ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «мал шаруашылық Өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау» мамандық үшін 5В120200-«Ветеринариялық санитария» ОҚУ Әдістемелік материалдар



бет4/7
Дата08.09.2017
өлшемі4,93 Mb.
#30812
1   2   3   4   5   6   7

Санитарлық баға

Шошқалардың (үш аптаға толғаннан бастап), қабандар, борсық, аю және бәрін жегіштердің еттері трихинеллезге тексерілуге тиіс.

Егер 24 кесіндіден бір трихинелла табылса, (тірі, тірі емесіне (паразиттің) қарамайды) онда ұшаны, ішек – қарынды, өңешті, тік ішекті техникалық утилизацияға жібереді. Шпикті алып, ерітеді. Еріген майдың температурасын 1000 –қа дейін жеткізіп, 20 минут қайнатады. Тік ішектен басқа ішектерді тазартыпкедергісіз босата береді. Теріні еттен тазартып, етін техникалық утилизацияға жібереді(белгілі-бір мақсата пайдалану үшін).
Цистицеркоз (финноздар)

Таспа құрттардың, балаң құрт сатысында ет тканінде және ішкі мүшелерде мекендеп, инвазиялық ауру туғызуы.

Малдардың цистицеркоздарын адам организімінде мекендейтін Taeniarinhus saginatus (бұқа цепені) және Taenia solium (шошқа цепені) таспа құрттарының балаң құрттары да тудыра алады.

T. saginatus құртының балаң құрты ірі қараның цистицеркозын (финнозын), ал T. solium шошқа цистицеркозын тудырады.

Кейбір малдардың таспа құрттарының балаң құртары да цистицеркоздар тудырады. Олар Tainia hydatiqena, T. Bovis, T.krabbei, T.pisiformis. Бірақ бұлар адамға қатерлі емес, қойдың, бұғылардың, қоянның, т.б цистицеркоздарын туғызады.

Ірі қараның цистицеркозы (финнозы).

Диагностика: Цистицеркті тек сойғаннан кейін ғана байқауға болады.

Цистицерк дегеніміз дөңгелек және сопақ түрінде кездесетін, ақ сұр түсті, түйреуіштің басынан бұршақ дәнінің көлеміндей көлемі бар көпіршік тәріздес қапшық (қан, қуық, торсылдақ). Сыртында өте жұқа дәнекер кані мен қапталғандықтан ішіндегі паразит көрініп тұрады.

Ірі қараның ұшасында финдарды (қапшықтарды) жүректің бұлшық етінен жиі аңғаруға болады, ал одан сирегірек күйіс қайыратын тіл, белдеме, қол, мойын, құрсақ бұлшық еттерінде мекендейді.

Кейінгі кездегі зерттеулердің мәліметтеріне сүйенсек, финн қапшықтарын желке (шүйде), өңеш, көк ет (диафрагма) еттерінде де кездеседі.

Бұлшық еттен басқа финн қапшықтары мида, өкпеде, бауырда және көк бауырда да кездесуі мүмкін.



Шошқа цистицеркозы

Шошқаның күйіс қайыратын жүрек, іл, белдеме, мойын және жауырын бұлшық еттері жиі зақымданады. Көбінесе, қоздырғыш, ұшаның алдыңғы бөлімін, санына қарағанда көп зақымдайды. Басқа органдардан финн қапшықтарын мида жиі кездеседі.



Цистицеркоздар кездескеніндегі санитарлық баға

Егер бастың және жүректің еттерінен финн қапшықтары табылса, онда қосымша мойын етінің желке жағынан, жауырын – қол, арқа, сан еттері және диафрагманы қатар екі рет кесіп тексереді.

Егер бас және жүректің етінің 40 см2 көлемінде 3-тен көп финн қапшықтары табылса, бірақ – та басқа еттерді кескенде финн қапшықтарынан 3-тен көп болмаса, онда бас пен жүректі утилизацияға жіберіп, ұшаны және қалған басқа мүшелерді (ішектен басқа) қайнату әдісі мен зарарсыздандырады. Егер ол мүмкін болмаса мұздату, тұздату әдісін де қолдануға болады. Ішкі және сыртқы (шпикті де) майды осы әдістер мен зарарсыздандырады.

Қайнату оңай. Ал мұздатқанда қандай талаптарды орындау қажет. Шошқа етінің ішіндегі температура – 10о (Цельций), одан соң – 12о С-та 10 күн ұстайды, сонан соң – 13о С 4 күн ұстайды. Еттің температурасын сан етінің 7-10 см тереңдігінде өлшейді. Шпикті осы режим мен мұздатып зарарсыздандырады.

Ірі қараның етін 12оС-тан – 6оС-қа дейін төмендетіп, сонан соң 9о С жеткізіп, 24 сағат ұстайды.

Цистицеркоз тонкошейный (жылауық) – көбінесе шажырқайда, бауырдың сыртында. Көбінесе қой, ешкі, шошқа, ірі қарада кездеседі.



Санитарлық баға.

Жылауықты шажырқай мен қоса бөліп алады, ал бауырдан, өкпеден жылауықты маңындағы тканьдерімен техникалық утилизацияға жібереміз. Ал ұшаны және жарақаттанбаған басқа мүшелерді кедергісіз босата береміз.


Эхинококкоз

Ұлпалы мүшелерде және басқа ткандерде (иттердің ішектерінде мекендейтін) Echinococcus granulosus таспа құртының балаң құрты мекендейді. Бұл құрттың негізгі иесі иттер семьясына жататын жануарлар, ал аралық иесі ірі қара, қой, ешкі, шошқа, түйе және басқа ауылшаруашылық малдары, тағы малдар және адамдар.



Сойылғаннан кейінгі диагностика

Эхинококк қапшығы ішіне сұйық толған, шоқ (төмпешік) тәріздес паразит. Сыртынан кутикулярлы қабықпен қапталып, ішінде ұрығы болады. Қабықтың сыртын фибринозды капсула мен қабатталған. Эхинококк қапшығының көлемі бұршақтың көлемінен жас баланың басындай да көлемі болады.

Ірі қарада: көбінесе өкпеден, бауырдан, көк бауырдан, бүйректен, жүрек етінен табуға болады.

Қойда: Өте жиі бауырдан одан сирек өкпеден;

Шошқада көбінесе бауырда кездеседі. Эхинококк қапшықтарының саны бір – екіден – онға, жүзге дейін кездеседі (бір малда).

Санитарлық баға.

Етте және ішкі органдарда көптеген эхинококк қапшығы кездескен ұшаны және органдарды техникалық утилизацияға жібереді. Егер де эхинококк қапшықтары бір ғана мүшені зақымдаса, онда сол органды ғана техникалық утилизацияға жібереді. Ал зақымданбаған мүшелерді бөгетсіз босата береді.


Фасциолез
Инвазиялық ауру, бауыр сорғыштар (трематодтар) F.gepatica және F.gigantica, D.Lanceatum тоғышарлары бауырдың ұлпаларында, өт жолдарында мекендеп ауру туғызады. Фасциолезбен қой, ешкі, ірі қара, түйе, шошқа, есек, бұғы, қоян, жылқы ауырады.

F.gepatica – 3см-ге ал F.gigantica – 7см-ге дейін жетеді.

Ал D.Lanceatum-ның ұзындығы 1см-ге дейін жетеді, ені 2-2,5мм.

Порталды л.түйіндері ұлғайып, қара – қошқыл тартып кетеді.



Санитарлық баға.

Зақымдалған мүшелерді утилизацияға жатқызамыз, не жайып жібереміз. Ал зақымданбаған органдары және ұшасы тағамға бөгетсіз босата береміз. Егер ішкі органның 2/3 бөлігі зақымдалса, онда бүкіл ішкі органды утилизацияға жатқызады.


Саркоцистоз – Клиникалық белгілері байқалмайын түрде өтіп, қарапайымдылардың Sarcocystis тұқымына жататын тоғышарлар тудыратын ауру. Саркоцисті көлденең жолақты еттерден, дәнекер тканінде кездеседі (бұл ауруға барлық ауыл шаруашылық малдары және қоян, құс, ит, мысық, кеміргіштер, тышқан, бауырмен жорғалаушылар және балық шалдығады).

Саркоцистардың көлемі 0,4 – 4 мм және ені 0,3 – 3 мм болады. Олар етте ақ, ары дақтар түрінде кездеседі. Саркоцистер әр малдың әр мүшесін зақымдайды. Мысалы: ірі қара саркоцистасы жиі өңеш қабырғасында, диафрагмада, қабырға аралық еттерінде, тілде, жүрек етінде, өте сирек бұлшық еттерде кездеседі.

Шошқа саркоцистасы диафрагмада, іш, сан және арқа ет еттерінде кездеседі.

Сойғаннан кейінгі диагностика.

Өңешті, жұтқыншақты, ұшаның еттерін мұқият тексереді.



Санитарлық баға.

Егерде еттерде саркоцист табылса, бірақ қатып-семген өзгерістер табылмаса онда еттерді бөгетсіз босата береді. Ал саркоцист пен қатып-семген өзгерістер табылса (арықтау, суының жоғалуы, түсінің боздануы, ет ткандерін әк басу, азу процесстері) онда ұша мен мүшелерді техникалық утилизацияға жібереді. Шпикпен, ішкі майларды, ішектерді, малдың терісін бөгетсіз босата береміз.



Бақылау сұрақтары:

1.Трихинеллез кезіндегі сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы

2. Цистицеркоз. Сояр алдындағы диагностика және сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.

3. Эхинококкоз кезіндегі сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы

4. Фасциолез және саркоцистоз кезіндегі сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.266-268,269-271,275-277.

2. Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.171-177.

3. Сенченко Б. С. «Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животного и растительного происхождения». Ростов на Дону, 2001 г.с. 240-248.

4. Макаров В. А. «Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства». Москва, 1991 г.с. 73-75.
Дәріс 8-9.

Жұқпалы емес аурулар кезіндегі сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау.
Жоспар:


  1. Қағыну (септикалық) процесстері (абсцестер – бітеу жара, флегмона – іріңді жаралар, іріңді ісік). Зат алмасудың бұзылуы.

  2. Көкірек, құрсақ қуысындағы мүшелердің аурулары. (кездескеніндегі мсс)

  3. Механикалық және термиялық өзгерістар.

  4. Малдың улануындағы ветеринриялық-санитариялық баға.

Қағыну (септикалық) процесстері дегеніміз – денеге іріңді микробтардың енуі әсерінен (стрептококки мен стафилококкилар) мүшелердің қалыптан тыс артуы. Олар жергілікті жерде қабыну процесстерін туғызады.

Іріңді ісік - сойылатын малдардың бұлшық еттерінде, лимфа түйіндерінде және ішкі мүшелерде шоғырланады.

Егерде сараптаушы іріңді ісіктерді анықтаса, маңындағы тканьдерді, лимфа түйіндерін тексереді. Егер оларда (тканьдерде) өзгерістер жоқ болса, онда етте іріңді микробтар жоқ деп есептелінеді.

Іріңді ошақтарды бауырдан тапса, онда іріңді микробтар, қан тамырлары арқылы ішектерден бауырға өтіп, денеде жалпы септикалық процесстер жүріп жатыр деп есептелінеді.

Флегмона – жайылып кетуге ықтимал, жұмсақ дәнекер тканьінің жіті түрде іріңдеп қабынуы. Бұл іріңді ісіктен де қауіпті, өйткені іріңді бактериялар зақымданған учаскелерден әртүрлі мүшелерге және тканьдерге өте кең арада өтеді.

Жаралар – тері және тері ащы тканьдерінің ашық жарақаттануы. Егер жара іріңдеп кетсе, онда жарада іріңді микробтардың өсіп-өну үрдістер жүріп жатыр деп есептелінеді.

Санитарлық баға.

Егерде жекелеме ғана іріңді ісік және аумағы азғантай ғана жаралар болса және олардың уыты әсерінен лимфа түйіндері бүлінбесе (өзгермесе), зақымданған мүшелерді, немесе тканьдерді сылып тастайды да, ұшаны тағамға бөгетсіз босата береді.

Егерде көптеген іріңді ісік бір ғана мүшелерде немесе жекелеме іріңді ісік маңындағы лимфа түйіндерін зақымдаса және ұлғайған флегмона кездессе, бауырда іріңді ісік болса, онда зақымданған мүшелерді аластап, еттің қалған бөлігн тек қана бактериологиялық зерттеулерден кейін ғана тағамға пайдалануға болады.

Егерде лимфа түйіндерінде іріңді ісік кездессе, онда бүкіл ұшаны техникалық утилизацияға жатқызады. Егерде соятын малда жайылып кеткен іріңді жара кездестірсе және ол мал арық болса, онда ондай малды союға рұқсат етілмейді.

Зат алмасудың бұзылуы әсерінен бұлшық еттердің семіп-азуы айқындалса (беломышечная больезнь молодняка) (еттің түсі бозғылттанып, ылғалдылығы көбейіп, көлемі ұлғайып, болжыраған қалыпта болса), онда ұшаны барлық мүшелерімен техникалық утилизацияға жатқызады. Егерде етте семіп-азғындау процесстері шамалы байқалса, онда етті және ішкі мүшелерді сальмонеллаға тексереді. Егер сальмонелла табылса, онда ұшаны қайнату әдісімен зарарсыздандырады, ал ішкі мүшелерді техникалық утилизацияға жібереді.

Егер де сальмонелла жоқ болса, зақымданған мүшелерді пісірілген шұжық, консерві жасауға, ал зақымданған мүшелерді техникалық утилизацияға жатқызады. Егерде малдарға натрий селениті берілген болса (емдік, не алдын алу шаралары мақсатында), онда дәрі берілгеннен кейін ауыл шаруашылық малдарын 45 күннен соң, құстарды 30 күннен соң ғана союға болады.

Егер бұлшық ет, дәнекер тканінде және әртүрлі қуыстарда (көкірек, құрсақ) қанның жинақталғаны айқын байқалса, ондай жағдайда бұлшық ет өте жұмсақ, ылғалдылығы жоғары түрі қызғылт-сұр түсті, жамбас қуысында, бүйрек маңында,тері астында май тканьдері жоғалып, олардың орнына бозғылт-сары түсті қоймалжың зат пайда болады (жалқаяқ), онда бүкіл ұшаны техникалық утилизацияға жатқызады. Егер ұшда бұл үрдістер онша көп байқалмай, 1 күн ішінде бұндай белгілер жоғалып кетсе, онда бактериологиялық зерттеуден кейін ғана тағамға босатылуы мүмкін.

Зәр шығаратын түтіктердің бекітіліп қалуынан және бүйрек ауруларынан кейін зәр денеге жайылып кетуі мүмкін. Бұл жағдайды мал дәрігерлік ғылымда – уремия деп атайды.

Бұндай аурумен ауырған малдарда, сойған кезінде қаннан зәрдің иісі шығып тұрады. Егерде қуық жарылып кетсе, зәр құрсақ қуысына жиналып, құрсақ көк етінде қызыл дақтар пайда болып, бүкіл денеден аммиактың иісі шығып тұрады. Бұндай иісі тоңазытқанда жоғалуы мүмкін, бірақ, қайнатқанда қайта пайда болады.

Сондықтанда бұндай ұшаға санитарлық баға біреу – ақ. Барлық ұшаны тек қана техникалық утилизацияға жатқызады.

Егерде денеде, тканьдерде сарғаю (желтуха) пайда болса, (әртүрлі аурулар фасциолез, дикроцеллиоз, пироплазмоз, салмонеллез, каротині көп азық сығындылар т.б.) онда сарғаю 2 күннің ішінде ыдырап кетпесе, етте қышқыл дәм болса және нәжісінің дәмі болса (сынама алып, қайнатып текергенде), онда ұшаны техникалық утилизацияға жатқызады. Егерде ешқандай иісі болмай, сарғыштану 2 күннің ішінде жойылып (ыдырап) кетсе, онда етті тек қана бактериологиялық зерттеулерден кейін ғана тағамға босатады. Егер сарғаю азықтан және малдың жасына байланысты болса, онда етті бөгетсіз тағамға босата береді.

Бақылау сұрақтары:


  1. Абцесс, флегмона, жаралар кезіндегі сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы

  2. Сепсис, гангрена кезінде сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы

  3. Зат алмасу бұзылу кезіндегі сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы

  4. Жоғары тыныс алу жолдарының қабынуы кезіндегі сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы

  5. Механикалық және термиялық зақымдану кезінде сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы


Дәріс 12-13.

Радиоактивті заттармен зақымдалған сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау.
Жоспар:


  1. Ионизациялық сәулелердің түрі, маңызы.

  2. Радиоактивті заттармен зақымданған малдарды дозиметриялық байқаудан өткізу сою.

  3. Сәуле ауруының сойғаннан кейінгі белгілері.

  4. Радиактивті заттармен зақымданған сойыс өнімдеріне санитарлық баға беру.

Радиациялық зақымдануға душар болған малдар тек оның өнімдерін малдәрігерлік-санитарлық сараптаудан өткізу үшін, радиациялық зақымдану кезінде организмде қандай өзгерістер болатынын; ионизациялық сәулелердің түрін (Гамма- бета, альфа сәулелер мен нейтронды ағым; радиоактивті заттардың организмге өту жолдары; сәулену дозасын білу өте қажет.

Горизонтовтың тұжырымы бойынша радиоактивті заттардың әсерінен организмде жүретін құбылыстарды 3 топқа бөледі: радиосегментік, радиозақымдану және компнсаторлық (орнына келу) процесстері.

Г.Г. Воккенің тұжырымы бойынша, радиозақымдану дегеніміз - органның не болмаса бүкіл организмнің қызметін бұзып, структуралық өзгерістер тудыратын радиацияның ең аз мөлшері (дозасы).

Ауыл шаруашылығы малдарының радиозақымдануы 150 Р дан 400 Р- ға( тауық, қоян) диапазонда болады.

Бұдан радиосезгіштік пен радиоактивтік зақымдануға мынандай факторлар әсер етеді: малдың жасы, салмағы және организмнің ерекшеліктері, сәулену санына, әсіресе сараптаудан өткізу үшін- сәуленудің түрі (сыртқы, ішкі,аралас).

Сыртқы сәулену: дегеніміз организмге түсетін сәуленің көзі сырттан ( басқа жақтан) ауадан келіп түседі. Бұлар ядролық жарылыстың радиациясы организмді қоршаған топырақта, ауада, суда және мал терісінде болады.Бұндай сәулену кезінде өте қуіпті деп гамма- сәулелер мен нейтрон ғымы есептелінеді (бета-ыдырау альфа-сәулелер)

Ішкі сәулену: Радиактивті заттардың ионизациялық сәулелері азық, су, ауа, тері ақылы организмге өту салдарынан ішкі сәулену болады. Бұл сәулену кезінде керісінше альфа- сәулелер өте улы деп есептелінеді, үйткені салмағының ауырлығы мен энергиясын байланысты 1 см жолда 100-250 мың қос ионын түзеді, ал бета- сәулелер 50-100 қос ионын, ал гамма- квант барлығы 6 -10 қос ионын түзеді. Осыдан қортынды шығарсақ, осылардың ішінен өзіндік өте жоғары ионизацияны альфа сәулелерде болғандықтан радиоулығы да өте жоғары деп есептелінеді.

Ауыл шаруашылық малдарының радиозақымдануға шалдығу дозасы ( ішкі сәуленуде) 3-5 м Ки/кг.

Егер сәулену сыртқы болса, өнімнің сапасын анықтағанда тек органолептикалық, патологиялық, бактериологиялық, биохимиялық, гистологиялық, зерттеулер жүргізілсе, ал ішкі сәулену кезінде ветеринариялық - санитариялық көрсеткіштерге қосымша радиометриялық зерттеулер жүргізілуі керек.

Аурудың қысқаша барысы. Ионизацияның сәулелердің адамдар мен жануарларда радиозақымдануға ұшыратып, өте күрделі патологиялық процесске – сәуле ауруына ұшыратады.

Ионизцияның сәулелердің белсенділігі – сәуле дозасына, сәуле дозасының сіңу күшіне, берілу энергиясына, сәуленің биологиялық тиімділігіне, сәулелердің органдарда таралуына, малдың физиологиялық жағдайына байланысты болады.

Сәулелердің қортынды биологиялық тиімділігін зақымданған малдардың зақымданғаннан кейін 30 күн ішінде өлген малдың, процент мөлшеріне қарап есептейді. Оны ЛД 50/30 ( 30 күн ішінде зақымданған малдардың 50 процент) өлген, ЛД 100/30;
ЛД 50/30; ЛД 100/ 30
Ит 350 600

Қой,ешкі 550 750

Сиыр 550 650

Шошқа 600 800

Тауық 900 1200

Жылқы 650 1200

Қоян 800 1200.
Адамдар мен малдарда радияциялық патология 3 түрде кездеседі; сәуле ауруы,сәулелермен күю, кейінгі әсері. Сәуле ауру өте жіті түрде және созылмалы түрде өтуі мүмуін. Егер 10.000 Р болса, малда өте тез арада өтеді. Сәуле ауруы зақымдануына байланысты; жеңіл (150-250Р – сыртқы, ал ішкі сәулену 0,3-0,5 мк Ки/кг.
Орташа 250-400 Р ; 0,1-0,5 мКи/кг.

Ауыр 400-750 Р; 3 м КИ/кг.

Өте ауыр 750 Р ден көп; 5 м Ки/кг- көп.
Ал егер сәуле ауруының клиникалық белгілеріне байланысты: 4 сатыға бөлінеді.


  1. Алғашқы саты.

  2. Жасырын саты

  3. Клиникалық белгілері айқын біліну сатысы.

  4. Сауығу сатысы.


Бақылау сұрақтары:

  1. Сыртқы сәулелену дегеніміз не?

  2. Ішкі сәулелену дегеніміз не?

  3. Сәуле ауруы клиникалық белгілеріне қарай неше топқа бөлінеді?

  4. Радиометриялық зерттеу үшін сынама алу реті

  5. Радиоактивтік заттармен зақымданған етке және басқа сойыс өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан баға беру


ӘДЕБИЕТТЕР

1. Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.437-453.

2. Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.192-193.

3. Сенченко Б. С. «Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животного и растительного происхождения». Ростов на Дону, 2001 г.с. 437-453.

4.Макаров В. А. «Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства». Москва, 1991 г.с. 184-192.
4 модуль. Тағамдық токсикоинфекция және токсикоздар.

Дәріс 14.

Тағамдық токсикоинфекция және токсикоздардың ветеринариялық - санитариялық алдын алу шаралары.

Жоспар:
1. Токсикоздар (улану) туралы түсінік.

2. Уланудың (токсикоздардың) классификациясы.

3. Токсикоздардың (уланудың) алдын алу шаралары.
Мал дәрігерлігі тек қана ауру малды емдеп, жазып қоймайды, ол адамдарды және жануарларды аурулардан сақтандыратынын өздерің жақсы білесіңдер.

Әлемнің әр жерінде, мал және өсімдік өнімдерін тағамға пайдаланғаннан болған ауруларды әртүрлі топтарға бөліп қарайды. Әсіресе, олар жеген тағамына байланысты: егер адам ет жеген соң ауырса – ем тек, балық жеген соң- балықтан уланған деп есептеген

Өздеріңіз жақсы білесіздер, ет пен балық және жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер – адамдардың негізгі тағамы болып есептеледі. Ал олар неге адамдарда аурулар (токсикоздар) туғызады?.

Аяқ астынан болған және жаппай уланғанды қалай түсіндіруге болады?

Бұрыңғы әдеби құралдардан белгілі адам және мал дәрігері еттің сапасын анықтағаннан кейін, тағамға пайдаланған соң адамдар ауырған. Ал бұндай жағдай адам мал дәрігерін қатты ойландырып, алдарына үлкен міндеттер қояды.

Дүние жүзінін ғалымдары бұл жұмбақты көпке дейін шеше алмады. Кейбіреулер бұның себебі, еттің құрамында кей жағдайларда пайда болатын көгерткіш қышқылдың ( синильная кислота) әсерінен, ал біреулері нашар қалайыланған ыдыста тағамды қайнатқанда мыс тұздары пайда болып, солар уландырады деп түсіндірді.

Бұзылған етте болатыны анықталғаннан кейін, аурудың себебін белгілі бір жүйеде зерттей бастайды. Осы кезде ауру малдың етін пайдаланғанда болатын адам аурулары жөнінде еңбектер пайда бола бастады.

Өткен ғасырдың аяғында медицина және мал дәрігерлік микробиология дамыған кезде, еттен уланған паратифозды бактериялар (кейбір аурулардың қоздырғыштары) деп саналынды. Бұл қоздырғыштар етте дамып, улы заттар жинала береді. Ал етпен бірге адам денесіне өткенде, өте қауіпті ауру туғызады

Адам мен жануарлардың уланғанын ғалымдар бірге қарап, етті уландыратын қоздырғыштарды жинақтай отырып, 4 топқа бөледі. Оның негізгілері болып ботулинус бацилласы және паратифозды бактериялар саналынып, қалғандары уыты күмәнді және нашар зерттелген микроорганизмдер қатарына жатқызылды.

Қоздырғыштарды бұндай бөлу, уланудың бар сұрағын ашпаса да, еттен болатын улануды әрі қарай зерттеуге үлкен жол ашып берді. Мысалы:

Зерттеушілердің қорытындылауынша, улану тек қана етте болатын улардан басқа, әртүрлі улы химиялық заттар және жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер де ауру (токсикоздар) туғызады. Бұдан басқа кейбір балықтардың еті, уылдырығы, бауыры, аналық клеткалары өзінің табиғатында уытты болып келеді, білместіктен тағамға пайдаланса, токсикоздар туғызады.

Көптеген ғалымдар астан кейін болатын аурулардың классификациясын құрастырып, ізделуде.

Бұл бағытта Алматы Агротехникалық университеті «Ветеринариялық-санитариялық » кафедрасы көп еңбек сіңірді. Бұлар «еттен», «балықтан» уланған деген атауларды алмастырып, «тағамдық аурулар» және «тағамдық токсикоздар» деп атады.

Мысалы, бактериялар бөлген уыты бар тамақты жеп уланған адамның ауруының атын «тағамдық бактериялармен улануы» немесе «тағамдық токсикоз» деп атады, ал өсімдікпен уланғанда – фитотоксикоз ; егер де саңырауқұлақтың улы заттарымен уланғанда –«тағамдық микотоксикоз» немесе қазақшаласақ «тағамдық саңырауқұлақтармен улану» , ал минеральді және синтездік (синтетикалық) заттармен уланғанды – тағамдық химиялық улану немесе «тағамдық химиялық токсикоз».

Сондықтан бұндай бағыт барлық улануды біріктіріп, бір ғана топқа жинақтауға көмек берді және оған мынандай анықтама берілді. Сойыс малдарының өнімдері адамдарда пайда болатын індетті және инвазиялық ауруларлдың ( топалаң, туберкулез, бруцеллез, тениарринхоз) көзі болуы мүмкін. Одан басқа аурулар тудыры да, олар токсикоинфекция және токсикоз деп аталады. Бұлардың барлығы тек азықтан болатын аурулар, оларды екі топқа бөледі. 1. Бактериясыз болатын тағам аурулары; Бұл топқа организмге әр түрлі жолдармен түскен улы химикаттармен улы заттар бар тағмдармен улану.

-жануарлардан алынатын өнімдермен улану (улы балықтар: бауыры, уылдырық

-улы саңырауқұлақтармен, улы жеміс-жидектер.

-Себебі белгісіз уланулар; тамаққа аллергия және тағы басқа.


Бактериялар мен микробтар арқылы болған тағамдық аурулар. Бұл 2 түрге бөлінеді:

1.Улы инфекциялар (токсикоинфекциялар) бұлар микроорганизмдер мен олардың уларының біріккен әсерінен пайда болатын аурулар. Бұл микроорганизмдер: салмонеллар, эшерихий коли, протей Cl.perfringens , B. сereus.

2.Тағамдық токсикоз – дегеніміз микробтардың көп жиналып, өсуі әсерінен пайда болатын экзотоксиндердың (сыртқы улардың) организмді улауы.Тағамдық токсикозды микробсыз-ақ улаудың өзі ғана тудыруы мүмкін. Экзотоксиндерді өнімдерде коккилі микроорганизмдер (стафилококки, стрептококки) анаэробты микрооргнизмдер және улы саңырауқұлақтар (Cl botulinum).

Тағамдық аурулар, не тағамнан болған аурулар дегеніміз - әр түрлі себептерден болған және клиникалық белгілері әр түрлі жіті және созылмалы түрде өтетін аурулар, бірақ та ауру пайда боларда, міндетті түрде тағам арқылы бактерия, вирус, саңырауқұлақ, тоғышар, химиялық улы заттар мал денесіне өтуі қажет.

Сондықтан да, уланудың классификацияның негізіне жеген тағам атына емес, уланудың себептері алынады.

Тағамдық аурулардың классификациясы (бөлінуі)

Тағамдық инфекциялар – туберкулез, бруцеллез, сальмонеллез, түйе обасы, орнитоз, аусыл және басқа да адамға, малға ортақ аурулардың (зооантропоноз) қоздырғыштары тағамдық инфекциялар туғызады. Бұдан басқа бұл топта жануарларда кездеспейтін, кейбір адам ауруларының қоздырғыштары (іш сүзегі (брюшной тиф), холера (тырысқақ) дизентерия (жұқпалы іш ауруы). Бірақ бұлар да тағам арқылы жұғады.


  1. Тағамдық улы инфекциялар – Enterobacthereaceae семьясына жататын сальмонелла және бактериялар әр түрінің даму процесінде пайда болатын микроорганизмдердің және олардың уларының әсерінен туады. Кей жағдайларда олар басқа да микроорганизмдермен бірігіп, жиналып, адам үшін өте қауіп тудырады.

  2. Тағамдық инвазиялар – тоғышарлардың қоздырғыштары тағам арқылы адам денесіне өтуі. Бұлар трихинеллез, цистицеркоз, описторхоз және басқа гельминтоз қоздырғыштары.

  3. Тағамдық бактериотоксикоздар. Себебі, бактериал тектес улы уыт, басқа сөзбен айтсақ сыртқы уыт (экзотоксин). Мысалы: стафилококтар, стрептококтар және Cl. botulinus тағам өнімдерінде дамығанда пайда болатын уыт.

  4. Тағамдық фитотоксикоздар (өсімдік токсикоздары). Тағы және мәдени өсімдіктердің құрамында алкалоид немесе гликозид, салониндер,фито (токсиндер) сияқты уытты заттардың әсерінен улану.

  5. Тағамдық микотоксикоздар – саңырауқұлақтар бөлетін уытты заттардың (микотоксины) әсерінен туады. Бұған көбінесе фузариум және зеңді (көгерткіш) саңырауқұлақтар тұқымы жатады.

  6. Тағамдық зоотоксикоздар. Табиғатында улы мал өнімдерімен тағамданудың әсерінен болады (улы балықтар мен ұлулардың еті мен уылдырығы) және кейбір жәндіктермен зақымданған өнімдерді азыққа пайдаланғанда да ауру тууы мүмкін.

  7. Тағамдық химиялық токсикоздар. Күшәлә ( мышьяк ), сары фосфор, гранозан, хлорорганикалық және басқа химиялық улы заттармен уланудың әсерінен болатын токсикоз.

  8. Тағамдық радиактивті заттармен зақымдану. Радиактивті заттармен зақымданған және радиактивті сәулемен зақымданған өнімдерді тағамға пайдаланудың әсерінен болады.

  9. Әлі себебі өте нашар зерттелген басқадай токсикоздар. Мысалы: тағамдық аллергия туғызатын токсикоздар.

Осы топтардың ішінен бүгінгі біздің бөліп қарайтынымыз:

Тағамдық уытты инфекциялар.

Salmonella, Escherihia coli, Proteus тобына жататын микроорганизмдермен зақымданған тағамнан адамдардың ауруы. Адам организміне микроорганизмдер мен олардың уыттары қатар әсер еткенде ауру туғызады. Сондықтан да аты – уытты инфекциялар.

Осылардың ішінен өте жиі кездесетіні Salmonella тобы тудыратын ауру – Сальмонеллез деп аталады. Кәдімгі тоңазытқыштың төменгі сатысында сақталған. Етте, сүтте сальмонеллалар тек қана сақталынып қоймай, дамиды да. Тұздау мен қақтау сальмонеллаға өте нашар әсер етеді. Комната температурасында ұсталынған шикі, пысқан, қуырылған етте сальмонеллалар өніп-өсіп, уыттарын жинай береді. Сүтті, етті және басқа өнімдерді 80* жоғары қыздырғанда сальмонелла жойылады.

Сондықтан да мал өнімдерінің сальмонеллез ауруын туғызғанда рөлі өте жоғары.

Сүт пен еттің рөлін айта кет.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет