ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жалпы психология» 5В050300 Психология мамандығына арналған ОҚытушыға арналған пәннің бағдарламасы



Дата31.01.2018
өлшемі296,16 Kb.

ПОӘК 042-18-16.1.91/01-2015


Басылым №1

беттің - шісі






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-16.1.91/01-2015



ПОӘК

«Жалпы психология» оқытушыға арналған пәннің бағдарламасы



Басылым №1


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Жалпы психология»

5В050300 - Психология мамандығына арналған
ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ








Семей

2015



Алғы сөз


1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырған: 2015ж.

«Психология» кафедрасының доценті м.а. А.Ж. Едігенова
2 ҚАРАЛДЫ

2.1 «Психология» кафедрасының отырысында қаралды

2015ж. Хаттама № 1
Кафедра меңгерушісі ____________ Ш.Сатиева
2.2 ЭҚГҒФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды

2015ж. Хаттама № 1


ОӘБ төрағасы_________ С.Тойкин

3 БЕКІТІЛДІ

3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

2015ж. Хаттама №1


ОӘК төрайымы_________ Г. Искакова
4 Алғаш енгізілді басылым № 1

Мазмұны
1 Қолданыс аймағы

2 Нормативтік сілтемелер

3 Жалпы ережелер

4 Оқу пәнінің мазмұны (модульдері)

5 Студенттің өздік жұмысы тақырыптары

6 Пәннің оқу-әдістемелік картасы

7 Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету картасы

8 Әдебиеттер



1 ҚОЛДАНЫС АЙМАҒЫ

«Жалпы психология» пәнінен оқу - әдістемелік кешеннің құрамындағы оқытушыға арналған бағдарламасы 5В050300 – Психология мамандығы студенттеріне арналған.



2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы «Жалпы психология» пәнінен оқу - әдістемелік кешен төмендегі құжаттардағы барлық талаптар мен ұсыныстар бойынша оқу процесінің ұйымдастыру ретін белгілеп құрастырылған:



  • 5В050300 - Психология мамандығы бойынша ҚР МЖМБС 5.04.033-2011;

  • 5В050300 - Психология мамандығы бойынша типтікоқу бағдарламасы. - Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ: Алматы, 2014;

  • СТУ 042-ГУ-4-2014 университет стандарты «Пәннің оқу-әдістемелік кешендерін құрастыру мен безендіруге қойылатын жалпы талаптар»;

  • ДП 042-1.01-2014 Құжатталған процедура «Пәннің оқу-әдістемелік кешендерінің құрылымы мен мазмұны».

3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Жалпы психология: «Танымдық процестер психологиясы» курсы психология ғылымының фундаменталды негізін құрайтын теориялар мен зерттеу әдістердің мазмұны мен психологиялық құрылымына байланысты қазіргі әдіснамалық жағдайларға сүйенеді, соңғы жетістіктері мен тұжырымдамаларын негізге алады, сондай-ақ әлемдік психология жетістіктерін танымдық процестерді талдау негізінде түсіндіреді, психологиялық теорияларды зерттеу және меңгеру процестерін талдайды. Жалпы психологияның негізгі өзегін құрайтын танымдық психикалық процестердің әртүрлі заңдылықтары мен критерийлерін талдайды және соның негіәзінде білімдерді жүйелейді.

Ғылыми психологиялық танымдық процестер аясында танымдық іс-әрекеттік негізін қалыптастырады, психология ғылымындағы танымдық психикалық процестердің алғашқы сезімдік логикалық сатылары түйсіну, қабылдау, зейін, елестер жайлы ғылыми телориялар жайлы білімдерін қарастырылады, психологиялық заңдылықтардың негізінде психикалық процестердің тәсілдерін, даму жолдарын анықтайтын жаңа, инновациялық психологиялық теорияларды мен зерттеулер беріледі.

Жалпы психологиядағы танымдық психикалық процестердің адам іс-әрекетіндегі дамуы мен қызмет етуі, түрлері қазіргі жаңа қазіргі психологиялық бағыттарға байланысты жалпы психологиядағы танымдық процестер психология негіздері туралы фундаменталды білімдер дамытылады.

3.2 Пәннің мақсаты:

«Жалпы психология» пәнін оқу студенттердің жеке адамды таным субъектісі ретінде түсіне отырып, ойлаудың диалектикалық логикасын қалыптастырып, танымдық психикалық процестердің табиғатын түсініп, ғылыми психологиялық ойлау жүйесін негіздеу. Танымдық психикалық процестердің адам іс-әрекетіндегі дамуы мен қызмет етуі, түрлері қазіргі жаңа қазіргі психологиялық бағыттарға байланысты жалпы психологиядағы танымдық процестер психология негіздері туралы фундаменталды білімдерін дамыту.

3.3 Пәннің міндеттері:

1) жалпы психологиядағы танымдық психикалық процестердің негізгі заңдылықтары мен даму механизмдерін қолданудың тәсілдерін теориялық–методологиялық аспектіде танысып, оқып үйрену, псикикалық процестердің негізгі заңдылықтары мен критерийлерін фундаменттік теориялық және қолданбалы психологиялық зерттеулерде қолдануға студенттерде оң әсерлі мотивация мен жүйелік негіздерді қалыптастыру;

2) оқытылған танымдық психикалық процестер-сенсорлық, перцептивті. Ес және ойлау, зейін процестерінің заңдылықтары негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру;

3) танымдық психикалық процестердің даму заңдылықтары мен механизмдерін талдау критерийлерін психологияның барлық саласында қолдануды оқып үйрену, оның жаңа инновациялық технологияларын меңгеру, машықтану, психикалық процестердің базалық категориялары мен түсініктері жайлы білімдер беру;

4) әртүрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі-психологиялық талдау процесінде студенттерде танымдық дағдылар мен ептіліктерді дамыту;

5) әлемдік және отандық психологиялық ықпалдар мен идеялардың негізгі принциптерімен таныстыру және психологиялық эксперименттерде оларды қолдану алу білімдеріне үйрету.

3.4 Оқып-зерттеу нәтижесінде студенттер:

-танымдық психикалық процестер жайлы әлемдік және отандық психологиядағы зерттеулерді және олардың тарихын;

-танымдық психикалық процестердің психологиялық табиғаты жайлы негізгі теориялар мен зерттеу мәселелерін;

-жалпы психологиядағы танымдық психикалық процестердің жалпы психологиялық табиғатын;

- эксперименттік және қолданбалы психологиядағы танымдық психикалық процестерді зерттеу әдістері мен негізгі заңдылықтарын;

-танымдық психикалық процестерді зерттеуші –психолог пен экспериментатордың зерттеу жұмысына қойылатын талаптары мен кәсіби және тұлғалық сапаларын;

--жалпы психологиядағы танымдық процестерді зерттеу саласы бойынша эксперименттік зерттеулерді өткізу мен жоспарлау негіздерін.

Студент мыналарды меңгеруі қажет:

-жалпы психологиядағы танымдық психикалық процестер туралы теориялық және эксперименттік зерттеулерді талдау, жүйелеу, салыстыру, жалпылау мен қорытындылауды;

-танымдық психикалық процестер туралы алған теориялық және практикалық білімдерін шынайы кәсіби іс-әрекет пен тәжірибеде қолдану іс-әрекетін;

-жалпы психологиядағы ғылыми-ұғымдар неізі жайлы психологиялық білімдерді;

-танымдық психикалық процестерді эксперименттік психологияда зерттеу әдістері адекватты таңдау мен оларды өткізу процедураларын;

-танымдық психикалық процестер курсының негізгі жағдайларын кәсіби зерттеулерде, кәсіби іс-әрекеттің практикалық-қолданбалы салаларында оның тиімділігін арттыру мәселесі бойынша материалдарды өзбетінше логикалық түрде таңдау және таба алуды және оларды психологиялық интерпретациялауды.

Дағдыларды меңгереді:

-танымдық психикалық процестер туралы адекватты ғылыми теориялық білімдерді кәсіби сала мен практикада қолдана алу ептілігін және ғылыми әдебиеттер мен білімінің қайнар көздерін оқу үшін қажетті ізденістерді;

-жалпы психологиядағы танымдық психикалық процестерді зерттеу аясына байланысты эксперименттік және психодиагностикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарымен өткізу процедураларын;

- жалпы психология ғылымының негізгі бір саласы танымдық психикалық процестер туралы теориялар мен эксперименттік зерттеулерді және зерттеу әдістерін алған психологиялық білімдерін жүйелеу негізінде талдау, практикалық аспектіде бекіту;

-танымдық психикалық процестердің теориялары мен заңдылықтарын, эксперименттік зерттеулерін талдауларын;

-танымдық психикалық процестердің қазіргі жаңа, инновациялық теориялық, практикалық негіздегі әдістерін тиімді қолдана білу;

-танымдық психикалық процестерді жаңа қазіргі психологияда зерттеудің жаңа теорияларын қабылдау мен қолдана алу;

- танымдық психикалық процестердің ерекшеліктері мен мазмұнын кәсіби іс-әрекет пен кәсіби практикада қолдану;

- танымдық психикалық құбылыстар мен процестердің негізгі заңдылықтары жайлы білімдерді меңгере отырып, өзінің және қоршаға ортадағы тұлғалардың мінез-құлықтарын өзіндік реттеу мен психологиялық талдау жасау.

3.5 Курстың пререквизиті:



- жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе;

- экология және тұрақты даму;

- тіршілік қауіпсіздігінің негіздері.

3.6 Курстың постреквизиті:

- жалпы психология бойынша практикум-2;

- мамандыққа кіріспе;

- жалпы психология бойынша практикум-1;

- психофизиология;

- танымдық процестер және тұлға психологиясы;

- психогенетика;

- этнопсихология;

- заң психологиясы;

- педагогикалық психология;

- басқару психологиясы;

- саяси психология;

- арнайы педагогика және түзету психологиясы.

3.7 Жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Таблица 1



Курс

Семестр

Кредиттер


ДС

(сағ.)


ТС

(сағ)


БОӨЖ

(сағ)


БӨЖ

(сағ)


Барлығы

(сағ)


Қортынды

бақылау


формасы

1

2

3

30

15

22,5

67,5

135

емтихан



4ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ (МОДУЛЬДЕР)

Таблица 2




Тақырып атауы мен мазмұны

Сағат саны


Дәріс сабақтары

Модуль 1. Сенсорлық-перцептивті процестер психологиясы

Түйсіну психологиясының жалпы сұрақтары. Сенсорлық-перцептивті процестердің түрлері, қасиеттері және ерекшеліктері

Түйсік. Түйсік бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тану ретінде. Анализаторлар – түйсіктің анатомиялық-физиологиялық механизмі. Рецепторлар – стимулдың физикалық энергиясын жүйке жүйесінің электрофизиологиялық энергиясына өзгертуші.



2

Сенсорлық процестердің психофизикасы мен психофизиологиялық заңдылықтары мен ерекшеліктері

Есту түйсінулері. Дыбыстарды локализациялау. Есту теориялары. Сөз бен музыканы қабылдау. Есту түйсінулерінің іс әрекетпен, қарым қатынаспен байланысы. Көру түйсінулері. Бинокулярлық көру. Инвентирлі көру. Жарық сезгіштігі. Түйсіну табалдырықтары. Табалдырық пен сезгіштікті өлшеу. Субсенсорлы диапазон. Сигналдарды табу теориясы. П сихофизиканың Фехнерден Дж. Гибсонға дейін дамуы. Түйсінулерді өлшеу, шкалалау. Көру қабылдауындағы Фурье анализ. Табалдырықты өлшеу әдістері. Фехнер постулаты. Сенсорлық сапаларды зерттеу. Стивенстің психофизикасы.



2

Қабылдау психологиясының жалпы сұрақтары. Қабылдау психикалық іс-әрекет ретінде

Қабылдаудың психологиялық табиғаты. Қабылдаудың константтылығы, ұғынымдылығы. Бейнелердің заттық мазмұны. Перцептивті бейнелердің өзінідк ерекшеліктері. Қабылдаудың қасиеттері және феномендері. Заттық бейненің пайда болуының сенсомоторлық теориясы. Адаптация динамикасы мен феноменологиясы. Қабылдаудың психологиялық анықтамасы. Перцепцияның негізгі көздері. Қабыладушы белсенділік. Перцептивті ішкі дайындық. Қабылдаудағы ішкі дайындық. Кеңістікті қабылдау. «Лупа» эффектісі. Тереңдікті және алыстауды түйсінулер. Шамаларды, формаларды қабылдау. Формалардың константтылығы. Қозғалысты қабылдау. Уақытты қабылдау.. Қабылдау және уақытты бағалау. Бірізділікті қабылдау. Ұзақтықты қабылдау.



2

Қабылдау теориялары мен негізгі ықпалдар

Қабылдаудың гештальттеориялары. Объективті, субъективті бағдарлаушы ықпалдар (Э. Титченердің структуралистік теориясы, Г. Гельмголцтың санасыз ой қорытындысы теориясы, Дж. Брунердің перцептивті цикл теориясы). Перцептивті теңесу теориясы. Өабылдау теориялары (Г. Гельмгольц, И.М. Сеченов, Н.Н. Ланге). Қабылдауды психофизикалық теориялары (Дж. Гибсон, Э. Гибсон, К. Грэхем, Х. Хелсон). Фигура және фон. Стереокөру механизмдері: көз торының корреспондентті және диспаратты нүктелері, гороптер, стереопсис зоналары. Алыстау мен тереңдік белгілері: бинокулярлық, таңдамалы, трансформациялық, окуломоторлық. Стереоскоптың құрылысы. Кеңістікті, формаларды, қозғалысты қабылдаудағы Дж. Гибсон зерттеулері. Қабылдау феномендері, алты класы. Оптикалық бұрмалану. Адаптация динамикасы. Сенсорлық сапаларды эксперименттік зерттеулер. Табалдырықты өлшеу әдістерін талдау. Қабылдаудың дамуындағы қозғалыстың рөлі. А.Н. Леонтьев және А.В. Запорожецтің қабылдау психологиясы бойынша эксперименттік зерттеулері. Қабылдаудың дамуына деген екі ықпал: ұлғайту және дифференциация теориялары.



2

Зейін психологиясының жалпы сұрақтары. Зейін және сана

Зейіннің психологиялық табиғаты. Зейін анықтамасының көпжақтылығы. Зейіннің түрлері мен қасиеттері. Еріксіз зейін процесі (рефлексивті, инстинкті, алғашқы) және оны шарттандыратын факторлар. Еріксіз зейін.



2

Зейін және іс-әрекет. Зейіннің классикалық және қазіргі теориялары

Таным мазмұнының нақтылығы мен анықтылығы зейіннің негізгі феноменді сипаттамасы. Перцептивті селекция механизмдері. Зейін ақпаратты қабылдаудың фильтрі ретінде. Зейін перцептивті бейне мен шынайы бейненің бірігуі нәтижесі ретінде. Зейіннің психофизиологиялық индикаторы және механизмдері.Зейіннің іс-әрекетті реттеу механизмдерімен байланысы (А.Н. Леонтьев). Зейіннің моторлық теориясы. Зейінді эксперименттік зерттеулер (Л.С. Выготский, П.Я. Гальперин). Гештальтпсихологияда зейінді зерттеуЗейін күй және процесс ретінде. Зейінді кеңес психологиясында эксперименттік зерттеу. П.Я. Гальпериннің зейінді зерттеулері. Зейінді оқыту процесінде дамыту жолдары мен тәсілдері.



2

Елестердің жалпы сипаттамалары және бейнелі сфера, ассоцациалары, қабылдау және елестер

Қабылдаудың сезімдік бейнелері елестер туралы сипаттама Елестер және бейнелі елестер. Елестердің түйсінумен, қабылдаумен байланысы. Елестерді ойлаумен байланысы. Елестердің қасиеттері. Уақыт және елестету. Елестердің түрлері. Түйсіну мен қабылдау негізінде туындайтын елестер. Эйдетизм. Теориялық ойлау және елестер. Қимыл елестері. Қиял және елестер.



2

Модуль 2. ТАНЫМДЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР ПСИХОЛОГИЯСЫ

Ес психологиясына кіріспе. Естiң эволюциялық даму сипаты

Ес туралы жалпы түсiнiк. Ес материяның универсалды қасиетi Және психиканың әр деңгейiнде орын алатын құбылыс ретiнде. Естiң биохимикалық негiздерi. Генетикалық ес туралы түсiнiк. Iздiң консолидациясы және нерв импульстердiң реверберациясы. Нерв импульс сақталуының лабилдi және стабилдi фазалары. Ассоциация құбылысы және ес. Ес бейнелердiң персеверациясы. Адам есiнiң ерекшелiгi. Естiң құбылыстары. Реминисценция туралы түсiнiк. Феноменалды естiң жәйiттерi. Санадан тыс психика және ес мазмұндарының ығыстыру жағдайлары (З.Фрейд). Адам есiнiң дамуының мәдени-тарихи сипаты. Естi сипаттайтын негiзгi концепциялар.



2

Адамның мнемикалық әрекетiнің психологиялық сипаты

Адамның мнемикалық әрекетiндегi еске қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту, тану және ұмыту процестердiң ара-қатынасы. Еске қалдырудың қысқа-мерзiмдiк, ұзақ-мерзiмдiк және оперативтi компонентерi. Ес арқылы материалды үнемдеуiндегi 7+2 заңдылығы (ДЖ.Миллер). Естiң оперативтi өлшемдерi және олардың әрекеттегi динамикасы (П.И.Зинченко). Ес мнемикалық қимылдардың жүйесi ретiнде. Естiң жоғарғы психикалық функциясы ретiнде дамуы (Л.С.Выготский, А.Р.Лурия, А.Н.Леонтьев). Адам мнемикалық әрекетiнiң заңдылықтары (Г.Әббингауз). Есте сақтау мерзiмi және материалды ұмыту динамикасы. Еске ұсынылған материалдың құрылымы және оның сақтау ерекшелiктерi. Ес мазмұндарының әмоциялармен байланысы. Ес мазмұндарының субъективтi өңделiну сипаты. Есте өңделген материады түсiну деңгейлерi (А.А.Смирнов). Ес құрамындағы бейнелер мен елестердiң ара-қатынасы.



2

Ес түрлерiн ажырату мәселесi және ес классификацияның тiректерi

Есте өңдеудің түрлi формаларын ажырату және есте өңдеудің классификациясының тiректерi. Анализаторлық тiрек бойынша ес қаперлердi ажырату. ұсынылған материал мазмұны бойынша бейнелi, моторлық, әмоциялық және сөздiк-логикалық ес формалары (Ф. Бартлетт, П. Жане, П.П. Блонский). Есте сақталғанды механикалық және логикалық өңдеу тәсiлдерi. Қысқа-мерзiмдiк және ұзақ-мерзiмдiк ес қорлары. Оперативтi және тұрақты ес түрлерi және олардың әрекетке байланысты көлемi. Әпизодикалық және семантикал ес деңгейлерi. Мезеттiк және иконикалық ес. Әрекетте қызмететiн естiң танитын, қайта Жаңғыртатын және жеңiлдету формалары (А.Н. Лук). Естiң бұзылымдары. Естiң индивидуалды типтерi. Естiң оқыту барысында жетiлуi (В.Я.Ляудис). Естiң информациялық сипаты. Естi зерттеудегi әмпирикалық әдiстерi. Естi әксперимент арқылы зерттеудiң түрлi әдiстемелерi. Естi зерттеудiң психодиагностикалық әдiстемелерi. Естi жетiлдiруiнiң мнемотехниканың тәсiлдерi.



2

Ойлаудын эволюциялык калыптасуы. Танымдағы және әрекеттi реттеудегi ойлаудын рөлi

Ойлау психологиясының пәнi. Танымдағы ойлаудын ролi. Тiкелей сезiну арқылы жүретiн таным және абстрактылы ойлау. Жүрiс-тұрыс пен заттық-практикалық әрекеттi реттеудегi ойлаудын ролi. Адамға тән ойлаудын әволюциялык калыптасуы. Ойлау информациялык процесс ретiнде және когнитивтi психология. Шетелдiк психологиясындагы ойлау теориялары және зерттеу әдiстерi Ойлауды сипаттайтын ассоциативтi, функционалистiк, бихевиористiк, психоаналитикалык және гештальт-психологиялык көзкарастар. Ойлаудын сырткы және iшкi детерминациясы (О. Кюльпе, Н. Ах, В. Келер, К. Дункер). Ойлау әрекет және есеп шыгару процесс ретiнде және онын негiзгi кадамдары. Интеллект калыптасу және даму теориясы (Ж. Пиаже).



2

Ойлау дамуының тарихи-мәдени және онтогенетикалық сипаты . Ойлау дамуының қоғамдық-тарихи сипаты. Ойлаудың әлеуметтiк психологиялық сипаттамасы. Ойлаудын қоғамдық-тарихи және индивидуалды турғыда дамуы. Ойлау тiрi табиғат эволюциясының нәтижесi ретiнде. Ойлау қалыптасуына гендiк рекомбинация, мутация және сұрыптау механизмдердiң қосатын үлесi (Ф. Кликс). Ойлаудың пайда болуы адам санасының қалыптасу факторы ретiнде (Б.Ф.Поршнев, А.Р.Лурия). Ұгымдық ойлаудың қалыптасу мәселесін талқылаудағы түрлі бағыттар мен теориялар (Л. Леви-Брюль, Ж. Пиаже, Л.С. Выготский, Ч. Осгуд). Ойлау және әрекет (енбек, таным және қарым-қатынас). Ойлаудын адам әрекетiндегi орны және манызы. Ойлаудың когнитивтi мумкiндіктерi. Ойлау "абсолютті мүмкін емес" пен "абсолютті мүмкіннің" арасында байланыс орнату процессі (Б.М.Величковский). Ойлаудың әлеуметтiк мәнi және қарым-қатынастын ойлау компоненттерi.

2

Ойлау турлерiнiн типологиялык және генетикалык классификациясы. Ойлаудың турлерге бөліну мәселесi. Ойлау турлерiнiн типологиялык және генетикалык классификациясы. Ойлаудың тұлғалық ерекшеліктері мен бұзылымдары. Ойлауды зерттеудегi эмпирикалык және диагностикалық әдiстерi. Ойлауды зерттеудегi әксперименттiк, психосемантикалык және калыптастыру әдiстемелерi.

2

Сөйлеу психологиялық зерттеудiң пәнi ретiнде. Ойды тiл аркылы калыптастыру және тұжырымдау

Сөйлеу әрекетi туралы жалпы угым. Тiл мен сөйлеу ара-қатынасы және ажырату тәсілдері. Тiл мен ойлаудын бiрлiгiн талдау. Сөйлеудің пайда болу және даму мәселесін талқылаудағы түрлі бағыттар мен теориялар. Сөйлеуді қарастырудағы салыстырмалы болжам (Сэпир, Б. Уорф). Сөйлеу қарым-қатынастың формасы ретінде және оның әлеуметтiк-психологиялық сипаты. Ойды тiл аркылы калыптастыру және тұжырымдау.



2

Сөйлеу әрекетінің заттық сипаты, психологиялық мазмұны және құрылымы.

Сөйлеудiң психологиялық табиғаты. Ойлау және iштей сөйлеу. Сөйлеудiң ойлау механизмдерi. Сөйлеу әрекетінің затты-психологиялық мазмұны және құрылымы (А.А.Леонтьев, И.А.Зимняя). Сөйлеудiң рецептивтi әрекеттерi: тыңдау мен iштей оқу. Сөйлеудiң продуктивтi әрекеттерi: ауызша және жазбаша сөйлеу. Бір тілден басқа тілге аудару сөйлеу әрекетінің ерекше формасы ретінде. Аудармашыға қойылатын психологиялық талаптар. Iштей сөйлеу және оның психологиялық механизмдерi. Iштей сөйлеудiң компрессивтiлiгi және фрагменттiлiгi. Iштей сөйлеу мен ойлаудың ара-қатынасы (Н.И.Жинкин, А.Н.Соколов). Психолингвистиканын негiзiгi мәселелерi және әдiстерi. Сөйлеудiң коммуникативтi схемасы мен мазмұнды-психологиялық сипаты (А.А.Леонтьев, И.А.Зимняя). Сөйлеу хабарламаны мағыналы-мәнді түрде қабылдау (И.А.Зимняя). Сөйлеудiң логогендік табиғаты (Дж.Мортон). Текст сөйлеудің өнімі және тема-рематикалық қатынастар жүйесі ретінде.



2

Тәжірибелік сабақтары

Модуль 1. Сенсорлық процестердің психологиялық ерекшеліктері.

Түйсік – психикалық дамудың көзі ретінде. Түйсіктің танымда, еңбекте, қарым-қатынаста дамуы. Түйсіктің физиологиялық механизмдері.



1

Стимул мәселесі. Түйсіну табалдырықтары.

Жарықты түйсіну: жарқырау, контраст және түс, қанығу, жарық стимулдары. Түйсіну табалдырықтары. Табалдырық пен сезгіштікті өлшеу. Субсенсорлы диапазон. Сигналдарды табу теориясы. П сихофизиканың Фехнерден Дж. Гибсонға дейін дамуы. Түйсінулерді өлшеу, шкалалау. Көру қабылдауындағы Фурье анализ. Табалдырықты өлшеу әдістері. Фехнер постулаты. Сенсорлық сапаларды зерттеу. Стивенстің психофизикасы.



1

Түстерді қабылдау. Түстерді көру теориясы.

Түстердің араласуы. Көру түйсінуіндегі психофизиологиялық заңдылықтар. Түстер теориясы. Түстердің психофизикалық әрекеті. Түстерді қабылдау. Негізгі және қосымша түстер.



1

Перцептивті іс-әрекет және перцептивті феномендер.

Перцептивті іс- әрекет. Кеңес психологиясындағы қабылдауға деген іс әрекеттік ықпал. Қабылдау деңгейлері.Перцептивті ұйымдасу заңдары. Фигура және фон. Қабылдау феномендері, алты класы. Оптикалық бұрмалану. Адаптация динамикасы. «Тері көру» феноменологиясы. Перцептиті үйрену. Қабылдау және үйрену.



1

Зейіннің психологиялық статусы. Зейін және сана.

Зейін және сана. Зейіннің түрлері мен қасиеттері. Сыртқы және ішкі зейіндер. Классикалық зейін теорияларындағы зейін қасиеттері.



1

Зейін және қабылдау.Зейін және ес. Зейінді когнитивті психологияда зерттеу.

Зейін ақпаратты қабылдаудың фильтрі ретінде. Зейін перцептивті бейне мен шынайы бейненің бірігуі нәтижесі ретінде. Зейінді когнитивті психологияда зерттеу. Черри және Бродбенттің эксперименттік зерттеулері. Найссердің зерттеулері. Селективті зейінді зерттеу. Трейсман моделі. Гештальтпсихологияда зейінді зерттеу.



1

Психологиядағы елестер мәселесі. Елестер екінші бейнелер ретінде.

Елестер және ес процесі. Елестердің ассоциациялары. Психологиядағы елестер мәселесі. Елестер және бейнелі елестер. Елестердің түйсінумен, қабылдаумен байланысы. Елестерді ойлаумен байланысы. Эйдетикалық бейнелер. Бейнеден кейінгі елестер. Галлюцинация және иллюзиялар.



1

Ес туралы жалпы түсiнiк . Ес қызметiнiң эволюциялық және әлеуметтiк сипаты.

Ес туралы жалпы түсiнiк. Естiң физиологиялық және нейрофизиологиялық механизмдерi. Естiң эволюциялық даму сипаты. Ес функцияларының филонтогенезi. Ес, жүрiс-тұрыс және үйрену. Ес арқылы бiлiмдердi өңдеу. Естiң әрекеттiк табиғаты. Ес пен тұлғаның ара-қатынасы.



1

Естi зерттеудегi түрлi теориялары. Естiң заңдылықтары.

Естi сипаттайтын негiзгi концепциялар. Естiң репродукциялық сипаттары және реконструкциялық табиғаты (Ф.Бартлетт, П.Жане, П.П.Блонский). Ес мағыналы-мәндi реконструкция ретiнде (А.А.Смирнов).



1

Модуль 2. Психологиядагы ойлау теориялары.

Отандык психологиясындагы ойлау теориялары және зерттеу әдiстерi. Ойлау адамнын индивидуалды-типологиялык сипаты ретiнде (кабiлет) және ойлау әрекетiнiн аткарушы (субъект) мәселесi. Ойлау мен сойлеудiн эволюциясынын мәденi-тарихи теориясы (Л.С. Выготский) және тарихи-этникалық теориясы (М.М.Мұқанов). Ойлау әрекет жуйесi ретiнде және ой кимылдардын курылымдык сипаты (А.Н. Леонтьев). Ойлау жалпылау денгейлер жуйесi ретiнде (В.В. Давыдов).



1

Ойлау дамуының коғамдық-тарихи және әлеуметтік-мәдени сипаты, негізгі формалары мен операциялары

Ойлаудың формалары мен операциялары. Уғымды игеру процессi. Ойлау әрекетi аркылы уғымдардан пiкiр және ой-қорытынды шыгару. Ойлаудың енбек әрекетiн кадағалау қызметтерi.



1

Ойлау түрлерiнiң классификациясы. Ойлауды зерттеу және қалыптастыру әдiстерi.

Ойлаудың турлерге бөліну мәселесi. Ойлау турлерiнiн типологиялык және генетикалык классификациясы. Корнектi-кимылдык, корнектi-бейнелi және создiк-логикалык ойлау. Теоретикалык және практикалык ойлау. Логикалык және интуитивтi ойлау. Аутистiк және реалистiк ойлау. Продуктивтi және репродуктивтi, ырыкты және ырыксыз ойлау.



1

Ойлау мен қиялдың айырмашылығы мен арақатынасы. Ойлаудың креативті табиғаты. Қиялдың формалары мен психологиялық механизмдері.

Ойлау және киял. Ойлау, киял және творчестволык iс. Бейнелi кубылыстардын копшiлiгi: персеверациялар, бастапкы және тiзбектелген бейнелер. Ес және киял елестерi. Киялдын турлерi және олардын кызметтерi. Қиялдын әрекетте, ғылыми және өнер творчестволык iсте атқаратын ролi. Творчестволық iстi итермелеу әдiстерi.



1

Тiл, сойлеу және ойлаудың диалектикалық бірлігі. Сөйлеу- психологиялық зерттеудiң пәнi ретiнде.

Сөйлеу психологиялық зерттеудiң пәнi ретiнде. Сөйлеудің адамның сана-сезімімен өзара байланысы. Сөйлеудің тұлғалық және индивидуалды-психологиялық ерекшеліктері мен дара өзгешелітері. Сойлеудiң психологияда зерттеудiң ерекшелiгi. Сөйлеудi зерттеудегi әдiстер: психологиялық әдiстер, психолингвистикалық әдiстер, еркiн және қос ассоциациялар әдiсi. Сөйлеу әрекетін зерттеудегі психодиагностикалық және психосемантикалық әдiстемелердiң мумкiндiктерi.



1

Сөйлеудiң негiзгi формалары мен сөйлеу әрекетінің түрлерi. Сөйлеудi зерттеудегi психологиялық әдiстер мен амалдары.

Сөйлеудiн турлерi және олардын кызметтерi. Монологты және диалогты сөйлеудің психологиялық сипаттамалары. Iштей сөйлеу және оның психологиялық механизмдерi. Iштей сөйлеудiң компрессивтiлiгi және фрагменттiлiгi. Iштей сөйлеу мен ойлаудың ара-қатынасы (Н.И.Жинкин, А.Н.Соколов). Психолингвистиканын негiзiгi мәселелерi және әдiстерi. Сөйлеудiң коммуникативтi схемасы мен мазмұнды-психологиялық сипаты (А.А.Леонтьев, И.А.Зимняя). Сөйлеу хабарламаны мағыналы-мәнді түрде қабылдау (И.А.Зимняя). Сөйлеудiң логогендік табиғаты (Дж.Мортон).



1

5 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

1.«Түйсіну мен қабылдаудың психологиялық табиғаты» тақырыбына баяндама

2. «Табалдырықты өлшеудің классикалық әдістері» тақырыбында эссе

3. «Қабылдау психологиясындағы эксперименттерге талдау» тақырыбына ауызша презентация

4. «Сенсорлық шкалалар. Перцептивті ұйымдасу» тақырыбына баяндама

5.«Зейінді когнитивті психологияда зерттеу, информацияларды фильтрлеу механизмі ретінде сипаттау» -реферат

6. "Адамның есі мнемикалық процесс пен әрекет жүйесі ретінде" тақырыбына баяндама

7. «Санадан тыс психика және ес мазмұндарының ығыстыру жағдайлары» тақырыбына эссе.

8. "Адам ойлауының рационалдылығы мен иррационалдылығы" тақырыбында эссе

9. «Ойлау, киял және творчестволык iс» тақырыбына баяндама

10."Сөйлеудің психологиялық табиғаты" тақырыбына – реферат
6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ

Кесте 3




Тақырыптар








Дәріс сабақтары


Тәжірибелік сабақтары

Көрнекіліктер, ТОҚ, плакаттар

Өздік оқуға арналған сұрақтар

Бақылау формасы

1


2

3

4

5

Түйсіну психологиясының жалпы сұрақтары. Сенсорлық-перцептивті процестердің түрлері, қасиеттері және ерекшеліктері

Сенсорлық процестердің психологиялық ерекшеліктері.

Дәріс тезисі, таблица

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Сенсорлық процестердің психофизикасы мен психофизиологиялық заңдылықтары мен ерекшеліктері

Стимул мәселесі.. Түйсіну табалдырықтары.

Дәріс тезисі, таблица

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Қабылдау психологиясының жалпы сұрақтары. Қабылдау психикалық іс-әрекет ретінде

Түстерді қабылдау. Түстерді көру теориясы.

Дәріс тезисі, таблица

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Қабылдау теориялары мен негізгі ықпалдар

Перцептивті іс-әрекет және перцептивті феномендер.

Дәріс тезисі, кесте

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Зейін психологиясының жалпы сұрақтары. Зейін және сана

Зейіннің психологиялық статусы. Зейін және сана.

Дәріс тезисі, таблица

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Зейін және іс-әрекет. Зейіннің классикалық және қазіргі теориялары.

Зейін және қабылдау.Зейін және ес. Зейінді когнитивті психологияда зерттеу.

Дәріс тезисі, кесте

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Елестердің жалпы сипаттамалары және бейнелі сфера, ассоциациялары, қабылдау және елестер.

Психологиядағы елестер мәселесі. Елестер екінші бейнелер ретінде.

Дәріс тезисі, кесте

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Ес психологиясына кіріспе. Естiң эволюциялық даму сипаты

Ес туралы жалпы түсiнiк . Ес қызметiнiң эволюциялық және әлеуметтiк сипаты.

Дәріс тезисі, кесте

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Адамның мнемикалық әрекетiнің психологиялық сипаты

Естi зерттеудегi түрлi теориялары. Естiң заңдылықтары.

Дәріс тезисі

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Ес түрлерiн ажырату мәселесi және ес классификацияның тiректерi

Психологиядагы ойлау теориялары.

Дәріс тезисі

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Ойлаудын эволюциялык калыптасуы. Танымдағы және әрекеттi реттеудегi ойлаудын рөлі

Ойлау дамуының коғамдық-тарихи және әлеуметтік-мәдени сипаты, негізгі формалары мен операциялары

Дәріс тезисі, таблица

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Ойлау дамуының тарихи-мәдени және онтогенетикалық сипаты

Ойлау түрлерiнiң классификациясы. Ойлауды зерттеу және қалыптастыру әдiстерi.

Дәріс тезисі

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Ойлау турлерiнiн типологиялык және генетикалык классификациясы

Ойлау мен қиялдың айырмашылығы мен арақатынасы. Ойлаудың креативті табиғаты. Қиялдың формалары мен психологиялық механизмдері.

Дәріс тезисі, кесте

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Сөйлеу психологиялық зерттеудiң пәнi ретiнде. Ойды тiл аркылы калыптастыру және тұжырымдау

Тiл, сойлеу және ойлаудың диалектикалық бірлігі. Сөйлеу- психологиялық зерттеудiң пәнi ретiнде.

Дәріс тезисі, кесте

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Сөйлеу әрекетінің заттық сипаты, психологиялық мазмұны және құрылымы

Сөйлеудiң негiзгi формалары мен сөйлеу әрекетінің түрлерi. Сөйлеудi зерттеудегi психологиялық әдiстер мен амалдары.

Дәріс тезисі, таблица

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КАРТАСЫ

Кесте 4


Оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар атауы

Саны


Студенттер саны

Қамтамасыз ету пайызы



1

2

3

4

Жарықбаев Қ. Психология:Оқулық..-Алматы., 2010.

10

13

75

Жарықбаев Қ. Психология :энциклопедиялық сөздік /Қ.Жарықбаев, О.Саңғылбаев.-Алматы:Қазақ энциклопедия, 2011.

20

13

100

Намазбаева Ж.И. Психология (на каз.яз). - Алматы, 2005.

5

13

25

Намазбаева Ж.Ы. Орысша-қазақша психологиялық сөздік. - Алматы, 2005.

10

13

75

Жакупов С. Жалпы психология. – Алматы, 2011.

10

13

75

Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. - Алматы, 2005.

10

13

75

Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологий) – Москва, 2003.

10

13

75



8 ӘДЕБИЕТТЕР

8.1 Негізгі әдебиеттер:



8.1.1 Веккер Л.М. Психика и реальность. Единая теория психических процессов.-М.: Смысл.-2007.-688 с.

8.1.2 Гусев А.Н. Общая психология. В 7 томах. Том 2. Ощущение и восприятие. М.: Академия.-2009, 416 с.

8.1.3 Психология внимания \Под ред Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. –М.: Астрель.-2011,704 с.

8.1.4 Психология памяти \Под ред.Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова.-М.: Астрель.-2008, 656 с.

8.1.5 Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Серия: Мастера психологии.- СПб: Питер.-2012, 720 с.

8.1.6 Тихомиров О.К. Психология: Учебник / Под ред. О.В. Гордеевой. – М.: Высшее образование, 2006. – 538 с.
8.2 Қосымша:

8.2.1 Выготский Л.С. Собрание сочинений в 6 томах. Том 1. Проблема развития психики.-Том 3-Вопросы психологии. Цифровая книга. М.: Говорящая книга.-2012

8.2.2 Зимняя И. А. Лингвопсихология речевой деятельности. — М.: Московский психолого-социальный институт, Воронеж: НПО «МОДЭК», 2001. — 432 с.

8.2.3 Маклаков А.Г. Общая писхология.Учебник нового века. -СПб.: Питер.-2007, 592 с.

8.2.4 Петренко В.Ф. Многомерное сознание: психосемантическая парадигма / Петренко В.Ф. – М.: Новый хронограф, 2009. – 440 с.

8.2.5 Тертель А.Л. Психология. Курс лекций: учеб. пособие. – М.: Проспект, 2009. – 248 с.

8.2.5 Шифман Х. Ощущение и восприятие. Серия: Мастера психологии.- СПб.: Питер.-2003.-928 с.
Дерек көздер:

1.Ананьев Б.Г. Психология чувственного познания.-М.: Наука, 2001. –280 с.

2.Гальперин П.Я. Лекции по психологии.-М., 2011.-400 с.

3.Бердібаева С.Қ. Таным субъектісі: танымдық процестер психологиясы.-А.: Қазақ университеті, 2008.-77 б.

4.Жақыпов С.М. Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекет психологиясы. (Оқу құралы) – Алматы: "Алла прима" ЖШС, 2008. – 216 б.

5.Когнитивная психология / Р. Солсо – СПБ: Питер, 2006. – 589 с.

6.Островская И.В. Психология.-М.: ГЭОТАР –Медиа.-2011, 480 с.

7.Общая психология. В 7 томах. Том 4. Внимание\Под ред.Б.С. Братуся.-М.: Академия.-2010,480 с.





Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет