БОӨЖ тақырыптары:
1.Ұрықтық мінез-құлық. 2.М.Хофердің зерттеулері.
2.Туудың мәдени аспектілері.
3 Перенатальды даму.
4. Жүктілік кездегі баланың дамуы туралы студенттердің түсініктерін тереңдету.
6-АПТА
6-ДӘРІС.
Мектеп жасына дейінгі баланың таным процестерінің жас ерекшелігі
Дәрістің мақсаты: Студенттерді мектеп жасына дейінгі баланың таным процестерінің жас ерекшелігімен таныстыру.
Дәрістің міндеті:Бала дұрыс айтылмаған сөздерді тану арқылы, ол сөздерді қойып, дұрыс сөйлеу мүмкіндігіне ие болуы.
Дәрістің жоспары:
6.1 Мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеудің жас ерекшелігі
6.2 Мектеп жасына дейінгі баланың қабылдауының жас ерекшелігі
6.3 Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауының жас ерекшелігі
6.4 Мектепке дейінгі баланың жадысының жас ерекшелігі
6.5 Мектепке дейінгі баланың қиялының жас ерекшелігі
Мектепке дейінгі балалық кезеңде ұзақ та күрделі тілді меңгеру процесі аяқталады. 7 жасқа таман тіл баланың қатынас құрамы және ойлау құрамына, сондай-ақ саналы меңгеру пәніне айналады, себебі мектепке дайындық барысында сауат ашу мен жазуға, үйрету басталады.
Кіші мектеп балалық кезеңі — бұл 7-11 жас арасындағы жеке тұлғаның әріқарай дара-психологиялық дамуы және әлеуметтік-адамгершілік сапаларының қалыптасуы процесі. Бұл кезеңге тән:
— баланың материалдық, коммуникативтік, эмоционалдық мұқтаждарын қанағаттандыруда отбасы жетекші (доминация) роль атқарады;
— әлеуметтік-танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда мектеп жетекші рольді мектеп атқарады;
Мұғалімнің көңіл бөлуіне бала сенгіш орындаушы ретінде қарайды. Осыған байланысты бастауыш мектеп оқушыларының дұрыс шешім қабылдауына жағдай жасалып, оның зейіні белсенді әрекеттенеді. Бірақ мұғалім де, ата-анлар да баланың мүмкіндігін ұмытпаулары керек. Мектепке түсу танымдық іс-әрекеттердің ішінде зейіндың дамуына күшті әсер етеді. Бала үлкендерден «сен мүлдем тырыспайсың?» деген сөз естиді. Бірақ ол «тырысу» деген сөздің мағынасын түсінбейді. Сол үшінде өзінің күшін қай бағытқа бұру керек екендігін білмейді. Бастауыш мектеп жасы адамзат қауымының әлі толығымен қалыптаспаған мүшесі. Бала бастауыш мектепке келгеннен кейін барлық мектеп ұжымының алдына қоятын өзекті мәселесі оқытудың тиімділігін қалай арттыру және оқушы берілген білімді ғана меңгеріп қоймай өз бетінше ойлай алуға қалай үйретуге болады тағы басқа көптеген сұрақтар туындайды. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде кейінгі жылдары оқытудың тиімділігіне әсер етуге арналған әдіс-тәсілдер, принциптер көп ұсынылуда.
Бұл жерде біз Л.С.Выготскийдің мәдени дамудың социогенетикалық заңын еске түсіреміз: ―Алдыңғы өткен ұрпақтың қолданған мінез-құлық формалары баланың даму процесінде өзіне тиістілері қайталанып отырады. Басқа сөзбен айтқанда не қабылданды ол ―ішкі деп аталады, адамдар арасындағы қатынас арқылы әлеуметтік сыртқы даму болады. Осы логиканың нәтижесінен біз мұғалім мен оқушының расындағы оқытуды меңгерудің қайнар көзін іздейміз және үлкендер мен баланың арасын үйлестіріп тұратын оқушының индивидуалдық өз бетінше әрекеттері болады.
Г.А.Цукерманның айтуынша: ―Егер мұғалім баланы, оқуға үйреткісі келсе, ол оларға тек ғана білім беріп қоймай, шеберлік пен дағды да қалыптастыру керек.
Психологтардың есептеуінше, тіл бала үшін ана тіліне айналады.
Сөйлеудің дыбыстық жағы дамиды. Кіші мектеп жасына дейінгілер дыбысталу ерекшеліктеріне көңіл бөлуге кіріседі.
Бірақ, оларда әлі де бұрынғы дыбыстарды қайталау тәсілдері сақталады, соның арқасында олар дұрыс дыбысталмаған балалардың сөздерін таниды. Кейіннен сөздер мен жекелеген дыбыстардың жіңішке және дифференцияалды дыбыстық образдары қалыптасады, бала дұрыс айтылмаған сөздерді тануды қояды, ол дұрыс сөйлейді. Мектепке дейінгі жастық соңына қарай фонематикалық жас ерекшелік процесі аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |