Пәннің оқу әдістемелік кешені (ПОӘК) 2003ж Алматы қ. Абай атындағы амудің «психология және әлеуметтік психология» кафедрасы дайындаған «Психология» типтік бағдарламасы негізінде құрастырылды



бет22/25
Дата28.01.2018
өлшемі1,62 Mb.
#34375
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Дәрістің мазмұны :


1. Мотивация туралы түсінік

2. А.Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы

3. Мак-Клелланд теориясы

Адамды әрекетке келтіруші күш – қажетсіну.

Психологияда мотив түсінігіне келесідей анықтама беріледі: мотив – бұл адам санасында қаланып, оны белгілі-бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін әрекетке итермелеуші себеп күш. Ал кең мәнінде мотив - шындыққа сай заңдылық ретінде ықпал жасап, объектив қажеттілік түрінде көрінетін болмыс. Ал мотивтік әрекет қылық пен іс-әрекетті психикалық реттеудің ерекше түрі (Р.Г.Агеева). Қорыта айтқанда адамның әрқандай әрекеті оның мотивтік себеп күштеріне байланысты. Адамның қалаған іс-әрекетінің негізінде оны іс-әрекетке ынталандырушы мотив жатыр. Мотив құрамы іс-әрекеттің бір бөлігі емес, жеке адамның мотивтік қажетсіну аймағы деп аталатын күрделі жүйенің ажыратылмас бірлігі. Мотивтік – қажетсіну аймағы жеке адамның өмір бойы қалыптасып, дамып барушы барша түрткілерінің жиынтығы аңдатады. Тұтастай бұл аймақ қозғалмалы, өмірлік жағдайларға байланысты түрленіп, дамуда болады. Солай да болса, кей мотивтер біршама тұрақты, басымдау келіп, адам өмірінің бағыт бағдар өзегіне айналады.

«Мотивация» терминімен психологияда кемінде екі психикалық құбылысты белгілеуге болады: 1) индивидтің белсенділігін тудыратын, мінез-құлық басқаратын түрткілердің жиынтығы; 2) мінез-құлық белсенділігін белгілі бір деңгейде ұстап тұратын және стимулдайтын мотивтердің пайда болу және қалыптасу процесі.

Мотив- бұл адамның қажеттіліктер жүйесі мен пайда болған,әрекет жасауға түрткі.Адамның мінез-құлық мотиві мен мінез-құлық мақсаты сәйкес келмеуі мүмкін: бір мақсатты бірнеше мотиві басшылыққа ала отырып, алға қоюға болады. Мақсат адамның не үшін ұмтылатынын, ал мотив- неге ұмтылатынын көрсетеді.

Мотивтің ішкі күрделі құрылымы бар:1) қандай да бір қажеттілік, мұқтаждық пайда болып, эмоционалды мазасыздықпен бірге жүрсе, қанағаттанбаушылықтан мотив пайда болады.2) мотиві саналау баспалы:алдымен эмоционалдық көңілсіздіктің себебі анықтала-ды қандай әрекеттер көмегімен тілегенге жетуге болады.3) шын қылықтар мотивтердің энергетикалық компоненті жүзеге асады.

Санасыз мотивтерге: құмарлық, гипноздық сендіру,құрылым, фрустрациялық көңіл-күй.

Құмарлық- анық саналанбаған қажеттілік, адам оны не құмартатынын, оның мақсатын түсінбейді.Құмарлық- бұл адам мінез- құлқының мотивтерінің қалыптасу этапы.

Гипноздық сендіру- ұзақ уақыт бойы санасыз қалады, бірақ та жасанды сипатта болады. Құрылымдар мен фрустрациялар табиғи жолмен пайда болады, көптеген ситуацияларда адамның мінез- құлқын анықтайды.

Тұлғаның тәрбиесі мен өзін-өзі тәрбиелеу әрбір тітіркендіргішке жауап беруге дайындығының қалыптасуына әкеледі, яғни адам және қоғам үшін пайдалы құрылымдар-дың қалыптасуына әкеледі.Құрылымдар жағымды не жағымсыз болуы мүмкін, жағымды не жағымсыз болуы адамға не құбылысқа қалай қарайтынына байланысты.Бұндай кері бекіген көзқарастар ( « барлық адамдар- эгоистер, барлық мұғалімдер- формалистер, барлық сатушылар- өтірікшілер») адамдардың мінез- құлықтарының объективті түсінуге қарсы тұрады.



Мотивацияны қалыптастыруға ұсыныстар.

1) индивидтің белсенділігін турыратын, мінез- құлқын басқаратын түрткілердің жиынтығы;

2)мінез- құлық белсенділігін белгілі бір деңгейде ұстап тұратын және стимулдайтын мотивтердің пайда болу және қалыптасу процесі.

Мотив- бұл адамның қажеттіліктер жүйесі мен пайда болған, әрекет жасауға түрткі.адамның мінез- құлық мотиві мен мінез- құлық мақсаты сәйкес келмеуі мүмкін: бір мақсатты бірнеше мотивті басшылыққа ала отырып, алға қоюға болады.Мақсат адамның не үшін ұмтылатынын, ал мотив- неге ұмтылатынын көрсетеді.

Мотивтің ішкі күрделі құрылымы бар: 1) қандай да бір қажеттілік, мұқтаждық пайда болып, эмоционалды мазасыздықпен бірге жүрсе, қанағаттанбаушылықтан мотив пайда болады.2) мотивті саналау баспалы: алдымен эмоционалдық көнілсіздіктің себебі анықталады, қандай әрекеттер көмегімен тілегенге жетуге болады.3) шын қылықтар мотивтердің энергетикалық компоненті жүзеге асады.

Конфликтпен стрессті жеңу жолдары.

Конфликт мәнін төмендету тәсілдерін бөліп көрсетуге болады.

Бірінші тәсіл, « оның есесіне (« зато») сөзімен сипаттауға болады.Оның мәні- сәтсіздіктен жағымды,пайда таба білу.

Екінші тәсіл- өзіңізге одан да нашар болатындығын дәлелдеу.Өз сәтсіздігін басқа адам сәтсіздіктерімен салыстыру- « басқаларда одан да нашар жағдай». Мұндай тәсіл сәтсіздікті жәй қабылдап, мойындауға көмектеседі.

Тыныштанудың ең жақсы тәсілі- бұл ең жақын адаммен араласу, яғни қозу ошағын сөндіріп, көңілдегіні ашып айту.

Эмоционалдық көңіл күй жағымды болу үшін:

1. оқиғаның мәнін дұрыс бағалау;

2. дәл сол оқиға, сұрақ бойынша ақпарат болуы;

3. сол сәтсіздікке алдын ала дайындық- бұл қорқынышты азайтады;

Адам күшті қозу жағдайында болғанда оны тыныштандырудан гөрі, көңілдегіні айтуға көмектесесу керек: мұндай әңгімелесуден кейін адамның қозуы төмендейді, осыдан кейін ғана оған түсіндіріп, бағыт беруге болады.

Психикалық кұштенуден арылудан маңызды тәсіл- бұл әзіл сезімін белсендендіру.Күлкі мазасыздықты жоюға көмектеседі, оның бұлшық еті күштенуден арылып, жүрек соғысы қалыпқа келеді.

Аффилиация және агрессия түсініктері.

Аффилиация- адамның қарым- қатынасты қажетсінуі, басқа адамдардың ортасында болуға ұмтылу, қоршаған орта адамдарына көмек көрсету.Мұндай байланыстың өзі құнды болып есептелінеді.

Агрессия- жаушылық сезмі, басқа адамдарға негативті қарым- қатынастың болуынан, зорлық әрекеттерге ұмтылуынан көрінетін адамның сапасы.

29 дәріс



Тақырып: Қабілет

Дәрістің мазмұны :


1. Қабілет туралы түсінік.

2. Жалпы жәнеарнайы қабілеттер.

3. Адамның жалпы қабілеттерінің диагностикасы.

Қабілет туралы түсінік. Қабілет іс-әрекетінің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттердің дамып, қалыптасуы әртүрлі деңгейде жүріп отырады. Мысалы: оның алғашқы деңгейін (адамның бәріне ортақ оқи, жаза, есептей алу) репродуктивтік (жалпы қабілет) екінші деңгейін шығармашылық (арнаулы қабілет) қабілеті дейді. Қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін адамда тиісті білім жүйесі, икемділік пен дағды болуы қажет.

Бірінші деңгейде адам білім игеруге, іс - әрекетті қажетті дәрежеде жүзеге асыруда икемсіздік көрсетсе, екінші деңгейде, жаңа бейне жасай алу мүмкіндігін айтады. Қабілеттердің дамуында нышандар белгілі орын алады. Нышан қабілетінің бастапқы табиғи негізі ретінде берілетін жүйке саласының ерекшелігі.

Қабілеттің қандай түрі болмасын еңбектен туындайды. Қабілет адамның жан қуаттарының түрлі жақтарымен (ойлау, күшті ерік-жігер, тұрақты мінез, қажыр – қайрат, алғыр қиял т.б) тығыз байланысты. Қабілеттілікке жақын тұрған ұғым – бейімділік. Ол қабілеттің алғашқы белгісі.

Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандық қасиеттері жатады.

Дарындылық – адамның белгілі бір іске айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандайда бір саласында өзін ерекше көрсетуі.

Қабілеттің жоғары деңгейінде дамуы талант деп аталады. Талант адамның нақты ісіне нәтижелі орындауындағы қабілетінің біршама қасиеттерінің өзара байланысы. Адам қабілетіндегі дарындылық тек талант одан әрі дамып, данышпандық қасиет тудырады. Бұл адамның ақыл ойымен іс әрекетінің ең жоғарғы дәрежеге көтерілуі.



Интеллект.

Адамның ақыл-ой қабілеті, ерекшеліктері негізгі құрылымы ойлаудың (анализіне) анализдік қызметі.



Интеллект дегеніміз адамның барлық мәселелерді шешу барысындағы ақыл-ой қабілеті.

Интеллектуальді белсенділік күнделікті өмір жағдайына адамның бейімделу тәсілі.

Интеллект желілерінің бірнеше комбинациялық бірлігі бар, шамамен 120 вариант, олардың ішінде көп кездесетінін мысалға келтірсек:


  • Нақты практикалық интеллект (күнделікті өмірде)

  • Абстрактылы интеллект (сөздер, символдар, терминдер, т.б. сүйену арқылы)

  • Потенцияльды интеллект (туғаннан адамның ойлау әрекетіне қабілеттілігі)

  • Жүре пайда болған интеллект (приобретенн. интеллект) күнделікті өмірде білім, дағды, іскерлік негізінде қалыптасады.

Интеллект дамуы.

Интелект дамуы басқада психикалық процесстер сияқты негізгі екі формаға байланысты дамиды.



  1. тұқым қуалаушылық;

  2. айнала қоршаған ортаның әсері.

Интеллектіні бағалау. Адамның интеллектуалдық даму деңгейін сандық, сапалық жағынан зерттеу барысында көбіне интеллектуалдық коэффицент бойынша көрсетіледі. Оның таңбасы I.Q. Идивидтің интеллектуальдық мүмкіндігінің орташа көрсеткіші оның жас ерекшелігі мен кәсіптік іс-әрекетіне байланысты. Орташа көрсеткіш 100 балл, ең төменгі 0 балл, ең жоғарғы 200-ге таман.

Барлық адамға тән стандартты көрсеткіш 84-100 балл және 100-116 балл болуы мүмкін. 34%-68%.

Қалыпты деңгейдегі интеллект дамумен қатар ақыл-есі нашар кеміс адамдар болады. Туғаннан ми кемістігі бар, ақыл-ойы жетіспейтін адамдарды олигрофендер деп атайды. Олардың психикалық даму деңгейі төмен, ойлауы, сөйлеуі, есте сақтауы, т.б. психикалық дамуы төменгі деңгейде.

Олардың интеллектуальдық көрсеткіші халықаралық стандартқа байланысты былай қаралады. IQ<50-70 аз ғана ақыл – ой кемістігі. IQ<50 орташа деңгейде . IQ<35 – анық байқалуы.

Ең қиын формасы ақыл – ой кемістігінің идиотикалық жағдай. IQ=20, сөйлеу, ойлау мүлдем дамымаған тек қана эмоциональдық реакция байқалады. Оның орташа түрі (IQ=20-50). Ақыл-ой кемістігінің жеңіл түрі (легкая форма) дебильдік жағдай IQ< 75%.

30 дәріс



Тақырып: Дарындылық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет