ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Психология тарихы» 5В050300 Психология мамандығына арналған О


Тақырып. XVII ғасырдағы Европалық психология



бет2/5
Дата05.11.2016
өлшемі0,86 Mb.
#927
1   2   3   4   5

Тақырып. XVII ғасырдағы Европалық психология

Жоспары:

IV -XI ғасырдағы Европалық психология

Буржуазиялық дәуірдің жалпы сипаты. Августин Авреля ойлары. Р.Декарттың ілімдері. Араб психологиясының дамуы. ХII ғасыдағы психология дамуы. Мақсаты: Студенттерге XVII ғасырдағы ғылымының даму тарихы туралы білім, дағдыларын қалыптастыру.


XVIII ғ. Орта шенінен бастап әсіресе Францияда буржуазиялық революзиялны идеологиялық жағынан әзірлеуде математиктер Д.Дидро,

Ж.О. Ламатри . П.А.Голбах және Гельвеций аса маңызды рөл атқарды.

Олар сол кездегі Франциядағы саяси-әлеуметтік құрлыспен аяусыз күресті.

XVIII ғ.Француз матерализмі-матерлалистік филосфияның дамуындағы жаңа бір тарихи саты, жоғарғы формасы болып табылады.

Француз матералистері матерализімнің механистік формасын дамытты, бірақ олардың кейбіреулерінің көзқарасынан, мәселен Дидроның

Организімдердің дамуы байқалады. Бұл ілім бойынша, табиғат,материя бүкіл

Дүниенің себебі : ол өздігінше өмір сүріп, әрекет етеді. Маселен,егер Декарт

Материяны қозғалысқа келтіретін құдай деп түсінген болса,Гольбах табиғат өзінен өзі қозғалысқа келеді,материяның қозғалысы мәңгі, өйткені ол материяның өмір сүруінің тәсілі деп есептеді.

Ж.Ж.Руссо атақты жазушы, ойшыл, философтың пікірінше адам

Мәселесі үлкен роль атқарады.Оның жетістіктерін қағаз бетіне атақты жазушы Л.Н.Толстой мен И.Кант болды.

Ойшыл шынайы адамды былай сипаттайды ,қайырымды ,сезімтал, басқа адамның қайғысын түсінуге ,бөлісуге жанашыр қаблетті

Және көмек көрсете алады.

Руссо Эмиль немесе тәрбие туралы және Жаңа Элоиза роман

трактаттарында өзінің тәрбие туралы жаңа жүйелерін баяндайды. Ғылымда

бұл жүйе баланың психикалық жоғарғы бағаға ие болады.

XVIII ғ.Францияда эмпирикалық психологияның қалыптасуы басталады.

Бұл процесс Локк теориясы және Декарттың адамның қалыптасуы білімі туралы тәжірибесінен пайда болды. Француз эмперикалық психологиясына үлес қосқан атақты ойшыл философтар:Ж.Ламетри, К.Гельвиций ,Д.Дидоро,

П.Голбак, XVIII ғ. Тарихына Ұлы Француз ревалюциясы кіреді. Француз эмперикалық психологияның ағылшын психологиясынын айырмашылығы,адамның санасының белсенділігінің мәселесіне және сол қоғамдық жағдайға үйренуіне көңіл бөлген.

Гельвецидің (1715-1771) зерттеумәселісі-ақыл ойдың тең еместігі неге байланысты.ма? Осы сұраққа жауап беру үшін Гельвиций психологиялық идеяны дамытқан.Адам туғаннан бастап сезімге және сенуді сақтау қасиеттерге ие. Р.Декарт (1596~1650). Декарттың жан мен тән туралы ілімі, дуализм. Декарттың рационализмі, психиканы санамен теңдестіру. Рсфлекс туралы ілім және оның тарихи мәні. Жан құмарлығы туралы ілім.

Б.Спиноза (1632-1677). ОЙлайтын тән туралы түсінік. Таным мен қабілеттілік туралы ілім. Аффектілер туралы ілім.



Т.Гоббс (1588-1679). Гоббс бойынша психиканың жалпы түсінігі, эпифеноменализм. Таным процесстері мен аффектілер, ерік пен қабілеттілік туралы ілім.

Дж.Локк (1632-1704). Эмпирикалық психологияның бастауы .Локктың туа біткен идеяларға қарсы болуы. Алғашқы және екінші қосымша қасиеттер. Дж.Локктың ассоцианизмі мен сенсуализмі. Локктың психологияның кейінгі дамуына әсері.

Г.Лейбниц (1646-1716). Апперцепция туралы ілімі. Санасыз психикалық құбылыстар туралы түсінік. Эмпиризмді сынау. Лейбництің психология дамуына әсері.

XVII ғасырдағы психология дамуының нәтижесі.
Тақырып. XVIII ғасырдағы психологияның дамуы

Жоспары:

ХVIII ғасырдағы психологияның дамуы.

Англиядағы ассоциативтік психология. Француз психологиясының даму тарихы. Неміс психологиясының даму. Мақсаты: Студенттерге XVIII ғасырдағы ғылымының даму тарихы туралы білім, дағдыларын қалыптастыру.


Англиядағы ассоциативтік психология. Д.Гартли (1705-1759) негізгі психикалық элементтер мен олардың ассоциациясы туралы. Жүйке жүйесінің вибрациясы ассоциацияның физиологиялық негізі ретінде. Ассоцианзмнің Э.Кондильятың (1715-І780) сенсуалистік таным теориясында дамуы.

Ж.Ламетри (І709-175І)."Адам-машина"- адам мен оның психикасына табиғи-ғылыми көзкарасы.



Энциклопедистер адам мен психика туралы. К.А.Гельвецийдің (1715-1771) психологиялык, көзқарастары. Гельвеций тәрбие рөлі мен әлеуметтік ортаның адамның психикалық дамуына әсері туралы.

Д.Дидроның (1713-1784) психологиялық көзқарастары. Жүйелі, дәйекті материализм,сезімдік және рационалдық таным қабілеттіліктер.



Неміс классикалық философиясындағы психологиялық идеялардың психология ғылымы дамуындағы мәні мен маңызы (И.Кант, И.Г.Фихте, Г.Гегель, Л.Фейербах).

Декарт есімімен психологиялық білімнің дамуының этаптарына байланысты психика адмның ішкі жан дүниесі ретінде түсіндіріледі. Декарт жалпы «рефлекс» түсінігін енгізіп, «Страсти души» жинақтамасы арқылы жазып көрсеткен. Декарттың жазып бітірген жұмысы философиядағы басқа ғылымдар сияқты мықты негіз болатын. Декарт ғылыми зерттеуге көп көңіл бөледі. 1 – ші кезекте Декарт әлемдік сезімге күдікпен қарайды. Оның айтуы бойынша біздің сезімге берілетін немесе елестететін әлем бар ма деп сұрақ қояды. Сезім мүшенің көрсеткіші арқылы біз оларды дәлелдейміз. Түсімізге көптеген жайттарды елестетеміз немесе көреміз. Оларды түсімізде анық жан тірідей сеземіз, бірақ та шынында ол жоқ, жалған сезімдер.

Бекон адам туралы ғылым идеясын дамытты. Оның негізгі бөлімі психологияда болып саналады. Бұл ғылым адамға барлық ғылымдардың мақсатын сонымен қатар табиғаттың бөлігімен құрастырады. Адамды тануда Бекон бойынша 2 бөлімнен тұрады. 1 – уі адамды қарастырса, 2 – сі оның ортаға қарым – қатынасы. 1 – ден адам философиясы, 2 – сі азаматтың философиясы деп аталады. Бекон адамның тәні мен жанын бөліп зерттеген. Сонымен қатар тұлғаны қарастыра отырып адамның мүмкіндігінің ақылдылығын, есін, моральдық төзімін қарастырған. Тән ғылымына Атлетика жатады. Бұл бағыттар салауатты өмірді меңзейді. Капиталдық қарым-қатынастың дамуы 16-17 ғасырлар арасында өзінің артынан көптеген ғылым салаларының дамуына себеп болды. Н.Коперниктің, Д.Бруно, Г.Галилей, Е.Кеплер, И.Ньютон ғылыми ашқан жаңалықтары религиялық мифтерге соққы болды.

XVI-XVII ғасырларда көптеген ғылымдар саласы дами бастады. Оларға механикалық өнер, машина, техника, әр түрлі жергілікті механизмдер, астрономиялық жасаулар, физикалық приборлар жатады. Осы ғасырдың ең үлкен ойшылы Рене Декартты, Дарвинді айтуға болады. Дарвиннің қан айналымының жаңа схемасы және Декарттың жануарлардағы байқалынатын рефлекстік механизмді айтуға болады. Декарттың теориясы бойынша жануарлардың жаны жоқ, олардың мінез – құлқы сыртқы әсерге рефлекс болып табылады, басқа сөзбен айтқанда жануарлар психикасы қатаң түрде сыртқы жағдайлармен анықталады. Декарт бұл зерттеуді адамға да қолданды және ол адам санаға ие және ойлау процесі кезінде өзіндік ішкі өмірі бар екеніне көз жеткізді. Рефлекс және сана ұғымдарының мазмұнын белгілеп алып, Декарт оларды бір – бірінен бөліп қарастырды. 1 – н психикалық әрекетке еш жанастырмай жануарлардың мінез – құлқын детерменистік зерттеу мүмкіндіктерін байланыстырды. 2 – н өзімен өзі бақылау тұйықталған интерспекция жетер құбылыс деп қарады. Декарт қан айналымға жаңа сферасын құрды. Ол осы арқылы адам мен жануардың жүйке жүйесіне жұмыс істеп, оның айырмашылығын көрсетті. Бұл жұмыс оған жаңа идея дамуына көмектесті, яғни рефлекс дегеніміз – детерменизм принципін қарастыруға көмектесті. Бұл принципті тек органикалық процесстерде ғана емес, сонымен қатар үлкен психикалық орталарда қолданылады. Декарт жануарлардың денесімен механикалық ұқсастықтарын байқады.



Аристотельдің ақиқаттылық тәлімі.

Б.з.б. 384-322 жылдар шамасында өмір сүрген. Ежелгі грек философы және ғалымы. Көптеген ғылымдардың соның ішінде логика ғылымының негізін қалаушы.

Аристотель өзіне дейінгі философия мен ғылым жетістіктерін қорытып жүйеге келтіріп, әртүрлі ғылым саласынан көптеген еңбектер жазып қалдырған. Аристотельдің философиялық көзқарасы «Метафизика», «Жан туралы категориялар» және «Аналитика» деген шығармаларында жан-жақты баяндалған. Оның пікірінше этикалық идеялар тек қоғамда ғана іске асырылып отырады. Платонның адамды сезімнен тыс о дүниеге тәуелді деп санауына қарсы шықты. Адамға белсенділіктің тән екенін атап көрсетті. Аристотель өз ішінде адамгершілік пен этиканы адамдардың маңызды сипаттамасы деп танылды. Ол қоғамдық тәрбие мен отбасы тәрбиесінің өзара байланысты болуын жақтады. Адамның туғаннан даму және өсу мүмкіндігі болады, ол даму тәрбие арқылы жүзеге асады-деп тоқтам айтты. Мектепке дейінгі тәрбиеде де ол құнды маңызды пікірлер айтты.

Аристотель әдебиетті, грамматиканы, тарихты, философияны, математиканы, геометрияны, музыканы оқыту қажеттілігін тұңғыш дәлелдеп берген ғалым. Моральдық тәрбиенің тағылымын дәлелдеп берді. Әсіресе ол дене тәрбиесіне маңыз бере отырып, сурет салу, жазу-сызу, музыканы балаға жасынан үйретудің рөлін ерекше бағалаған еді. Ол баланың жас ерекшелігін тұңғыш айтқан ғұлама. Дене тәрбиесі баланың күшіне әсер етуін талап етті.

Аристотель 20 жасында Платон академиясында философиялық білім алғандықтан, көптеген еңбектерін философиялық концепция жасауға арнады. Әсіресе өзінің ұстазы Платонның дуализімін өзгертуге тырысты. Ол Платонның әлемдік құбылыстардың бірлігі, тұтастығы туралы іліміне өзгерістер енгізді. Оның ойынша, әлем бір тұтас зат туралы алғанда, ол да зат туралы ойлаумен бірлікте, тұтасқан өмір сүреді деген тұжырым жасады. Ол өзінің философиялық концепциясы негізгі тәрбиенің теориясын жасады. Ол «Еркін тәрбие» идеясын ұсынды. Ол психологияда дәлелдеген «жанның үш түрі» негізінде, тәрбиенің үш түрін – дене, мінез, ақыл-ой тәрбиесін дәлелдеді, оның ғылыми негізін салды. Ол туа пайда болатын бала ерекшеліктерін тәрбие одан әрі дамытады дей келіп, тәрбиенің теориялық негізі-адам жанының жоғары психологиялық тұрғыда қалыптасқан негіздері-деп көрсетті. Ол Афинадағы тәрбиені – тәрбиенің басқа түрін жасайтын «тәрбиенің негізгі көзі» деген тұжырым жасады. Аристотель педагогикада бірінші рет өзінің философиялық ілімі негізінде баланың жас кезеңінің ерекшеліктерін белгілеп берді. Ол бала дамуын мынадай кезеңге бөлді: 1) 1 жас пен 7 жас, 2)7 мен 14 жас аралығы (мұны баланың жыныстық даму жасы деп атайды), 3) 14 жас пен 21 жас аралығы. Сөйтіп, Аристотель мектепке дейінгі тәрбиенің негізін қалаған – ойшыл философ, педагог. Бұл жаста баланың ойын арқылы өсетінің уағыздады. Ойын оның айтуынша баланың тұңғыш мектебі деп атады. Отбасы тәрбиесін бірінші орынға қойды. Бала 7 жастан мектепке тартылсын деп тұңғыш педагогикалық ой айтқан да Аристотель болды. Орыс педагогы Н.К.Крупская 1915ж. жазған «Халық ағарту ісі және демократия» атты еңбегінде Аристотельдің баланың жас ерекшелігін жасауын және оның 7 жаста мектепке баратынын мақұлдап, «Жас ерекшеліктің педагогикалық жүйесін» мектепке арнап жасағанын атап көрсетті.

Аристотельдің мектепке дейінгі тәрбиеде, демек бала гимнастикамен айналыссын деген ойы жазу мен сызу, оқу мен санау, ән мен күй туралы пікірлері осыларды мектепке енгізу туралы тұжырымдары педагогика барысында тұңғыш пікір болып таылады. Бұл пікірді классик педагог К.Д.Ушинский XXI ғасырда өзінің «Балалар әлемі» атты еңбегінде басшылыққа алғанын қанағаттанғандық сезіммен жазып кеткен. Сондай – ақ, Аристотель тәрбиені мемелекетті дамытудың және жетілдірудің құралы деп түсініп, мектеп мемлекеттік болуы тиіс – деген қағиданы айтқан.

Аристотельдің педагогикалық ой-пікірінің ең басты ерекшелігі «Тәрбиенің тепе-теңдігін» ұсынуы, бүкіл халық бәрі бірдей тәрбие алсын-деген прогрессивтік ой түйіндері. Ол өзінің білім беру теориясын Афина тәрбиесінің практикасы негізінде қарастырады. Оған философия педагогикалық, психологиялық тұрғыда қарады. Сөйтіп ол педагогика тарихында тұңғыш рет тәрбиенің табиғаттан туындайтынын дәлелдеді.

Аристотельдің педагогикалық жүйесі жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіру және дамыту. Бұл ойы ежелгі дәуір заманында ең үздік педагогикалық ой-пікір болып табылды. Оның ерекшелігі оқудың теңдігін тәрбиенің ғасырлық ғұмырын дәлелдеп беруі болды. Демек, ой-пікірі өзінен кейінгі ғылымның дамуының оның ісі педагогикалық ой-пікірдің алғаш пайда болуының, оның жарқын болашағынын куәсі болды. Ол дамудың материалистік және диалектикалық жолын белгілеп берді. Осы көзқарастары арқылы ол философия және педагогика тарихының көне дәуірдегі алғашқы дамуын, үздік ой-пікірдің пайда болуының алғы шартын жасады. Өзінен кейінгілер Аристотельдің ілімінің келісімді де желілі жүйесін әрі қарай дамытты.


Тақырып. ХIХ ғасырдағы психологияның дамуы

Жоспары:

Ассоциативтік психологияның жалпы сипаттамасы. Ассоциативті психологияның теориялары. Эксперименттік психологияның қалыптасуы. ХIХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының психологиялық идеялары.Мақсаты: Студенттерге ХIХ ғасырдағы ғылымының даму тарихы туралы білім, дағдыларын қалыптастыру.



         1.XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың бірінші жартысындағы неміс классикалық философиясының психиологиялык идеялары. Англияда пайда болған эмпирикалық философия және психология Германияға бірден енген жоқ. Тек қана ХVIII ғасырдың екінші жартысында Локктың  “Тәжірибелі” Юмның еңбектері, 70-жылдары Гартли және француздар – Бойнэ, Гельвеция, Кондильяктардың жұмыстарының аудармалары жарық көрді. Оған дейін бұл жерде Декарт Лейбниц  және оның ізбасары Х.Вольф (1679-1754) билік жасады. Вольф “Лейбницті жүйеледі және популяризациялады және Германияда психологияны қалыптастырды, оның әсерінен Кант дамыды және одан өзі бас тартты). Х.Вольфтың жүйесі психологиядағы эмпирикалық жәнеде рационалистік идеялалар арасындағы компромис болды. Бұл компромис Х.Вольфтің псхологияны 2 ғылымға: эмпирикалық және рационалистікке бөлгенде айкындалды. Рационалистік психологияда Х.Вольф қабілеттер теориясын ұсынды. Қабілеттерді танымдық және тілекті деп бөлді. Тілекті қабілеттер танымдық қабілеттердің өнімі ретінде көрінді. Танымдық акттен алдымен қанағаттанушылық (немесе қайғыру), содан кейін объектің абройлылығы жайлы пікір, және соңында тәбет – объектке талпыныс пайда болды. Қатты сезімдік тәбеттің көрінуі аффект деп аталады. Вольфтың псхологиясын И.Кант (1724-1804) қатаң сынға алды. Психологияда И.Канттың келесі идеялары даму алды. Оны жанның трихоболиясының негізін салушы ретінде есептеді. “Пікір қабілетін сынаудын” кіріспесінде ол танымдық қабілеттілік жаның қанағаттанумен қайғыруды сезіну қабілеттілігінен және тілек күйінен  ажырата алды. Бірақ бұл классификация “Антрополияда” (1798) толығырақ беріледі. Канттың таным жайлы іліміндегі Априоризим, әсіресе априорлық кеңістік пен уақыттың қабылдаудың формасы ретіндегі ілімі, неміс қабылдау психологиясы мен психофизологиясына үлен әсер етті. Кант бойынша заттарды тану олардың бізге әсер етуінен басталады, яғни эмпирикалық сипатқа ие. Сыртқы заттардың әсерінен танымның мазмұнын аламыз. Танымның қажетті алғы шарты формалар болып табылады. Олар априорлы және таным қабілетінің өзінен шығады. Қабылдаудын априорлы формасы және ойлаудың априорлы формасы болып бөлінеді. Ойлаудың априорлық формасын зертей отырып, Кант апперцепция жайлы ілімді дамытады. Апперцепция бұл алғашқы берекесіз болмысты синтездейтін белсенді күш. Психологиялық маңызды жағдай Канттың трансцендательді схемаларының мазмұнында бар. Онда адамға қабылдауда берілгендерді эмпирикалық шындық категориясың колдану сұрағы шешіледі. Схемалар бұл саланың жаңа элементтері,өзіне әртүрлі таным қабілеттерін біріктіреді. Кант схемаларды сезімдік түсініктер деп атайды.Олар қиял іс әрекетінің өнімі болып табылады. Кантың схема жайлы болжамдары қазіргі психологияда эмпирикалық зерттеулерімен дәлелденуде. Практикада кездесетін вербалды оқыту сөздік формулировкада қандайда бір ереже, заңды көре алмау қабілеті, схемалық бейнелерге жүгіну  арқылы шешіледі.

И.Г. Фихте (1762-1814) Француз революциясының тікелей әсерінде болды. Субъект белсенділігі, «Мен», субъект іс әрекеті жайлы идеяларын дамытты. Фихтенің идеализмін Спинозанікіне қарама-қарсы деді. Фихте бойынша, абсалютті шығармашылық қабілеттілік бар –«Ақылды ерік», эмпирикалық адам мәнділігінде іске асады және адамды табиғаттың басқа құбылыстарынан ерекшелейді. ”Мен” мәні іс әректті құрайды: біз танығандықтан,әрекет жасаймыз, бірақ біз әрекет жасау үшін танимыз. Білім мақсат ретінде қойылмайды, керісінше табиғатқа рационалды билік құралы ретінде көрінеді. Субьект- ең алдымен әрекеттесуші субьект. Сондықтан кез келген таным әрекеттің баспалдағы ретіндегі алғы шарт қана, ал теория-адам практикасының бөлігі. Туғаннан адам тәні аяқталмаған сондықтан рухпен аяғына дейін қалыптасады, яғни еркін ерікпен. Фихте адамның рухани дамуын балалық кезеңнен кәртейген шаққа дейін диалектикалық болжамды ассоциациалық ілімге шығармашылық «Мен»-ді қарсы қояды. Бұл генетикалық идеяларда рухани өмір  мақсатты бейнелік «Мен» әрекетінен ашылады. Фихтенің оқушысы Шеллинг (1775-1854) Фихтенің субьективизіміне сын мен шықты және одан ерекшелігі рухани өмірді табиғат жайлы ілім контекстінде қарастырды. Оның пікірінше, адам екі әлемде- табиғат пен рухты байланыстырушы буын. Шиллинг сонаның түсіктен ерікке дейінгі дамуын қарастырды. Шиллинг бойынша «Мен» мақсаты мен жоғары іс әрекеті өнер болып табылады.  Г.В.Гегельдің (1770-1831) идеалистік жүйесінде психология субьективті рух жайлы ілімнің бір бөлігін құрайды. Индивидуалды сана өз дамуында үш баспалдактан өтеді. Бірінші баспалдакта рух тәнмен тікелей байланысты; актропологияның пәнің құрайды. Адамдардын психикалық жиынтығының әр түрлі формалары, нәсілдік, жасерекшелік, физиологиялық ерекшеліктерімен мінез және темперамет, сонымен бірге түйсік пен байланысы қарастырылады. Екінші сатысында – рефлексия – рух сананы көрсетеді. Сананың құбылысы рухтын феноменологиясының пәнін құрайды. Үшінші сатысында- рухты ақыл, ерік, адамгершілік сапасында қарастырады. Бұл сатысы рух дамуының психологиялық пәнін құрайды. Л.Фейербах (1804-1887) философиясында психиканы түсінудің матералистік бағыты бекітіледі. Оның философиялық тақырыбы адамды ойлаудың субьектісі ретінде қарастырады. Антропологиялық принципке сәйкес адам тән мен жанның бірлігінде қарастырылады.Фейрбах адамды табиғаттан бөліп немесе қарсы қойып қарастырмайды керісінше оның өнімі және бөлігі ретінде қарастырады. XVIII ғ. Германияда адам мен табиғатқа қатынасты нақты психикалық құбылыстарды фактілерді зертеу тендециясы пайда болады. Бұл пікірді ұсынған, белгілі педагог және психолог И.Ф.Гербарт неміс эмпирикалық психологияның негізін салушы. Гербарт ассоциативті психологияны жақтаушы болды және тәжірибиеге негізделген психологияны құрмақшы болды, оның пәні сананың құбылысы, фактілер қажет болуы қажет. Гербарттың психологиясы екі бөліктен - «Рух статикасы» және «Рух динамикасынан» құрылады. Рух статикасының пәні тыныштық кезеніне жүргізілген зертеулер нәтижесінде алынған көрсеткіштер болып табылады. Рухтын динамикасының пәнін санадағы елестердің қозғалыс шартын анықтау құрайды. Елес өзінің анықтық дәрежесіне байланысты үш аймаққа бөлінеді; айқын сана- мұнда айқын саналық қасиетке ие елестер орналасады; сана- мұнда айқын емес елестер орналасады; қаранғы басқалармен жойылған елестер, санасыздық болады. Сананы елестің қарқындылық белгілеріне б-ты үш аймаққа бөлуде Лейбниц әсері байқалады. Рухани өмір- бұл елестердің тоқтаусыз қозғалысы. Сананың бір аймағын екіншісінен бөлектеп тұратын шекераны, Гербарт табалдырық деп атады. Айқын сана мен сана арасындағы шекераны айқын сана табалдырығы деп атады, ал айқын емес сананы санасыздық арасындағы шекераны сана табалдырығы деп атады. Гербарт енгізген табалдырық түсінігін кейіннен П.Фехнер қолданды. Гербарт психологиясында барлық рухани өмір елестердің әрекетінің нәтижесі болып табылады. Гербарт өзінің ғылыми мектебін құрды. Оның әйгілі өкілі М.В.Дробиш (1802-1896) – математик, логик, философ, идеалист жіне психолог- популяризация және оның жүйесінің таралауына көп еңбегін сіңірді. Гербарттың тағы да бір ізбасары В.Ф.Фолькман өзінін «Психология» бойынша оқулығында (1856)  психикалық құбылыстар жайлы жаңа мәліметтер берді.

2. Ерекше танымалдылыққа Гербарттың үш оқушысы ие болды – Т. Вайтц (1821-1864), М. Лацарус (1824-1903) және Г. Штейнталь (1823-1899). Вайтц алғашқы қауымдық халықтардың рухани өмірін зертеу жайлы идеясын айтты және жалпы психикалық өмірдің тарихи дамуын қадағалуды ұсынды.  «Алғашқы қауымдық халықтар антропологиясы» еңбегінде әртүрлі халықтардың олардың мәдениетіне, жанұялық өмірі, мінезі, адамгершілігі, саяси өмірі, дініне қатысты материалдар жинауға талпынып, психиканы зертеудің обьективті мүмкіндіктері туралы сұрақ қойды. Лацарус және Штейнтальға тарихшылар этникалық психологияның негізін салушылар сапасында бағалады.Штейнталь өзінің тілді тану жұмыстарымен, сонымен бірге грамматика, логика және тілдің психиологиалық мәнін зерттеу жұмыстарымен танымал. Лацарус және Штейнталь 1859 жылы «Журнал психиологии народов и языкознания» журналының негізін салды. Редакторлардың «Халықтар психиологясы жайлы» бағдармалық мақаласында ең негізгі міндет болып әр халықтың рухын зерттеу көзделді. Халықтар рухының элементтері ретінде тіл, дін, практикалық өмір жатты. Халықтар психологисын зертуді В.Вундт жалғастыруға талпынды.

Неміс эмпирикалық психологиясының XIX ғ. тағы да бір өкілі Г.Г. Лотце (1817-1881). Бірақ ол Гербартқа қарағанда психологияға өз әсерін тигізді, бірақ оның ізбасарлары белгілі психологтер К.  Штумпф, Г.Э. Мюллер есті зерттеу аймағындағы ірі ғалымдар. «Медициналық психиология немесе рух психиологиясы» (1852) еңбегінде Лотце кеңістікті қабылдау (жергілікті және локалды белгілер) теориясын дамытты. Ол В. Вундт және Гельмгольцке әсерін тигізді. Лотце пікірінше, кеңістікті қабылдау тек көру мен иіс сезу арқылы жүзеге асады. Тәжірибеде кеңістікті қабылдау қабілеті келесідей жүзеге асады - көру және иіс сезу түйсігі сапа және белгілі қарқындылықпен сипатталады және өздерінде ешқандай кеңістік белгілерін сақтамйды. Онда заттың кеңістік қасиеттерін қалай қабылдау мүмкін? Анатомиялық  көрсеткіштерге сүйене отырып, тордың әр нүктесі және тері беті бір-бірінен саналық өзгешеліктерге ие және сондықтан  сыртқы әсерге спецификалық түрде түйсінеді. Ол жергілікті локалды белгіге ие. Заттардың кеңістікте локализациясы жергілікті саналық сипатына негізінде түйсініледі. Бұл процесс ішкі жағдайдың санасу механикасының өнімі. Сонымен, XVIII ғасырдың аяғы XIX ғ. бірінші жартысындағы неміс классикалық философиясының психологиялық идеяларының өкілдері И.Кант, Л.Фейербах болып табылады. XIX ғ. бірінші жартысындағы неміс эмпирикалық психиологиясының қурылуына И.Ф. Гербарт, М.И. Дробиш, В.Ф. Фольман, Г. Вайтц, М. Лоцарус, Г.  Штейнталь, Р.Г. Лотце, К. Штумпф, Г.Э. Мюллер үлкен үлес қосты.



Тақырып. Психологияның дербес ғылым ретіндегі қалыптасуы.

Жоспар:

Психологияның жеке ғылымға бөлінуінің табиғи- ғылыми алғышарттары.

Э.Герингтің есту түйсіктері теориялары. И.М Сеченов психолог ретінде.

В.Вунт және оның психологияның ғылым ретіндегі дамуына қосқан үлесі мен рөлі.

Мақсаты: Психологияның ғылым ретінде дамуын қарастыру.

Психология тарихы психологиялық білімдер жайлы көзқарастардың пайда болуын психология пәнінің өзгеруіне байланысты психологиялық ғылымдардың дамуын, сондай-ақ психикалық құбылыстардың табиғаты жайлы мәселелерді қарастырады.

Психология тарихы оның негізін салушы із ашарлардың ғылыми мұраларын ұқыпты, құнттап қарауға одан ғылымның әрі қарай дамуына қажет өшпес идеяларын алуға ғалымдардың жанқиярлық еңбектерін бағалауға үйретеді.

Психология тарихын зерттеу арқылы бүкіл психологиялық болмысты жүйелі қарастыру қалыптасады және ғасырлар бойы дамып келген әлі қазіргі психология ұғымдар аппаратына енген ғылымның негізгі категорияларын меңгеру жүзеге асады.

Психология тарихы шет елдік психологиямен бірге Отандық психологияны бірге қамтиды. Арнайы түрде шығыс, соның ішінде Қазақстан ойшылдарының психологиялық көзқарастарына көңіл аударады.

ТМД еліндегі психологияның қазіргі жай күйі көбінесе кеңестік кезеңде жасаған зерттеулермен анықталады. Сондықтан, психология тарихында Отандық психологиялық ғалымдардың дамуына марксизмнің де әсері зор.

Психологияның тарихының өзекті проблемаларын, зерттеу әдістерін, әдіснамалық мәселелерін таныстыру, психология тарихындағы бағыттармен, мектептердің, ағымдардың қалыптасып дамуын және хронологиясын қарастырады.

Негізгі психологиялық категориялар мен көзқарастардың дамуындағы сабақтастық әртүрлі ғылыми мектептер мен бағыттардың әрекеттестігі қадағаланып отырады. Психология тарихы әртүрлі дәуірлермен, әр тараптағы халықтардың ойшылдары мен ғалымдарының үздіксіз сұхбаты ретінде көрінеді және онда әрқайсысы психологиялық білімдер қоржынына өздерінің қайталанбас үлесін қосқан. Психология жануар мен адам жанының пайда боуы, даму және қалыптасу заңдылықтарды зерттейтін ғылым. Жан құбылстары бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен нәрселерінің мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қазақша рефераттар қабілет, қызығу, мінез т. б . - осындай бейнелер түрінде көзімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі қолданнатын сөздер. Бұлардың мән - мағынасы мен заңдылқтарын жантану дейтін ғылым арқылы танып - біліп, ұғынуға болады. Жантану(психология) термині гректің екі сөзінен тұрады. Оның біріншісі, "псюхе" қазақша ( жан) , екіншісі, "логос" (қазақшасы - сөз, ілім - білім) сөйтіп, бұл сөз "жан туралы ілім" дейтін түсінікті білдіреді. Бірақ психологияны қысқа түрде " жан туралы ілім" деп айта салмай, өз алдында крделі заңдылқтары бар, дербес тәжірибеге сүйенген ғылым деп ұғынуымыз қажет.


Адамның жан дүниесінің күрделі ағымын дұрыс аңғару үшін алдымен қазақша рефераттар оларды белгілі жүйаеге топтастыруымыз керек. Кісінің жан сыры, яғни ғылым тілімен айтқанда, оның психикасы бір - бірімен тығыз байлансты үш отпқа бөлінеді. Олардың бірі - психикалық процестер, екінші бір тобы - психикалық кейіп немесе қалып, ал үшіншілері - кісінің жеке - дара қасиеттері немесе өзгешеліктері деп аталады.
Психиканы материялистік және идеалистік тұрғыдан түсіну.
 Сонау ерте замандарда - ақ адам ( айнала қоршаған табиғаи, адамдар , әр алуан заттар) және затсыз, дерексіз (әр түрлі адамдар мен заттардың бейнелері, оларды еске алу, көңіл күйі) түсініксіз тілсім құбылстар болатындығына назар аударған. Бұл жұмбақ құбылстарды дұрыс түсінуге, олардың табиғаты мен пайда болу себептерін ашуға мүмкіндігі болған соң , адамдар оларды қоршаған ақиқаит дүниеге тәуелсіз, өз бетінше өмір сүретін деп санай бастады. Осылайша тән мен жан, материя мен психка болмыстардың бөлектігі жөніндегі тошылаулар пайда болады. Бұл тошылаулар принципті түрде кереғар, бірін - бірі жоққа шығаратын философиялық екі бағыт:
Материализым және идеализм болып қалыптасты .
Материализым мен идеализмнің қазақша рефераттар арасында осыдан екі мың жылдан астам уақыт бұрын басталаған  тартыс қазірде жүріп жатыр . бұл ретте мынаны естен шығармаған жөн, егер иеализмнің пйда болуын адамдардың білім дәрежесінің төмендігінен деп түсіндіруге болатын болса, ал оның күні бүгінге дейін сақталуы таптық қарама - қайшылқтардан, езуші таптың идеализмді өзінің билеп - төстеу жағыдайын негіздеуге және нығайтуға пайдалану тлпынысынан қазақша рефераттар туады. Адамзат таризының  бүкіл бойында идеализм кертартпалық,  ескілік философиясы болып келеді және солай болып та отыр. Психикалық құбылстарды идеалистік тұрғыдан түсінудің мәні психиканың материядан қазақша рефераттар тыс, өз бетінше өмір сүретін болмыс ретінде қаралатындығында болып табылады. Психика - тәнсіз, татериялсыз негіздердің - " обсолютті рухтың", " идеяның" көрініс беруі, - дейді  идеалистер. Тарихи жағдайларға байлансты қазақша рефераттар идеализм өз ұсқынын өзгертеді, бүркемелене түседі, бірақ мәні өзгермей өз қалпында қалады. Психиканы материалистік тұрғыдан түсінудің идеализмге қарама - қарсылығын психиканың материядан шығатын екінші кезекті құбылыс, ал қазақша рефераттар материяның бірінші кезекті, субстрат, психиканың иесі ретінде қаралатындығында.
Материяның бірінші және психиканың екінші кезекті екендігін психиканың материяның дамуының белгілі бір кезеңінде ғана пайда болатындығымен нанмды дәлелдеуге болады. Жер бетінде психиканың ие тіршілік иелері пайда болғанға дейін жасы миллиардтаған жылдармен есептелетін өлі табиғат болған. Алғашқы тіршілік иелерінің өзі бұдан бірнеше миллиондаған жылдар бұрын ғана пайда болған.
"жер бетінде, - деп  жазды В. И. Ленин, - ешқандай адам, жалпы айтқанда, тіпті, ешқандай жан иесі болмаған және болуы мүмкін де емес уақытта жердің осы қалпында бар болуы мүмкін де емес уақытта жердің осы қалпында бар болғанын жаратылыс тану ғылымы батыл қуаттап отыр. Организмді материя кейін жаралған нәрсе , - ой, сана, түсінік, - өте жоғары дәрежеде дамудың жемісі". Материалистік ілім бойынша психика айрықша ұйымдасқан жоғары дәрежелі матнрия - мидың қасиеті ретінде ұғынылады. Ал психиканың шынында да ми қызыметінің нәрі, оның ерекше қасиеті екендігі жануарларға жасалған көптеген тәжірибелер және адмдарды клиникалық жағыдайда байқаумен дәледенуде. Мәселен, мидың белгілі бір зақымдалуы кезінде психика міндетті түрде өзгерске ұшырайды және оның мидың қай учаскесіне байлансты екенін анықтауға болады: егер мидің сол жақ сыңарының шүйделік бөлігіндегі қыртысы зақымдалса, адамның кеңістікте қазақша рефераттар бағдар жасуы бұзылады, ал мидың самай бөлегі зақымдалғанда сөзді, музыка әуендерін қабылдау бұзылады. Осылай және басқа да көтеген мысалдар психиканың ми қызметімен бірлікте екенін көрсетеді.
Ми қызыметінің жаратылстық ғылыми талдауы И. М Сеченев  пен И. П Павловтың еңбектерінде берілген.
И. М Сеченев  " ми рефлекстер" (1863 ) деген еңбегінің өзіндн -ақ , психикалық қызмет  - рефлекторлық немесе бейнелендіргіш қабылеті бар қызмет деп жазған болатын. Ол психиканың рефлекторлық табиғатын аша келіп, адам миының рефлекстеріне үш буынның енетінін көрсетеді. Бірінші, бастапқы буын  - сезім мүшелерінде сыртқы әсерден туған қозу. Екінші, орталық буын  - мида өтетін қозу және тежелу процестер. Солардың негізінде психикалық құбылстар ( сезіну, елестеу, сезімдер және басқалар) пайда болады. Үшінші, соңғы буын  - сыртқы қозғалстар және адамның әреукеттері. Осы буындардың барлығын өзара байлансты және бір біріне өзара себепкер.
Сеченев ұсынған қағидалардың маңызы аса зор: біріншіден, психикалық құбылстарға сыртқы әсердердің себепші жайы ашылад; екішіден, психика миқыртысында өтетін қозу мен тежелудің физолгиялық процесінің нәтижесі ретінде қаралады, үшішіден, психика сыртқы қозғыштарды және тұтас алғанда мінез - құлықты реттеуші ретінде қаралады.
Бұдан кейін ми қызметінің рефлекторлық теориясы мен психиканың рефлекторлық табиғатына теориялық және тәжірибе психиканың рефлеторлық табиғатына теориялық және тәжірибелік негіздеме И. П .П авловтың еңбекетрінде беріледі. Ми қыртысында туатын шарытты рефлекстер, уақытша нервтік байланстар жөнідегі Павлов ілімі психикалық қызметтің физологиялық механизмін ашып қазақша рефераттар береді.
 Психиканы зерттеу мидың жұмысын зерттеумен таммдалмайды. Психиканың ми қызметінің ерекше нәтижесі, мидың айнала қоршаған әлемді бейнелендіруі екенін ешқашан да естен шығаруға болмйды. Психика мидың ақиқатты бейнелендіретін қызметі болғандықтан  да, ол өз негізінде жатқан философиялық механизмдермен ғана емес, сондай -ақ  белгілі бір мазмұнмен, яғни  адм айнала  қоршаған дүниеден дәл нені бейнелендіретіндігімен сипатталады. Психиканың бейлендіру ерекшелктері. В. И .Ленин еңбектерінде, ең алдымен "материализм және эпириокритицизм" (1908) атты шығармасында  обьективті шындықтың бейнеленуі ретінде психиканың мәні жан - жақты ашылған.
Адамның айналаны қоршаған ақиқаты бейнелендіруі ретіндегі психика немен сипатталады? Біріншідін, психика - өлі, айнадағыдай, қазақша рефераттар бір актілі бейнелеу емес, ол процесс. " адамның бойында табиғаттың бейнелеуін " тұйық" , " абстракт түрде" иүсінбеу кере, қозғалссыз, қайшылқтарсыз деп  түінбеу керек, қайта мәңгі қозғалыс процесінде қайшылқтардың туып және олардың шешіліп отыру процесінде түсіну керек" .
Екіншіде,  психика  - обьективті шындықты бейнелендіру кезінде кез келген сыртқы әсер ( яғни, обьективті шындықтардың әсері) психиканың бұрыннан қалыпиасқан ерекшелктері арқылы, нақты бір адамның бойындағы қазіргі сәттегі  психикалық жағыдайы арқылы өңі өзгеріп өтетін бейлендіру. .
Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар пихикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары.

1879ж Лейпцигте Вундт алғаш рет дүние жүзінде экспериментальды психологиядан лаборатория ашты. ХҮІІІ ғ .” Психология” терминін неміс философы Христиан Вольф кіргізді. Психологияның ғылым ретінде даму жолдары нақты кезеңдерден тұрады


1-ші кезең ( б.з.дейінгі 5ғ. ).Психология жан туралы ғылым ретінде. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (б.э.д. 427-347) керісінше “жан- мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді.
2-ші кезең Психология сана туралы ғылым ретінде. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялллық алғы шарттарының негізін қалады,оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді. Р.Декарт (1596-16650 ) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді.оның теориясы бойынша ,жануарлардың жаны жоқ олардың мінез-құлқы,сыртқы әсерге рефлекс болып табылады.
Д.Локк(1632-1704) сенсуализмнің –ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайтын философиялық бағыттың аса көрнекті өкілдерінің бірі.Ғалым психикалық іс-әрекет механизмін ассоциациялардан ,яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көреді.Д.Локк сананы өзімен-өзі тұйықтап,сана туралы ілімде іс жұзінде декарттық тұрғыда қалып қойды.
3-ші кезең.Психология іс-әрекет туралы ғылым ретінде.
1913жылы американ психологы Д.Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді .Зерттеуші интроспекция әдісін субъективті деп жоққа шығарды :оның нәтижесінде алынған деректерді Уотсон тек бақылаушының өзі үшін ғана нақтылы нәрсе деп есептеді. Бихевиоризм сана жөніндегі декарттық –локктік концепцияның дәрменсіз екенін атап көрсетті.Бихевиористердің пікірі бойынша психология сананы ,оның мазмұны мен қызметін зерттеуден бас тартуға тиіс.Ғылым тек объективті түрде байқауға болатын және әр кім үшін белгілі,яғни мінез –құлықты зерттеуі қажет.Зерттеу п.әні өзгерді /сананың орнына мінез-құлық алынды/,сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды . “Сана” ,“түйсік” “қабылдау ”, “ерік ”деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды. “Стимул” (сыртқы орта қоздырғышы ) “реакция ” (организмнің қозуға қайтаратын жауабы)және стимул мен реакция арасындағы
“байланыс”( ассоциация, коннексия )негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да бихевиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп атайды.Психологиялық зерттеулердің мақсаты –ортаға бейімделуге бағытталған мінез-құлықтың принциптерін зерттеу.
4-ші кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді.
Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне,білім деңгейіне,белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына ,белсенділік деңгейіне және,ең бастысы,қалыптасқан дүниетанымына тәуелді.Сонымен психиканың мазмүны реалды,бізге тәуелсіз және өмір сүретін заттардың ,құбылыстардың ,оқиғалардың ақиқат бейнесі (яғни ,объективті дүниенің бейнесі ) болып табылады.Бірақ бұл бейнелер әр адамда оның өткен өмір тәжірибесіне ,мүддесіне,сезіміне, дүниетанымына тағы басқаларға байланысты өзіндік өзгешелікпен пайда болады.Сондықтан да бейнелеу субъективті.Осылардың бәрі психика дегеніміз-объективті дүниені субъективті бейнел ендіру деуге әбден болады.
Психикалық бейнелеудің дұрыстығын мойындаудың принциптік маңызы зор.Себебі нақты осы қасиет ақиқатты танып-білуді,оның объективті заңдылықтарын анықтауды және одан кейінгі жерде оларды адамның теориялық және практикалық қызметінде қолдауды мүмкін етеді. Психика-қоғамдық –тарихи практикамен тексеріліп,құпталған дүниенің шынайы да дұрыс бейнеленуі. Негізгі психологиялық теорияларға бихевиоризм,гештальтпсихология, психоанализ,іс-әрекет теориясы, гуманистік психология.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет