Практикалық сабақтың тақырыптары:
7. Баланың жаңа туған кезіндегі жас ерекшелігі
7. 1 Жаңа туылғандағы (шақалақ) дағдарыс.
7.2 Жаңа туылудың жалпы психологиялық сипаты.
7.3 Шақалақтың өмірлік іс-әрекеті сипаты.
7.4 Перенатальдіден (құрсақтағыдан) постнатальді (туғаннан соң) балалық шаққа өту ерекшеліктері.
1-тапсырма: Қарым-қатынас үшін өте маңызды және сәбидің табиғи негізіне үлкендердің мінез-құлқын ұқсатып иеленуі арқылы қалыптастырады. Сәби 1-аптада оған көрсететін мимикалық іс-әрекеттерге еліктеуге қабілетті болады. Бұл жайында анасы өзі сәбиінің бет-әлпетіне үңіле қарайды,сәбиінен өзіне ұқсайтын мүмкіндіктерін табуға тырысады, кейін айқын іс-әрекет пен эмоционалды түрде мадақтау мүмкіндігін қайталап, жүзеге аспаған мимикалық және ішкі сезім потенциясын ары қарай жалғастырады.
2-тапсырма: Сәбидің паралингвистикалық белгілер жүйесі элементтеріне тек анасын емес, сонымен бірге ересектерді де елжіретеді. Мұндай сәбилік мимиканың ерекшелігі ересек адамдарды, әсіресе әйелдерді жігерлендіруге әсер етеді. Олар мұндай уақыттарда сәбиге сый беруге талпынады және күлімсіреп жауап беруін күтеді. Сәби өмірге келе салысымен, 1-аптадан бастап басқа адамдармен эмоционалды ұқсатуды үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: |