Таулы өлке өсімдік қауымдастығы. Қазақстан таулары жазықтар мен бір аймақтарда орналасқан: Алтайдың солтүстік бөлігі- далалы, оның оңтүстік бөлігі Қалба тауы, Саур және Тарбағатаймен – жартылай шөлейтті, Жоңғар Алатауымен Тянь- Шань солтүстік белдеулері –шөлейтті аймақта , дегенмен олардағы қоршаған жазықтардан биіктігі мен таулы рельеф жердің табиғатына ерекше көрік береді
Далалы аймақ өсімдіктері. Таулы Алтай мен Тарбағатайда әртүрлі дала типтерінде өте бай далалы флора шоғырланған. Бұл Алтай – Тарбағатай даласының ең басты ерекшелігі – бұталы өсімдіктерге байлылығы – көбінесе бұл бұталы өсімдіктер далалы өсімдік жамылғысының біркелкі орналасып, өзіндік дала бұтасы типін қалыптастырады. Алтай- Тарбағатай бұталы дала флорасы типін былай атауға болады, мысалы: Тарбағатай бидайығы араласқан бұталы – еркекшөпті, түрлі бұталы ( шайқурай жапырақты сперия, Говена калофаки, тапал қарағандар, Ледебург бадамы, майқараған, тобылғы ), бұталы бидайықты, сирек шымды бидайық пен бұталар (тобылғы, тапал қараған) . Бұл далалы аймақ өсімдіктерін осы өңірде кең тараған бұталы – шиблякты өсімдіктер басқа жермен түйіседі. Олар Тарбағатай мен оңтүстік Алтайда бүтіндеу белдеу құрайды.
Қазақстан ормандары Үштік дәуірдің екінші жартысында Азиялық саваннаның шөгінінен кейін бай әртүрлі шұбар ормандар (Торғай флорасы ) шығыс Қазақстанға кеңінен таралып, сол кездегі аласа Тянь-Шаньға дейін жетті. Ол емен, дзелька, лапик, таксодий, секвойя, ликвидамбары, жаңғақ , шамшат, теректі ормандар еді. Ол уақыттан кейін түрлі климаттық өзгерістер, үш ұзақ мұзды кезеңнен өтіп, орман өсімдіктері сиреп, сол кезде мекендеген жерлерінен шегіне бастады. Тянь- Шань ормандары тек жеке аралдар күйінде, Алтайда қылқанды торғайлар, солтүстік Қазақстанның гранитті құздары мен құмды массивтерінде қарағайлы ормандар сақталып қалды. Шығыс Қазақстанның ормандарының ығысып қалуының негізгі себебі климаттық өзгерістердің жылдамдығынан өнім беріп үлгере алмағандығы . Тек қырғыз қайындары сақталып қалды. Шегінген ормандардан солтүстік жазықта қайыңды, граниттік төбешіктерде қарағайлы ормандар сақталып қалды.
Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар
Өзін-өзі тексеру сұрақтар:
1.Флора туралы түсінік беріңіз?
2.Өсімдіктер бірлестігі құрылымы туралы не білесіздер?
3.Негізгі өсімдік бірлестігіне сипаттама беріңіз?
4.Өсімдік бірлестігінің табиғи аймақтар бойынша таралу заңдылықтарын қалай түсіндіруге болады.
Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)
Негізгі әдебиеттер
Әметов Ә.Ә. Ботаника. Алматы, 2000ж.
Әметов Ә.Ә, Мырзақұлов П. М. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы 1 том Қазақ университеті. 2000 ж.
Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.
Қосымша әдебиеттер
Естествознание и основы экологии. М., 2000.
Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы 1972 ж
12 Тақырып: Жануарлардың негізгі типтеріне сипаттама
Дәрістін жоспары:
1.Қарапайымдылар типіне сипаттама
2 Ішекқұыстылар типі.
Дәрістің қысқаша мәтіні.
Жануарлар типтеріне сипаттама
Жануарлардың жер бетінде 1 500 000-ға жуық әр алуан түрлері тіршілік етеді. Жануарлардың құрылысы мен тіршілігін, сондай-ақ олардың шығу тегін зоология зерттейді.
Жануарларды классификациялаумен систематика шұғылданады. Систематикалық негізгі бірлік — түр.Түрлер мынадай систематикалық категорияға біріктіріледі: туыс, тұқымдас, отряд, класс, тип. Жануарлар неғұрлым жалпы белгілеріне қарай типке біріктіріледі. Бір-біріне өз ара жақын типтер одан да ірірек екі систематикалық топтарға бірлеседі: Қарапайымдар немесе Бір клеткалылар және Көп клеткалылар.
Төменгі бөлім — Бір клеткалылар бөліміне бар болғаны бір-ақ тип — Қарапайымдар типі жатады. Жоғаргы бөлім — Көп клеткалылар бөліміне жануарлардыц 20-дап астам типтері енеді.
1.Қарапайымдылар типі
Қарапайымдар Жер бетінде кең тараған. Олардың 15 000-ға жуық түрлері бар екені белгілі. Қарапайымдар әсіресе сулы ортада: тұзды және тұщы суда, ылғалды топырақта, жапуарлардың ішкі қуыстарындағы сұйықтықтарда көбірек тіршілік етеді.
Қарапайым жануарлардың денесі бір клеткадан тұрады. Ол клетканың көп клеткалы жануарлар организмін құратын клеткадан елеулі ерекшелігі бар. Бұл өз бетімен тіршілік ететін бір тұтас организм. Клетка ішінде көп клеткалы жануарлар органдарының қызметін атқаратын органдары болады.
Қарапайымдарды микроскоп арқылы үлкейткенде ғапа көруге болады. Қолайсыз жағдайларда (су қоймасындағы су кеуіп кеткенде, қуаңшылықта) қарапайымдардың көпшілігі денесінен қорғаныш қабықша — циста бөліп шығарады. Мұндай күйінде олардың тіршілік әрекеті ұзақ уақытқа сақталады.
Қарапайымдар қарапайым бәліну арқылы көбсйеді: Бұл жыныссыз көбею болады. Бөліну өте тез басталады. Қарапайымдар массасы тәулік ішінде бірнеше есе ұлғая алады.
Қарапайымдар жынысты көбею кезінде жұптасып қосылады да, ядролық зат бөліктерімен алмастырып алып, ажырасады.
Қарапайымдар типі төрт класты: Саркодалылар, Талшықт-лар, Споралылар және Инфузориялар кластарын біріктіреді.
Амёба денесі цитоплазма мен ядродан тұрады. Ол псевдоподий [жалған аяқтар] көмегімен қозғалады, қорегін де жалган аяқтарымен қармайды. Амёба денесінің ішіне түскен қоректі ас қорыту ферменттері қаптап алғанда вакуоля пайда болады. Қорек соның ішінде қорытылады. Қорытылмаған қорек қалдықтары сыртқа шығарылып тасталады. Амёба цитоплазмасында оқтын-оқтын мөлдір көпіршік пайда болады да жойыльш отырады. Бұл жиырылғыш вакуоля. Артық су мен сұйық күйдегі ыдырау өнімдері осылай шығарылып тасталады.
Фораминиферлер — теңізде мекендейтін жануарлардың ерекше тобы. Олардың бақалшақтары болады. Бақалшақтарының мөлшері өте кішкене, тек кейбір түрлерінің ғана бақалшақтары 6 см-дей болады. Теңіз шөгінді жыныстарының барлығының да құрамында өліп біткен фораминиферлер бақалшағы бар. Мектепте қолданылатын бор құрамынан да ертеректе тіршілік еткен фораминиферлердің ізбесті бақалшықтарын тауып алуға болады.
Жасыл эвглвна цитоплазма мен ядродан тұрады. Ішкі жағына қарағанда сыртқы қабатындағы цитоплазма едәуір тығыз болады. Жасыл эвглена денесінде хроматофор бар.Ол жарықта өсімдік сияқты қоректенеді: бейорганикалық заттарды сіңіріп, органикалық заттар жасайды. Жасыл эвглема қараңғыда жануарлар тәрізді қоректенеді: даяр органикалық заттарды сіңіреді.
Безгек плазмодийі — адамда болатып безгек ауруын қоздырушы. Безгек плазмодийінің тіршілік циклі бір ғана иеде өтпейді. Безгек плазмодийінің жыныссыз көбеюі адам қанында, ал жынысты көбеюі безгек масасының ішегінде өтеді.
Безгек адамға маса шаққан кезде жұғады. Маса сілекейінде безгек қоздырушысы—безгек плазмодийі (спорозоит) болады. Спорозоиттар алдымен адам бауырына, соңынан адам қанының эритроциттеріне өтеді де, олар сол жерде жыныссыз жолмен күшті көбейе бастайды. Әр ұрпақ эритроциттен шығып, қан сарысуына енгенде, қанға улы заттар түсетін бол-ғандықтан, безгек ұстайды.
Жыныссыз жолмен көбейетін бірнеше ұрпақтар соңынан жынысты жолмен көбейетін особьтар пайда болады.
Жынысты особьтар адам қанында жинақталғанымен де, олар дамымайды. Безгек плазмодийінің одан әрі даму циклі тек анофелес масасында ғана жалғасады. Онда жынысты жолмен көбею жүзеге асады да, жыныссыз ұрпақ пайда болады.
Туфелька — тұщы суларда мекендейтін, әжептәуір ірі бір клеткалы қарапайым жәндік. Туфелька денесін кірпікшелі тығыз қабықша жауып жатады. Туфелька кірпікшелерінің көмегімен жүзеді. Ауыз шұңқырының төңірегіндегі кірпікшелердің атқаратын қызметі қоректенумен байланысты: кірпікшелердің жыбырлап қозғалуынан су ағыны пайда болады. Туфелька сумен бірге ондағы бактерияларды және басқа да су қоймасында .тіршіліік ететін ұсақ жәндіктерді жұтады. Туфелька денесінің ішінде ас қорытатын вакуоля түзіледі.
Қоректің қорытылуына қарай вакуоля қозғалыс жасайды. Қорытылмай қалған қорек қалдықтары арнайы орындар арқылы сыртқа шығарылады.
Туфелька жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Көбеюдің бұл тәсілдерінің алмасуы бірнеше ұрпақтар арқылы жүзеге асады.
Көп клеткалы жануарлар
Губкалар типі
Бұл типке өзіне тән ерекшеліктері бар көп клеткалы жануарлар жатады. Олар көбінесе теңіз суларында тіршілік етеді. Тұщы сулы су қоймалардан бадяганы кездестіруге болады.
Губкалар негізінен субстратқа бекініп, колония болып тіршілік етеді. Губка денесінің пішіні алуан түрлі болуы мүмкін. Дене құрамында ізбесті және кремнийлі скелеті болғандықтан, сипағанда қатты болып сезіледі.
Губкалар жыныссыз да, жынысты да жолмен көбейе береді.
Губкалар жыныссыз жолмен көбейгенде оніың денесінің сыртынан немесе ішінен бүршіктер пайда болады.
Губкалардың көпшілігі қос жынысты болғанымен, олардың ішінде дара жыныстылары да бар.
Бадяга-—тұщы суда тіршілік ететін губкалардың бірі, ол органикалық қалдықтары мол, өсімдік басып кеткен су қоймаларынан жиі кездеседі. Бадяга мүйізді скелеті ізбесті инелермен байланысқан. Бадягалардың құрғақ ұнтағын темірді тегістеп өңдеу үшін қолданады.
Ішек қуыстылар типі
Бұл типке дене құрылысы өте қарапайым суда тіршілік ететін, жануарлар жатады. Ішек қуысты жануарлар түрі 15 000— 20 000-ға жуық деп есептеледі.
Ішек қуыстылардың көпшілігі қондырмалы, полипті формалы (гидралар, маржан полиптері) және еркін жүзіп жүретіп медуза тәрізді формалы болып келеді. Гидра тәрізді полиптің денесі цилиндр пішінді болады. Оның төменгі бөлігі аяқ тәрізді, соның көмегімен ол грунтқа немесе әр түрлі өсімдіктерге бекінеді. Денесінің жоғарғы ұшына ауыз қуысы орналасқан. Оның төңірегінде қармалауыштар бар.
Гидра тұщы су қоймаларында тіршілік етеді. Дене пішіні созылыңқы. Гидра денесінің алдыңғы ұшында қармалауыштар қоршаған ауыз қуысы бар, ол қармалауыштарының көмегімен қорегін қармайды және қозғалады. Эктодерма клеткаларының арасында жиырылғыш клеткалар болады. Гидра оларымен тірі жемін жансыздандырып, жауынан қорғанады.
Гидралар бүршіктену арқылы және жынысты жолмен көбейеді.
Бүршіктену процесі жазда тез жүреді. Аналық организмнен қалыптасқан жас особьтар бөлініп кетеді. Күзде, су температурасы төмендеп, қорек азайған кезде, гидралар жынысты жолмен көбейе бастайды. Гидра тәрізді полиптер теңіздерде тіршілік етеді. Олардың жынысты және жыныссыз ұрпақтары алмасып отырады. Полиптердің бүршіктенуі арқылы жынысты особьтар — медузалар түзіледі. Полиптен бүршіктеніп бөлінген кішкене медузалар су ағынымен алыс қашықтарға барады. Мұның өзі түрлердің жақсы таралуына себепкер болады.
Медуза денссінің пішіні қол шатырды еске-түсіреді.Медуза шұғыл серпіліп қозгалады. Шатырша бұлшық еттер жәрдемімен жиырылғанда оның астындағы су сыртқа тебеді де, жәндіктің ентелей қозғалуына жол ашады.
Медузаның көзі жақсы жетілгенімен де, тым қарапайым болғандықтан, тек жарықты ғана ажырата алады.
Медузалар негізінен жынысты жолмен көбейеді. Бұлар дара жынысты жәндіктер. Ұрықтану суда жүреді. Ұрықтанған жұмыртқадан личинка дамып, ол одан әрі субстратқа бекінеді және жыныссыз ұрпақ— гидра тәрізді полиптің бастамасы болады.
Маржан полиптері —ішек қуысты жануарлардың үлкен тобы. Олар теңіз суларында тіршілік етеді. Маржан полиптерінің ас қорыту қабатындағы клеткаларында қатпарлар болады, ол қатпарлар ішек қуысының ішіне қарай сәулеленген перде түзе сұғынып жатады. Мұндай құрылыс ішектің ас қорыту беті аумағын ұлғайтады. Бұл полиптер гидра сияқты жеке-жеке тіршілік еткенмен (актиния) көп жағдайда колония түзеді. Колониядағы полиптердің ішек қуысы бәріпе ортақ болады. Маржан полиптері жынысты да жыныссыз да жолмен көбейеді. Оларда ұрпақ алмасу болмайды. Көптеген түрлерінде бүршіктенген организмдер жеке бөлініп кетпегендіктен колония пайда бо-лады.
Полиптің нәзік те жұмсақ денесін іэбесті скелет қорғайды, клеткаларымен де жақсы қорғана алады.
Маржан полиптерінің (мадрепора) мөлшері айтарлықтай үлкен болғанымен де (ұзындығы 1-см-дей, көлденең қимасы 2мм бұл тірі организмдердің миллиарды жиналғанда мың жылда тропикті теңіздердің тасты жағалықтарынан қалын бұдырлар жасайды. Маржандар колониясынан рифтер пайда болады.
Рифтер жағалық рифтерге, тосқауыл рифтерге және маржан аралдарына (атоллдарға) бөлінеді.Жағалық рифтер- тікелей жағалыққа жақын жатқан маржандар әректетінің нәтижесі.Австалия маңындағы ұлы тосқауыл риф біржарым мың километрге созылып жатыр.
Маржан қалдықтарының (атоллдарының) сақина тәрізді пішінін Ч. Дарвин былай түсіндіреді: маржан рифтері конус пішінді вулканды аралдардың айналасына түзіледі.Тіпті әлдеқашан сөнген вулкан өте ұзақ мерзім ішінде, жер қыртысының ғасырлық тербелісі кезінде су астына батады.
Риф жасайтын организмдердің дамуы үшін көп қорек және оттегі мол таза теңіз суы қажет болады. Сондықтан да рифтің теңізбен ұласқан жағы үнемі ұлғая береді. Егер теңіз түбі көтеріліп, судан арал көрінетін болса, онда арал шетін көмкеріп жатқан риф оның жаңа жағалық сызығын бойлай жайылып кетеді. Рифтің көтеріңкі келген учаскелері тіршілігін жояды. Өлген полиптер басылып тығыздалып тұтасқан тығыз маржан ізбес тастарына айналады. Теңіз бойындағы көптеген су жағалауына үйлерге арналган құрылыс материалы ретінде, көшеге төсеніш жасауға пайдаланады.
Жерорта теңізінде тіршілік ететін қызыл маржан едәуір жойылып маңызы төмендеп кеткен, бірақ жұрт оны әсемдік бұйым ретінде қадір тұтады. Биіктігі 1 м-ден аспайтын полиптастың пішіні көп бұтақты ағашқа ұқсайды. Ізбес тас қызыл түсті болады.
Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар
Өзін-өзі тексеру сұрақтар:
1.Қарапайымдылар типі неше класқа бөлінеді?
2. Ішекқұустылар типіне сипаттама беріңіз
Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)
Негізгі әдебиеттер
Омыртқалылар зоологиясы. 1 бөлім :оқулық /К.Б.Олжабеков,Б.Е.Есжанов.- Алматы:Эверо,2011.-400б.
Дәуітбаева К.Ә.,т.б. Жануарлар алуан түрлілігі.1 және 2-бөлімдер.Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.-Алматы.,2011.-712б.
Қосымша әдебиеттер
Естествознание и основы экологии. М., 2000.
13 Тақырып: Құрттар типіне сипаттама
Дәрістін жоспары:
Жалпақ құрттар типі.
Жұмыр құрттар типі.
Буылттық құрттар типі.
Дәрістің қысқаша мәтіні.
Жалпақ құрттар типі
Жалпақ құрттардың тіршілік әрекеті әр түрлі болады. Теңіз суы мен тұщы суларда еркін тіршілік ететін құрттармен бірге паразиттік құрттар да өте көп.
Жалпақ құрттар типі төрт класты біріктіреді: Кірпікшелі құрттар, Дигенетикалы сорғыштар, Көп генетикалы сорғыштар және Таспа құрттар. Дигенетикалы сорғыштар меп таспа құрттар кластарының кейбір түрлеріп қарастырамыз.
Бауыр сорғыш құрттар негізінен мүйізді ірі қара мен ұсақ малдардың және адамның бауырында паразиттік етеді. Бауыр сорғыштың көлемі 4—5 мм. Бауыр сорғыштың бауырдағы жұмыртқасы ішекке түседі де, одан тыңайтқыш заттармен (фекалия) бірге сыртқа шығарылады. Оның бұдан кейінгі дамуы міндетті түрде суда өтуі қажет.Сондықтан да су қоймасына түскен жұмыртқалар дами береді.Жұмыртқадан шыққан личинка аралық иесінің (кіші тоған ұлу моллюскасы) денесінен тесіп кіреді, Бауыр сорғыш кіші тоған ұлуы денсеінен қайтадан суға түседі де, су өсімдіктеріне жабысып алады, ал өзен тасыған кезде ол жайылым өсімдіктеріне жабысады. Бұдан кейін желінген шөппен бірге жануарлардың немесе ас арқылы адамның ішіне өтеді. Бауыр сорғыштың даму циклі негізгі иесінід ішегінде аяқталады.
Кейбір адамдардыц ішегінде шошқа солитері, сиыр солитері, үлкен жалпақ құрт паразиттік етеді.
Бұл құрттардың даму жолдары өте күрделі. Оның жұмыртқалары адам денесінен шығысымен белгілі бір жануардың организміне тап болады. Жұмыртқаларды шөппен қоса ірі қараның жеп қоюы немесе қоқысты қопарып жүргеп шошқаның жұтып қоюы мүмкін.Тасқындап аққан жаңбыр суы да жұмырткаларды шайып, басқа бір су қоймаларына апаруы мүмкін, сөйтіп, ондағы балықтар ішегіне де еніп кетеді.Жұмыртқа жануарлардың әрқайсысының денесінде көпіршіктенген личинкаға айналады, содан ол олардың денесінде ұзақ уақыт тіршілік етуі мүмкін. Егер адам оның етін жеткілікті қуырмай немесе толық пісірмей жесе, онда көпіршіктенген ұрық ішекте дами бастайды. Құрттың жіп тәрізді жіңішке алдыңғы жағы ішек қабырғасына жабысады, ал соңғы бунақтары үзіліп, сыртқа шыққанда өзімен бірге мыңдаған жұмыртқаларды ала шығады.
Эхинококк өте қауіпті. Оның таспа кезеңіндегі ұзындығы небары 1 —1,5 см және иттің ішегінде тіршілік етеді. Бөліну арқылы көбейіп, ондаған ұрық бастары болатын көпіршік кезеңінде оның мөлшері грек жаңғағындай, тіпті жас баланың басындай болып өседі.
Эхинококктың жұмыртқасы адамға иттен жұғуы мүмкін. Егер итті
бөлмеде ұстаса, әсіресе балалар, ақылға сыйымсыз болып көрінгенімен, осындай оқиғаға тап болады. Бала итті сипағанда оның жүніндегі жұмыртқалар баланың қолына жұғады да, қолды жумай тамақ жегенде ауызға түседі. Көпіршікті глистерді іштен қуып шыққан тәрізді іштен шығаруға болмайтындықтан, оны жұқтырып алу қауіпті болады. Оның үстіне өсіп бара жатқан көпіршік тканьді бүлдіреді.
Жалпақ паразит құрттар организмнің қорытылған даяр қоректі қабылдауга ерекше бейімделгендігін көреміз, оларда ас қорыту системасы болмайды. Қоректі олар бүкіл денесімен сорып алады да, денесі жалпақ болғандықтаи асты барлық клеткаларымен қабылдай алады.
Жұмыр құрттар типі
Жұмыр құрттардың денесі алдъңғы және артқы ұштары үшкірленген цилиндр тәрізді болады. Жұмыр құрттардың көпшілігі суда, топырақта еркін тіршілік етеді, алайда өсімдіктерде, жануарларда және адамда паразиттік тіршілік ететіндері де көп.
Жұмыр құрттар типіне бірігетін кластар сапы көп. Төменде нематод класының жеке түрлеріне сипаттама беріледі. Бұл класс 5000-ға жуық түрлерді біріктіреді.
Аскаридалар — паразит нематодтардың ең ірілері. Жылқы аскаридасының ұзындығы 35 см. Адам және шошқа аскаридаларының ұзындықтары бірдей болады. Олардың дене тұрқы 25 см-ге жуық . Аскариданың ас қорыту системасы паразиттік тіршілік етуге бейімделген: оның қорытылған асты ішке толтырып тұратын жұтқыншағы, осы асты сорып алатын ішегі және қорытылмаған ас қалдығын сыртқа шығаратын артқы ішегі болады. Жыныс органдары жақсы жетілген. Сондықтан да аскаридалар өсімтал келеді. Балаларда болатып острица өте көп таралған. Ол балалардың тоқ ішегі мен аш ішегінің төменгі жағында тіршілік етеді.
Жұмыр паразит құрттар тек олардың жұмыртқаларын жұтып қойғанда ғана жұғады.
Адамның соқыр ішегінде адам қылбасқұрты паразиттік жасайды. Ол ұзындығы 0,5 см-ге жетіңкіремейтін, алдыңғы ұшы өте жіңішке болып келетін жұмыр құрт.
Паразит жұмыр құрттардың ішіндегі ең қауіптісі өте ұсақ, ұзындығы 2—4,5 мм және жуандығы микроскоппен әзер көрінетін, болымсыз ғана құрт — трихина болып табылады, бір жақсы жері олар өте сирек ұшырасады. Ол шошқа еті арқылы жұғады. Спиральша оратылған құрттардың ұрықтары ет талшықтарының арасында 0,5 мм-ге жетіңкіремейтін капсулада қіимылсыз жатады. Сансыз көп құрттардың түсуі осы бір кезге әзер көрінетін ұсақ құрттың қауіптілігі оның ішекке аса көп түсетіндігінде.
Егер адам трихинасы бар 40—50 г ет жесе, оның ішіне бірнеше мың трихина капсуласы түседі. Қарынның қышқыл сөлі әсерінен капсуланың ізбесті қабықшасы ериді. Құрттар ащы ішекке орналасады. Ұрғашы құрттардың әрқайсысы 2000-ға дейіи қимылдайтын личиикалар туады, олар ішектен лимфа тамырларына, соңынан қан тамырларына еніп кетеді. Олар қан арқылы барлық денеге тарайды. Сан мыңдаған личинкалардың бұлшық етке еніп, ет талшықтарын бүлдіруінен жанға батарлық ауру пайда болады және дене температурасы 40°-қа дейіи көтеріледі. Адам трихиноз ауруынан қазаға жиі ұшырайды.
Еркін тіршілік ететін жұмыр құрттардың тағы бірі ретінде қыл құртты — «жылқы қылын» (қыл құрттар класына жатады) атауға болады. Бұл өсімдік басып кеткен су қоймаларында жиі кездесетін өте ұзын күңгірт түсті құрт. Қыл құрт суға түсіп жүрген адамның терісіне жабысьш, еніп кетеді-міс деген ұғым шындықка мүлдем жанаспайды.
Буылтық құрттар типі
Буылтық құрттар типіне бұрын қарастырылған жануарлар типтеріне қарағанда әлдеқайда едәуір жоғары құрылысты жануарлар жатады. Бұл типке жататын құрттардың денесі бунақталған, яғни біртекті жеке учаскелерден құралады. Қан айналым; нерв және зәр шығару системалары жақсы дамыған. Буылтық құрттар типі төрт класты біріктіреді: Көп қылшықты буылтықтылар, Жылан құйрықтылар, Аз қылшықты буылтықтылар, Сү-ліктер.
Жауын құрты Аз қылшықты буылтықтылар класына жатады. Жауын құрттары топырақта тіршілік етеді. Денесі буылтықтардан құралған .
Құрт терісінің бір клеткалы сілемейлі бездері болғандықтан оның денесі үнемі ылғалдапып тұрады. Денесінің әрбір бунақтарында қылшықтар болады да, тікелей солардың көмегімен қозғалады.
Жауын құртының арнайы тыныс органы болмайды. Бұл қыметті терісі атқарады. Жаңбыр соңынан жер бетінен жауын кұрттарын жиі көруге болады; жаңбыр суы топырақтағы оттегін ығыстырып шығарады, ал мұның өзі жауын құртының тыныс алуын қиындатады.
Жауын құртының денесіндегі қан үздіксіз соғып тұратын «жүректері» арқылы қозғалады. Олар жоғары сатылы жануарлар жүрегіне ұқсамайды. Құрт денесінің алдыңғы жағындағы жұтқыншақ маңында сақиналы тамырлары бар. Міне «жүректер» деп соларды айтады.
Жауын құрттары — қос жынысты жәндіктер (гермафродиттер). Жұптасу кезінде олар спермаларын алмастырады. Ұрықтанған жұмыртқадан жас особьтар дамиды. Жауын құрттары түскен жапырақтармен, шөппен қоректенеді. Жауын құрттары ін қызып бара жатқанда өз ішегі арқылы көп мөлшерде топырақ өткізетін болғандықтан топырақтың қопсып, шірінді және ауамен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік туғызады.
Суліктер (Сүліктер класы) тұщы суда жиі кездеседі. Сүліктердің көпшілігі — ірі жануарлардың — балықтардың, бақалардың, суда жүзетін кұстардың, сүт қоректілердің, сондай-ақ адамның қанын сырттан соратын паразиттер. Ұсақ жануарларға шабуыл жасап, тұтастай жұтып қоятын жыртқыш сүліктер де бар. Сүліктердің өзіне тән белгілері: денесі жалпақ келеді де, өте-жіңішке буылтықтары және сорғыштары болады. Сүлік сорғыштарының көмегімен қатты жерде және ірі жануарлардың денесінде қозғалып жүре алады.
Біздегі тұщы су қоймаларында көбінесе жылқының қап-қара ірі (10—15 см) жалған сүлігі және нәзік шұбар өрнекті сұр-жасыл медициналық сүлік жиі кездессді.
Медициналық сүліктің алдыңғы сорғышының ішін ала, ауыздың етті көбесінде жақтары — өте өткір пластипкалы үшкір тістері бар. Олардың тістері бір-біріне тістескен үш бұрыштың төбелерінде болады. Сүлік жақтарымен теріні кесіп өтіп, қанды сорады. Сүліктің ерекше бездерінен гирудин бөлінеді, ол қанның ұюына кедергі жасайды. Осы қасиетінің арқасында гирудин қанның ұйып қалмауы қажет болған жағдайларда: қан тамырының бітелуі — тромб кезінде, құюға әзірленетін қанды сақтау кезін-де қолданылады.
Жылқының қап-қара үлкен жалған сүлігінен адамдар әдетте қатты қорқады да, ол кезіккен суға шомылуға немесе түсуге батпайды. Сүлік шындығында да адам денесіне артқы сорғышымен дереу жабысып алып, қолайсыз сезім тудырады, алайда зияны жоқ: оның жақтары әлсіз болғандықтан адам терісін тістеп ала алмайды. Бұл сүлік жауын құрттарына, итбалықтарға, насекомдардың судағы личинкаларына, балық шабақтарына шабуыл жасап, соларды жеңді.
Достарыңызбен бөлісу: |