Дәрістің мазмұны
1. Психология ғылымы туралы түсінік, анықтамасы.
2. Психология ғылымы тарихының даму кезеңдері
3. Психология ғылымының Қазақстандағы даму жолдары
4. Ми және психика. Сана туралы түсінік.
1.Психология-психологиялық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психологияның негізгі зерттейтін обьектісі-психика. Психика- бұл миға тән айнала қоршаған ортаны бейнелендіретін ерекше қасиет. Психологиялық құбылыстарға: түйсік, қабылдау, ойлау, мінез, темперамент т.б. жатады.
Психология ерте заманнан келе жатқан білім салаларының бірі. Психология термині грек сөзінен алынған. Психика-жан, логос-ілім. Жан туралы ілім деген ұғымды білдіреді.Психология ғылым ретінде психологияның әр түрлі құбылыстарын зерттеу, түсіндіру, олардың мәнін талдау және болашаққа көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі заңдылықтарды ашып анықтайды.
Алғашқы психологтар, философтар олар идеялистер және материалистер болып бөлінді.
Материалистер-адамның жаны бар, бірақ ол мәңгі емес. Бұған: Демокрит, Әл-Фараби.
Идеалистер жан мәңгі, ол өлмейді деп тұжырымдады. Бұған Платон, Фома Аквинский т.б.
2. 1879ж бастап психология эксперименталдық ғылымдарға айналды. Неміс психологы В.Вундт Лейпциг қалыптастыруда өз лабораториясын ашты. Бұл психологияның дамуының 2-ші кезеңіне жатады. Ал 1-ші кезеңі 2500жылға созылған Аристотель пікірлер тарихы. Психологияның даму тарихы т.б Гипократ, Гомен, Декарт, Гоббс, Спиноза, Локк, Дидро, Вольф ғалымдарының есімдерімен байланысты.
Психологиялық құбылыстардың топтастырылуы бойынша бір-бірімен тығыз байланысты 3 топқа бөлінеді. Олардың 1-і психологиялық процестер деп аталса,2-шілері психологиялық қалып, 3-шісі психологиялық қасиеттер деп аталады.
Психологиялық процестердің кейбір (түйсік, қабылдау,елес т.б.) сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тікелей танып білуде көрінетін болса, енді біреулері (ойлау,қиял т.б) бұлардың арасындағы күрделі байланыстарды, дәнекерлі қатынастарды, өзгелерді тереңдей бойлап білуде ерекше орын алады. Адамның сыртқы дүниемен үздіксіз жасалып отыратын белсенді байланыстарды оның сезім, ерік процестері шешуші рол атқарады.
Психологиялық кейіп немесе қалып –адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт,зерігу, абыржу,сергектік,белсенділік т.б) тұрақты компоненттері.
Психологиялық қасиеттер- бір адамдарды 2-ші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктері. Бұған әрбір адамның мінезімен темпераменті , қабілеті мен дүниетанымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады. Психологиялық қасиеттердің қалыптасуына адамның өскен ортасымен қатар, оның кейбір таптық, ұлттық, жас ерекшілік , мамандық ерекшеліктері.
Психолдогиялық процестер дегеніміз-сыртқы дүние заттарымен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері.
Психологияның салалары:
1.Жалпы психология-ересек адамның психологиялыққызметінің жалпы заңдылықтарын зерттейді. Жалпы психология мазмұнына ғылымның принциптері, әдістері, ұғымдар жүйесіде кіреді.
2. Жас ерекшелік психологиясы-бұл адамның психологиялық даму заңдылықтарын әртүрлі психологиялық процестердің қалыптасуын зерттейді. Бұның өзі бірнеше бөлімдерге бөлінеді:балалық шақ психологиясы, жеткіншек психологиясы, жастық шақ психологиясы, ересек адам психологиясы және қарттық шақ психологиясы. Бұнда әр жасқа қатысты жастардың 1-ден 2-шіге өтудің заңдылықтары болып табылады.
3.Педагогикалық психология-жас ерекшелік психологиясымен тығыз байланысты. Білім берумен тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттейтін 3 бағытқа бөлінеді : 1) оқыту психология. 2) тәрбиелік психология. 3) ұстаздық психология.
4. Еңбек психологиясы – еңбек әрекетінің психологиялық негіздерін зерттейді. Жеке адамның белгілі бір мамандыққа сәйкес кәсіптік-техникалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру мәселелерін және еңбек ұжымындағы қарым-қатынастың психологиялық негізін зерттейді.
5. Инженерлік психология – адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді.
6. Космостық психология – санасыздық жағдайындағы психикалық көріністерді зерттейді. Ұзақ мерзім жеке қалуда психикалық қызметтің ерекшеліктерін және космонавттардың жүйкелік-моралдық даярлығын қарастырады.
7. Әскерипсихология – адамның соғыс жағдайындағы, ұрыс кезіндегі және жоғары әскери оқу мен тәрбиелеудің психолгиялық мәселелерін зерттейді.
8. Спорт психологиясы – спорттық дағдылар мен шеберлікті қалыптастыру заңдылықтарын зерттейді.
9. Өнер психолгиясы – бұл өнер туындыларын жасауға бағытталған психологиялық компоненттерін қарастырады және адамдардың шығармаларды қабылдау заңдылықтарын ашады.
10. Әлеуметтік психология - әртүрлі топтардың психикалық көріністерін олардың көңіл-күйін , қоғамдық пікірге еліктеуін және сол топтағы адамдар арасындағы өзара қатынастар сипатын зерттейді.
11. Этнопсихология - әлеуметтік психолгия негізінде пайда болған. (ұлттық – деген мағнаны білдіреді)
12. Заң психология – бұл қылмысты , адамның психикалық ерекшеліктерін, қылмыстық коллонияларының тәрбиелік әсерінің тиімділігін зерттейді.
13. Патопсихология - өзгеріске ұшыраған адамның психикасын зерттейді. Патопсихология 3 бөлімге бөлінеді : олигофрено , тифло , сурдо.
14. Салыстырмалы психология – бұл жануарлармен адамның психикалық айырмашылықтарын зерттейді.
№ 2 дәріс
Тақырып: Қазіргі психология ғылымы, құрылысы және зерттеу әдістері.
Дәрістің мазмұны
Қазіргі заман психологиясы және оның мақсат-міндеттері
Психология ғылымының салалары
Психологияның зерттеу әдістері
4. Психологияны зерттеуді ұйымдастыру
Белгісі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерің қадағалауды байқау әдісі деп айтады. Байқау әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-кқ жүргізіледі. Осы әдіс арқалы зерттелінушінің мимикасын/бет құбылысын/, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінезқұлқын, жалпы әрекетін байқауға болады.Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері, темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сөздерін, сөйлемдерін стенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрге талдайды да, тиісті қорытынды шығарады.
Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелінетін объектіні суретке түсіру үшін фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін жазып алып, кейін оны пластинка бойынша қайтадан жаңғырту үшін магнитофон т. б. Пайданылады.
Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қажетті кейбір шарттар:
1. Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайтанылып зерттелінуін қамтамасыз ету;
2. Зерттелетін объектіні айқыт бергілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет. Мысалы, байқау объектісі ретінде сабаққа нашар оқушыны алатын болсак, мақсатымыз оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының кейбір ерекшеліктерін білу;
3. Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру; зерттелінушінің сөз реакцияларын стенографиялап отыру, кейін оған мүқият талдау жасау, басты фактілерді іріктеп алу-осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.
Сан рет жүргізілген байқаудын нәтижесіне байланысты (егер байқауға мектеп оқушысы алынған болса) мұғаліммен бірлесе отырып, оқушының оқу әрекетін одан ары жақсарту үшін нақтылы шаралар бергіленеді.
Мектеп тәжірибесінде байқау әдісі арқылы оқу-тәрбие процесінің әр кезеңдерінде мұғалім оқушылардың сабақ үлгіруі мен тәртібіндегі ерекшеліктерді білуіне, кейін оларды жақсарта түсу жөнінде тиісті шаралар белгілей алуына болады. Бұл әдіс адамдардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуде өте көп қолданыталып әдістердің бірі.
Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері де бар.
Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттей алмайды да, көп уақытын жіберіп алады, екіншіден, байқауды әр уақытта тыңғылықты, ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады. Бұл әр түрлі кездейсоқ объективтік (байқауға алынған оқушының сабаққа келмей қалуы), субъективтік (бақылаудың қиынға соғуы, зерттеушіде бақылағыштық қасиеттің жоқтығы т. б. ) себептердің кездесетіндігіне байланысты. Осы айтылғандарға қарай бұл әдістің ғылыми деректері кейде керімек те болады.
Байқау әдісіне қарағанда психикалық құбылыстарды эксперименттік жолмен зерттеудің біраз артықшылығы бар. И. П. Павлов : «Байқау табиғаттың ұсынғанын жинайды, ал тәжірибе табиғаттан өзінің тилегенін алады»- деп тегін айтпаған.
Эксперимент. Эксперимент жасауда зерттеуші өзіне қажетті психикалық құбылыстардың көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда эксперимент лабораториялық және табиғи болып екіге бөлінеді. Енді бұларға жеке-жеке тоқталып өтейік.
Лабораториялық эксперимент
19 ғасырдың ортасынан бастап, же психикалық процестерді зерттеу үшін эксперимент (тәжірибе) кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В. Вундт (1832-1920) психологияны экперименттік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты (1879). Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін экспериментті пайдаланды. Кейін келе олар секундтың 1/1000 үлестеріне дейін дәл өлшейтін кұралдар ойлап шығарып, кейбір психикалық процестердің пайда болу тездігін өлшеудің жолып тапты. Сексенінші жылдары ес құбылыстарын зерттеу лабораторияда тұңғыш жұргізіле бастайды. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т. б. өлшенілді. Орыс психологы Н. Ланге (1858-1921) эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. Тоқсаныншы жылдарда француз психологы А. Бине (1857-1911) алғашрет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері психологтардың 1 дүние жүзілік конгресінде (Париж, 1889) талқыланды. 20 ғасырдың басында психология ғылымының қарамағында бірнеше ондаған лабораториялар болды. Осындай жақсы жабдықталған психологиялық лабораториялардың бірін 20 ғасырдың басында орыс психологы Г. И. Челпанов (1862-1936) ұйымдастырды. Қазірде Педагогикалық Ғылымдар академиясына қарасты Психология ғылымизерттеу институты (Москва ) жоғарыда аталған лабораторияның негізінде құрылған. Осы күндері институт лабораториялары ең жоғары техникамен жабдықталған үлкен ғылыми-зерттеу мекемесі болып отыр. Киев, Тбилиси қалаларындағы психология институттарында да осындай лабораториялар бар.
Ғылыми психология психикалық құбылыстардың физиологиялық негіздерін ашуды басты мәселенің бірі деп қарайды. Бұл міндетті академик И. П. Павлов ашқан әйгілі шартты рефлекстер әдісі бойынша шешуге болады. Көптеген физиологиялық және психологиялық лабораторияларда И. П. Павловтың шәкірттері бұл әдістің әр түрлі варианттарымен ойдағыдай жұмыс жүргізуде. Мысалы, осы әдіс арқылы проф. Н. И. Красногорский балалардың жоғары дәрежелі нерв қызметінің даму жолдарын, проф. А. Г. Иванов-Смоленский адамдардың бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қызметін зерттеген.
Эксперимент жүргізу үшін арнаулы лабораториялық мекемелер қажет болатынын айттық. Енді оқушыларды кейбір қарайып аспаптардың атымен таныстырайык. Мысалы, психикалық процестердің пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшін-хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін-эстезиометр, зейіннің көлемін анықтау үшін-тахистоскоп, есітуді өлшеу үшін-аудиометр, денедегі бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін-эргографты пайданалады. Бұлардан басқа құрылысы әлдеқайда күрделі кұрал-жабдықтар да толып жатыр.
Лабораторияда жүргізілетін эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайларда байланысты болады:
Байқалатын объекті жөнінде экспериментатордың күн ілгері болжамының (гипотезасының) болуы тиіс;
Тәжірибені түріне лайықты жұмыс жағдайын жасау (жазып отыру, инструкциялар т. б. жазу-сызу кұралдарымен қамтамасыз ету);
Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы методикаға сай жүргізу;
Бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өлкізіп оларға сандық және сапалық жағынан дербес талдау жасау;
Алынған мәліметтерге байланысты негізгі және ішінара қорытындылар шығара отырып, эксперимент жүргізуде ашылған кейбір ғылыми деректерді (егер зерттеу жұмысы мектеп жағдайында жүргізілген болса) оқу-тәрбие процесінің сапасын жақсарту үшін пайдаланса, бұл эксперименттің негізгі мақсатының орынталғаны болып табылады.
Табиғи эксперимент
Эксперименттің екінші бір түрі-табиғи эксперимент деп аталынады. Табиғи экспериментті психологияға тұңғыш енгізген және оны өзінің зерттеулерінде көп пайдаланған көрнекті орыс психологы А. Ф. Лазурский (1874-1917) болды. Бұл әдістің байқау әдісінен айырмашылығы, мұнда эксперимент жүргізуші өзіне керек кұбылысты табиғи жағдайда тудырып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандай болмасын бір әрекет ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса, сол ойын үстіндегі оқушылардың психологиялық ерекшеліктері жазылып, кейін оған мұқият талдау жасалынады. Табиғи эксперименттің кейбір түрлері арқылы (оқыту, констатациялау эксперименттері т. б. ) мұғалімдер оқушылардың кейбір қасиеттерін тәрбиелеуге, жетілдіруге, сабақ үлгіруі мен тәртіптілігін арттыруға мүмкіндік алады.
Бір экспериментте 3-4 класс оқушыларының ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліклің арақатынасын анықтау үшін зерттеуші балаларға оқыған текстеріне ат қоюды, осы текстегі суреттер бойынша әңгіме құрастыруды талап еткен. Эксперимент жүргізуші осы тәсілдер арқылы текстің мазмұнын оқушылардың қысқаша және жалпылай баяндай алуын, суреттер бойынша елестер туғыза алу мүмкіншілігін, сондай ақ нақтылы образдары қайта жаңғырту текстің мазмұнын толық түсінуге қандай әсер ететіндігін байқаған. Осы зерттеуде оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің арақатынасы үнемі өзгеретіндігі, балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған сайын олардың ойлауы тереңдеп, жалпыланып қана қоймай, онтағы образдардың біртіндеп толық және мағыналы бола түсетіндігі де байқалған.
Психологияда бұл айтылғандардан басқа да әдістер бар. Оларды қоласқы әдістер деп атайды.Мәселен, әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас және дараерекшелігіне, білім көлеиіне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар қояды: зерттелінушіге күдік дастырыла, мұнда сөйлесу әдісіне ерекше мән беріледі. Зерттелінушінің берген жауабы жазылып алынып, (алынған мәліметтерді сол бойда жазып отырудың қажеті шамалы) кейіннен мұқиат талданады да, осыған орай тиісті қорытындылар жасалады. Осындай қосалқы әдістердің қатарына адамның іс-әрекетінің нәтижесін талдау (яғни түрлі күнделік, естелік, хаттар, шығарма, мазмұндама, диктант, сын жұмыстары, түрлі формадағы творчестволық жұмыстарды талдау), өмірбаян (яғни зерттелушінің туған күнінен бастап есейген шағына дейінгі даму жолын зерттеу, оның өмірбаян, естелік, мінездемелерін талдау), анкета (жазбаша) әдістері жатады. Мәселен, анкеттік әдіс арқылы кісі күні бұрын бланкіге жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша жауап қайырады. Осы әдіспен әр түрлі топтың, коллективтің психологиялық өзгешеліктері (талап-тілегі, мүддесі, талғамы, қызығуы т.б.) зерттелінеді. Егер мұғалім шәкірттерінің қандай кітапты ерекше құмартып оқитындығын, олардың сүйікті жазушылары мен артистері кімдер екендігін және осы әдісті пайдалануына болады. Анкеттегі сұрақтар шұбалаңқы келмей, ықшам, зерттелушілерге түсінікті тұжырымдалып, жалпы саны 5-8 ден аспауы тиіс. Алынған материалдың нәтижесі статистикалық (сандық) талдаудан өткізіледі де, қорытындысы ондағы үлкен цифрларға қарай жасалынады.
Әлеуметтік психологияда жиі қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі-интервью. Мұнда зерттеуші (интервьюер) сыналушымен (респондент) әңгімелеседі, жол-жөнекейоның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, өңілтипатына зер салып отырады, зерттеуді белгілі сұрақтың айналасында, арнаулы жоспар бойынша жүргізеді. Интервьюер сыналушының ниетін қас-қабпғынан біле алатын әдісқой да тәсілқой, қырағы әрі білікті кісі болуы қажет. Мұнда анкета арқылы анықталуы қиын ұсақ-түйек детальдарды, мәселенің түрлі қалтарыстары мен түп-төркінін аша түсуге мүмкіндік туады. Осы жерде зерттеушінің әңгімесіне ықыластанған адам кейде жаңсақ, екі ұшты мәліметтер беруі де ықтимал екендігін ескерген мақұл. Зерттеудің нақтылы талап-тілегіне орай интервью бірнеше салаға бөлінеді. Ол жеке адамдармен де, сондай-ақ әр түрлі топтармен де жүргізіледі. Мұның стандарттық, сондай-ақ алдын ала жасалған программа бойынша ауқымды тақырыптың төңірегіне құрылған түрлері де бар.
№3 дәріс
Тақырып: Психологияның даму тарихы туралы мәліметтер.
Достарыңызбен бөлісу: |