ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Психология тарихы» 5В050300 Психология мамандығына арналған О


Тақырып. Психологиядағы XIX-XX ғасыр шебіндегі теориялық тұжырымдамалар



бет3/5
Дата05.11.2016
өлшемі0,86 Mb.
#927
1   2   3   4   5

Тақырып. Психологиядағы XIX-XX ғасыр шебіндегі теориялық тұжырымдамалар.

Жоспар:

Жаңа психологиялық теориялардың қалыптасуы. Функционализм ағымдарының қалыптасуы. Қазақ ғұламаларының психологиялық көзқарастары.



Мақсаты: Психологиядағы XIX-XX ғасыр шебіндегі теориялық тұжырымдамаларын анықтау

Вильгельм Вундт - 1832 жылы 16 тамызда Неккарауға жақын Мангейма деген жерде дүниеге келді. Отбасында төрт бала болды, олардың екеуі ерте жасында қайтыс болған. Вильгельм мен оның үлкен ағасы Людвиг қана қалады. Людвиг Гейдельбергте тұрды, оның тәрбиесімен анасының әпкесі айналысты. Сөйтіп келгенде, Вильгельм жанұясында жалғыз баланың рөлінде қалды. Вундтың әкесі пастор болған, олардың отбасы тату болып саналғанмен әкесі туралы балалық естеліктері онша жақсы болмады. Оқушылық жылдары. Екі жыл бойы ол халықтық мектепте оқыды. Білім жағына байланысты Вундтың жанұясында нақты дәстүрлер бар болатын: оның арғы аталары іс жүзінде өз табыстары арқылы ғылымның барлық жақтарынан атағымен жер жарған. Бірақ ең кішкентай Вундт бұл керемет дәстүрді жалғастырмайтыны үйдегілеріне айдан анық көрінді. Ол бос уақытын кітап оқумен емес армандаумен өткізді, соның нәтижесінде бірінші сыныптың эмтиханынан өте алмады. Екінші сыныптан бастап, Вундтың білімі әкесінің көмекшісі – Фридрих Мюллерге тапсырыллды, оған Вильгельм барлық жанымен бауып басып қалды. Жас (священник) уағыздаушыны басқа приходқа ауыстырғанда, балаға алдағы айырылысу өте қиынға түсті. Вундт өзінің «Бастан кешкен және танылған» атты өмірбаянында: «Ол маған анам мен әкемнен де жақын болды. Мен оны сағынғаным соншалық ата-анам онымен мен гимназияға түсуге дейін қалған жылдың барысында да тұруға рұқсат етті». Демалыс күндерді санамағанда, Вильгельм барлық уақытын Фридрихтың үйінде өткізді, сөз жоқ оның педагогикалық қабілеті мол еді. Дегенмен кейінірек Вундттің еске алуына қарағанда оның ықпалының негативті жақтары да болды: программа мен тәрбиенің болмауы, ұстамсыз қиялдауы оны гимназиядағы оқу шарттарына әзірлемеді. Бала кезінде ол өзін жалғыз санады, атақты жазушы болуды армандады. 13 жасында Вундт Брухзаледегі католик гимназиясына түсті. Фридрихтың сабақтарынан кейін, Вундт үшін гимназия «қасірет мектебі» болды. Кішкентай Вильгельманның мектеп бағалары онша жақсы болмады. Гимназияда ол өз сыныптастарынан артта қалып отырды, оның үстіне мұғалімдер де оны күлкі қылды. Бір жылдан соң ата-анасы оны Гейдельбергтегі гимназияға ауыстырды. Онда жаңа достары пайда болды, оқумен айналыса бастады, көне тілдерді – латын, грек, ежелгі еврей тілдерін зерттеп, жалпы алғанда қарқынды түрде жаңа жолға түсті. Біртіндеп Вундт өз қиялдауын бақылай білді және тіпті мектепте оның белсенділігін пайдалана алды, бірақ расында ол оны ешқашан ұнаптпаған. Ол бірақ өзінің ақыл-ойы мен қабілеттілігін 19 жасқа қарай дамытты, енді мектепті бітіріп, университетке түсуге дайын болды. Осы мақсатпен ол 1851 жылы анатом ағасы Фридрих Арнольд жұмыс істейтін университетке Тюбинге келеді. Осында Вильгельм тек бір жыл ғана оқып шығады. Тюбингте ол физиолог болам деп шешім қабылдады, себебі практикалық дәрігер мамандығына қарағанда, оған осы білім аясы оның қызығушылықтары мен талабына келеді деп санады (оған дейін Г.Гельцмгольлцта осылай тұжырымдаған). Бір жылдан кейін Вундт Гейдельбергке көшіп келелді, онда ол үшін жарым жылы университетте білім алады. Алғашқы жылын Вундт анатомия, физиология, физика, химия және практикалық медицинаны зерттеуге арнайды. Бунзен атты химиктің қызықты дәрістері мен тәжірибелік көрсетулерінің ықпалымен Вундт 1853 жылы өзінің алғашқы ғылыми жұмысын орындады. Екінші жылында ол практикалық медицинаға көп көңіл бөле бастайды. Физиологияға ықыласы арта түсті. Тағы бір жылдан кейін Вундт Гейдельбергтегі емдеу мекемесінің ассистенті болады. Осында ол медицина оның кәсібі емес екендігін нақты сезеді. 1856 жылдың күзінде Вундт Берлинге «экспериментальды физиология¬ның атасы» саналатын адамның басшылық етуімен физиологияны зерттеу үшін И.Мюллерге аттанады. Онда ол Берлиндегі неміс ғылымы, оңтүстік Германиядағы университеттен ерекшеленетінін байқайды. Гейдельбергтегі ғылым оның академиялық темпераментіне өте қолайлы болатын. Берлинде ол тек керемет ғылым жүйесін ғана емес, сонымен қатар өте мықты ақыл-ойшылдарды кездестірді. И.Мюллерден басқа оған әсер еткен Э.Дюбус-Реймон экспериментальдық зерттеулерге ықыласы мен қызығушылығын тудырды. 1856 жылдың аяғында Вундт Гейдельбергке қайта оралады. Мұнда ол «жүйкені зерттеудегі оның қабынған және бітетін мүшелеріндегі жүйкелерді зерттеу» тақырыбына диссертация қорғап, докторлық дәрежесін алады, және 1857 жылдан 1864 жылдары дәріс оқиды. Дәл осы жылдары Вундт Бон университетінен Гейделльбергке ауысқан Герман фон Гельмгольцтың лаборанты болып жұмыс істейді. Мінездерінің сәйкессіздігіне байланысты араларында ешқашан достық қарым-қатынас орнықпады. Дегенмен олардың әріптестігі 13 жыл бойы 1871 жылы Гельмельц Берлинге көшкенге дейін жалғасты. 1856-1857 жылдары үш мақала жарияланды (таза физиологиялық мазмұнда), ал 1858 жылы өзінің «Бұлшықет қозғалысын зерттеу очерктері» атты алғашқы кітабын шығарды. Бұл уақытта әлі де оның қызығушылығы физиология мәселелеріне қатысты еді, дегенмен психологиялық талпыныстары ұлғая бастаған-ды. 1858 жылы Вундт «Сезіммен қабылдау теориясы бойынша очерктерінің» бірінші бөлімін жариялаған болатын. Очерктері тарау-тараумен төрт жыл бойы жарияланып жүрді. Ал 1862 жылы «Сезіммен қабылдау теоириясына қатысты» атты кітабы толығымен жарияланды. Мұнда Вундт психологияны үш негізгі бағытқа бөлген: эксперименттік, этникалық және ғылыми метафизика. 1863 жылы өте маңызды еңбегі – «Адам мен жануарлардың рухы (жаны) туралы дәрістері» жарық көрді. Оған көптеген экспериментальдық психологияның мәселелеріне кіріспелер енді. Оның талдамасы бірнеше жылдар бойы жүргізілді. Кейіннен Вундті дәрістік жұмыс жалықтырып одан бас тартты. 1864 жылы ол профессор-адъюнкті лауазымына тағайындалып, тағы да 10 жыл Гейдельбергкте қалды. 1867 жылы Вундт «физиологиялық психология» деп аталған ғылым бойынша дәрістік курс оқуды бастады. Оның концепциясының толық мазмұны «Физиологиялық психологияның негіздемелері» атты кітабында баяндалады (2 бөлімнен тұрады 1873-1874 жж.). Вундтың тірі кезінде алты рет қайталанып жарияланып тұрған. Вундт Гейдельбергте 1874 жылға дейін жұмыс істеді. Мұнда оның ғылыми қызығушылықтары нақты орын тапты, және керек бағытты психология болды. Физиологиямен айналысу барысында Вундт психологиямен дербес эксперименталды ғылым ретінде айналысуды ойластырады. 1874 жылы Вундт Цюрихтегі индукциялы философия кафедрасына шақыру алады. Философия табиғи ғылымдарға арқа сүйеу керек деген тұжырыммен Гельмгольц оған кепілдемесін береді. Дегенмен Вундт Цюрихте бар болғаны бір жыл ғана жұмыс істейді.

1875 жылы Вундт Лейпциг университетінде философия профессоры болады; осы сәттен бастап оның тамаша ғылыми қызметінің ең ұзақ және маңызды кезеңі басталады. Сол кезден бастап Лейпциг әлемдік психологияның астанасы саналды, ал университетте Вундт 45 жыл жұмыс істеді. 1879 жылы сараптама жұмыстарына арналған қарапайым құралдармен жабдықталған шағын зертхана ашылды. Сондай-ақ 1879 жыл ғылыми психологияның символды түрде туған күні саналады, өйткені дәл сол кезде Лейпцигте профессор Вильгельм Вундт эксперименталды психологияның әлемдегі тұңғыш зертханасын ашты. Вундт саналы танылатын ішкі тәжірибені талдауға нағыз ғылыми әдісті қолдануға тырысты, оның қарапайым құрылымдарын анықтауға және сипаттауға тырысты. Осылайша, материяның (заттың) атомдарға бөлінетіні сияқты, сана психикалық элементтерге жіктелді. Вундт үшін мұндай элементтер ретінде сезімдер, бейнелер және күйлер танылды. Вундтта күтпеген жағдай болды: зертханаға үлкен қызығушылық танытушылар пайда болды. Вундттың есімі мен оның зертханасының танымал болғаны сонша, Лейпцигке Вундтпен жұмыс істеуге құмартқан студенттер жан-жақтан ағылды. Олардың ішінде кейінірек психология ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан бірнеше жас жеткіншектер болды, Құрама Штаттарға оралған соң өз зертханаларын ашқан америкалықтар болды. Вундт зертханасында кейін эксперименталды психологияның дамуында маңызды рөл атқарған қызметкерлер жиналды. Бұлар Германиядан ғана емес (Э.Крепелин, О.Кюльпе, Э.Мейман), сондай-ақ Америкадан (Г.С.Холл, Дж.М.Кэттел) және өзге де елдерден, соның ішінде Ресейден барған ғалымдар болатын. Екі жылдан кейін зертхана Психология институтына айналды. Осылайша, Лейпциг зертханасы қазіргі психологияның дамуына үлкен ықпал етті – ол жаңа эксперименталды орталықтардың құрылуына үлгі болды. Вундттың бұрынғы шәкірттері сондай-ақ Италияда, Ресейде және Жапонияда зертханалар ұйымдастырды. Вундттың шығармаларының көбі орыс тіліне аударылған. Вундттың еңбектеріне тамсанған ресейлік психологтар 1912 жылы Мәскеуде Вундт зертханасының дәл көшірмесі іспеттес зертхана жабдықтады. Тағы бір дәл сондай зертхананы жапон ғалымдары 1920 жылы, Вундт өмірден өткен жылы Токио университеті негізінде құрды, бірақ 60-жылдары бұл зертхана студенттер толқуы кезінде өртеніп кетті. Лейпцигке келген студенттерді ортақ көзқарастар мен мақсаттар біріктірді. ХХ ғасырдың көптеген психологтарынан айырмашылығы, Вундт олардай жарқын, қызықты оқиғаларға толы өмір сүйрмеген, қарапайым, мәнерлі, жеткілікті деңгейде өмір сүрген. Барынша танымал дәріскер (дәрістерін ол конспектісіз оқыған) болған. Вундттың Лейпцигтегі дәрістері кең танымалдыққа ие болды. Әр дәрісіне дәрісханада 600-ден астам студент жиналған. Алайда соған қоса ол көпшілік алдында сөз сөйлеуді ұнатпаған, ал қандай да бір конгрестерге тіпті қатыспауға тырысқан. Жеке өмірінде Вундт салмақты, өздігінен күн кешетін, сабырлы адам болған, оның әр күні қатаң бекітілген тәртіппен өтіп жатқан (1970 жылы табылған Вундттың әйелі Софидің күнделіктерінде Вундттың жеке өмірі жайлы көптеген жаңа мәліметтер баяндалған). Таңертеңнен Вундт белгілі бірі кітап немесе мақаламен жұмыс істеген, студенттердің жұмыстарын оқып, өз журналын редакциялаған. Түс кезінде ол университетте емтихандарға қатысқан немесе зертханаға барып отырған. Вундттың студенттерінің бірі оның келіп-кетуі 5-10 минуттан аспайтын деп еске алады. Шындығында, өзінің эксперименталды зерттеулеріне қалтықсыз сеніміне қарамастан, «ол өзі зертханада жұмыс істеуге лайық емес еді».

Күнінің екінші жартысында Вундт сейіл құрып, алдағы оқитын дәрісіне (әдетте ол дәрісі күндізгі 4-те басталған) ойша дайындалған. Әр кеш сайын оның отбасында ән айтылып, саясат жөнінде талқыланатын. Отбасының қаржылық жағдайы үйде үй қызметкерлерін ұстауға және жиі қонақтар қабылдауға мүмкіндік берді. Зертхана мен журнал негізін салып, көптеген зерттеушілік жобаларға жетекшілік ете отырып, Вундт философияға да көңіл бөлген. 1880 жылдан бастап 1891 жылға дейінгі аралықта ол этика, логика, философия салалары бойынша еңбектер жазған. 1880-1887 жж. Вундт «Физиологиялық психология негіздерінің» екінші және үшінші басылымдарын дайындады, өз журналына мақалалар жазды. 10 жыл ішінде ол мәдени-тарихи және әлеуметтік психология идеяларын дамытты. Нәтижесінде ол «Халықтар психологиясы» деген атпен 10 томдық еңбегін жазып, бұл еңбегі 1900-1920 жж. жарияланды. Юнитада психология жан туралы ғылым ретінде: психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуы, орталық жүйке жүйесі мен сезім мүшелері физиологиясының жетістіктері, Г.Фехнердің психофизика негізін қалауы, В.Вундттің психологияның ғылым ретінде дамуына қосқан үлесі, психологиядағы ХІХ-ХХ ғасыр шеңберіндегі теориялық тұжырымдамалар,  Э.Б.Титченердің структурализмі, В.Ф.Брентаноның психологиялық акт теориясы,  В.Джеймс көзқарасы, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен  ХХ ғасырдың басындағы сараптау (эксперименттік) психологиясының дамуы, Ресейдегі ХVІІІ ғасырдағы психологиялық ойлар: М.В. Ломоносовтың психологиялық көзқарасы, И.М.Сеченовтің еңбегі және Ресей психологиясының  дамуындағы ролі, П.Павловтың еңбегінің Ресей психологиясындағы ойлардың дамуындағы ролі, А.Ф.  Лазурский, Н.Н.Ланге, Г.И.Челпанов еңбектері, психологияның қазіргі тарихы. Психологиядағы әлемдік мектептер (ХХғ. 10-50 жылдары), психоанализ бағыты. З.Фрейд, А.Адлер, К.Г.Юнг, Э.Фромм, К.Хорни еңбектері, бихевиоризм бағыты, Дж.Уотсон, Б.Скиннер еңбектері, Гештальт психологиясы. М.Вертгеймер, К.Коффка, В.Келер еңбектері, когнетивті психология, Марксизм философиясына негізделген кеңес психологиясының қалыптасуы, КСРО-да ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы психологияның дамуы, Л.С.Выготскийдің ғылыми шығармашылығы, С.Л.Рубинштейннің еңбектері. А.Н. Леонтьевтің еңбектеріндегі іс-әрекет түсінігі, Соғыс жылдары (1941-1945) мен 80-жылдардың ортасына дейінгі кеңес психологиясы, ХХ ғасырдың 30 – 60 жылдарындағы Кеңестік психологияның дамуы, қазіргі Ресейлік психологиялық мектептер, Қазақстандағы психология ғылымының дамуының қазіргі жағдайы (Қ. Жарықбаев бойынша), Қазақстанда психология ғылымының дамуының  алғышарттары, Қазақстандағы психология ғылымының қазіргі жағдайы, студенттердің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар, білімді тексеруге арналған сұрақтар, глоссарий, әдебиеттер тізімі, тест  сұрақтары қарастырылды. Австрия философы және психологі Франц Брентано (1838-1917) В. Вундтың эскперименталды құрылымдық теориясына, ассоциативті психологияның қарсыласы болды.  Ол өзінің  психологиялық теориясын және  психологияның дербес ғылым болып даму теориясын – функционализмді ұсынды.

Тақырып . XIX ғасырдың екінші жартысы мен мен XX ғасырдың басындағы сараптау психологиясының дамуы.

Мақсаты: XIX ғасырдың екінші жартысы мен мен XX ғасырдың басындағы сараптау психологиясының дамуын ашып көрсету.

Жоспар:

1.А.Ф. Лазурскидің тұлға психологиясына үлесі

2.Д.М.Кэттельдің психологиялық лабороториясындағы даралық ерекшеліктер, оқу дағдылары салаларындағы зерттеулері

Денсаулық психологиясы – ғылыми және клиникалық психологияның, психоаналитикалық және психосоматикалық медицинаның тереңге жайылған тамыры. Денсаулық психологиясының міндеті – теорияны қолдану, психологиялық денсаулықтың дамуы және физикалық денсаулықты сақтау, системалық позициясын, аурудың ерекше түрін қарастыру.


Адамның психикалық денсаулығын сақтауда есінің өзгеруі, өмірлік денсаулық мотивациясы, өмірлік құндылықтарын дамытуы ескеріледі. Адамның физикалық денсаулығы жалпы денсаулық жағдайын құрайды. Психика – жоғарғы ұйымдастырылған материясын, миын, субъектісі мен объектісінің шындық формасының белсенділігін көрсетеді.
Психикалық денсаулық мінездемелері туралы әдебиеттерде көптеген мысалдар келтірілген. Декарт жан денсаулығын, ал Гельвеций ақыл – ұқсастық пен айырмашылықтың көзі дейді. Ал А.Ф.Лазурскидің айтуы бойынша, тұлғаның денсаулығы - әлеуметтік ортада өз-өзін басқаруына және іс-әрекетін басқара алуына байланысты. Жан денсаулығының басты көзі ол ойын, эмоциясын, моторлық функциясын, өзін-өзі басқара алуында дейді.
Ғалымдардың тұжырымы бойынша, психикалық ауытқушылықтардың пайда болуы өмірлік жағдайына көп көңіл бөлінуінен болады.
Зерттеулердің көрсеткіші бойынша 48% жұмысшылардың медико-психикалық қиындықтары бар екені анықталды. Зерттеу нәтижесінде оның 10% -да әлеуметтік-психологиялық дезадаптация құбылысы байқалған. Яғни әлеуметтік ортаға бейімделе алмауы. Оның қиындықтары төмендегі жағдайларға байланысты пайда болып отырған:

1. Физикалық денсаулығына байланысты туындаған қиыншылықтар (проблемалар);


2. Психикалық ауытқушылығына байланысты, яғни эмоциялық сферасы, көңіл-күйін басқара алмауынан туындайды;
3. Қарым-қатынастағы қиыншылықтар;
4. Жанұялық жағдайдағы қиыншылықтар;
5. Темекі шегуі мен алкогольді қолданғаннан туындаған қиыншылықтар.

Әр түрлі аурулардың пайда болуына адамның көңіл-күйі, яғни эмоциялық жағдайы әсер етеді. Ол жағымды немесе жағымсыз жағдай болуы мүмкін. Осы арқылы әлеуметтік және биологиялық орны анықталады.


Физиологиялық зерттеулерге сүйенсек, адамның көңіл-күйі іс-әрекет реакциясын және өзін-өзі іштей басқара алуына тікелей әсер етеді. Адам ағзасындағы биохимиялық және физиологиялық өзгерістерді реттеп отырады. Ол туралы П.К.Анохина еңбектерінен мәлімет алуға болады. Ал П.В.Симоновтың айтуы бойынша, эмоция дегеніміз, ол – сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау және ағзаның соған бейімделуі.
Қазіргі уақытта ағзаның жағдайын мынандай сатыларға бөлген:
1. Денсаулық – патогендік, физикалық, психикалық және әлеуметтік бейімделулер, өмір жағдайына байланысты өзгерулері. Осыған ағзаның бейімделуі.
2. Сыртқы ортаға әсері – яғни адамның қоршаған ортасындағы әр түрлі өзгерістерге әсері. Өзгерістерге физикалық және психикалық өзгерістер жатады. Ағза осы өзгерістерге бейімделе алуы тиіс.
3. Аурудың алдындағы жағдайы – патологиялық процесс, әсер ету факторы, өзін-өзі дамыту жағдайы болып табылады. Бұл екі сатыда жүреді:
• Ағзаның өмірге қажетті гомеостазы, яғни жүрек ауруларының, спецификалық аурудың алдын-алу.
• Белгілі бір органның гомеостазының, механикалық компенсация әсерінен туындаған аурудың алдын алу.
Этологиялық ауруларды оқыту жолдарында детерменизм принципі ең басты орынды алады. С.С.Гурвич, В.П.Петленко және Г.И.Царегородцевтің айтуы бойынша, детерменизм принципін қолдану ол – аурулардың пайда болуы, нақты жағдай және ауруды тудыратын себептерге байланысты қолданылған.
Өмірге қауіп төндіретін жағдайларда болады. Ол адамның денсаулығына тікелей әсер етеді. Олар:
• Әлеуметтік жағдай:
Эндогендік – ол индивидуалдық-психологиялық тұлға ерекшелігі;
Экзогендікке – өмір жағдайы, кері әдеттері (привычка) әлеуметтік микроклимат жатады.
• Әлеуметтік – биологиялық жағдай. Тұлғаның ішкі жағдайына - тәжірибенің жеткіліксіздігі, білім алуы, психикалық процесіне -есте сақтауы, сенсомоторикасы ең басты қажетті қасиеттері болып табылады.
• Биологиялық жағдайы. Эндогендік - инерттілігі, жоғарғы нерв жүйесінің тұрақсыздығы, оң жарты шарының жеткіліксіздігін басқара алу функциясы, артериялықтың дәл еместігі жатса, экзогендікке – морфофункциялық, гентикалық себеп-салдарды жатқызған.

Ағзаға факторлардың әсер етуі ол индивидуалды. Дамуға жалпы әсер етуші бейімделу болып табылады.

Тақырып. ХХғ. – Бихевиоризм және гештальт психология.

Жоспар:

Психологиядағы дағдарыс. Бихевиоризмнің жалпы сипаттамасы. Гештальт психологиясының сипаттамасы.



Мақсаты: Психологиядағы әлемдік мектептер туралы мағлұмат беру

Тақырып. Кеңес одағы тұсындағы психологияның дамуы.

Жоспар:


Ресей психологиясының дамуының жалпы сипаттамасы. Кеңес психологтардың 20-30 жылдардағы жалпы психология саласындағы негізгі жетістіктер. Ресей психологиясының дамуы. Кеңестік Қазақстандағы психология ғылымы.

Мақсаты: кеңес психологиясының қалыптасуы туралы мағлұмат беру

Л.С. Выготский Ресейдегі бұл қозғалыстың негізін салушылардың бірі болды. КСРО-дағы педалогияның даму кезеңдері: 1. Бастапқы даму кезеңі: педолог жұмысы қосалқы мектептерге  оқу топтарын  жинап және балаларды іріктеу болды. Негізгі әдіс – тестер,  мектепке арналған тестер жиынтығы 1926 жылы жарияланды. 1928 жылы «Педалогия» журналы жарыққа шықты. 2. Екінші кезең – 1928 жылы Бірінші педалогиялық съезд шешімімен  тестерді қолдану  шектеледі, психологиялық-педагогикалық бағыттың аздығы педалогиялық қызметті ұйымдастырудың  кемшілігі болды. 20-шы жылдардың аяғында  педаолого-психологиялық қызмет  мамандарын  қайта даярлау туралы сұрақ қойылып мектеп дәрігері және мектеп педологінің функцияларын нақты  белгілеу сұрақтары қойылды. 3.  Үшінші кезең - 20-30-шы  жылдары оқу мен тәрбие процесінде  балалардың дамуын бақылау жоспарының  алдыға қойылуы, тестке қатынастың өзгеруі және олардың педагогикалық практикада кеңеюі оқу – тәрибе процесін  психологиялық қамтамасыз ету мүмкіндігін молайтты. 4. Төртінші кезең – 1928 жылы педагогикалық қызметтің алдына жаңа міндеттер қойылды: - оқу және тәрбие жұмыстарының сапасын жоғырылату мақсатында мектептегі оқушыларды жан-жақты зерттеу; - «қиың» балалармен жұмыс. Педологтар мен ата-аналарды педалогия негіздерімен таныстыру; - кәсіби бағдар жұмысы. 5. БКП ОК (ЦК ВКП) 04.07.1936 жылғы қаулысы бойынша педалогия ғылымы  КСРО-дағы  әлеуметтік саяси өзгерген жағдайларға байланысты өз жұмысын тоқтатты. Орнаған әлеуметтік  жағдайларға байланысты педалогия ғылымы алдына қойған еркін тұлғаның  дамуы  міндетін жүзеге асыру  өз өзектілігін жойды. 20-30-шы жылдары КСРО-да, батыстағы сияқты  психотехника ғылымы белсенді дамиды. Оның міндеті психологиялық құралдар арқылы практикалық мақсаттарды жүзеге асыру және  өндірісте адам мінез-құлқы заңдылықтарын  мақсатқа бағытты реттеу үшін қолданып, адамға әсер ету. КСРО-дан психотехника принцпитерін ұсынған  Керженцев, Каплун, Шпильрейн, Стопани және т.б. болды. Бұл зерттеушілер ұсынған негізгі келесі принциптер төмендегідей:

1. Ресейдегі әлеуметтік саяси бағдарланған  еңбекті зерттеуге көңіл қою,  негізгі қарастырған сұрақ жұмысшылар қозғалысын зерттеу емес, техника және өндірісті рационализациялау;

2. Психотехниканың келесі міндеттері ұсынылды:

-         кәсіби іріктеу және кәсіби кеңес негіздерін құру;

-         еңбек процесі барысындағы шаршау мен зорығуды зерттеу;

-         жұмысшылар күшін даярлауда  психикалық функцияларды  жаттығулар арқылы  дағдыларын қалыптастыру заңдылықтарын анықтау.

3. 30-шы жылдардағы психотехниканың сипаты кәсіби сұрыптаудан зерттеу мәселесінің  кәсіби оқыту және қызметкерлерді қайта даярлау, еңбек процесін ұйымдастыру және т.б. әдістерге  рационализациялауға  көшіру болды. 20-30-шы жылдары  психотехника  қарқынды дамуда болды.  200-ге жуық  психотехникалық лабораториялар құрылды.  1923 жылдан 1932-ші жылға дейін  Бүкілодақтық психотехникалық қоғам жұмыс істеді. Сталинизм кезеңінде психотехника  сұранысқа ие болмай 1936 – шы жылы  барлық психотехникалық лабораториялар жабылды.  

    2.    Л.С. Выготскийдің ғылыми шығармашылығы. Лев Семенович Выготский (1896-1934) ХХ – шы ғасырдағы Кеңес психологиясындағы ең маңызды тұлғалардың  бірі болды. Оның барлық ғылыми шығармашылығы екі кезеңге бөлінеді: - гомельдік және мәскеулік. Гомельдік кезең 1917 жылдан басталып зерттеушілік жұмыс және психологиялық кабинетті ұйымдастыруды біріктіреді. Негізгі идеялары:1. Өзіндік бақылауды рефлоексологияның әдісі ретінде терістеу; 2. Рефлексология және психологияның  сөздік рефлекс феномені негізінде бірігуі, өйткені ол  дене актісі, яғни адамның  мінез-құлқын бейнелейді және сананың субъективті бастан кешуі болып табылады. 3. Мінез-құлықты түсіндірудің шартты рефлекторлы принципіне сүйену. Мәскеулік кезеңнін өзі үшке бөлінеді: 1. Бірінші кезең – 1924-1927 жылдары. Бұл кезеңнің негізгі ерекшеліктері:

- «психология өнері», еңбегі, орталық идеясы, эстетикалық ерекше формадағы реакция концепциясы болды;

- психикалық құбылыстардың детерминациясының  екі факторы - әлеуметтік және мәдени ұсынылуы.

2. Екінші кезең – 1927-1931 жылдары. Аспапты психология деп аталып келесі ерекшеліктерді қамтиды:

- «стимул-стимул-реакция»  кестесінің  ескі  «стимул – реакция»  орнына келуі  стимул және жауап реакциясының  арасында ерекше стимул  белгі орын алды;

- белгі бұл құрал, адам психикасының  алғашқы  табиғи процестерін  табиғи биологиялықтан тарихи  өзгеріске әкеледі. Бұл сананың даму процесі  ақпараттардың  интериоризация, ал алғашқы табиғи процестер – жоғары психикалық функциялар деп аталады.

3. Үшінші кезең – 1931-1934 жылдары.  «Ойлау және сөйле» кітабының жарық көруі, мұнда белгілер  эволюциялық мәнділік көзқарасынан қарастырылады және келесі мәселелерді қамтиды:

- мотивация және танымдық процестерің өзара байланысы;

- оқу мен тәрбиенің қатынасы, бұл аймаққа «дамудың жақын аймағы» түсінігін енгізу: дамудан алдыда жүретін оқу ғана  әрекеттік болып табылады.  

3. С.Л. Рубинштейннің еңбектері.  Кеңестік кезеңде  психологияда іс-әрекет бағыты  негізгі концепция болды.  Бұл бағыт шеңберінде тұлға теориялары  ұсынылды. Психологияның ғылым ретінде пәні мен міндеті айқындалды.  Педагогиткалық концепциялар құрылды.  Негізгі идея сана және іс-әрекет бірлігі болды.  Іс-әрекет бағытының принциптері кеңес ғалымдары С.Л. Рубинштейн және А.Н. Леонтьев еңбектерінде қарқынды дамыды.

Сергей Леонидович Рубинштейн (1889-1960) іс-әрекет бағытының келесі идеяларын дамытты: 1.  Адамның кез-келген әрекеті  мотивтерден туындайды және  мақсатқа бағытталады; 2. Іс-әрекет және сана бірлікті құрайды, іс-әрекетті саналау фактісінің өзі  оның жүзеге асуын өзгертеді, сондықтан  сыртқы тітіркендіргішке жауап реакцияларының қарапайым жиынтығы болмайды; 3. Әрекеттің саналануы  іс-әрекет барысында құрылатын  қатынасқа тәуелді. 4. Адам мінез-құлқы қарапайым реакциялардың жиынтығы емес, ол  объектіге деген қатынастың өзгешелігімен ерекшеленетін саналы әрекеттер жүйесінен тұрады; 5. Әрекет бұл іс-әрекеттің саналы актісі; 6. Іс-әрекет субъектінің қоршаған дүниемен өзара әрекеттестігі ретінде түсіндіріледі. Бұл адамның қоршаған дүниеге қатынасы жүзеге асатын және  адам психикасы басқалары үшін  тануға мүмкіндік жасайтын процесс болып табылады. С.Л. Рубинштейннің  жалпы психология негіздері еңбегі  Кеңестік психологияның 30-шы жылдарындағы теориялық және эмпирикалық жетістіктерді біріктіретін маңызды еңбек болды. Мұнда психика, сана және тұлға даму контексінде қарастырылады.

4. А.Н. Леонтьевтің еңбектеріндегі іс-әрекет түсінігі. Алексей Николаевич Леонтьев (1903-1979) өз еңбектерінде  іс-әрекеттің жалпы түсінігін дамытты.  Ол іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясын  ұсынды. Іс-әрекетік бағыттың мәнін ашатын  негізгі еңбек  Леонтьевтің «Іс-әрекет. Сана. Тұлға» жұмысы болды. Леонтьев іс-әрекет теориясында келесі теорияларды ұсынды:

1. іс-әрекет адам өмірін жүзеге асыратын процесс және оның мақсаты субъектінің  заттық қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады;

2. заттық қажеттіліктер ағзаның ішкі жағдайы ретінде анықталады;

3. іс-әрекеттің дамуы эволюция барысында  шындықты психикалық бейнелеудің пайда болуына әкеледі, яғни іс-әрекет психикалық өмірді тудырады;

4. іс-әрекет шындықты объективті бейнелеумен қатар заттық және мұратты болатын бейнені объективті заттық формаға әкеледі.  Тіл бейнені индивидуалды санада бейнелейтін форма болып табылады.

5. Психиканың онтогенезде дамуының  бірнеше кезеңдері бар:

- элементарлы-сенсорлы психика;

- перцептивті психика (яғни бейненің  құралуы);

- интеллект кезеңі (яғни ағзаның қоршаған ортаға бағдарлануын қамтамыз ету және бейімдеу);

6. Адамның әрбір жас кезеңінде іс-әрекеттің жетекші түрі болады, бұл  Д.Б. Элькониннің «Баланың психикалық даму кезеңдері» еңбегінің негізі болды.

7. Адам тәжірибесінің жиынтығын үш түрге бөлуге болады:

- индивидуалды;

- түрлі;

- әлеуметтік.

А.Н: Леонтьев идеялары Кеңестік психологияның көптеген салаларының: әлеуметтік, балалар, педагогикалық, инженерлік, патопсихологиялық, зоопсихологиялық, эргономиканың  дамуына  күшті әсер етті.

Сонымен қатар бұл салалардың Кеңестік психологияда дамуына ықпал етті. С.Л. Рубинштейн сияқты А.Н. Леонтьевте кеңестік психологияның негізін салушылардың бірі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет