ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «психология» ПӘні бойынша



бет4/8
Дата31.01.2018
өлшемі1,73 Mb.
#36383
1   2   3   4   5   6   7   8

Негізгі ұғымдар: зейін, зейін физиологиясы, ырықты зейін, ырықсыз зейін, үйреншікті зейін, зейіннің таңдамалылығы, зейін бөлінушілігі, зейін көлемі, зейін аударылуы, зейін тұратылығы.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

      1. Зейін қасиеттеріне мысал?

      2. Зейіннің басқа танымдық процестермен байланысы?

      3. Зейіннің физиологиясын зерттеген ғалым?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987

  2. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.

  3. Т1.(Общие основы психологий) – М.,2003

  4. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПБ., 1999

  5. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. - А., 2005

  6. Қ. Жарықбаев. Жантану негіздері. – А. 2000

  7. Веннер Л.Н. Психические процессы. В 3-х томах. Т. 1 ЛГУ 1974

  8. Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998

9-тақырып. Жеке тұлға туралы түсінік

  1. Психологиядағы жеке тұлға түсінігі.

  2. Индивид, жеке тұлға, даралық ұғымдарындағы көлемдік және мазмұндық айырмашылықтар.

  3. Жеке тұлғаның құрылымы.

  4. Жеке тұлғаның онтогенезде дамуы.

“Жеке тұлға” термині бірнеше түрлі мағынаға ие. Оны зерттеумен психологияның түрлі аспектілерін құрайтын ерекше бөлім айналысады, ол – персонология (ағылшын тілі, “personaliti”, латын тілі “persona” – жеке тұлға, даралық ұғымдарын білдіреді.. Персонология (жеке тұлға психологиясы.– адамның даралық ерекшеліктерін түрлі зерттеу тәсілдері арқылы түсіндіруге тырысатын пән болып табылады.

Психологияның ғылым саасы ретінде пайда болуының түпкі себебі – адамзаттың өз тұлғасына деген ерекше қызығушылық, танып білуге деген сұраныс. Бүгінгі жеке тұлға психологиясының негізгі мақсаты адамның өзін-өзі ұстау ерекшелігін ғылыми тұрғыдан түсіндіру. Сондықтан жеке тұлға психологиясының тарихында көптеген концепциялар жасақталынған, бірақ әрине олардың ішінде эмпирикалық тексеруге жарамды нақты және неғұрлым қарапайым тұжырымдамалар ғана жұмыс істеуге жарамды.

Адам баласын біз қашан жеке тұлға деп айта аламыз. Адам баласы табиғаттың ерекше кемелденіп жетілген өнімі. Ол – белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандайда бір іспен шұғылданады, оның өз тәжірибесі , білімі, түйген ойы мен көзқарасы, өзіне ғана тән өзіндік ерекшеліктері болады. Ендеше, жеке тұлға - түрлі психологиялық ерекшеліктері әлеуметтік ортамен шарттас, тұрақты, адамның өзіне де, өзгелер үшін маңызды де болып табылатын адамгершілік әрекеттерін анықтайтын қасиеттер жиынтығының иегері болып табылады. Яғни бұл өте күрделі компоненттер жиынтығы. Сондықтан бұлар адамның жекелігін, басқаларды қайталамайтындығын дәлелдейді.

Жеке тұлға – дүние таным қабілеті бар, сыртқы ортаның неше түрлі әсерлерін бастан кешіріп, оларға төзімділік көрсете алатын, табиғатты өзгертуге ықпал ете алатын жан. (С.Бап-баба..

Адам мәселесіне келгенде психологияда келесі ұғымдар қатар жүреді: “адам”, “жеке тұлға”, “индивид”, “даралық”. “Адам” ұғымына адамдарға тән барлық қасиеттер жиынтығы жатады, ал “индивид” – биологиялық организм, тұлғалық қасиеттермен қоса тек қана оған ғана тән психологиялық және биологиялық қасиеттерімен анықталады. Яғни, “индивид” ұғымына адамды екінші адамнан бөліп тұратын қасиеттер мен оған және басқаларға да қасиеттер кіреді. (бөлек етеді.. “Даралық” ұғымы тек бір ғана адамға тән индивидтік және тұлғалық қасиеттерді меңзейді. (бір адамды екінші адамнан ерекшелендіреді.. “Даралық” – басқа ұқсамайтын рухани және физикалық қасиеттермен сипатталады: түрлі тәжірибе, білім, көзқарас, ал мотивация, темперамент, қабілет, мінез – даралалықтың негізгі параметрлері.

Негізінен біз бұл ұғымды абстрактілі деп те айта аламыз.Өйткені “жеке тұлға”ұғымы зерттеу объектісі бола отырып, оның концепцуалдық мағынасы көпқырлы. Сондықтан , жеке тұлғаның психологиялық құрылымы төрт түрлі жағынан қарастырылады:


  1. Жеке тұлғаның әлеуметтік өміріне қатысты ерекшеліктері: қызығу, ұмтылу, мұрат, дүниетанымдық көзқарас, наным-сенім және адамгершілік қасиеттерін білдіретін сипаттамалар.

  2. Адамның білімдарлылығы, дағдылары, бейімділігі. Мұндай сипаттар адамның даралық қасиеттерін, өзіндік даму деңгейін, тәлім-тәрбие негізінде қалыптасқан тәжірибесін көрсетеді.

  3. Жеке тұлғаның дара психикалық процестерінің тиянақтылығы мен өзіндік ерекшеліктері. Ондай қасиеттерге зейін мен ойлау, қабылдау мен ес, сезім күйлері мен ерік, адам психикасының басқа да құбылмалы өзгерістері жатады.

  4. Жеке тұлғаның биологиялық тума қасиеттері – нышан, жоғары жүйке қызметі. Бұлар адамның темпераменті мен жас ерекшеліктеріне, жыныстық белгісіне сәйкес көрніс береді.


Онтогенез – жеке ағзаның даму процесі (процесс развития индивидуального организма.. Психологияда онтогенез индивид психикасының негізгі құрылымдарының балалық кезеңде қалыптасуын қарастырады.

Даму дегеніміз - өзгеру. Яғни, анатомиялық, физиологиялық, әлеуметтік, рухани аспектілердің бір қарқынмен сандық және сапалық жағынан өзгеруі. Даму тек қана прогресс емес, ол – тұйықталу немесе регресс те болуы мүмкін.

Даму мәселелерімен салыстыру психологиясы, генетикалық психология, психогенетика, даму психологиясы және жас ерекшелігі психологиясы айналысады.

Дамудың көріну формалары: филогенез, онтогенез.

Даму сфералары: 1. психофизикалық – дене күшінің өзгеруі (индивид.;

2. Психоәлеуметтік сфера (жеке тұлға.;

3. когнитивтік сфера (іс-әрекет субъектісі..

Психикалық дамудың факторлары: 1. тұқым қуалаушылық;

2. орта;


3. белсенділік.

Тұқым қуалаушылық жеке қасиеттерде дамудың шарты ретінде роль атқарады. Генотип – ағзаның генетикалық конституциясы немесе барлық гендер жиынтығы. Фенотип – сыртқы ортаның әсері барысында онтогенезде дамитын барлық белгілер жиынтығы.

Фенотип = генотип + орта

Генотиптік факторға байланысты эволюцияда екі тенденция бар: типизация және индивидуализация.

Даму принциптері:


  • даму жүйесінің көзі ретіндегі тепе-теңдік еместің тұрақты динамикалық рпинципі;

  • даму жүйесінің шарты ретінде сақталу және өзгеру тенденцияларының өзара әсер ету принципі;

  • даму құрылымының критериі ретіндегі дифференциация және интеграция принципі;

  • даму функциясының критериі ретіндегі бүтіндік принципі.

Жеке тұлғаның онтогенезде қалыптасуы және даму туралы нақты ортақ теория жоқ. Дегенмен жеке тұлғаның тума құбылыс емес, жүре қалыптасатындығы ортақ тұжырым мен сәйкес дәлелдемелер бар. (Жеке тұлға компоненттеріне қысқаша талдау жасау). Жеке тұлға биологиялық тұқым қуалаушылық қасиеттер мен әлеуметтік шартты қасиеттердің қосындысының негізінде қалыптасатындықтан қалыптасу және даму жөніндегі алшақтықтар қалыптасу және дамудың негізгі қозғаушы күштерін анықтауда байқалады.Олар: жеке тұлғаның онтогенезде қалыптасуы және дамуының заңдылықтары, оған әсер ететін әлеуметтік топтардың маңызы, даму этаптары, тұлға дамуының қалыптасу және дамуындағы дағдарыстар, олардың ерекшеліктері, даму процесін түзету немесе тездету мүмкіндіктері және т.б.

Осы мәселелерге байланысты жеке тұлғаның онтогенезде қалыптасуы және даму стадиялары сатылары туралы жоғарыда аталынған түрлі теоретиктер өз ұстаным бағыттарын ұсынады. Әрбір теория өзіндік сенімді дәлелдемелері бар, соның ішінде барлық теориялар мен концепциялар позицияларын пайдалана отырып, дамудың интегративтік концепциясын жасаған американ психологы Э.Эриксонның эпигенетикалық теориясын атауға болады. Бұнда жеке тұлғаның туғаннан соңғы күндеріне дейінгі дамуының генетикалық алғышарттылық 8 кезеңдерін көрсетеді. Бұл кезеңдерді адам өміріндегі міндетті түрде болатын психологиялық дағдарыстардың (қарама-қарсылықтар: қалыпты және қалыптан тыс шекаралар. негізінде түсіндіреді.

Жас ерекшелік кезеңдері мен стадиялары көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл - әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әлі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының ерекшеліктері де енеді.

Сонымен, жас шағы адамға оның дамуының сол кезеңде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айналасындағылармен қарым-қатынас ерекшеліктері деңгейімен , білім мен ойлау дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.


Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, индивид, жеке, даралық, онтогенез, даму, эволюция, филогенез, тәрбие, қоршаған орта, тәрбие, биологиялық фактор.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

        1. Жеке тұлға деген кім?

        2. Индивид және жеке тұлға ұғымдарының мазмұндық айырмашылығы неде?

        3. Жеке тұлғаға айналу процесіне әсер етуші факторлар?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987

  2. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.

  3. Т1.(Общие основы психологий) – М.,2003

  4. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПБ., 1999

  5. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. - А., 2005

  6. Қ. Жарықбаев. Жантану негіздері. – А. 2000

  7. Веннер Л.Н. Психические процессы. В 3-х томах. Т. 1 ЛГУ 1974

  8. Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998



10-тақырып. Эмоция және сезім.

  1. Эмоция және сезімдер туралы түсініктер.

  2. Олардың түрлері мен адам өміріндегі ролі.

  3. Негізгі функциялары.

Адам қоршаған ортаны танып қана қоймайды, оған өзінің қатынасын білдіреді, адам баласы бір нәрсені ұнатуы немесе ұнатпауы мүмкін. Адам өз қажетіне қарай айналасына әр түрлі көңіл күй білдіреді.

Көңіл-күйдің қатты әсерленуі психологияда эмоция ұғымымен түсіндіріледі. “Эмоция” – тітіркену, толқыу деген мағынаны білдіреді. Эмоция – адамдар мен жануарлар дүниесінде бірдей көрніс береді.

Эмоция психологиялық кейіптің ерекше к-рнісі, ол адамның қоршаған ортаға деген қатынасы, жағымды және жағымсыз түйсіктер мен белгілі жағдайға тікелей әсерлену формасында көрніс береді. Эмоциялар класына сезім, көңіл-күй, аффектілер, стресс және құмарлықтар жатады. Және бұлар адамның барлық психикалық поцестері мен кейіпімен жалғасады. Бұлардың кез-келген белсенділігі эмоционалдық әсерленумен жүзеге асырылады. Эмоция адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейді, оның жүзеге асырылуын жеңілдетеді. Біз адамның көңіл-күйін, оның қуаныш, ыза, қайғы, қорқыныш, таңдану, жиіркену немесе сүйсіну сияқты психикалық кейіпін сөзсіз түсіне аламыз, эмоцияның көмегімен бірлескен нақты іс-әрекет түрлерін жүзеге асыра аламыз. Бұндай фактілер негізгі эмоциялардың тіршілік иелерінің бір-бірін түсіну қабілеттерімен генотиптік тұрғыдан шарттас екендігін дәлелдейді. Психикалық жоғары дамыған жануарлар мен адамдар арасындағы бет әлпетінің көрінісі арқылы өзара бірін-бірі қабылдап, бір-бірінің эмоциолналдық кейіптерін бағалауға қабілетті екендігі белгілі. Сонымен, эмоциялардың негізгі атқаратын қызметтері:


  • Бейнелеу қызметі;

  • Ниеттендіру немесе ынталандыру қызметі;

  • Қолдаушы Қызметі;

  • Бейімделу Қызметі (Ч. Дарвин теориясы б/ша.;

  • Коммуникативтік қызметі;

  • Ықпал жасау қызметі.

Эмоционалды сферада адамдар арасында индивидуалды айырмашылықтар анық көрінеді. Тұлғаның барлық ерекшеліктері: оның мінезі және интеллект дамуы, қызығушылығы мен басқаларға қарым – қатынасы эмоция және сезім шеңберінде көрініс табады.

Тұлғаның эмоционалды ерекшеліктері: 1. жылдам немесе баяу қозғыш, 2. қысқа немесе ұзақ мерзімді эмоционалды тұрақты, 3. сезімнің тереңділігін, 4. күштілігін қарастыруға балады. Мұның барлығы темпераментке де байланысты болып келеді.

Адам практикалық және теориялық іс - әеректтің субъектісі, яғни сезімсіз автоматтар немесе машиналар сияқты емес, мақсаттар бойынша дүниені өзгерте алады, ол және әрекет ету арқылы тек қажеттіліктерді қанағаттандырып қоймайды, өзгерістер тудырады, ең негізгісі болып ол адамдармен қарым – қатынасқа түседі, түсе отырып олардың жауаптарын сезеді, көреді, осыған қобалжу туады. Адам сезімі – қоршаған ортаға деген қарым – қатынас, осының барлығы қобалжуға әкеледі.

Қобалжу – объект мазмұнын немесе сыртқы көрінісін түсіну болып келеді.

Эмоция – психологиялық кейіптің ерекше көрнісі, ол адамның қоршаған ортаға қатынасы жағымды – жағымсыз түйсіктер арқылы белгілі жағдайларға белгілі формада көріну. Егер индивиттік тек биологиялық ағза деп алсақ, онда оның эмоция көрсеткіші органикалық қажеттіліктердің орындалу және орындалмауына байланысты болушы еді. Эмоциясыз өмір түйсіксіз өмір. Әр адам жеке тұлға ретінде әртүрлі эмоциялардың параметрлері бар: эмоционалдық қозғыш ұзақ немесе қысқа үстем болуына байланысты.

Негізгі ұғымдар: эмоция, сезім, аффект, қобалжу, көңіл-күй, әрекет-қылықты реттеу қызметі, қозу, тежелу, бейнелеу қызметі, ниеттендіру немесе ынталандыру қызметі, қолдаушы қызметі, бейімделу қызметі, коммуникативтік қызметі, ықпал жасау қызметі.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


              1. Эмоция деген не, оның адам өміріндегі маңызы?

              2. Эмоцияның қызметтері?

              3. Сезімнің эмоциямен байланысы?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987

  2. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.

  3. Т1.(Общие основы психологий) – М.,2003

  4. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПБ., 1999

  5. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. - А., 2005

  6. Қ. Жарықбаев. Жантану негіздері. – А. 2000

  7. Веннер Л.Н. Психические процессы. В 3-х томах. Т. 1 ЛГУ 1974

  8. Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998


11-тақырып. Мотив және мотивация

  1. Мотив және мотивация

  2. Мотивацияның психологиялық теориялар

  3. Мотивация және іс-әрекет.

  4. Мотивация және жеке тұлға.

Мотив дегеніміз – адамның түрлі дәрежедегі саналы және астарсанадағы қажеттіліктер жүйесінен туындайтын, белгілі әрекет-қылық актісін орындауға бағытталған итермелеуші күш (түрткі..

Мотивация туралы ұғым әрекет-қылықты сипаттауда емес, оның себебін түсіндіруде анықталады. Бұл “неге?”, “неліктен?”, “не үшін?” деген сұрақтарға жауап іздеуде анықталады.

Мотивация терминімен қазіргі психологияда екі психикалық құбылысты белгілеуге болады:



  • индивидтің белсенділігін тудыратын, олардың сиптын анықтайтын қозғаушы күштердің жиынтығы;

  • әрекет-қылық деңгейін белгілі деңгейде ұстап тұратын процесс.

Сондқтан, әрекет-қылықтың ішкі және сыртқы детерминацияларының аналогы ретінде диспозициялы және ситуациялы мотивациялар қарастырылады. Мотивациялардың бұл формалары өзара тығыз байланыста.

Мотивация әрекеттің мақсатты бағыттылығын түсіндіреді, біртұтас іс-әрекеттің белгілі мақсатқа бағытталған тұрақтылығы мен ұйымдастырылу деңгейімен анықталады.

Мотив мотивацияға қарағанда белгілі әрекетке итермелейтін тұлғаның өзіндік жеке тұрақты қасиеті болып табылады. Сонымен қатар, мотивті көптеген диспозияларды біріктіретін жалпы ұғым ретінде қарастыруға болады. Олар: қажеттіліктер, қызығушылық, мақсат, тілек, олардың икемділігі, көлемі және т.б. Диспозициялардың ішінде неғұрлым маңызды болып қажеттілік табылады.

Адамның әрекет-қылығыда өзара тығыз байланысты қозғаушы және реттеуші жақтар бар. Адамның кез-келген әрекетінің түбінде оны бағыттаушы, жандандырушы нақты тілек-мақсат (қажеттілік. жатыр.

Қажеттілік – қалыпты физикалық және психикалық жағдайды қамтамасыз етуге деген ұмтылыс. Қажеттіліктің негізінде тірі табиғат өлі табиғаттан ажыратылады. Қажеттілік тірі организмді белсенділікке итермелейді. Қажеттіліктерді бастапқы (тума, биологиялық. қажеттіліктер (қорекке, ұйқыға қорғаныс, ата-аналық, сексуалдық. және мәдени, жүре пайда болған (материалды, рухани. қажеттіліктер деп топтастыруға болады.

Қажеттілік – адамның саналы түрде мұқтаждану құбылысы. Ал саналы қажетсінуді – тілек дейміз. Адам қажеттіліктерінің негізі ерекшеліктері олардың күші, олардың пайда болу жиілігі және оларды қанағаттандыру тәсілдерімен анықталады. Адамның қажеттілігін анықтайтын диспозициялар (мотивтер. кезегі келесідей: органикалық – материалдық - әлеуметтік – рухани.

Адам өміріндегі кездесетін проблемалардың бірі – тілектің қанағаттанбауы немесе айналысатын іс-әрекетіне деген қызығушылықтың жоқтығы. Көп жағдайда тілектің орындалмауының басты себебі – тілектің шындыққа жанаспауы.

Мотивация теориялары ежелгі философтар еңбегінде көрніс тапқан. Ал мотивацияның қазіргі теориялары психологиялық білімдердің пайда болуымен қатар дами бастады. Белгілі маман, американ психологы Д.Аткинсонның схемасы бойынша мотивация теорияларының классификациясын түсіндіруге болады. Адам баласы рационалды, ерік тәуелсіздігі бар саналы тіршілік иесі ретінде және жануарлар биолгиялық заңдылықтарға тәуелді санасыз организм ретінде ежелгі бағыттардың негізінде ХІХ ғасырдың ортасында негізгі идеалистікбағыт, Ч.Дарвиннің эволюцианистік теорисы, материалистік бағыт қалыптасты. ХХ ғасырдың басында мотивациялардың жаңа теориялары дүниеге келді: гештальт теория, адам қажеттіліктер (биологиялық. теориясы, инстинктер теориясы, әрекет-қылықтық теория, жоғары жүйке жүйесі теориясы, жануарлардың органикалық қажетіліктері теориялары. ХХ ғасырдың ортасында когнитивті теория, гуманистік теория(А.Маслоу, Г.Олпорт, К.Роджерс және т.б.., әлеуметтік қажеттіліктер теориясы, сонымен қатар адам және жануарлардың мотивациялық сферасының әрекеттік шығу тегі теориясы қалыптасты. Бұл терияларды өздерінің еңбектерінде Д.Макклелланд, Д.Аткинсон, Г.Хекхаузен, Г.Келли, Ю.Роттер, А.Н.Леонтьев(адамның мотивациялық сферасының әрекеттік шығу тегі теориясы. жалғастырды.



Мысалы, А.Маслоу мотивтердің негізін бірінен бірі деңгейі бойынша жоғарылай түскен (пирамида. кджетсінулер тобы деп біледі, олар биологиялық қажетсіну, қорғаныс қажетсінуі, сыйластық, абырой кажеттігі мен ең жоғары қажетсінулер: өз мүмкіндіктерін ашып, оларды жүзеге асыра алу (самоактуализация.. Бірақ А.Маслоу талдауындағы дара адам әлеуметтік қатынастар жүйесінен тыс, қоғаммен байланысы жоқ. Оқшауланған түлға. Қоғам, ғалым пікірінше, дара адам дамушы мекен, қоршаған орта ғана.

Б.Ф.Ломов, басқа да орыс психологтарының пай-ымдаулары нақты, әрекетшең дара адамның қоғамдық қатынастар жүйесіне қосылып, сол жүйенің оның санасында бейнелеуіне негізделеді. Б.Ф.Ломов мотивтік қажетсіну аймағы мәнін (қүрамы, құрылымы, қозғалысы) және сол аймақтың дамуын түсіну үшін жеке адамның басқа түлғалармен ара байланыс, қатынастарын қарастыруды қажет деп санайды. Адамның мотивтік аймағының басқа факторлардан тәуелділігін зерттеуде сол тәуелділіктің тікелей ғана емес, жанама байланысты болатынын, көп өлшемді және сипатты екенін ұмытпау лазым. Дара адам өз даму барысында басқа қоғам мүшелерімен болған тікелей байланыс шеңберінен шығу мүмкіндігіне ие, осыдан оның қажетсіну аймағы қоғамдық өмірдің күшті ықпалымен өрістей бастайды (саяси пікір, саясат, этика және т.б.). Адамның қажетсіну талаптары қоғамдық қүры-лымдардың әсерімен де дамиды. Мүндай қүрылымдлардың ең қарапайым түрі – нақты түлға мүшесі болған адамдар қауымдастығы. Адам қажетсінуі көп жағдайда осы қауымның жетегінде болады. Ал нақты адам бір қауымдастық шеңберінде қалып қоймайды, өмір бойы қауымдастықтар тобы сан қилы ауысып не өзгерістерге келіп отыра-ды. Осыдан адамның мотив-қажеттіктері оның ішкі жан-дүниелік әрекеттерінің нәтижесі ғана емес, ол әртүрлі адамдар бірлестігімен байланысты дамып баратын жүйе. Сонымен, бар деңгейдегі қажетсінулерден өзгесіне көшу-адамның өзіндік даму заңдылықтарынан болмай, оның басқа адамдармен байланыс, қатынастыранан, түтастай қо-ғамға араласуынан болатын процесс екенін үмытпау керек.

Мотивацияның мазмұны адамның әрект-қылығы, атқаратын іс-әрекетінен көрінетіндіктен мотивация іс-әрекет және адамның басқа да танымдық, эмоционалдық бағыттарымен тікелей байланысты.

Адамның әрекет-қылығының себебін түсіндіруді психологияда – казуальды атрибуция деп түсіндіріледі, яғни, танымдық мотивтік процесс(мотивациялық-когнитивтік түсіндіру.. Адамның қандайда бір әрекет-қылығының себебін түсіну, оның әрекет-қылығының әрі қарайғы жалғасуының болжауға көмектеседі. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста бұл өте маңызды, демек адам өзінің немесе басқаның әрекет-қылығының себебін түсіндіре алса, онда ол болашақтағы әрекет-қылықтық процесті түсіндіре алады. өйткені оның болжауының логикалық себебі бар. Сондықтан казуальды атрибуция адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуші қызмет атқарады.

Казуальды атрибуция мәселесі алғаш Ф.Хайдердің “Психология межличностных отношении”еңбегінде қарастырылды (1958.. Адамның әрекет-қылығындағы казуальды атрибуция анық немесе бұл процестің неғұрлым дәл, анық өтуі үшін мотивтің саналы немесе бейсаналы болатындығын білуіміз керек.

Бейсаналы мотивтерге: елігу, гипноздық сендіру, бағыттау, фрустрациялық жағдайлар жатады.

Елігу – жеткілікті түрде саналы емес қажеттіліктер, адам қандайда бір мұқтаждықты анық түсіне бермейді. Мотивтің бұл түрі уақыт өте келе сөнуі немесе анықталуы мүмкін.

Гипноздық бағыттау – мотивтің жасанды формасы, әсер етудің нәтижесінде қалыптасады.

Ал бағыттау және фрустрациялық қалып – саналы емес бола тұра, табиғи жағдайда қалады және адамның түрлі ситуациядағы әрекет-қылығын анықтайды.

Адамның өткен тәжірибесі біртіндеп, байқалмай оның болашақ әрекетіне әсер етеді. Бағыттардың қалыптасу немесе сөну жылдамдығы адамдарда, олардың даралық ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болады.

Жалпы бағыт адамның өзінің өткен тәжірибесі арқылы немесе басқалардың әсері, ықпалының нәтижесінде болады. М-ы: адамның суретті, картинаны, портретті қабылдауы. Бағыт адамды тәрбиелеу немесе өзін-өзі тәрбиелеу кезінде өте айқын байқалады. (“жылама – сен еркексің, таза жүр – сен қыз баласың және т.б.”.. Бұл бағыттар қалыптасқан көзқарастарға, стереотиптерге айналуы мүмкін.

Адамда іс-әрекетінде жетістікке жетуге бағытталған өзара байланысты екі түрлі мотивтер бар. Олар – жетістікке жету мотиві және сәтсіздіктен қашу мотиві. Жетістікке мотивтелінген адамдар көбінесе іс-әрекетте жетістік ретінде бағытталатын неғұрлым жағымды мақсат қояды. Олар өздерінің әрекеттерін саналы түрде жоспарлап, мүмкін болатын түрлі ситуацияларды адекватты бағалауға бейім.

Адамның қандайда бір іс-әрекетті орындау нәтижесінде жетістікке жету мотивінен басқа алаңдаушылықтың маңызы үлкен (К.Спибергер, Г.О Нейл, Д. Хансеннің моделі қарастырылады.. Жетістікке жетуге бағытталған адамдардағы алаңдаушылықтың жоғары деңгейде болуы келесі ерекшеліктермен сипатталады:



  • эмоционалдық өткірлікпен;

  • мәселені шешуге берілген уақыттың тығыз болған жағдайында, стресстік ситуацияларда нашар жұмыс істейді;

  • сәтсіздіктен қорқу (бұл сезім жетістікке жету ұмтылысына басымдылық көрсетуі мүмкін.;

  • жетістік туралы хабар ерекше қозғаушы (стимуляциялайды.күш ретінде роль атқарады.

Адамның түрлі ситуациялардағы әрекет-қылығының себебін анықтайтын мотивациялық факторлары біртіндеп адамның тұлғалық ерекшеліктеріне ене бастайды.

Адамның өзінің түрлі қажеттіліктерді сезінуі және оған өзінің жеке қатынасы (мінез ерекшеліктері, құндылық, бағыттылық, қабілеттер, темперамент, жүйке жүйесінің тума қасиеттері, әлеуметтік бейімделу. нәтижесінде қандайда бір мотивтер тұрақталып, оның өрістеуі, адамның тұрақты сапа ерекшеліктеріне айналады. Бұндай мотивтерге (жеке тұлға психологиясында кеңінен қарастырылатын. келесі мотивтерді енгізуге болады:



  • жетістікке жету мотиві;

  • сәтсіздіктен қашу мотві;

  • алаңдаушылық;

  • нақты бақылау локусы;

  • өзін-өзі бағалау;

  • аффиляция;

  • агрессивтілік;

  • альтуризм және т.б.

Көп жағдайда мотивтердің бұл түрлері жеке тұлға ерекшеліктерінде тоғысып, өзара байланысты (бірін-бірі толықтырып немесе бірін-бірі жоққа шығарып отырады..Адамның басқа адамдармен қарым-қатынас деңгейін, іс-әрекет нәтижесін, эмоционалдық қанағаттануын, бір сөзбен оның тұлғалық ерекшеліктерін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет