Жас ерекшелік психологиясының зерттеу әдістерін пайданалу ерекшеліктері;кез келген ғылым негізгі факторларды зерттеуден тұрады. факторларды тауып, анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер деп аталады.
Бақылау әдіс: жас ерекшелік психологиясындағы зерттеулерде кеңінен қолданылады. Бақылау зерттеудің тек тиісті обьектілеріне қарау емес, әдейі мақсат қойып, баланың тиісті мінез-құлқын тексеру. Бұл кейде кесінді ретінде жүргізіледі. Кесінді дейтін себебі бақылау үздіксіз жүргізілмейді. керек деген мезгілде (аз уақыт ішінде) жүргізіледі.
Байқау әдісі:Таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психикалық әрекеттерін үйреншікті жағдайларда зерттеп, және психикалық әрекеттердің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей сипаттауды айтамыз.
Бұл әдіс бойынша зерттеуші адам зерттелушінің әрекеттерін сырттай бақылап, жазып отырады. Оны жүргізу шарттары жоспарлап алу, мақсат қою, жүйелі түрде жүргізіп отыру, кездейсоқ болмай байқауды қалай жүргізу керектігін алдын ала белгілеп алу және оған қорытынды беру.
Байқау әдісі жаппа және ішнара болып бөлінеді.
Бала психологиясы тарапынан жасалатын эксперименттер мектепке дейінгі және мектеп жасындағылармен түрліше жүргізіледі.
Эксперимент деп баланың психикасының даму заңдылықтарын бірнеше рет өзгертіп, құбылтып кейде жасанды жағдайда зерттеу.
Эксперимент әдісі арқылы кейбір жеке психикалық функцияларды даралап және дәл зерттеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |