмаларын орындайды, Т.С. мазмұнын, немесе оның блоктарының мазмұнын қайта жаңғыртады, мысал келтіреді, есептеу жұмыстарын жүргізіп есептер құрайды. Т.С. бойынша жұмысты сабақтан тыс уақытта да жүргізуге болады (мысалы нашар үлгіретін оқушылармен).

Тақырыптарды біріктіру оқу уақытын үнемдеуге жағдай туғызады. Үнемделген оқу уақыты жаттығу жұмыстарын жүргізуге, қиын реакция теңдеулерін теңестіруге, сандық есептер шығаруға, шығармашылық тапсырмаларды орындауға және бірыңғай ұлттық тестілеуге әзірленуге қолданылады.



  1. Оқу материалы екі қайтара түсіндіріледі:

А) біріші рет көрнекіліктер мен ТОҚ-ны қолдану арқылы;

Б) екінші рет қысқаша ТК бойынша. ЕСКЕРТУ. Т.К. барлық оқушылардың білім негізін игеруіне мүмкіндік береді. Оқушылармен жүргізілген сауалнамадан біз үй тапсырмаларының бұрынғыдай аумақты болып көрінбейтіндігін білдік. Себебі олар сабақ үстінде тер төге еңбектенген соң сабақ материалын жақсы меңгерген. Оқушылар үй тапсырмасын тексеру кезінде белсенді жұмыс істейді. Енді оқушылардың үй тапсырмасын орындауына 20-25 минут, ал сабақта толық жауап беруіне 5-10 минут жеткілікті. Жауаптарының нәтижесі жаман емес. Т.С. оқу материалын жалпылап, бір жүйеге келтіруге, олардың оқу әрекетін тиімді ұйымдастыруға мұмкіндік береді.

Тірек схемаларына В.Ф.Шаталов көп көңіл аударды. Ол оқушылардың танымдық ізденімпаздығының кезең-кезеңмен, қатаң меңгерілуін іске асырды. (25). Жаңа материалды меңгеру оқытушы түсіндірген материалды тірек схемаларының көмегімен тыңдаудан басталады. Бұл жерде аса шеберлікпен ұйымдастырылған материалдың блоктық қабылдауы өтеді. Одан кейін оқытушыдан алынған тірек схемасының жазбаша қайта жаңғыруы өтеді. Содан кейн тірек схемаларымен белсенді түрде оқу материалы көлемінде жұмыс жүргізіледі. Мөлшермен 15-20 сабақ өткен соң оқушылар тірек схемасын құруға шығармашылық жұмыс жүргізіледі.

Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда ол мәтінді мәндік өңдеу кезінде оқушылардың тірек схемаларын қолдануы оқу әрекетін ұйымдастыру, ой еңбегі мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Шаталовтың бақылауы бойынша оқушылар жаңа мәтінмен жұмыс істегенде де осы тәсілді кең қолданады.

В.Ф. Шаталовтың ең бір жетістіктері болып оқыту кезінде жайлы психолгиялық климатты туғызуы есептеледі. Сонымен бірге оқушыларды білім алуға деген, оқуға деген мотивация қалыптасады. Осының бәрінің туындауы оқытушы мен оқушының өзара қарым қатынасына тәуелді.

Сабақ үстінде тірек схемаларын қолдану оқушылар бойында өз күшіне деген сенімділіктің пайда болуына жағдай жасайды. Себебі енді олар қиын деген жұмыстың өзін қиналмай орындайтын болады. Дәстүрлі оқытуда кездесетін сыбырлау, көшіру сияқты көлеңкелі жайлар бой көтермейді. В.Ф.Шаталов өз кітабында тірек схемаларын құрудың принциптерін қарастырады. (26) Тірек схемасы бір –бірінен түсі, контуры, формасы жағынан айқындалатын ақпараттар блогын құрайды.

Оқу материалының блоктық бірігуінің екі мақсаты бар. Біріншісі- тірек схемаларын оқушылардың есте сақтап, қайта жаңғыртуын жеңілдету. Екіншісі - әр оқушының жауап беру межесін анықтау.

Егер мектеп мұғалімі тақырыпты түсінікті тілмен түсіндіріп, тірек схемалары көмегімен бекітсе алған білім негізі оқушы есінде қайта жаңғыруы қалай өтеді? Оқушы сызулар мен жазуларды қысқаша қағаз бетіне түсіру арқылы оның аса күрделі емес екенін сезеді.

С.Д. Шевченко (27) өз зерттеулерінде В.Ф.Шаталовтың әдістемесін сынға алады. Оның ойынша тірек схемалары оқыту құралы ретінде әр түлі қатынасты тудырады:


  • тірек схемалары оқушылардың тек жақсы бағаға оқуын мүмкін етеді;

  • тірек схемалары репититор қызметін атқарады;

  • тірек схемалары оқу материалының тек нақты бөлігін меңгеруге бағдарлайды;

  • тірек схемалары нақты материалды шектеп, оқушылардың жаттап оқуына жағдай туғызады.

Тірек схемаларын оқу материалының логикалық схемасы деп атау дұрыс сияқты. Шындығында оның мәні атуында емес оның дидактикалық маңызында болып тұр. Кейде мұғалімдер тірек схемасын қолданған соң одан бірден үлкен нәтиже күтеді. Т.С. сабақ тақырыптарының тек ақпараттық бөлігін яғни тек негізгі ойларын қамтиды. Ал оқушылардың білім негізі жаңа материалды оқу барысында қаланады. Басқаша айтқанда оқытушының сабақты қалай түсіндіргеніне, оқулықтағы тақырыпты қаншалықты оқып меңгергенге байланысты болады. Яғни тірек схемасына қаншалықты ақпарат негізін ендірсең, соншалықты нәтижесін көресің.

Т.С. оқытушы үшін де оқушы үшін де белгілі бір деңгейде көмекші еске салушы құрал болып есептеледі. Тіпті бір-екі жыл өткен соң оқушыларға сабақта қолданған тірек схемаларын берсе, олар оны қолданып, өздері меңгерген тақырыпты қайтадан жаңғыртады. Дегенменмен тірек схемаларының өзіндік жеткіліксіз жақтары да бар. Көпшілік оқушылар тірек схемаларымен жұмыс істеуге иек артып оқулықпен жұмысты тоқтатады. Сондықтан осындай келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін, үй тапсырмасының ішінде тек оқулықты қолданып орындайтын логикалық тапсырмалар беру керек.




Бақылау сұрақтары :

10- ДӘРІС САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІНДЕ ЖӘНЕ ӘР ТҮРЛІ ОҚЫТУ ФОРМАЛАРЫНДА ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ



  1. Жаңа тақырыпты өту кезіндегі оқушылардың өздік жұмысы.

  2. Өтілген материалды бекіту мен қайталау кезінде өздік жұмысты қолдану

  3. Эксперименттік практикумдар мен эксперименттік есептер шығару кезіндегі өздік жұмыстар

  4. Сабақтан тыс жұмыстарда өздік жұмыстарды ұйымдастыру



1.Жаңа тақырыпты өту кезіндегі оқушылардың өздік жұмысы.
Оқушылардың жаңа тақырыпты өту кезіндегі өздік жұмысы деп оқытушының арнайы белгіленген уақытта, тікелей бақылауынсыз, бірақ басшылық жасауымен жаңа білім негізін қалыптастыру үшін жүргізілетін жұмысты айтамыз. Өздік жұмыс оқытушы тапсырмасы барысында іске асады. Ол жекеше, топтық немесе фронтальды болуы мүмкін. Оқушылардың жаңа сабақ өтудегі өздік жұмысымен танысу кезінде біз оқытушы мен оқушының ерекше әректімен істес боламыз. Оқытушы жұмыс мақсатын анықтап, оны ұйымдастыру құралдары мен тәсілдерін ұйымдастырып, жаңа материалды игеру барысын, бақылау түрлерін белгілейді. Оқушылар тапсырма мазмұны мен мақсатын түйсініп, өзінің танымдық әрекетін ұйымдастырып, тапсырманы шешу жолын жоспарлайды. Және оны іске асыру үшін оны орындаудың мақсатқа бағытталған жолын таңдап, нәтижесін болжап, өздік бақылауды іске асырудың жолын ойластырады. Көпшілік ұстаздар оқу жұмысының әр түрлі формаларын: дәріс, семинар сабақ, сарамандық сабақ, білім қорғау, білімді қоғамдық байқау, оқу – ғылыми конференциясы, жобаларды қорғау сияқты жүргізе отырып ондағы оқушының өздік жұмысын ұйымдастыруға көп көңіл бөледі. Мұндай жұмыс процесінде мұғалімдер әр түрлі тапсырмалар, оқушының таным қызығушылығына сай дидактикалық ойындар, дербестілік деңгейіне байланысты сабақты бекітуге жаттығулар қолданып, проблемалық жағдаят туғызуға ұмтылады. Осының бәрі оқушылардың шығармашылық қабілеті мен танымдық қызығушылығын дамытуға мүмкіндік береді. (8) Мына авторлар Кеслер Б.Я. Курочкина Н.Г. оқушылардың жаңа тақырып өту кезіндегі өздік жұмысын былай қарастырады. Әрбір оқушыға арнайы нұсқаулар ұсынылады. Ол нұсқаулар негізінде оқушылар әр түлі әдіспен білім негізін алады: сыныпта немесе үйде кітаппен жұмыс, зертханалық жұмысты орындау кезінде, сарамандық жұмыс үстінде және т.б. Осындай нұсқаулар жүйесін қолдану даралап оқытуды қамтамасыз етіп, оқушылардың ойлау әрекетін, өздік, шығармашылық жұмысқа қызығушылығын арттырады. Әрбір оқушы өз күшіне орай жұмыс істеп өздерінің таным процесін реттеп, тиімді меңгере алады. (9)

Оқушылардың дербестігінің қалыптасуында химиялық эксперимент үлкен рөл атқарады. (10) Дұрыс ұйымдастырылған химиялық эксперимент білімді қабылдау процесі қызықты етеді. Ол өз кезегінде мұндай білім негізінің беріктігін қамтамасыз етеді. Сондықтан көптеген сабақтарда жаңа білімді алу үшін химиялық эксперимент жүргізіледі. Ол оқушыларды бақылай, салыстыра білуге, қорытынды шығара білуге үйретеді.

А.С.Максимов пен В.А. Хромашев өз мақалаларында химиялық реакция жылдамдығын оқыту тәжрибесімен бөліседі және химиялық экспериментті жүргізу әдістемесін ұсынады.

Ал Т.З.Савич оқулығында мектеп бағдарламасы көлемінде оқушылар бойында өздік жұмыс негізінде химиялық реакция туралы түсінікті қалай қалыптастыруға болатыны жайлы баяндалады.

М.В.Зуева мен Т.С.Ярославцева еңбектерінде «Электролиттік диссоциация» тақырыбын өткенде өздік жұмысты ұйымдастыру әдістемесі берілген.

Л.С.Понтак зерттеулерінде формула бойынша есеп шығаруға, формула құруға, алғашқы химиялық түсініктерді қалыптастыруға арналған өздік жұмыстар берілген. (11)

Жаңа білімді қабылдауда өздік жұмыстарды әр түрлі типті материалды игеру кезінде қолдануға болатынын іс-тәжрибе көрсетіп отыр. Өздік жұмыстар тек оңай тақырыптарды түсіндіру кезінде емес, қиын материалды өту кезінде де тиімді.


  1. Өтілген материалды бекіту мен қайталау кезінде өздік жұмысты қолдану

Жүйелі түрде қайталау мен бекітусіз оқушылардың тиянақты әрі тұрақты білімін қалыптастыру мүмкін емес. М.Б.Усманова мен Қ.Н.Сақариянованың 8-11 сыныптарға арналған дидактикалық тапсырмалар жинағында өздік жұмыстар жаңа материалды оқу мен өткен материалды бекіту үшін қолайлы. (12) Сол сияқты Н.П.Гаврусейконың дидактикалық материалдарын да қолдануға болады. Соңғы әдістемелік нұсқауда тапсырмалар сараланып берілген.

Алдыңғы үш нұсқа дәстүрлі тапсырмалардан түрады. Оларды орындау реакция теңдеуін жазуға, қысқаша жауап беруге, тотығу тотықсыздану реакцияларының электрондық балансын құруға, есептеу есептерін шығаруға араналады.

Келесі үш нұсқада тапсырмалар дайын жауаптар жиынтығымен беріледі. Құрушыларға оны тест тапсырмасы ретінде ұсынуға болады. Әр нұсқада келтірілген тапсырмалар әр түрлі қиындық деңгейінде беріледі.Өздік жұмысқа арналған тапсырманың санын оқытушы жұмыс жоспары мен сабақ формасына байланысты белгілейді. Өздік жұмыс тапсырмасын тексеру оқытушының қалауы бойынша фронтальды немесе таңдамалы түрде жүргізіледі.

Химиядан қорытынды сабақтар химиялық білімдер жүйесін қалыптастыруда аса маңызды рөл атқарады. Авторлар (13) дидактикалық мақсатқа байланысты сабақтық әртүрлі варианттарын ұсынады. Оқытушы кабинеттің жабдықталу деңгейіне байланысты, оқушылардың дайындық деңгейіне орай ұтымды вариантты таңдап алады. Қорытынды сабақты таңдауға шығармашылықпен келу оқушыларға артық ауырлықтың түспеуін мүмкін етеді.

Қорытынды сабақтардың өзіне тән сипаты оны жүргізудің педагогикалық негізін құруды оқытушы алдына міндет етіп қояды. Олар төмендегідей болуы мүмкін:


  1. Әрбір сабақтың өзіне тән мақсаты мен міндетін айқындау. Барлық қорытынды сабақтарды тұтастай алып қарағандағы міндет пен мақсатты анықтай білу.

  2. Аталған материалға байланысты сабақ типі мен құрылымын анықтау.

  3. Сабақ мазмұнын айқындап, қайталауды жүргізу әдіс тәсілдерін белгілеу.

  4. Оқушылармен жұмыс формасын (ұжымдық,топтық,жекеше) анықтау.

  5. Химиялық эксперимент пен техникалық құралдарды, компьютерді қолдану.

  6. Үйге берілетін тапсырманың түрі мен көлемін анықтау.

  7. Оқушылардың білімін бақылау мен тексеру формасын белгілеу.

Кейбір оқу құралдарында мысалы (14) оқушылардың өздік жұмыстарының әр түрлілігі сипатталып жазылған. Оқушылардың зерттеушілік қабілетінің дамуына көп көңіл аударылған. Тапсырмалар оқушыға саралы жолмен келу үшін әр түрлі нұсқамен берілген.

Оқушының өздік жұмыс құрылымында үш түрлі негізгі буын бөліп көрсетіледі.



  1. Оқушылардың танымдық міндетті анықтауы (оқу жағдаятының құрылымында мақсатты таңдап, міндетті көре білу);

  2. Міндетті шешуге әкелетін әрекеттің айқын әдістерін таңдап анықтау (оны шешуге керекті әдіс, тәсілдерді таңдай білу икемділігі);

  3. Алға қойылған міндетті табылған әдістермен шешуге болатын болмайтынын бақылау операциясын орындау.

Оқушылардың білімін қысқа уақытта тексеру жолдары жоғарыда айтылған әдістемелік құралда берілген. Дәстүрлі әдістерден басқа графикалық, сандық диктанттар, тест тапсырмалары қолданылады.

Білімді бекітуде және білімді жетілдіруде өздік жұмысты қолдану қиындығы оқушылар үшін жаңашылдық элементінің төмендеуімен түсіндіріледі. Сондықтан оқушылардың белсенді ойлау қабілетін дамытатын әдіс, тәсілдерді тиянақты түрде ойластырған жөн. Осыған орай оқушылармен сараланған тапсырмалармен өздік жұмысты өткізу әдістемесіне сүйену керек.

Өздік жұмысты сараланған түрде өткізу дегеніміз оқытушы әрбір оқушыға белгілі тапсырмалар жиынын орындауды ұсынады. Ол тапсырмаларды оқушы міндетті түрде орындауы керек.


  1. Эксперименттік практикумдар мен эксперименттік есептер шығару кезіндегі өздік жұмыстар

Эксперименттік практикумдарды өткізу жоғарғы сынып оқушыларының өздік жұмыстарының бірі екендігі (15) жұмыста қарастырылады. Эксперименттік практикумдар үлкен бір бөлімді оқып болған соң жүргізіледі де қайталаушы-қорытындылаушы сипатты болады.

Химиядан қорытындылаушы эксперименттік практикум келесідей жұмыстар түрінде берілуі мүмкін.


  1. Газдарды алу, жинау, қасиетін тексеру;

  2. Заттарды алу және шығымын есептеу;

  3. Қатты заттардың және олардың ерітінділерінің берілген реактивтерді қолдануға арналған немесе реактивсіз сапалық анализі;

  4. Заттар қоспасының құрамын және химиялық қосылыстың тазалығын химиялық жолмен сандық анықтау.

Эксперименттік есептердің әдістемесі (16) жұмыста талқыланған. Эксперименттік есептерді оқушылардың өз бетімен орындау қабілетінің көрінуіне орай екі типке бөлуге болады: біріншісі- қайта жаңғыртуға, екіншісі – өнімді есептер.

Қайта жаңғыртуға арналған есептер белгілі бір білімді, практикалық іс - әрекетті және алдында орындалған тәжрибені қайталауға арналады.

Мысалы:


  1. Күкірт қышқылының қасиеттерін сипаттайтын реакцияларды жасап көрсетіңдер;

  2. Қосымша реактивті қолданбай натрий карбонаты ерітіндісін анықтаңдар;

  3. Тек бір реактивті қолданып қай пробиркада ас тұзы ерітіндісі қай пробиркада натрий гидроксиді барын анықтаңдар.

Эксперименттік есептерді шығаруға әзірлік жолдары төмендегідей:

  1. әр түрлі сарамандаық әрекеттерді оқытушының демонстрациялап көрсетуі;

  2. оқушылардың химиялық экспериментті жасауға жаттыққандығын көрсететін тәжрибелерді орындау;

  3. заттарды алуға және олардың химиялық қасиетін зерттеуге арналған сарамандық жұмыстарды іске асыру.

Оқушылардың эксперименттік есептерді шығаруы келесідей кезеңдерден тұрады:

  1. есеп шартын ой елегінен өткізу;

  2. есепті теория жүзінде шығару;

  3. реактивтер мен құралдарды әзірлеу;

  4. есепті сарамандық жолмен шығару;

  5. есептің қорытындысын шығару.

«Оттегі» топшасы тақырыбын өткенде оқушыларға күкірт қышқылы мен оның тұздарын анықтауға берілген есептерді ұсынамыз. Сульфат ионды анықтауға арналған реактивтермен жұмыс істеуін қадағалаймыз.

9 сынып оқушыларымен орындалатын эксперименттік есептер жайлы мәліметтерді (17) мақаладан табуымызға болады. Авторлар сарамандық сабақтарды жүргізу әдістемесіне тоқталады.

Ал (18) жұмыста оқушылар бойында эксперименттік дағдылардың қалыптасу деңгейі және маңызы қарастырылады.


  1. оқушылар барлық қажетті операцияларды орындайды, бірақ олардың реттілігі бейберекет.

  2. Оқушылар барлық керекті операцияларды орындайды бірақ олардың реттілігі рациональды емес және барлық әрекет түрлері саналы емес.

  3. Барлық операциялар рациональды, жақсы ойластырылып, рет-ретімен орындалады.

Авторлар оқушылардың заттардың қасиеті туралы ақпаратты қабылдауының екі түрі жайлы сөз қозғайды. Көбінесе оқушылар химия сабағында тікелей сезім мүшелері арқылы қабылдайды, бұл қабылдаудың бірінші түрі.

Оқушылар заттармен химиялық процестермен екінші қабылдау әдісімен танысады, оны индикаторлық деп атаймыз. Мұнда да сезім мүшелері қолданылады бірақ олар тікелей емес қандай да бір көрсеткіш арқылы іске асырылады.

Енді бір зерттеушілердің ойынша (18) оқушылардың еңбекке әзірлігі эксперименттік сабақтарда іске асырылады. Химиядан зертханалық жұмыстар мен сарамандық сабақтар өзіндік ерекшеліктерімен айқындалады.

Химиядан эксперименттік сабақтарда оқушылар еңбектену дағдыларын қабылдап, іскерліктерін дамытады.

Эксперименттік есептерді шығару оқушылардың білімн бақылайтын бақылау жұмысы іспетті, себебі оқушылар оған алдын ала әзірленеді. (19)

Сарамандық сабақтар аз реактивпен өткізілуі керек, мысалы тамшылық әдіс, жартылай микро - әдіс.

Химия сабақтарында эксперименттік есептер шығару оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда таптырмас құрал деуге болады.


  1. Сабақтан тыс жұмыстарда өздік жұмыстарды ұйымдастыру

Бірқатар мектептер сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың көпшілігі қатысатын, атап айтқанда, химиялық кештер, «ойлан-тап» ойындарын өткізумен ғана шектеледі. Оның өзінде оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеуіне, жеке белсенділіктері мен шығармашылығын дамытып отыруына жете көңіл бөлінбейді.

Соңғы кездерде оқушылар шығармашылығын дамыту, қызығуын арттыру үшін, химия апталығы, танымдық сөзжұмбақтар, химиялық ойындар, жарыс кештері, т.б. көптеген білім беретін материалдар кең түрде қолданыла бастағанына қарамастан, оларды қызықты етіп ұйымдастыру жағы жетіспейді. Бұл салада да оқушылар шығармашылығы аз пайдаланылады. Әсіресе оқушыларды жаппай қатыстыратын элективті курстар,: мектепішілік химиялық олимпиадалар, өндірістік мәні бар танымжорықтар, оқушылар білімін тексеруге арналған алғырлар, тапқыштар жарыс кештері сирек өткізіледі. Кейбір ұстаздар осы саладағы өздері өткізген үлгілі жұмыстарының нәтижесін басқаларға ұсынуға мән бермейді.

Оқушыларға жеке пәннен тек білім беріп қана қою жеткіліксіз, оларды сабақ үстінде де, элективті курстарда да, өзіндік жұмыстарда да сол ғылымды сүйе білуге тәрбиелеп, өз беттерінше білім ала білуге үйрету керек. Ұстаздар тәжірибесі өзіндік жұмыстардың сабақтан басталатынын көрсетеді. Сондықтан да сабақты қызықты етіп өткізу арқылы оқушылардың білімді өз беттерімен тереңдете алатын болуына негіз қалау қажет.

Өзіндік жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйелі де нәтижелі болуы керек. Оқу-тәрбие барысында сабақ пен сыныптан тыс жұмыстардың өзара байланыстылығын жетілдіру; мұнымен бірге оқушылардың білімге, жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық пайдалы еңбекке неғұрлым белсенді қатыстырып, белгілі бір кәсіптік мамандықты игеруге әзірлеу – мұғалімдердің негізгі міндеті. Сондай-ақ мұғамнің оқу материалын түсінікті етіп, әсерлі баяндауы, тәжірибелерді шеберлікпен көрнекі көрсетіп, сабаққа танымдық ойын қисындарын енгізіп отыруы оқушылардың пәнге деген қызығуын арттырып, қиялын қозғауға әсер етеді. Мұғалім сыныптан тыс жұмыстарды жеке оқушыға ғана әсер ететіндей емес, көпшілік оқушыларды қызықтыратындай етіп ұйымдастыруы тиіс.

Оқушылардың пәнге деген ықыласы артып, қызыға бастаса, онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Қазіргі кезенде сабақтың мазмұны мен оны түсіндірудің негізгі әдістері оқушылардың өз беттерінше танымдық іс-әрекеттерін дамытатындай, әрбір нақты материалды жүйелі меңгертетіндей етіліп құрылғаны жөн. Осы мәселелердің бәрі оқушылардың жасы мен жеке басының ерекшеліктерін білуді қажет етеді.

Өзіндік жұмыстар оқушылардың химиялық білімін дамытып қана қоймайды, оларды жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Әрбір оқушы өзінің еріктілігімен қатар, өз бетінше жеке дара жұмыс істейтінін де, ұжым алдындағы жауапкершілігін де жақсы сезінуі керек. Өзіндік жұмыстардың жоспарын жасаған кезде мақсаттары мен міндеттері де көрсетіледі. Ұжымдық жұмыстардың нәтижесі сан алуан түрде тұжырымдалады. Оқушылар фвкультативтік сабақтарда бастаған жеке тапсырманы ұжымдық тапсырмаға ұластырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқаратын болады. Ондай тапсырмаларға қарапайым құралдарды құрастырудан бастап химия кабинетін толық жабдықтауға дейінгі жұмыстар жатады. Осыдан қоғамдық пайдалы жұмыстардың сарамандық сипаты мен қажеттігі айқын көрініп тұрады.

Оқушылардың сабақтан бос уақытын пайдалы істерге жұмсауда балалар қайткенде бір нәрсемен шұғылданса болды деген негізде құруға болмайды. Бұл істе кездейсоқтыққа, жоспарсыздыққа, немқұрайлылыққа жол бермеген жөн. Бос уақыт ұғымы – күрделі санат. Бұл уақыт (оқушылар үшін шынында бос болғанымен) - әрқашан мектептің, мектептен тыс екемелердің бақылауындағы уақыт.

Балалардың бос уақытын қалай ұйымдастыру керек? Оларды қайткенде пәнге қызықтырып, бос уақыттарын пайдалы іспен үйлестіруге болады. Бұл мәселе бүгінде педагогтерді көп толғантып жүр.

Оқушылардың пәнге қызығуын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру мүмкін емес, сондықтан да әр түрлі өзіндік жұмыстар жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім сапасын арттыруға септігін тигізіп, кәсіптік бағдар беріп, мамандықты еркін таңдауға көмектеседі.

Бұдан шығатын қорытынды, яғни өзіндік жүргізілетін пәндік жұмыстардың негізгі мақсаты - оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтермелеу. Оқушы өз күші жететін іспен айналысса ғана оның үйірмедегі не бірлестіктегі ісі жемісті болады. Өзіндік жұмысты ұйымдастырушылар түрлі үйірмелердің, клубтардың жұмысына факультативтік сабақтарға оқушылардың жаппай қатысуына көңіл бөлгендері абзал. Химиядан жүргізілетін өзіндік жұмыстар оқушылардың ықыласы мен қабілетін арттырып қана қоймай, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жоғары деңгейге көтеруге көмектесуі тиіс. Ең бастысы – оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарға, пәнге деген қызығушылығы мен жауапкершілігі артып, алған білімдерін біріне-бірі үйрететін дәрежеде болуы.

Жастарды қоғамның жан-жақты жетілген белсенді азаматы етіп тәрбиелеу үшін химия пәні бойынша сыныпта өтілетін бағдарлама материалдарын қазіргі өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік және одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруды өзіндік жұмыстардың сапасын жақсартып, рөлін арттыра түсу көзделеді.

Оқушылардың қалауы бойынша ұйымдастырылатын оқу-тәрбие жұмысын өзіндік жұмыстар деп атайды. Дегенмен, оқушылардың бос уақыттарында білімін дамытуға байланысты жұмыстары әр түрлі мағынадағы терминдермен аталып жүр. Біз баспасөзден «сабақтан тыс», «мектептен тыс», «сыныптан тыс» деген термин сөздерді жиі естиміз. Бұл терминдердің кейбір ұқсастық жақтарымен қатар, бірінен-бірінің елеулі айырмашылықтары да бар.

Сабаққа байланысты мұғалімнің тапсырмасы бойынша бүкіл бір сыныптың оқушылары орындайтын өзіндік жұмыстар бар. Бұлар күнделікті сабақпен, зертханалық және сарамандық жұмыстармен байланысып жатады. Осы жұмыстарды орындағаны үшін оқушыларға сынып журналына баға қойылады. Өзіндік жұмыстарға сарамандық сипаттағы үйге берілген есептерді шешіп, жаттығуларды орындауы да жатады, т.б.

Мектептен тыс жұмыстар сабақтан бос уақытта оқушылар сарайында, жас натуралистер стансасында, институт зертханаларында, аудандық, қалалық мектептен тыс мекемелерде, зауыт, фабрикаларда, агрохимиялық зертханаларда өткізіледі. Бұған да мектеп мұғалімі басшылық жасайды, оның арнаулы бағдарламасы болады.

Өзіндік жұмыстар мектепте, оқушылардың сабақтан бос уақыттарында, өз еріктері бойынша түрлі факультатив сабақтар, үйірмелер арқылы жүргізіледі. Бұл оқу бағдарламасынан өзгеше танымдық, іскерлік пен дағдылар қалыптастыруы оқушылардың өз беттерінше қоғамдық пайдалы жұмысты атқаруын көздейді. Оған қатысатын оқушылардың білім дәрежесі, сыныптағы жас ерекшелігі бірдей болмауы мүмкін, осыған орай орындайтын жұмыстары да әр түрлі болады.

Факультативтік сабақтар мынадай түрлерге бөлінеді: оқушылармен жүргізілетін жеке-дара, топтық, көпшілік сабақтар.

Бұл жұмыстардың түрлері мен бағыттары оларға қатысатын оқушылар санымен, мазмұнымен, әдістерімен де бір-бірінен ерекшеленеді.

Топтық жұмыстардың негізгі түрі – факультативтік сабақтар. Факультативтік сабақтар оқушылардың өз еріктері бойынша арнаулы бағдарламаға сәйкес құрылады.

Элективті курстар жұмысын ұйымдастыру міндеттерінің бірі – оқушыларға еріктілік беріп, олардың ынтасын көтермелеп отыру, жоспар құруда олардың талаптілектерін ескеру. элективті курстар уақыт жағынан да, бағдарлама жасау жағынан да елеулі айырмашылығы бар. Ол оқушылардың жеке тілектерін қанааттандырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарға кеңірек тарту мақсатын көздейді.

60-70 жылдары факультативті курстардың пайда болуы білім саласын жаңарту қажеттілігінен туындады, мектептердің біркелекілік сипаттылығы мен тұрақты бағдарламалар жағдайында білім саласына өзгертулер енгізуден өзге жол болмады. Факультатив термині француздық facultative сөзі мен латындық facultatis сөздерінен пайда болып, мүмкін, міндетті емес, қосымша таңдауға берілетін деп аударылады. Осыған орай, факультативті сабақтар оқушылардың ерікті таңдауы арқылы міндетті пәндермен қатар өткізіледі.

Элективті курстар арқылы мектеп келесі төмендегі міндеттерді шешеді: оқушылардың белгілі бір пәнді неғұрлым тереңдете оқуға деген сұранысын қанағаттандыру; оқу-танымдық мүдделерді дамыту; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; элективті курстардың негізгі педагогикалық мәні осы болып табылады. Элективті курстарға сонымен қатар белгілі бір талаптар қойылады. Мұндай сабақтарда теория мен практика бір-бірімен тығыз байланыста болады. Элективті курстардың дәрежесі мен мәнісі әдеттегі сабақтардан жоғары, себебі, ол оқушылардың еңбекке деген қабілеттігін арттырады, олардың тәжірибе мен алға қойылған міндеттерді шешу барысында тәжірибелік іскерлікпен қамтамасыз етеді.

Орта мектепте элективті курстар химияны оқытудағы сабақтың негізгі түрі болып қала береді. Дұрыс ұйымдастырылған элективті курстар мектептің алдына қойған көптеген мақсаттары мен міндеттерін ойдағыдай шешуіне көмектеседі. Ашып айтқанда, элективті курстар оқушыларды ғылымды сүюге, білімін дамытып, пәнге қызығушылығын арттыруға, өз беттерінше жұмыс істей білуге, орындалатын жұмысқа жауапкершілікпен қарауға, ұжымдылыққа, т.б. көптеген адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді.

Көптеген мектептерде элективті курстар жұмысын оқушылар мен мұғалімдер өз талғамдарынша жүргізіп келеді, бұл салада сыннан өткен көмекші оқу құралдары өте аз. Факультативтік сабақтар жұмысы жөніндегі әдістемелік әдебиеттерді талдап, санап қарасақ, әсіресе ана тіліміздегілері жоқтың қасы деуге болады. Қазіргі кезенде оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын, кәсіптік бағдар беретін пайдалы жұмыстарға баулу мәселесіне баса назар аударылуда.

Мақсатқа сәйкес политехникалық білім негіздерін беретін, сарамандық іскерліктер мен дағдылар қалыптастыратын элективті курстардың әрбір мектепте болғаны жөн.

Ауылдық жердегі элективті курстар ауыл шаруашылығын химияландыруға байланысты жұмыстарды үйымдастырады. Факультативтік сабақтар азотты, фосфорлы, калийлі, т.б. тыңайтқыштарды егіске шашудың әдістері мен мөлшерін есептей білуі тиіс.

Химиялық элективті курстар жұмысының мазмұны мен мақсаттарына қарай әр түрлі бағыттары бар, қызықты химиялық тәжірибелерді таныстыратын және оны көпшілік алдында жасай білуге оқушыларды дағдыландыратын факультативтік сабақтардың болашағы бар

Элективті курстар мүшелері өздері тандап алған химия сыныптан тыс өздік сабақтарының мазмұнына сәйкес, теориялық, тәжірибелік, өндірістік мәселелерді шешіп, химиялық өндіріс орындарынан, өздері жасаған танымжорықтан алған әсерлері жайында элективті курстар отырыстарында және істеген жұмыстарының мазмұны мен оқыған кітаптары туралы химия кештерінде баяндап отырады. Факультативтік сабақтардың бағдарламасы қазіргі оқу бағдарламасының негізінде, бірақ оны қайталамайтындай бағытта құрылуы тиіс.

Химия элективті курстардың мүшелері өздері орындаған жұмыстарының мазмұны туралы тұжырымын, жазбаша есебінің нәтижесін арнаулы журналдарға немесе күнделіктеріне жазады. Жұмысты жеке дара орындаудан топтасып, бірлесіп орындау кейде нәтижелі шығады. Факультативтік сабақтар мүшелерінің жұмыстары нәтижелі шығуы үшін оны өздері таңдайды, ең негізгісі, ол жұмысты орындауға оқушылардың шамасы келетіндей болуы керек.

Шығармашылықпен жұмыс істейтн көптеген мектептердің мұғалімдері сыныптан тыс жұмыстарға оқушыларды көбірек қамту мақсатында элективті курстардың санын көбейтіп, химия қоғамына біріктіріп жүр. элективті курстардың өзі бірнеше бірлестіктен тұрады. Оларға мұғалім басшылық жасайды.

Элективті курстың жетекшілері оқушылардың орындайтын жұмыстарының мазмұнын түсініп, орындау әдістерін айтады, қажетті әдебиеттерді пайдалана білуге бағыт сілтейді. Оқушыларға жоспар құруға жәрдемеседі. Онда мынадай мәселелер ескерілуі керек: оқушы қандай теориялық білімге назар аударғаны жөн, қандай тәжірибелік жұмысты орындайды, ондағы басты мәселе не, т.б.?

Әрбір элективті курстардың өзіндік ерекшеліктері бар, мақсаттары да бірдей емес, бірақ соған қарамастан әр түрлі химиялық элективті курстарға ортақ кейбір ерекшеліктер ескеріліп отырады. Химия сабақтары барысында бағдарламадан тыс ауқымды алатын оқушылардың қызғушылықтарын қанағаттандыру мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар, сабақтар барысында химияның өмірмен тығыз байланыстылығын толық түрде қарасытыру мүмкін емес, ал бұл пәнді оқу барысында бірден-бір қажет нәрсе болып табылады. элективті курстар оқушылардың білімін тереңдетеді, қабілеттерін аша түседі, олардың шығармашылық қабілеттерін айқындап кітаппен жұмыс істеуге және тәжірибе алуға үйретеді.

Оқушылардың жеке оқу пәндеріне деген қызығушылықтары олардың оқу материалын толық белсенді түрде игеріп және қызығушылықтар мен қабілеттердің тығыз байланысы негізінде пайда болады. Сол үшін, оқу процесіне элективті курстарды енгізу керек.

Дәл осы элективті курстардың көмегімен химияға аса қызығушылық танытатын топты анықтап, олардың арнайы білімдерін одан әрі кеңейтуге, оларды химияның жеке әдіс-тәсілдерімен таныстыруға, химик кәсібін игеруде ерікті тағдауға ие болуларына көмектеседі.

Элективті курстар бағдарламаларының вариативтілігіне ерекше назар аударып өту қажет.

11-ДӘРІС 8 СЫНЫП ХИМИЯ КУРСЫН МАТЕРИАЛДАРЫН ОҚЫП –ҮЙРЕНУДЕГІ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖҮЙЕСІ



  1. Алғашқы химиялық ұғымдар

  2. Д.И.Менделеевтің периодтық заңын және периодтық жүйесін,атом құрылысы

  3. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары

12- 9 СЫНЫП ХИМИЯ КУРСЫН МАТЕРИАЛДАРЫН ОҚЫП –ҮЙРЕНУДЕГІ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖҮЙЕСІ
13. 10 СЫНЫП ХИМИЯ КУРСЫН МАТЕРИАЛДАРЫН ОҚЫП –ҮЙРЕНУДЕГІ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖҮЙЕСІ

14. 11- СЫНЫП ХИМИЯ КУРСЫН МАТЕРИАЛДАРЫН ОҚЫП –ҮЙРЕНУДЕГІ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖҮЙЕСІ


15. ХИМИЯДАН БЕЙІНДІ ЖӘНЕ БЕЙӘН АЛДЫ ОҚЫТУДА ӨЗДІК ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕСІ

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР

Практикалық сабақ №1

Сабақтың тақырыбы: Химияны оқып-үйрену үрдісінде оқушылардың оқулықтармен жұмыс дағдысын игере білуі

Жоспары:


  1. 1,2-тапсырмалардың мазмұнымен таныстыру

  2. Қазақша – орысша сөздік қорын дәптерге жазу (қажет жадайда)

  3. 1,2-тапсырмаларды орындап, оқытушыға тапсыру

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1

{Сабақтын мақсаты, практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, есептеулер мен есептер мысалдары}



... Тапсырма 1 Төмендегі сызба- нұсқаға ат беріп, оның мазмұнын мәтін түрінде жаса.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет